Реакция жылдамдығына концентрацияның әсері

Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
10. 2В Кинетика
Бағыт: Жаратылыстану-математика
Барлық оқушылар:
Әрекеттесуші массалар заңына есептеулер жүргізу.
Оқушылардың басым бөлігі:
Әрекеттесуші массалар заңына есептеулер жүргізудің шығару жолдарын түсіндіру.
Кейбір оқушылар:
Әрекеттесуші массалар заңына байланысты жаңа есептің шартын құрастыру.
- Әрекеттесуші массалар заңына есептеулер жүргізеді.
- Әрекеттесуші массалар заңына байланысты жаңа есептің шартын құрастырады.
Оқушылар ауызша немесе жазбаша түрде тақырыпқа сай есептерді шығаруда реакцияның жылдамдығына концентрацияның әсер ету заңдылықтарын, яғни әрекеттесуші массалар заңын қолдана алады. Берілген реакцияға сәйкес кинетикалық теңдеу жаза алады. Есептің мазмұнына қарай оның шартын жаза алады.
Терминдер: концентрация, жылдамдық константасы, тура пропорционал, реагенттер, коэффициент, жылдамдық өзгерісі.
Физика (жылдамдық, көлем, агрегаттық күй, уақыт, масса)
Математика (қатынас, теңдеу, дәреже)
8. 3АХимиялық реакция жылдамдығы.
8. 3В Қайтымды реакциялар.
10. 3. 2. 3 реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңының қолданылатындығын түсіндіру. (§ 35 (оқулық, 143-бет) Реакция жылдамдығына концентрацияның әсері. )
Сабақ барысы
Сабақтың басы
3 минут
3 минут
- Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа қатысымын тексеру.
Жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру. «Мадақтау» әдісі (Оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне мақтау мен комплимент айтады: «Бүгін тіпті құлпырып кетіпсің ғой!», «Мен сені шыншылдығың мен әділеттілігің үшін өте сыйлаймын!», т. б.
«Миға шабуыл» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы тексеру (оқушылар тез, қол көтеру арқылы жауап береді) :
- Химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсері қандай заңмен сипатталады?
- Әрекеттесуші массалар заңын тәжірибелік деректер негізінде тұжырымдаған ғалымдар кімдер және қай жылы тұжырымдады?
- Әрекеттесуші массалар заңының ережесі қалай айтылады? Заңның математикалық өрнегін тақтаға жазып, түсіндіріңіз.
- Лимиттеуші саты деген не?
- Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттардың табиғатының әсерін мысалмен түсіндіріңіз?
Кері байланыс: мадақтау
Топқа бөлу. (Оқушылар өз қалаулары бойынша топқа бөлінеді. 1-топ атауы: «Жылдамдық» , 2-топ атауы: «Концентрация»)
Презентация
1-ші слайд
Презентация
2-ші слайд
Топ атаулары жазылған қағаздар
Сабақтың ортасы
8 минут
І. Есептер шығару
Оқушылар дәптерге күннің жады мен тақырыбын жазады. Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады.
Ойлау дағдыларының деңгейлері - қолдану, талдау
Белсенді оқыту әдісі - «Конверт» әдісі
Жұмыс түрі - жеке жұмыс
Дамыту дағдылары - жазылым, айтылым, тыңдалым
Саралау - тапсырма бойынша, бағалау бойынша
Бағалауды ұйымдастыру формасы: мұғалімнің бағалауы
Топтарға ішінде есептері бар конверт ұсынылады (бір топқа бір конверт) . Оқушылар есепті дәптерге орындайды. Барлық оқушылар есепті орындап болған соң, тақтаға жазып, көрсетеді және қалай шығарғандарын түсіндіріп, айтады.
Тапсырма №1. Реакцияларды теңестіріп, тура реакция үшін кинетикалық теңдеу жазыңыздар.
1-топ: а) СО(г) +Н 2 О(г) ↔︎ СО 2 (г) +Н 2 (г)
ә) Ғе 3 О 4 (қ) + СО(г) ↔︎ 3Ғе(қ) + СО 2 (г)
2-топ: а) NH 3 (г) + О 2 (г) ↔︎NО(г) + Н 2 О(г)
ә) СО 2 (г) + С(қ) ↔︎ СО(г)
Қалыптастырушы бағалау
Кері байланыс: Мақтау сөздерін қолданып, мұғалім оқушыларды бағалайды.
- есептің шартын қатесіз жазады;
- теңдеуді теңестіріп, коэффициенттерін қояды;
- тура реакция үшін кинетикалық теңдеу жазады.
Презентация
3-ші слайд
Конверттер
Презентация
4-ші слайд
II. Есептер шығару.
Оқулықпен жұмыс. Оқушылар оқулықтың 146-бетіндегі №1 және №4 есептердің шарттарын оқып, А3 форматты параққа жазып шығарады. Қалай шығарғандарын топта талдап, түсіндіреді.
Ойлау дағдыларының деңгейлері - қолдану, талдау
Белсенді оқыту әдісі - «Джигсо» әдісі
Жұмыс түрі - топтық
Дамыту дағдылары - оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым
Саралау - тапсырма бойынша, нәтиже бойынша
Бағалауды ұйымдастыру: мұғалімнің бағалауы, бір-бірін бағалау
Тапсырма №2. 1-топ (Оқулық, 146-бет, №1 есеп)
Көлемі 600 мл. болатын жабық ыдыста мынадай реакция жүреді: Н 2 (г) + Вr 2 (г) = 2HBr(г) . Белгілі уақыттан кейін сутек пен бромның зат мөлшері сәйкесінше 0, 02 моль және 0, 03 моль болды. Егер түтікке сутек пен бромның әрқайсысынан 0, 01 мольден қосымша енгізсе, реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді? (Жауабы: 2 есе өседі)
2-топ (Оқулық, 146-бет, №4 есеп)
Мынадай реакция берілген: 2NO(г) + O 2 (г) = 2NO 2 (г) . Реагенттердің бастапқы концентрациялары: с(NO) = 0, 8 моль/л, с(O 2 ) = 0, 6 моль/л. Оттектің концентрациясын 0, 9 моль/л-ге, ал азот (ІІ) концентрациясын 1, 2 моль/л-ге дейін арттырса, реакцияның бастапқы жылдамдығы қанша есе өседі? (Жауабы: 3, 4 есе өседі)
Қалыптастырушы бағалау
Кері байланыс: «Жетондар»
- есептің шартын қатесіз жазады;
- есептің шартына сәйкес есепті шығаруға қажетті формулаларды дұрыс жазып, оларды дұрыс қолдана біледі;
- кинетикалық теңдеулерді қатесіз, дұрыс жазады
- есептің жауабын жазады;
- қалай шығарғандарын талдап, түсіндіреді.
Презентация
5-ші слайд
Оқулық
М. Қ. Оспанова
Қ. С. Аухадиева
Т. Г. Белоусова
Химия 1-бөлім
146-бет
А3 форматты парақтар стикерлер
жетондар
Сергіту сәті. «Атомдар мен молекулалар» ойыны.
Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке-дара жүреді, ал жүргізуші «молекулалар екеуден, үшеуден, т. б. » дегенде ойыншылар сәйкесінше топтасады. Топқа бірікпей қалған оқушы тілек айтады немесе өз өнерін көрсетеді.
Презентация
6-шы слайд
Музыкалық сүйемелдеу
III. Сабақты бекіту. Есептер шығару.
Оқушыларға есептің шығарылу жолы слайдтан ұсынылады. Соған сәйкес оқушылар есептің шартын құрастырады, дәптерге және тақтаға жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейлері- қолдану, талдау, жинақтау
Белсенді оқыту әдісі - «Дұрыс-бұрыс» әдісі
Жұмыс түрі - топтық
Дамыту дағдылары - жазылым, айтылым
Саралау - тапсырма бойынша, нәтиже бойынша, уақыт бойынша
Бағалауды ұйымдастыру: мұғалімнің бағалауы, бір-бірін бағалау
Тапсырма №3. 1-топ:
Шешуі: 1. Реакцияның кинетикалық теңдеуін жазамыз:
ᶹ 1 = k·c 2 (SO 2 ) ·с(O 2 )
- SO2концентрациясын 2 есе арттырған кездегі реакция жылдамдығын өрнектейміз:
ᶹ 2 = k·(2c) 2 (SO 2 ) ·с(O 2 )
- Реакция жылдамдығының қатынастарын жазамыз:
ᶹ 2 k·(2c) 2 (SO 2 ) ·с(O 2 )
_ = = 4
ᶹ 1 k·c 2 (SO 2 ) ·с(O 2 )
Жауабы: реакция жылдамдығы 4 есе өседі.
2-топ:
Шешуі: 1. Реакцияның кинетикалық теңдеуін жазамыз:
ᶹ 1 = k·c 2 (Н 2 ) ·с(O 2 )
- O2концентрациясын 3 есе арттырған кездегі реакция жылдамдығын өрнектейміз:
ᶹ 2 = k·с 2 (Н 2 ) ·3с(O 2 )
- Реакция жылдамдығының қатынастарын жазамыз:
ᶹ 2 k·c 2 (Н 2 ) ·3с(O 2 )
_ = = 3
ᶹ 1 k·c 2 (Н 2 ) ·(O 2 )
Жауабы: реакция жылдамдығы 3 есе өседі.
Қалыптастырушы бағалау
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.
- Есептің шығарылу жолына сәйкес есептің шартын құрастырады;
- Шартын қатесіз жазады.
Презентация
7-ші слайд
Сабақтың соңы
3 минут
Рефлексия: «SМS» әдісі. Оқушылар қағаздан арнайы жасалынған ұялы телефонға сабақтың қалай өткендігі және қаншалықты табысты болғандығын жазып, мұғалімге (жібереді
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz