Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлесім табуы шарт
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогокалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты Қазақ тілі мен әдебиеті
СӨЖ
( РЕФЕРАТ )
Пәні: Жазу сауаттылығы және сөйлеу техникасы
Тақырыбы: Жаңартылған білім бағдарламасында жазу және оқу сауаттылығы мәселесінің берілуі
Орындаған: Қожамберді А.
Тексерген: Нуптекеева Г.Б.
Қазіргі таңда еліміз мектепте білім сапасын арттыру үшін заманауи талаптарға сәйкес, әлемдік тәжірибенің озық үлгісі - жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңмен көшуде. Мақсаты - оқушыларға алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез-келген орта жағдайында, ресми/іскерлік ортада бәсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім беру.
Аталған мақсатты жүзеге асыратын қазақ тілін оқытудың жаңартылған бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
:: Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді дамытады.
:: Оқу бағдарламасында коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттары ұсынылған. Оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған.
:: Бағдарлама <<спиральді оқыту>> тәсіліне негізделе құрылған. Әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отырады.
:: Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.
:: Грамматиканы бөлек қарастырмай, функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқытуға негізделген.
:: Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оларға қызықты болатын өмірмен байланысты лексикалық тақырыптар ұсынылған.
Оқу бағдарламасындағы коммуникативтік әрекеттер жыл сайын қайталанып, қарапайымнан күрделіге қарай өзгеріп отырады. Сол себепті де оқушылардың бойында дағды қалыптасады, пәннің мазмұнын меңгеру жеңіл әрі нәтижелі болады.
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.
Жаңартылған бағдарламаға сәйкес бүгінде дәстүрлі сабақ жоспарын жаңа форматта құрылған жоспармен жаңарттық. Мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта барлық төрт дағдыны қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді.
Сабақ барысында коммуникативтік әрекеттерді дамытуға бағытталған тапсырмалар өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір жүйемен жүзеге асады. Мысалы, тыңдалым дағдысын жүзеге асыру үшін тыңдалым алды, тыңдалым, тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар ұйымдастырылуы тиіс. Оқылым мен жазылым дағдысын жүзеге асыру да дәл осы сипатта ұйымдастырылады. Қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің сабақты тиімді құрылымдауына көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктейді. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасайды.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын;
- сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;
- орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық жаттығуларды, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;
- мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырады.
Мұғалім оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтуы міндетті емес.
Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін қолдана алады. Оқыту мен оқудың заманауи әдістері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін, сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет. Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлесім табуы шарт. Сындарлы оқыту тәсілдері оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011).
Үлгі ретінде жоғарыда аталған қағидаттарға сәйкес құрастырылған 5 - сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспардың <<Адамның сырт келбеті мен мінезі>> бөлімінің <<Ұлыма хат>> тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарымды ұсынамын. ҚМЖ құруда спиральділік ұстанымына негізделіп құрылған оқу бағдарламасын, оқу жоспары мен ҚБ арналған тапсырмалар жинағын басшылыққа алдым. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 5.Ж5 Оқылым мен тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. Оқу мақсатына сәйкес оқушының алдыңғы және кейінгі білімдерін ескере отырып, сабағымның мақсатын SMART форматында құрдым: Барлық оқушылар Оқылым мен тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, мәтін жазады.
Көпшілігі: Мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі ақпараттарды анықтап, жинақы мәтін жазуда қолдана алады. Кейбірі: Жинақы мәтін жазуда мәтіндегі негізгі ақпаратты жүйелі қолданып, автор идеясын нақты бере алады.
Осы мақсаттарға жету үшін бағалау критерийлерін оқушымен бірлесе отырып құрдым:
- Негізгі ақпараттарды сақтап, мәтін жаза алады.
- Оқылым материалы бойынша жинақы мәтін жаза алады.
Жинақы мәтін жазуда оқылым материалдары бойынша орфографиялық, грамматикалық және пунктуациялық ережелерді сақтауын тілдік мақсат етіп алдым.
Сабақтың өн бойында Қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік, өмір бойы білім алу құндылықтарына баулуды көздедім. Тақырып қажеттілігіне орай жазылым дағдысын негіз етіп, оқылым, тыңдалым, айтылым дағдысын жанама түрде қолдандым. Оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз еттім, бұл жазылым үдерісі деп аталады. Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейінгі оқушылардың әрекетін ұйымдастырдым. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерімен әртүрлі уақытта жұмыс жасай білуге дағдыландырады.
