Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Күз ханшайымы қайда

Ертеңгіліктің тақырыбы: <<Күз - жомарт>>
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру. Олардын әрқайсысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін, қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюге тәрбиелеу. Өнерге деген қызығушылықтарын дамыту, сөздік қорларын байыту.
Күні: 21 қазан 2019 жыл.
Уақыты: 09:30
Көрнекіліктер: Күзгі атрибуттар, жапырақтар, зал мерекеге сай безендірілген.
Музыка ойналады, балалар қолдарына сары-қызыл жапырақтар ұстап, мерекелік көңіл-күймен залға кіреді.
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымызбен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзде нұр төгіп.
Сәлеметсіздерме, құрметті бүгінгі кештің қонақтары, ата-аналар. Бүгін міне <<Балапан>> тобының <<Күз - жомарт>> атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Бүлдіршіндеріміздің күз туралы өлең-шумақтарын тамашалайық.
Тақпақтар:
1 бала:
Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.

2 бала:
Көптен күткен күз келді
Жеміс жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Ағаштардан түседі
3 бала:
Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Музыка естіліп, залға Бағбаншы кіреді.
Жүргізуші: Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?
Бағбаншы: Бақша, бақты күтетін бағбаншымын. Балаларды мейрамымен құттықтауға келдім. Ал сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Жүргізуші: Біз сізбен келеді деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.
Жүргізуші: Келіп қалатын шығар тосайық, оған дейін біздің балалармыздың күз мерекесіне арнап жаттаған әндерін тамашалаңыздар.
Ән: <<Күзгі жаңбыр>>
Бағбаншы: Қандай керемет! Әндерің жақсы екен. Жарайсыңдар, балалар! Қараңдаршы мен мына жерде көкеністерді көріп тұрмын, менің көкеністерімнің қандай өнерлері бар екен?
Жүргізуші: Бағбаншы, біздің балалар бидіде жақсы билейді. Біздің ұлдарымыздың <<Көкөністер>> биін тамашалыңыздар.
Би: <<Көкөністер биі>> (ұлдар)
Жүргізуші: Бағбаншы, біздің балалар жемістер мен көкеністер туарлы өлең шумақтарын жаттаған еді. Ортада өздерін таныстырсын.
Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтарын айтады.
Тақпақтар:
Өрік
Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп
Менің атым өрік.
Алма
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
Сәбіз
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Пияз
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Қияр:
Көктеп ерте шырмалып,
Әсем гүл мен бүр жарып
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі су арып.
Бидай:
Нан атасы - бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
Бағбаншы: Балалар тақпақтарын маған ұнады. Мен бір ойын білемін , бірге ойнайық.
Балалар: Йа.
Ойын: <<Жемістер мен көкеністерді ажырату>>
Музыка: Жел мен жаңбырдың дауысы.
Күз ханшайымы мен жел кіреді.
Күз ханшайымы: Маған көмектесіңдер,көмектесіңдер!
Музыка: Сиқырлы әуен ойналады.
Жел: Ахалай,махалай Күз ханшайымын ұйықтатып тастайын. Қара бұлтымен күзді жауып тастайын.
Бағбаншы: Жел мұның не? Балалар күзді күтіп отыр ғой, мерекені жалғастыруға. Бар өнерлерін салып дайындалыпты. Сен бұлай жасасан балалар мұңаяды.
Жел: Мен күштімін, менен барлығы қорқады,мен барлығын ұшырып жіберемін.
Жүргізуші: Жел сенен барлығы қорқады білеміз, сен бүгінгі мерекемізді бұзбай <<Күз ханшайымын>> қайтарып бер, біздің көңіл-күйімізді бұзбашы.
Жел: Жарайды, айтқандарың болсын. Бір жолға ашуланбай ақ қояйын. Ендеше мен өз жөнімен кетейін. Сау болыңдар, балалар. Күз мерекесін жақсы тойлаңдар.
Күз ханшай ымы оянады.
Күз ханшайымы: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам.
Жүргізуші: Қош келдің, берекелі Алтын күз. Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол.
Күз ханшайымы: Қош көрдік. Ата-аналарда балаларымыздың өнерін тамашалауға жиналған екен. Мен бүгінгі қонақтарымызбен бір ойын ойнайын деп едім.
Ойын: <<Дәміне қарап ажырат>>
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, енді біздің сұлу қыздарымыздың <<қолшатырлар>> биін тамашалыңыздар!
Би: <<Қолшатырлар>>
Бағбаншы: Бәрекелді, балалар.
Күз ханшайымы: Жарайсындар қыздар.
Жүргізуші: Енді біздің балалардың <<Күз тамаша>> деген әнін тыңдап, бағасын беріңіздер.
Ән: <<Күз тамаша>>
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар. Өте талантты екенсіңдер.
Бағбаншы: Балалар бүгін сендермен бірге күз мерекесін тойлағанымызға өте қуаныштымыз. Бірақ біздің қайтатын уақытымызда келді. Басқада балабақшаларға барып, балаларды қуантуымыз керек. Сау болыңдар:
Балалар: Сау болыңыздар!
Күз ханшайымы мен Бағбаншы кетеді.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар. Бүгінгі <<Күз жомарт>> атты <<А>>қ көбелек>> тобының күзгі мерекесі осымен аяқталды.
Музыка ойналады, балалар орындарынан тұрып, саппен қол бұлғап залдан шығып кетеді.

Ұқсас жұмыстар
"алтын күз" мектепалды даярлық тобына арналған ертеңгілік
Күз ханшайымы
Мерейлі күз, мырза күз
Келді міне Алтын күз ертеңгілік
Жетті желмен алтын күз
Қуандырып біздерді, кел жемісті алтын күз
Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі
Күз сыйы. даярлық тобы
Әділ - қазылардың берген бағалары
Күз ханзадасы мен ханшайымы
Пәндер