Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бастауыш сыныптарда технология сабағын оқыту әдістері

Күні:29.09.20
Топ:ББМ-03
Пәні: Технология және оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда технология сабағын оқыту әдістері
Тапсыру уақыты:30.09.20 сағат 20.00
2- сынып ОМЖ қысқа мерзімді жоспар құрастыру
1.Бастауыш сыныптарда технология сабағын оқыту әдістері
Оқыту әдістері педагогикалық әдебиеттерде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсатына жетуге бағытталған, оқытушы мен оқушы қызметінің өзара байланыс тәсілі ретінде қарастырылады. Педагогика ғылымы мен мектептегі оқыту практикасында оқыту әдістері көптеп жинақталған. Оқыту әдістерінің әр түрлі классификациясы бар.
1. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау әдістері.
2. Жаттығу (ақыл-ой қозғалыс, аралас)
3. Оқу эксперименті (лабораториялық, практикалық жұмыстар, ауылшаруашылық тәжірибе)
4. Оқу өндірістік жұмыстар.
5. Тапсырмаларды шешу. (техникалық, технологиялық, экономикалық)
6. Техникалық құжаттармен жұмыс жасау (оқу, схемалар сызбаларды, технологиялық карталарды оқу, құру, т.б)
7. Ғылыми техникалық әдебиеттермен жұмыс жасау.
8. Ұйымдастыру формалары мен құралдары
Еңбекке және кәсіпке баулудағы негізгі ұйымдастыру формалары:
1. Сабақ немесе оқу.
2. Практикум.
3. Экскурция.
4. Өндірістік жағдайларға ұйымдастырылған еңбек практикасы.
Оқу материалдарын түсіндіруде, ауызша мазмұндауда төмендегідей талаптар қойылады: дидактикалық принциптерде біркелкі және өзара байланыста ұдайы сақтау.
5. Тірек білімдерді қолдану және нақтылау жолымен жаңа оқу материалдарымен меңгеру мен қабылдауға оқушыларды дайындау.
6. Тақырыпта немесе проблеманы, мақсат пен міндетті хабарлау.
7. Хабарланатын білім мен ептіліктер есебін оқу материалдарының мазмұнын іріктеу.
8. Логикалық ретіліктті сақтау.
9. Аргументтілігі, делелдеушілікті сақтау.
10. Оқу материалдарын жалпылау, қорытындылау, жүйелеу, қорытындыны жүргізу, игеруді түзету.
11.Оқу материалдарын ауызша баяндау және түсіндіру әдістерін қолданудың тиімділігі әдсітемелік тәсілдерді дұрыс пайдалануға байланысты.
Әдістемелік тәсілдер оқу тәрбие мақсатына жетуде бағаланған мұғалім мен оқушылардың жекеленген іс-әрекеті немесе әдістемелік құраушы элементтері мұғалімнің жұмыс істеу әдістерінде әр түрлі әдістемелік тәсілдер өмір сүреді немесе көрінеді.
Логикалық тәсілдер, оқушылардың ойлау қызметін қалыптастыру, тәсілдері, оған жататындар салыстыру, талдау, жинақтап қорыту және т.б. Техникалық тәсілдер мұғалім мен оқушы қызметіндегі құралдарды әр түрлі жабдықтарды, материалдарды, бейімдеу құралдарын, тиімді оқу құралдарын, техникалық оқу құралдарын тиімді пайдаланып қарастырады.
Дүниеге келген сәбидің адам болып, жеке тұлға ретінде дамуына себепкер - еңбек. Демек, еңбек тәрбиесі адам өмірі үшін ең қажет маңызды тәрбие. Сондықтан бала өміріне қажет тәрбиені және тәрбиеге қатысты маңызды мәселелерді бір ғана мақсатпен шешу мүмкін емес.
Оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары:
::баланың еңбекке қабілеттілігін дамытып, жетілдіру, еңбекті сүюге баулу.
::Баланы еңбекке машықтандыру арқылы икемділігін, іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру.
::Еңбекті шығармашылықпен, қызығушылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек етуге үйрету.
::Баланың ынта- ықыласын, икемділігін, талантын бағдарлап, оны дамыту.
::Баланың өзін-өзі тану қабілетін жетілдіру және оған ықпал жасау.
:: Баланың ұлтық санасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
::Білім және тәжірибе негізінде еңбекті сапалы, өнімді етіп жасауға және кәсіби еңбек түрі мен өнертануға баулу.
::Атамұраны қалыптастыру және дамыту.
::Баланың білім деңгейін, іскерлік дағдыны игеру дәрежесін жақсарту, оқыту жүйесін жәтілдіру.
::Балаға білім алуға оңтайлы жағдай жасау, жалқаулықтан сақтандыру.
::Бала еңбегін талдау, ынталандыру, насихаттау, мұғалім мен оқушының ара қатынасында түсіністік пен сенім орнату.
::Еңбектің нәтижелілігін арттыру.
::Жұмыс орнының гигениялық тазалығыны сақтау.
2. Сабақ - еңбекке баулу бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы негізгі форма.
+ Сабаққа қойылатын талаптар.
+ Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу.
+ Сабақты әдістемелік талдау.
+ Әртүрлі еңбек түрі бойынша сабақтардың үзіндісін әзірлеу.
> Сабаққа қойылатын талаптар.
Сабаққа дайындық оған қойылатын талаптарды іске асырады. Қазіргі педагогикалық еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру позициясына сай ол талаптар мыналар:
1. Сабақ динамикасы - бүтін, біртұтас жүйе. Жеке логикалық байланысты элементтерден құралады.
2. Әр бөлік оқу-танымдық, тәрбиелік міндетті іске асырады.
3. Әр сабақ - сабақтар жүйесінің арнайы бөлігі.
4. Әр сабақ басқа пәндермен, тақырыптармен, өмірмен және практикамен байланысты.
> Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың іс-әрекетінің бір түрі - еңбек. Еңбек әрекеттерінің мазмүны мен оған қойылатын талаптар балалардың жас шамасына қарай күрделене түседі. Ол жоғарыда бағдарламада айтылған. Мәселен, бастауыштың жоғары сыныптарындағы балаларға тәрбие беруде балалар еңбегін ұйымдастыруға төмендегідей міндеттер қойылады:
- үлкендер еңбегіне ынта-ықылас қойып қарау, анасының үйдегі, әкесінің даладағы еңбек нәтижелерінің әсемдігінен эстетикалық ләззат алу (техникалық қол еңбегіне, ауыл шаруашылық және гүл өсіру, өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі бойынша);
- асқа, шайға өздігінен дастархан әзірлеп, оның таза, ұқыпты болуына көңіл аудару (аспаздық жұмыстардың түрлері бойынша);
- қол еңбегі кабинетін, еңбек құралдарын, заттарын, тазалықта сақтау, заттарды, еңбек құралдарын үйлесімді, әдемі орналастыра білуге дағдылану;
- жеке басының тазалығы мен ұқыптылығына көңіл аудару, мәдени-гигиеналық дағдыларды бойында қалыптастыру.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылар еңбегін ұйымдастыруға қойылатын бағдарламалық талаптар.
- үлкендер еңбегімен бірге, ұжымдық еңбектің нәтижелеріне қуана білуге және оны бағалауға үйрету;
- аспаздық жұмыстар бойынша өздігінен дастархан әзірлеуге, оны жинауға, тазалық сақтауға дағдыландыру;
- қоғам пайдалы еңбекте мұғалімнің немесе үлкен сыныптың оқушылары көмегімен мектеп ауласын жинастырып, тазалауға қатысу, өз еңбегінің нәтижесін көріп қуануға, еңбекке қызығушылыққа тәрбиелеу.
::оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;
::іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;
::қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті және дағдыны кешенді қолдану сабақтары;
::білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау - тексеру сабақтары;
::аралас сабақтар - мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі.
Әдетте, мұғалім аралас сабақ типін мына үлгі бойынша жоспарлайды:
а) Ұйымдастыру кезеңі;
ә) үйге берілген тапсырманы сұрау;
б) жаңа материалды мұғалімнің баяндауы;
в) жаңа материалды бекіту;
д) үйге тапсырма беру.
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабағының құрылымы: жаңа материалды баяндау, алғашқы бекіту, үй тапсырмасы. Мұндай сабақты әр түрде өткізуге болады.
1. Мұғалім барлық оқу материалын баяндайды, оны оқушылар сыныпта түсінеді және бекітеді.
2.Мұғалім тек қана кейбір басты мәселелерді баяндайды, ал оқушылар
барлық оқу материалын өз бетімен игеріп қабылдайды.
3.Жаңа материалды оқып білу үшін мұғалім оқушылардың өз бетімен орындауын ұйымдастырады және бағыт береді.
Қазіргі кезде сабақ құрылымы мынандай элементтерге де бөлінеді:
а) танымдық міндеттерді қою (не оқылуы керек);
ә) ынталандыру (нені оқу және білу керек);
б) таңдау және оқып білудің бір ізділігі;
в) тәсілдерді және құралдарды қолдану (бақылау, өзін-өзі тексеру, білімді, іскерлікті пайдалана отырып, қалай және ненің көмегімен нәтижеге жету керек).
Сабақтың ұйымдастыру мақсатын қою, оқыту әдістерін іске асыру формалары негізінде
былай бөлуге болады:
1.Жаңа білім беру сабағы (лекция сабағы, әңгіме сабағы, киносабақ, техникалық қралдарды қолдану сабағы т.б.).
2.Білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабақтары (өзбетінше жұмыс сабағы, лабораториялық және практикалық жұмыстар, семинар т.б.).
3.Жинақтау және жүйелеу сабақтары (әңгіме сабағы, семинар сабағы т.б.).
4.Аралас сабақ барлық типтер функциясын орындайды. Бұл сабақта танымдық іс-әрекетінің барлық кезеңдері жүзеге асырылады.
5.Бақылау сабағы (барлық бақылау, сұрау-қайталау, сынақ, өзара және өзін-өзі бақылау жмыстары т.б.).
Соңғы жылдары, әсіресе 1990 жылдан бастап қазақ мектептерінде көптеген сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қолданып келеді. Қазіргі сабақ түрлері сан алуан.
Әрине, әр түрлі сабақты ғылыми-әдістемелік негізде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, мәдениеті мен тарихын және шаруашылық салаларын еске алып, тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік

Ұқсас жұмыстар
Сабақтың мақсаттарын талдау
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту
Ақпараттық оқыту технологиясын экология сабақтарында қолдану әдістері
Оқу-тәрбие үдерісіндегі ақпараттық -қатынастық технология
Негізгі буындағы информатика курсының мазмұны
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану
Интерактивті технологияны меңгеру
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру
Бастауыш сыныптарында мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы
Пәндер