Азот қышқылы. 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Азот қышқылы, қасиеттері, тұздары.

Мақсаты: 1. Концентрациялы және сұйытылған азот қышқылының, нитраттардың қасиеттері жөніндегі білімдерін жүйелеп, бекіту. 2. Оқушылардың практикалық біліктерін дамыту үшін сапалық реакция көмегімен нитрат-ионды анықтау дағдыларын дамыту. Адам өмірінде осы заттардың маңызы жөнінде оқып, білу. Өз бетімен ізденіп жұмыс жасай білу біліктерін дамыту. 3. Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, жоба дайындау, оны қорғай білуге, өз ойын еркін айтуға, өзіндік ой қорытуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты меңгерте отырып, бекіту.

Қолданылатын әдістер: жоба қорғау, диктант, эксперимент, есептер шығару) .

Көрнекіліктері мен құрал-жабдығы :1. Компьютер. 2. Слайдтар. 3. Бағалау парақтары. 4. Кесте «Азот қышқылының металдармен әрекеттесуі». 5. Реактивтер: азот қышқылы, мыс сым. 6. Сынауықтар, штатив. 7. Коллекция « Нитраттар».

Сабақтың қанатты сөзі : «Білімменен өлшенер ертеңгі сенің өмірің».

Сабақ барысы

І. Үй тапсырмасын тексеру.

№1

Азот оксидтерінің формулалары жазылған.

1) NO; 2) N 2 O; 3) N 2 O 3; 4) NO 2 ; 5) N 2 O .

Барлық оксидтерді атап, азоттың тотығу дәрежелерін табыңдар.

№2

Азот (ІІ) оксиді, алынуы, оның қасиеттері.

№3

Азот (ІҮ) оксиді, қасиеттері.

Әр қатардан 1 оқушы шығып жауап береді.

ІІ. Жаңа тақырыпты оқыту.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

1. Презентация қорғау.

«Теоретиктер» тобы.

Слайд 1.

Тақырыбы: Азот қышқылының құрылысы, алынуы, физикалық қасиеттері.

Мақсаты: азот қышқылының құрылымдық және молекулалық формулаларын жазу, қышқыл құрамындағы азоттың тотығу дәрежесін анықтау, алыну жолдарымен танысып, реакция теңдеулерін жазу.

Слайд 2.

* Азот қышқылы:

А) молекулалық формуласы - HNO 3 ; O

Ә) құрылымдық формуласы-- H -O -N +5

O

* Бірнегізді, күшті, тотықтырғыш, тұрақсыз қышқыл. Күн сәулесі әсерінен оңай ыдырайды. Сондықтан қышқылды қоңыр құтыларда сақтайды.

*Күшті электролит, суда ерігенде толығымен диссоциацияланады;

HNO 3 H + + NO 3 -

*Азоттың ең маңызды қосылысы.

Слайд 3.

Азот қышқылының алынуы.

А з о т қ ы ш қ ы л ы

Лабораторияда өндірісте

2NaNO 3 + H 2 SO 4 =Na 2 SO 4 +2HNO 3 Аммиакты тотықтыру

Слайд 4.

Физикалық қасиеттері.

Өткір иісті, түссіз сұйықтық. Тығыздығы - 1, 52 г/ мл. -42 0 С-та кристалға айналады. 86 0 С-та қайнайды. Өте ылғал тартқыш. Ауада «түтіндейді», себебі буы ауадағы ылғалмен әрекеттеседі де, ұсақ тамшылар түзіледі. Концентрациялы азот қышқылы көбінесе сары түсті болады. Себебі азот қышқылы жартылай ыдырағанда азот (ІҮ) оксиді түзіледі. Оның түсі қоңыр.

Азот қышқылымен жұмыс істегенде өте сақ болу керек! Теріге, киімге тигізбеу керек!

Қорытынды.

«Экспериментаторлар» тобы.

Тақырыбы: Азот қышқылының химиялық қасиеттері.

Мақсаты: азот қышқылының өзіне тән химиялық қасиеттерін зерттеп, реакция теңдеулерін жазу. Металдармен әрекеттесу ерекшеліктеріне тоқталу.

Слайд 5.

Өте күшті тотықтырғыш. Барлық металдармен реакцияға түседі. Тек алтын және платинамен түспейді. Сутек бөлінбейді. Азот оксидтері, азот, аммиак түзіледі. Металдың белсенділігіне байланысты әртүрлі әрекеттеседі.

әрекеттесуі
реакция теңдеуі
: конц.
әрекеттесуі: Fe, Cu, AI, Au
реакция теңдеуі:

азот қыш-да ерімейтін оксидтік қабат болады. ( металдың енжарлануы) .

Сондықтан азот қышқылын алюминий және болат цистерналарда тасымалдайды.

алтын мен платина тек «патша арағында» ғана ериді. «Патша арағы» бір көлем азот және 3 көлем концентрлі тұз қышқылынан тұрады.

Au +3HCI +HNO 3 =AuCI 3 +NO+2H 2 O

:

Li, K, Na, Ba, Ca, Sr

N 2 O

әрекеттесуі:

10HNO 3 +8Li= 8LiNO 3 +N 2 O+5H 2 O

2N +5 +8ē-2N +1 1 т/ғыш;

Li 0 -1ē-Li +1 8 т/сызд.

:

Ауыр металдармен

NO 2

әрекеттесуі:

2HNO 3 +Ag-AgNO 3 +NO 2 +H 2 O

N +5 +1ē-N +4 1 т/ғыш

Ag 0 -1ē-Ag +1 1 т/сызд.

: сұйыт.
әрекеттесуі:

Сілт. металдар, сілтілік жер металдар, Zn, Fe

NH 3

реакция теңдеуі:

9HNO 3 +8K - 8KNO 3 +NH 3 +3H 2 O

N +5 +8ē-N -3 1т/ғыш

K 0 -1ē-K +1 8 т/сызд.

:

Ауыр металдар

NO

әрекеттесуі:

4HNO 3 + 3Ag -3AgNO 3 +NO +2H 2 O

N +5 +3ē-N +2 1 т/ғыш;

Ag 0 -1ē-Ag +1 3 т/сызд.

Слайд 6

Тәжірибе 17. Азот қышқылының мыспен әрекеттесуі.

Сынауыққа мыс сымды салып, үстіне 0, 5 мл конц. Азот қышқылын құйыңдар. Газ өткізгіш түтігі бар тығынмен бекітіңдер. түтік ұшын ауызы төмен қараған құрғақ сынауыққа салыңдар. Не байқалды? Сынауық азот (ІҮ) оксидімен толған соң ауызын картон қағазбен жабыңдар. Неге? Реакция теңдеуін жазыңдар.

Cu + 4HNO 3 - Cu(NO 3 ) 2 + 2NO 2 +2H 2 O

Cu 0 -2ē-Cu +2 1 т/сызд.

N +5 +ē-N +4 2 т/ғыш

Слайд 7.

Азот қышқылының қолданылуы

  • Азот тыңайтқыштарын алу;
  • Реактивтік отын;
  • Асыл металдарды өңдеу;
  • Қопарылғыш заттар алу;
  • Бояулар, дәрі-дәрмектер;
  • Талшықтар, пластмасса;
  • Фотопленка.

«Экологтар» тобы

Тақырыбы: Нитраттар.

Мақсаты:азот қышқылының тұздары-нитраттар, олардың алынуы, қасиеттері жөнінде оқып, білу. Нитрат-ионды анықтай білу. Реакция теңдеулерін жаза білу. Экологиялық сауаттылыққа үйрену.

Слайд 8

Азот қышқылының тұздары - нитраттар деп аталады.

Алынуы :металдарға, оксидтеріне, гидроксидтеріне қышқылмен әсер еткенде алынады.

2 NaOH +2NO 2 = NaNO 2 + NaNO 3 +H 2 O

Суда жақсы еритін нитраттар - селитралар деп аталады. NaNO 3 , KNO 3 , NH 4 NO 3 , Ca(NO 3 ) 2 .

Химиялық қасиеттері:

Қыздырғанда ыдырайды. Нәтижесінде әртүрлі өнімдер түзіледі. Металдардың активтік қатарына байланысты.

Me Mg MeNO 2 + O 2

MeNO 3 Me Mg-Cu MeO +NO 2 + O 2

Me Cu Me +NO 2 + O 2

Нитрат-ионды анықтау нитратқа мыс сымды саламыз. Қоңыр түсті газдың бөлінгеніне қарап білеміз. (реакция теңдеуін жазу) .

Слайд 9

Қолданылуы:

  • Тыңайтқыштар;
  • Қара оқ-дәрі- KNO3;
  • Қопарылғыш заттар;

Қоршаған ортаға әсері қандай?

Көбіне тыңайтқыштар ретінде қолданылады. Қоршаған ортаны көп ластайды. Басқа тыңайтқыштарға қарағанда суда жақсы еріп, топырақта жақсы қозғалады. Нитрат жеміс, көкөністе жинақталып, адам ағзасына түседі. Ас қорыту жолында нитраттар нитритке айналып, ағзаны улайды. Нитрит

гемоглобинмен реакцияға түсіп, оттектің тасымалдануына кедергі келтіреді. Тыныс мүшелерінің қызметі бұзылады. Капуста, аскөк, қызылша, асқабақ нитрат- жинағыш болып саналады. Ағзаны уланудан сақтау үшін не істеу керек?

Нитраттар суда жақсы еритін болғандықтан, әсіресе жылы, сумен мұқият жуған дұрыс. көкөністерді қайнату нитрат мөлшерін 50-80%-ға азаяды. Тұздау, ашыту, маринадтау да азайтады.

Керісінше кептіру, шырын, пюре нитрат мөлшерін көбейтеді.

Ендеше нитраттар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауы бойынша тәулігіне 5 мг-нан аспау керек. Дене салмағының 1 кг-на шаққанда.

Мұғалім:

Қосымша: «Патша арағы» дегенге түсінік бере кетейік. Себебі металдардың патшасы саналатын алтын ериді.

Сонымен азот қышқылы, оның түздары ең маңызды қосылыстары екенін оқып, білдіңдер. Енді әр қатар оқушылары өз жобалары бойынша 2 қатардағы оқушыларға 1 сұрақтан береді.

2. Есептер шығару. (тақтаға) .

№1.


Ұқсас жұмыстар
Азот оксидтері мен азот қышқылының алыну тәсілдері және қасиеттерімен таныстыру
Қышқылдардың химиялық қасиеттері, алынуы және жіктелуі тақырыбын қорытындылау
Химия пәнін тиімді әдістер арқылы оқыту
§ 15. Азот оксиді § 16. Азот қышқылы
Азот оксидтері. азот қышқылы
Қосылатын күкірт қышқылының массасын тап
Химиялық ертегі
Азот қышқылының қасиеттері
Фосфордың химиялық қасиеттері
Нитраттар. Азоттың табиғаттағы айналымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz