Жарық сәулесі

1. Жарықтың түзу сызықпен таралатынын, шағылу, сыну заңдарын түсіндіру.
2. Жарық заңдарын тұрмыста қолдануын қарастыру.
3. Оқушыларды өзін-өзі бағалауға, ұжымшылдыққа үйрету
1. Жарықтың толқындық қасиеттерін тереңірек түсіндіру
2. Оқушылардың алған білімдерін қолдана білуге үйрету
3. Өздігінше жұмыс істеуге қабілеттерін дамыту
Құбылысты қарапайым тілмен түсіндіре алады;
Негізгі ережелер мен заңдарды біледі;
Схемадан түсу, шағылу және сыну бұрыштарын көрсете алады;
Жарықтың сынуын мен шағылуын салыстырып, айта алады;
Сынудың өмірмен байланысын біліп, мысал келтіре алады.
- Құбылысты қарапайым тілмен түсіндіре алады;
- Негізгі ережелер мен заңдарды біледі;
- Схемадан түсу, шағылу және сыну бұрыштарын көрсете алады;
- Жарықтың сынуын мен шағылуын салыстырып, айта алады;
Сынудың өмірмен байланысын біліп, мысал келтіре алады.
- Физика және астрономия оқулығы (8-сынып) Мектеп, 2012
- Физика оқулығы (10-сынып) Мектеп, 2012
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақ
3. Тәжірибелік тапсырма
4. Үлестірмелі материалдармен жұмыс
5. Шеринг әдісі
6. Үйге тапсырма
7. Рефлексия
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Танымдық тапсырма
3. Тәжірибелік тапсырма
4. Үлестірмелі материалдармен жұмыс
5. Семантикалық карта
6. Үйге тапсырма
7. Рефлексия
І КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды бағалау жүйесімен таныстырылады. Диагностикалық карта тақтаға ілінеді.
Оқушылардың қызығушылығын оятуға арналған сұрақтар.
1. Жарық дегеніміз не?
2. «Жарықтың таралуы» дегенді қалай түсінесіңдер? Мысал келтір
2. «Сыну» дегенді қалай түсінесіңдер?
3. «Шағылу» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың білімін қайталауға арналған сұрақтар
1. Геометриялық оптика
2. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы
3. Жарық сәулесі
4. Жарықтың шағылу заңы
5. Жарықтың сыну заңы
Жаңа сабақты меңгеру. Түсіну
Жазық түзу сызықпен мөлдір қатты денелер мен сұйықтарда да таралады. Тәжірбие деректері негізінде жарықтың түзу сызықпен таралу заңы тұжырымдалған: мөлдір біртекті ортада жазық түзу сызық бойымен таралады.
Жарықтың түзу сызықпен таралуы заңына сәйкес жарық сәулесі ұғымы пайда болды, жарық сәулесі жарық шоғының энергия тасмалдайтын бағытын білдіреді.
Жарық шоғын S көзден тарайтын конус, яғни шашырауы аз паралель сәуле түрінде көзден тарайтын бірнеше жарық шоғы өзара қиылысса, онда олар бір-біріне ешқандай ықпал етпейді. Бұл жарық сәулелерінің немесе шоқтарының тәуелсіздігі деп аталатын қасиетке ие дегенді білдіреді.
Жарықтың шағылуы деп екі ортаның шекарасына бағытталған жарық сәулесінің жүру бағытының өзгеру құбылысын айтады.
Түскен сәулемен екі ортаны бөліп тұрған шекараға перпендикуляр бұрыш түсу бұрышы д. а.
Шағылған сәулемен перпендикуляр бұрыш арасындағы бұрыш шағылу бұрышы , ал сынған сәулемен перпендикуляр арасындағы бұрыш сыну бұрышы д. а.
а) Түскен, шағылған және сынған сәулелер екі ортаның бөліну шекарасына перпендикуляр бір ғана жазықтықта жатады.
б) Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең.
Бұл заң жарықтың шығылу заңы деп аталады.
1 көрсетілім: Стақандағы суға қарандашты салып, сыну құбылысын бақылау.
- Неге қарандаш қисайып, сынық болып көрініп тұр?
- Ол қисаю қай жерден басталды?
2 көрсетілім: Тәрелкедегі тиын тәжірибесі. Тарелкеге тиын салып қойып, оған тиын көрінбейтіндей қырынан қарап тұрып, су құямыз. Аздан соң тиын көрінеді.
- Тиын неге «көтерілді»?
Бұл тәжірибелер екі түрлі ортаның шекарасында, яғни су-ауа шекарасында жарық сәулесі түскенде бір бөлігі шағылып, ал бір бөлігі екінші ортаға өтетінін және өткенде бағытын өзгертінін (сынатынын) дәледейді.
- Осы құбылыстан қандай тұжырым жасауға болады?
Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жарықтың сынуы дейміз.
Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш (
Жарық аудан шыныға өткенде сынған сәуле перпендикулярға жақындайтынын тәжірибеден көрдік. Бұл сыну бұрышы түсу бұрышынан аз екенін көрсетеді. Сонымен қатар тұсу бұрышын сан мәнін (градус) сыну бұрышының сан мәніне бөле отырып олардың тұрақты екеніне назар аударамыз.
Сыну заңы (Синелус заңы) : түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.
Сыну көрсеткіші
түсу бұрышына тәуелді емес және тек ортаның оптикалық қасиеттерімен анықталады. Заттың ауамен салыстырған -дағы сыну көрсеткіші «абсолют сыну көрсеткіші» деп аталады.
Жарықтың бір ортадан келесісіне өткен кезінде сәуленің сыну себебі - жарықтың әр түрлі ортада таралу жылдамдығының бірдей еместігінен. Берілген денелер жұбы үшін сыну көрсеткіші былай анықталады: n=c/v, мұндағы с-ауадағы жарық жылдамдығы, v-ортадағы жарық жылдамдығы.
Сонда
Білу. Танымдық тапсырма
1. Шағылу заңын тұжырымдаңыз;
2. Түсу мен шағылу бұрыштарының арасы 140 0 . Жарық қандай бұрышпен түскен;
3. Түсу бұрышы 35 болса, шағылу бұрышы мен айна жазықтығының арасындағы бұрыш қаншаға тең?
4. Жарықтың сыну заңын тұжырымдаңыз;
5. Сыну заңының формуласын жазыңыз;
6. Фонарь жарығынан жерге түскен аяқтың көлеңкесі анық, ал бастың көлеңкесі жайылыңқырап, бұлыңғыр болатыны неліктен?
Сұрақ: Жарық сәулесі екі ортаның бөлінген шекарасына сол бөлінген бетке перпендикуляр түседі. Шағылған сәуле қалай бағытталады? Сынған сәуле ше? Жауапты негіздеп, тәжірибемен тексеріңіздер.
3 көрсетілім: Ауысқан бағыттар. Ақ қағазға бағыттары бірбей екі тілсызық (стрелка) салып, оның алдына стақан қоямыз. Стақанға су құйғанда тілсызықтардың бағыты өзгеріп кетеді.
- Тілсызықтардың бағыты неге ауысып кетті?
Себебі, стақанға су құйғанда толық шағылу мен жарықтың сыну құбылысы болады.
4 көрсетілім: Екі қабатты линза тәжірибесі. Стақанға су, оның үстінен май құйып, инені осы стақанға салып, жылжытамыз. Мынаны байқаймыз: ортаңғы бөлік бәрінен де тез ығысады, одан соң астынғы бөлік, ал үстінгі (ауадағы) бөлік ең баяу жылжиды. Ине үшке бөлініп кетті (әрине оптикалық тұрғыдан ғана) .
- Себебі неде?
Оқушылар топпен талдайды.
Себебі, ауада инеден шыққан сәуле сынбайды, май мен суда ол заттардағы жарықтың сынуы себепті біз иненің бөліктерін шын орнынан басқа жерден көреміз. Судың сындыру көрсеткіші 1, 33 майдан 1, 55 аз.
Диагностикалық карта
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz