Функцияның графигі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7. 2А Функция. Функцияның графигі
Мектеп: Медеу ауданы, №19 жалпы білім беретін мектебі
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Қажымов Андас Марленұлы
Сынып: 7
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Сызықтық функция және оның графигі (3 сағат берілген, 1-сабақ)
- 7. 4. 1. 4y=kxy = kxфункциясының анықтамасын білу, графигін салу, k коэффициентіне қатысты орналасуын анықтау;
- 7. 4. 1. 5y=kx+by = kx + bтүріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу, оның графигін салу және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау;
Барлық оқушылар:
- y=kx функциясының анықтамасын біледі, графигін салады, k коэффициентіне қатысты орналасуын анықтау;
- y=kx+b түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын біледі, оның графигін салады және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау;
Кейбір оқушылар:
- y=kx+b сызықтық функциясының графигінен k және b таңбаларын анықтау.
- Сызықтық функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табу;
- y=kx функциясының анықтамасын біледі, графигін салады;
- k бұрыштық коэффициентіне қатысты графиктің орналасуын және b бос мүшеге қатысты орналасуын анықтайды;
- y=kx+b түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын біледі, графигін салады, k және b таңбаларын анықтайды;
- Сызықтық функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табады;
- Сызықтық функцияның анықтамасын айтады;
- Тура пропорционалдық қандай қасиетіне байланысты дербестікке ие болатынын айта алады;
- Графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын түсіндіріп береді;
- Функция графигіне қарап, k және b коэффициенттерінің таңбаларын анықтап айтады.
- Функция;
- Аргумент;
- Тәуелді айнымалы;
- Тәуелсіз айнымалы;
- Сызықтық функция;
- Тура пропорционалдық;
- Көлденең, тік;
- Координаталық жазықтық;
- Координаталық осьтер;
- Координата басы;
- Абсцисса;
- Ордината;
- График;
- Коэффициент;
Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық
Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарда оқушыларды ынтымақта жұмыс істеуге, бір-бірін құрметтей отырып, пікірлерін ашық айтуға баулу, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың білімге деген құштарлығын артырып, ізденуге бағыттау арқылы жүзеге асады
- Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдаланып, өткен материалды қайталайды;
- «Геогебра» бағдарламасы арқылы функция графигін салады, салыстырады, зерттейді;
- PowerPoint бағдарламасында сабақ көрнекілігі жасалады;
- Сабақты бағалау Excel электронды кестесінде жүргізіледі;
Сабақ басында:
- Оқушылармен амандасып, түгендеймін;
- Дөңгелек, бесбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыштар арқылы топтарға бөліп, таңдаған фигураларына қарай жағымды психологиялық сипаттама беріп, сыныпта жағымды ахуал қалыптастырамын;
- «Тимбилдинг» әдісі арқылы өткен материалды қайталата отырып, сабақ тақырыбын ашқызам;
- Оқушыларды критерийлермен таныстырып, бағалау парақтарын үлестірем.
Бағалау парағы
Қағаздан қиылған дөңгелек, бесбүрыш, төртбұрыш, үшбұрыштар.
Үлестірмелі бағалау парақтары
Сабақ мақсатына орай білімдерді қалыптастыру үшін «Қар үйіндісі» әдісін пайдаланамын. Аталған әдіс бойынша оқушылар алдымен тақырыпты толық оқиды. Сосын төрт топқа тапсырма бөлініп беріледі: «y=kx функциясының анықтамасы, графигін салу, k коэффициентіне қатысты орналасуын анықтау», «y=kx+b түріндегі сызықтық функцияның анықтамасы, оның графигін салу және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау», «Сызықтық функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табу», «y=kx+b сызықтық функциясының графигінен k және b таңбаларын анықтау». Бөлініп берліген тақырыптар бойынша оқушылар білгендерін ортаға тастап, талқылап, мысалдар келтіре отырып, постер жасайды, әр топ өз постерін қорғайды. Топтар бір-бірін мұқият тыңдайды, сұрақтар қояды.
Топпен жұмыс нәтижесін оқушылар өзара бағалайды
Дескриптор
Визуалдандыру
Саралау жұмысының дереккөздер тәсілі
Мақсаты: Оқушылардың алған білімін түйіндей түсу үшін «Геогебра» бағдарламасы арқылы k және b коэффициенттерінің мәнін өзгерте отырып, сызықтық функция графигінің қалай өзгеретінін көрсету.
Алған жаңа білімді бекіту үшін оқулықпен жұмыс жасау. Есептер шығару. «Сіз білетіннің барлығы» әдісі.
- Саралау жұмысының диалог және қолдау көрсету тәсілі;
- Өзін-өзі бағалау.
Мақсаты:
- y=kx функциясының анықтамасын білу, графигін салу, k коэффициентіне қатысты орналасуын анықтау;
Бағалау критерийі:
- y=kx функциясының анықтамасын біледі;
- Тәуелсіз айнымалыға мән бере отырып, сәйкес тәуелді айнымалыларды табу арқылы кестені толтырады;
- Координаталық жазықтықта функция графигін салады.
1-есеп:
Берілген y=0, 5х функциясының түрін анықтап, кесте толтырып, графигін салыңдар.
Дескриптор
Мақсаты:
- y=kx+b түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу
- Сызықтық функция графигін салу және графиктің
k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау.
Бағалау критерийі:
- y=kx+b түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын біледі, графигін салады, k және b таңбаларын анықтайды
2-есеп:
Берілген y=2x-1 функциясының түрін анықтап, графикке тиісті екі нүкте арқылы графигін тұрғызыңдар, сызықтық функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелерінің координатасын график арқылы анықтаңдар.
Дескриптор
Мақсаты:
- y=kx+b сызықтық функциясының графигінен k және b таңбаларын анықтау;
- Сызықтық функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табу.
Бағалау критерииі:
- Сызықтық функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табады.
3-есеп:
Берілген функциясының графигін салмай-ақ, абсцисса және ордината осьтерімен қиылысу нүктелерінің координатасын жазыңдар.
Дескриптор
Оқулық
Интерактивті тақта
Геогебра бағдарламасы
Сызғыш
Қарындаш
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
«Плюс. Минус. Қызықтырады» кестесі
Кестедегі «Плюс» бағанына оқушылар сабақ барысында жақсы меңгерген білімдерін, ал «Минус» бағанына сабақ барысында сұрақ туындатқан мәселелерін, «Қызықтырады» бағанына өздерінің алдағы уақытта білгісі келетін мәліметтері туралы жазады.
Сабақ соңында оқушылардың барлық жинаған ұпайларының Excel электронды кестесі арқылы қорытындысы шығады:
12-14 балл - «Жарайсың!»
8-11 балл - «Жақсы. Дегенмен, әлі де іздену керек!»
1-7 балл - «Көп іздену керек!»
«Плюс
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz