Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Түзу кесіндіні тең бөлікке бөлу

Сабақтың тақырыбы: Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу. Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.

ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.

б) Тәрбиелілік: Сызу арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Көрнекті құралдар: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар т. б

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі /сәлемдесу,түгендеу/

II.Үйге берілген тапсырманы тексеру /сұрақ қою/

1.Сызба өлшемдері қандай бірлікпен көрсетіледі?

2.Контур сызығынан қандай қашықтықта өлшем сызықтары жүргізіледі?

3.Өлшем сызықтарының нұсқағышын қандай жағдағларда нүктемен немесе үзілме сызықпен алмастырылады? 4.R белгісі нені білдіреді?

5.Сызбада 45 өлшемі қойылған.Ол нені білдіреді?

6.Доға радиусы өлшемдерін қою ережелерін атаңдар?

7.Параллель орналасқан өлшем сызықтардың арасында қандай арақашықтық болуы керек?

8.Конустылық деген нежәне сызбада оны қалай белгілейді?

9.Сфера өлшемі қалай белгіленеді?

III.Жаңа тақырып.

Түзу кесіндіні тең бөлікке бөлу. Кесіндінің А және В ұштарына шеңберсызардың қадамын кесіндінің жартысынан артық алып,a және b нүктелерінде өзара қиылысқанша екі доға жүргіземіз.Алынған нүктелерді түзу сызықпен біріктіреміз.abтүзулерінің қиылысуы F нүктесін береді.F нүктесі түзуді тең екі бөлікке бөліп тұр. Сонымен қатар ab кесіндісі АВ түзуіне перпендикуляр. Кесіндіні n тең кесінділерге бөлу.АВ-берілген кесінді.А нүктесінен тең n бөліктерден тұратын,қандай да болмасын бұрыш құрайтын АFкесіндісін жүргізу.Алынған F нүктесін В нүктесімен біріктіреміз.Содан кейін ВF түзуіне параллель АВ түзкімен қиылысқанша сызық түсіреміз.Осылайша А түзуін n тең бөліктерге бөлдік.Бұрышты тең екі бөлікке бөлу.А бұрышының төбесінен қандай да болмасын радиуспен доға жүргіземіз.Доғамен бұрыш қабырғалары қиылысқан D және E нүктелерінен,радиусы DE хордасының жартысынан артық басқа доғалар саламыз.Доғалар қиылысқан B нүктесін бұрыштың А төбесімен біріктіріп,бұрышты тең екі бөлікке бөлеміз.(1.43-с). Шеңберді тең бөліктерге бөлу немесе дұрыс көпбұрыштар тұрғызу.1)Шеңберді тең үш бөлікке бөлу(1.44-с). 2)Шеңберді тең алты бөлікке бөлу (1.45а-с). 3)Шеңберді тең он екі бөлікке бөлу(1.45 ә-с). 4)Шеңберді тең төрт бөлікке бөлу(1.46 а-с). 5)Шеңберді тең сегіз бөлікке бөлу(1.46 ә-с). 6)Шеңберді тең бес бөлікке бөлу(1.47-с). 7)Шеңберді тең жеті бөлікке бөлу(1.48-с). 8)Шеңберді тең он бөлікке бөлу(1.49а-с). 9)Шеңберді тең он төрт бөлікке бөлу(1.49 б-с). 10)Шеңберді бірнеше тең бөліктерге тура бөлу(4-кесте 47 б).

IV.Тапсырмаларды орындау

а/ Практикалық жұмыс 49 бет. п/ж 60 бет

ә/ № 2.1 графикалық жұмыс 49 бет /2-қосымша /178-бет/ А4 формат

V.Бекіту сұрақтары:

1.Құрылым деп нені атаймыз?

2.Кескіндіні бірнеше тең кескінділерге қалай бөлеміз?

3.Тік бұрышты тең үш бұрышұа қалай бөлуге болады?

4.Шеңберге дұрыс алтыбұрышты,онбұрышты қалай іштей сызуға болады?

5.Шеңберді 12 доғаға қалай бөлуге болады№

6.Түйіндесу деп нені айтамыз?

7.Шеңбер доғасының көмегімен екі шеңбер түйіндескен кезде жанасу нүктелерін қалай анықтаймыз?

8.Түзу мен доғаның түйіндесуінің мәні неде?

9.Берілген радиустағы доғаның көмегімен түзу мен шеңбер доғасы арасындағы түйіндесуді қалай тұрғызуға болады?

VI.Бағалау

VII.Үйге тапсырма. & 1.9-1.10 39-61 бет оқу

Ұқсас жұмыстар
Кок тус
Әрекет шешу жолы
Архитектурадағы симметрия
Фалес теоремасы
Осьтік симметрия
Бұрыш - осьтік симметриялы фигура
Геометриялық денелердің проекциялары.Геометриялық денелердің проекцияларын сызу
Квадрат тендеуге келтірілетін тендеулер
Математикалық ойын-сабақ. 5-сынып
Негізгі геометриялық фигуралар
Пәндер