Сабағымды оқушылардың тақырыпты өз бетімен меңгере алуына билік беру, ізгілендіру ұстанымдары арқылы жүзеге асыруды көздедім. Оқушының жеке траекториясын ескере отырып, сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып, сабақ мақсатына жетелейтін белсенді әдіс-тәсілдерді нәтижеге бағыттап тиімді қолдана алдым. Оқушылардың әрекеті танымдық, коммуникативтік және өзін-өзі басқару тұрғысында көрініс тауып. барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылды. Сабағымның бастапқы кезеңінде уәж туындату, оқушыны сабаққа ынталандыру және жаңа тақырыпты жариялау мақсатында оқушыларға түрлі түсті конверттер үлестіру арқылы топқа бөліп, конверттегі ребус, жұмбақтарды шешу арқылы сабағымның тақырыбы мен мақсатын таныстырдым. Жазылым алдында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін <<Құндылық пирамидасына>> адам бойына жақсы мінез қалыптастыру үшін қажетті құндылықтарды ретімен орналастыруды ұсындым. Жазылым кезінде жинақ мәтін жазуға дайындық ретінде <<Танысу үшін оқу және сканерлеу>> әдісін анағұрлым тиімді деп таптым. Мәтінмен танысқаннан соң қажет деп тапқандары жоғарыда құрастырған <<Құндылықтар пирамидасына>> қайта оралып, түзетулер енгізді. <<Жылқы сұлбасы>> әдісі арқылы жинақы мәтін жазуда басшылыққа алатын негізгі ақпарттартарды, тірек сөздер мен қорытындыны анықтады. Оқу мақсатын жүзеге асыру мақсатында жинақы мәтін жазғызып, топта оқытып, үздігін <<Ыстық орындық>> әдісі арқылы ортаға шығарды. Сабақ барысында әрбір оқушының өзінің және сыныптастарының әрекетіне эмоциялық қолдау көрсетіліп отырды. Мәтіннен алған білімін қолданып <<Детальдарын қосу>> әдісі арқылы, оқушылар алған білімін толықтырса, жазылымнан кейінгі тапсырмада оқушы алған білімін <<Бір сөйлеммен түйіндеу>> әдісі арқылы жинақтады. Сабақ соңында <<Бағалау терезесі>> арқылы керібайланыс орнаттым. Сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отырдым.
Бала қай кезде де өзі жасаған істен қанағат, ләззат алатыны белгілі. Сондықтан ойлау деңгейі әртүрлі оқушыларым үшін әр тапсырмаға саралау жұмыстарын дайындадым. Құндылықтар тізбегін құрастыруда тәртіп, ақыл, мейірімділік т.б. сөздер салынған қорапша ұсындым.
Мәтінді түсініп оқу кезінде ойлауға жетелеу сұрақтары бар топшама, ал жинақы мәтін жазуда үздік шыққан топтың <<Жылқы сұлбасын>> ұсындым. Ойлау деңгейі жоғары оқушыларыма мәтін негізінде берілген сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау жұмысы берілді.
Саралап оқытуды ұйымдастырудың негізгі шарты күрделілігі, танымдық деңгейі, мұғалім тарапынан берілетін көмектің сипаты жағынан ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады. Саралап оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу және танымдық деңгейлерінің әртүрлілігі басты назарда болды.
Баланың уәжін, сенімін қалыптастыру үшін бағалау критерийлеріне сәйкес әр тапсырмаға дескрипторлар құрастырдым. Бағалау оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етті. Оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік берді, Сыныпта белсенділік танытқан оқушыларға смайликтер беріліп, сабақ соңында смайлик санына сәйкес <<ең белсенді оқушы>> анықталып, смайликтер оқушыларымның жас ерекшелігіне орай сыйлыққа айырбасталды. Сабақ соңындағы кері байланыс оқу үдерісін түзетіп отыруыма мүмкіндік берді.
Алаштың аймаңдай тұлғасы, қазақ қара сөзінің құлжасы Ж. Аймауытұлы 1929 жылы жазған <<Комплекспен оқыту жолдары>> атты еңбегінде <<Балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды>>, - деп көрсеткен. Демек, жаңартылған білім мазмұнына сай құрылған әр сабақ оқушыларға <<ХХІ ғасыр дағдысы>> деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге жол ашады. Қазіргі заманда табысқа жету үшін талап етілетін сын тұрғысынан ойлау, проблема шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету сияқты негізгі дағдыларды меңгеруге ықпал етеді.
Болашақта табыстылыққа ұмтылып, әріптестеріммен қоғамдастықта жұмыстана отырып, белсенді әдіс-тәсілдерді өз сабағыма ықпалдастырып, тізбектелген сабақтар топтамасын құрастыруды жоспарлап отырмын.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың <<Заман өзгерді. Сана жаңартатын уақыт баяғыда туды>>, - деген керемет сөзі бар. Ендеше, әлем өзгеруімен қатар біз де жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін аша білейік! Мектебіміздің білім сапасын арттыру үшін білім беру мен оқытудың жаңа тәсілдерін мақсатқа бағыттап тиімді қолданайық!
Пайдаланылған әдебиет
1. Аймауытұлы Ж. Комплекспен оқыту жолдары (Мұғалімдерге, қайталама курстарға, тәрбие техникумдарына көмек) Қазақ баспасы, 1929 жыл
2. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі <<Қазақ тілі>> және <<Қазақ әдебиеті>> пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы Мұғалімге арналған нұсқаулық <<Назарбаев Зияткерлік мектептері>> ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2017 жыл
3. Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы және жиынтық бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар <<Назарбаев Зияткерлік мектептері>> ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығы, 2017 жыл

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz