Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тіл дамыту қызметіне балалар әдебиетін қолдану
1-тапсырма. <<Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тілін дамыту жұмыстарын жоспарлау>>
Бала тілін дамыту әдістемесі және курс міндеттері
Тіл дамыту әдістемесі - педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым.Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі, оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті,мазмұны бар. Әдістеменің басты міндеті - балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс - тәсілдерін жинақтау, жасау.
Балабақшадағы балалар тілін дамыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеуін қалыптастыруда 7 түрлі міндет қойылады.
1. Сөздік қорын дамыту.
Мектепке дейінгі кезеңде балалар негізгі сөздерді айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста қоршаған ортаға байланысты. Әсіресе қоршаған орта.
2. Грамматикалық дағдыларын қалыптастыру.
Сөздік қор - тілдің құрылымдық материалы болып табылады. Грамматика - сөйлемдегі сөздердің өзгеруін қалыптастырады. Сонымен бірге, тілдің сындарлы үлгісін анықтайды.
Бала айналадағы адамдардан грамматикалық дұрыс құрылған сөйлемдерді естілді, осы арқылы ол тілдегі сөздердің үлгісін менгереді. Тәрбиеші баланың өмірден алған сөйлеу қабілетін, оқыту арқылы адам әрі жаттықтырады. Сонымен бірге, балаларға жаңа сөздер үйретеді, грамматикалық дұрыс байланыстқан сөйлемдер құрып сөйлеуге тәрбиелейді.
3. Тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу.
Бала дыбыстарды дұрыс дыбыстауы керек. Сөйлем сөздегі дыбыстардың дұрыстығымен жұмыс жасауда, тәрбиеші фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарына сүйенеді.
Бала озінің ана тілінде сөйлеп, сөйлемдердегі екпінді айыра білуге тиіс. Баланы бір-бірімен сөйлескенде, әдепті, тәртіпті бояуға үйретудің маңызы зор. Оған: амандасу, сөйлесіп тұрған адамына жылы қабақпен қарау назар аудару көпшілік жерде өзін-өзі ұстау білу жатады. Баланы мәнерлер сөйлеуге үйрету керек.
4. Диалог түрінде, әңгемелесу дағдысын қалыптастыру.
Бұған баланың тыңдау қабілеті мен түсінуі, әңгімеге араласуы, сұраққа жауап беруі мен сұрақ қоя білуі жатады. Бұдан, баланың қаншалықты грамматикалық сөздерді дұрыс сөйлегені, сөздік қорының молайғанын білүге болады. Әңгімелесу кезінде, бала өзін-өзі мәдениетті түрде ұстай білу керек.
5. Әңгімелеп сөйлеуге үйрету - монолог түрінде.
Баланың өзінің көрген-білгенін әңгімелеп беруі - мектепке барғанында өте қажет. Мектепте осы қабілеті одан әрі қалай бекиді. Баланың әңгімесінен біз сөйлем немесе сөз құрап сөйлей алуын, сөзінің мазмұнын сөздік қорын қаншалықты меңгергенен анықтаймыз. Балаларды ауызша әңгімелерді таңдай білуге, оны сосын қайталап айтып беруге үйретеміз.
Сонымен қатар, әңгіме құрап айтуға, шығармашылық белсенділігін қалыптастырамыз. Баланың бұл белсенділігі - бала бақшадағы мейрамдарда, үлкендердің алдына шығып тақпақ айтуға немесе басқа топтың алдына шығып сөйлеуіне деген қабілетін арттырады.
6. Көркем әдебиетпен таныстыру.
Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда балалар әдебиетіндегі ең үздік шығармалар оқылып, топтастырылады.
Тәрбиеші балаларды көркем шығарманы тыңдауға түсінуге, шығармадағы кейіпкерлерді суреттеп айтуға үйретеді. Балалар жатталатын тақпақтың мазмұнын ұғып, оны мәнерлеп айта білу керек. Олардың оқуға деген қызығушылықтарын, кітаптың ішіндегі түрлі - түсті суреттерді қарап шығуын, кітаппен жұмысты ұқыпты да дұрыс қолдануларын қадағалау маңызды болып табылады.
7. Балаларды сауат ашуға дайындау. Балабақшадағы тіл дамыту жұмысы - баланы мектепке әзірлейді, бала ауызекі жақсы сөйлеуі тиіс, басқа адамды тыңдай білуі қажет. Мектепке жақсы әзірлікпен келген балада мынадай қасиеттер болуы керек:
1) Мұғалім педагогтың айтқанын тыңдау.
2) Өзінің ойын, пікірін грамматикалық түрде дұрыс сөйлеммен жеткізу, оны дұрыс сөйлеу. Бұл қасиеттер мектеп алды даярлық тобында немесе ересектер тобында қалыптасады. Бұл кезде балалар 2 - 4 сөздерден сөйлем құрап, сөйлей алады. Осы 7 міндет балалардың тілін дамытуда зор роль атқарады. Әрбір міндетте - оқыту мен тәрбиелік жағы жатыр, ақыл - ой тәрбиесі дамиды деп те айта аламыз.
Балабақшадағы тіл дамыту бағдарламасы. Тіл дамыту бағдарламасы - балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты кезеңдерінде қоршаған орта туралы білімдерін, сөйлеу мәнерін қалыптастырып жеке бас қасиеттерін қарайды. Мысалы: диалог түрде сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мынадай қасиет тәрбиеленуі керек: көпшілдік, жылы қабақ, әдептілік. Бұл, тіл дамыту бағдарламасы - балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаның негізінде құрылған.
Мазмұны бойынша - баланың шығармашылық және интеллектуалдық қасиетін қалыптастыру, дамыту болып табылады. Мұнда - тәрбиешінің рольі, іс - әрекеті. Тіл дамытуда қолданылатын дидактикалық принциптер, оқу материалының бір - бірімен тығыз байланыстылығы, нақты әрі түсінікті етіліп берілген.
Тіл дамыту бағдарламасының жоспары мен әдіс - тәсілдері.
1. Ана тілінде оқыту, белсенді тіл қызметін талап ету.
2. Бала мен үлкен арасындағы байланыс. Тіл дамыту қызметіне басшылық жасау.
3. Көркем әдеби шығармалармен танысу. Тіл дамыту қызметіне балалар әдебиетін қолдану.
4. Балалардың тілін дамытуда тәрбиешінің сөйлеу мәнері тиімді құрал болып табылады.
Сөйлеу мәнерін қарастыруда - оқыту басты әдіс болып табылады. Мектеп жасына дейінгі ұйымда - сабақ ең негізгі форма болып қолданылады.
Дидактикалық мақсаты бар мынадай сабақ түрлерін атап көрсетуге болады.
1. Жаңа материалдарды оқыту сабағы.
2. Білім, дағды, іскерліктерін бекіту.
3. Қорытындылау, тұжырымдау.
4. Білімдердің қорытындысын бақылау.
5. Аралас сабақ.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысына әдістемелік басшылық.
Меңгеруші балабақшаны басқару жұмыстарында елеулі орын алады. Меңгеруші оқыту тәрбиелеу жұмыстарына басшылық жасайды, тәрбиешілердің тәрбиешісі ретінде және әдіскер ретінде жұмыс істейді. Сондықтан оның теориялық және практикалық дайындығының маңызы зор. Меңгерушінің жалпы әдістемелік жұмысының бөлімі ретінде тіл дамыту жұмыстары болып табылады. Бұл жұмыстың міндеттері төмендегідей:
1 Барлық жастағы балалардың тілінің дамуының бағдарламасын орындауын қадағалау және қамтамасыз ету.
2 Әр жас шамасындағы топтардағы оқыту, тәрбиелеу жұмыстарының дұрыс жүруін қамтамасыз ету.
3 Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсету, ұжымның жұмысын бақылау және бағдар беру.
4 Бала тілінің дамуына дұрыс жағдайлар жасауға көмектесу, балабақшада әдістемелік кабинеттің жұмысын ұйымдастыру.
5 Тіл дамыту бойынша тәжірибені жалпылау және зерттеу.
6 Педагогтың шеберлігіне, квалификациясының жоғарлауына жағдай жасау.
7 Ата - аналардың арасында педагогикалық білімдерін арттыру жұмысын ұйымдастыру.
2 Бала тілінің дұрыс дамуы үшін оның денсаулығы мықты, нерв жүйесінің жұмыс істеуі қалыпты, есту, көру органдарының бұзылмауының маңызы зор.
Баланың есту органдарын сақтауға үлкен орын беріледі. Тәрбиеші әрбір баланың қалай еститінін жақсы білу керек. Сөйлеу аппаратының гигиенасы да өте маңызды. Баланың өкпемен қалай дем алатындығын және дем алу жолдарын қадағалап отыру керек.
Меңгеруші балабақшада сөйлеу мәдениетінің ұйымдастырушысы болу қажет. Жылдың басында меңгеруші үлкендер сөйлеуіне жалпы педагогикалық талаптар туралы мәліметтер береді. Балабақшаның салт дәстүрі ретінде ақырын сөйлеу, балалармен сөйлескенде дұрыс және әсерлі болуын қадағалау шарт.
Тәрбиешінің сөйлеуі баланың тілінің дамуының қалыптасуына зор маңызын тигізетіні сөзсіз. Тәрбиешінің сөзін талдаған кезде меңгеруші 3 жағынан қарастырады:
1 мазмұндылығы,
2 форманың дұрыс болуы,
3 жас ерекшелік және педагогикалық бағыт.
Тәрбиешінің жұмысымен таныса отырып, қандай білім, мәліметтер беретінін қадағалап отыру керек. Сонымен қатар тәрбиешінің күнделікті өмірдегі сөйлеуіне назар аудару керек. Яғни серуен кезінде, еңбек әрекеті кезінде т.б. тәрбиешінің сөйлеуі қарапайым болмауы керек. Тәрбиешінің сөздік қоры бай және нақты болуы шарт. Балалардың баяу меңгеретін сөздерін көп қолдану керек. Тәрбиеші мәдениетті байланыстырып сөйлей біле отырып, сонымен қатар диалог жүргізе біле, әңгімелеп беруі, басқалардың жауаптарын тыңдай алуы қажет.
Сонымен қатар педагогикалық кабинетте балалармен жұмыс істеуге арналған көрнекілік құралдар сақталады. Олар дидактикалық материал деп аталады. Кейде көрнекілік материалдың үлгілерін жасайды және тәрбиешілерге өзінің тобына материалды іріктеп алып, қолдана алады. Педагогикалық кабинеттердегі құралдардан басқа әрбір жас ерекшелік топтары өзінің оқу көрнекі құралдарын пайдаланады. Тәрбиешілердің бір - бірінің топтарына барып жұмыстарымен танысу. Меңгеруші оларды ұйымдастыруға қатысады, тәрбиешінің жұмысын көрсетуге дайындығына көмектеседі. Тіл дамыту жұмыстарына талдау жасау және топтық бақылаулар. Алдын - ала тақырып ойластырып, тыңдаушылар алдын - ала тыңдауға дайындалады және тәрбиешілерге нақты ұсыныс берумен аяқталады.
Топтың бақылау обьектісі болып іс - әрекеттің қандай болмасын түрі бола алады.
Педагогикалық кеңес. Бұл үнемі жұмыс істеп тұратын әдістемелік жұмыс түрі болып табылады. Педагогикалық кеңесте жаңа тақырып немесе баланың тілінің дамуы үшін арналған тақырыптар таңдап алу керек.
2-тапсырма. Диалогтық негізі бар 3 дидактикалық және 3
қимылды-қозғалыс ойын
Қимылды ойын: <<Қаздар мен аққулар>>
Ойын мақсаты: топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.
Ойын барысы: ойыншылардың ішінен қасқыр, бақташы таңдап алынады. Басқа балалар қаздар болады. Ортадан бір сызық сызылады. Ол қаздардың тұратын жері. Қсына шығыршық қойылады. Ол қасқырдың үйі болады. Бақташы қаздарды жайып шығады. Олар далада жайылып жүреді.
Бақташы: Қаздар-қаздар.
Қаздар: Га,га,га
Бақташы: Тамақ жейсіндерме?
Қаздар: Иа,иа,иа
Бақташы. Ендеше ұшыңдар!
Қаздар: Жоқ,аш қасқыр бар
Жібермейді ол жолда.
Бақташы: Тез, ұшыңдар қалайда.
Осы кезде қанаттарын қағып ұшып, бақташыға қарай жүгіреді. Қасқыр ұстағандарын шығыршықтың ішіне кіргізіп қояды. 2 рет ойнағандар ауысып, басқа балаларға кезек береді.
Керекті құралдар: шығыршық, атрибуттар.
Қимылды ойын: <<Жіп айналады>>
Мақсаты: балаларды бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Ойын барысы: Балаларға тәрбиеші жіпті көрсетіп, оның қалай оралатынын көрсетеді. Балаларға осыны бейнелеуді ұсынады. Барлығы қолдарынан ұстап, бірінші тұрған бала жіптің рөлін атқарады.Ол бөлменің ортасында тұрып екінші баланың қолынан ұстайды, ал ол үшіншісін ұстайды. Содан жіп пайда болады.
Тәрбиеші соңғы баланың қолынан ұстап , бірінші балаға қарай жіпке ұқсап айналады.Балалар <<Жіп-жіп-жіп айналады!>>- дейді.Сонан кейін жіп тарқатылғандай болып, балалар қолдарын жібермей кейін жүреді. Ойын 3-4 рет қайталанады.
Керекті құралдар: жіп.
Қимылды ойын: <<Ақ қоян>>
Мақсаты: балаларды ептілікке, жылдадыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның барысы: Балалар шеңбер жасап тұрады, ал бір бала ортада <<Қоян>> болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып, қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.
Ақ қоян-ау, ақ қоян
Ұйқыдан тұрсаңшы
Бетіңді жусаңшы
Шашыңды тарасаішы.
Әй-әй көйлек кисеңші
Біреудің қолын үзсенші-дегенде, қоян болған бала тақпақтағы қимылды түгел істеп, өлең бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. егер бала шеңберді үзсе, өзі шеңберге қосылып тұрады. Үзілген жердің оң жағындағы бала <<қоян>> болады.
Қимылды ойын: <<Айгөлек>>
Мақсаты: жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу, көңілдерін көтеру. Ойынның шарты: балалар теңдей екі топқа бөлінеді. Аралары 20-30 қадамдай аралықта бір-бірлеріне қарама-қарсы қарап, қол ұстасып тұрады.
Бірінші топ: Айгөлек-ау, айгөлек Екінші топ: Айгөлек-ау, айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек. Айдың жүзі дөңгелек.
Ақ терек пен көк терек, Ақ терек пен көк терек,
Шауып алдым бәйтерек, Шауып алдым бәйтерек,
Ақ терек, көк терек Бізден сізге кім керек? -деп хормен сұрайды.
Ақ терек, көк терек
Анау тұрған...........-деп хормен жауап береді.
Аты аталған бала жүгірген күйі барып, қарсы топтың ұстап тұрған қолдарын үзуі керек. Егер үзіп өтсе, сол балалардың бірін өзімен бірге алып қайтады, ал егер үзе алмаса өзі сол топта қалады. Ойынның соңында қай топтың балалары көп болса, сол топ жеңімпаз болып есептеледі.
Дидактикалық ойын
<<Ненің төлі жоқ?>>
Мақсаты: Үй жануарларын ажырата білуге, оларды төлдерін ажырата білуге, жануарларды күте білуге, қамқорлыққа ала білуге тәрбиелеу.
Ойын ережесі: Ойыншық үй жануарлары үстел үстінде тұру керек.Балалар ойыншықтарды мұқият қарап алады.Тәрбиешінің белгісі бойынша көздерін жұмады, сол кезде тәрбиеші үй жануарларын бір төлін тығып тастайды.Тәрбиеші ненің төлі жоқ деп сұрайды?.Балалар жауап беру керек.Ойын бірнеше рет жалғастырылады.
<<Тез жауап бер.>>
Ойын мақсаты: Түстерді, пішіндерді, сапасын дұрыс атай білуге дағдыландыру.
Ойын шарты: Балалар шеңберде тұрады, допты кім қағып алады сол бала заттың аты мен түсін айтып допты келесі балаға лақтырады. <<Жасыл>>- жапырақ, <<көк>>- аспан, <<сары>>- күн, <<қызыл>>- гүл, <<ағаш>>- отырғыш, <<тас>>- үй, <<темір>>- қасық т. б. Ойынды үйренгесін тапсырманы күрделендіруге болады. Бір сөзбен жауап бермей екі,үш сөзбен жауап беруге болады.
<<Қажетті сөзді тап>>.
Мақсаты: Тапқырлыққа, ойланып жауап беруге, сықақ сезімін дамыту.
Ойын ережесі: Тәрбиеші бір сөз атайды, балалар соған қажет заттардың атына байланысты сөздерді тез атауға тиісті.Мысалы: тоқылатын заттарды ата десе, балалар- шұлық, шәлі, қолғап, жемпір деп жауап береді.Қайда, немен, кім тоқиды?.- Фабрикада машинкамен, үйде бізбен тоқымашы тоқиды.
-- Тігілетін заттарды ата- көйлек, етік, тымақ,көрпе, пальто Т.Б.
-- Қайда, немен, кім тігеді?.
<<Дүкенші>>
Мақсаты: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру.Рольге бөліп ойнауға үйрету және оларды айыра білуге баулу.
Ойынның шарты:
Тәрбиеші дүкенші болып ойнайды.Балалар сатып аоушы борлады.Балаларға заттың түсін және қай жерде қолданылатынын білгізу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz