Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Таңдау пәнінің практикасы бойынша 1 күндік сабақ жоспары.

Тақырыбы:My family
Орындаған: Нұрлыбаева Жанар

2020.10.13

Сабақтың тақырыбы: .My family
Сабақтың мақсаты: <<Менің отбасым>> тақырыбы бойынша жаңа ақпарат алып.Отбасы мүшелерімен танысу және олардың ағылшынша аудармасын үйрену.Ойын арқылы есте сақтау қабілетін,қарым-қатынас дағдыларын дамыту.Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
Мұғалім үшін: Оқу қызыметіне ынталандыруға арналған смайлдар, интерактивті тақта, флэш - карталар.
Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру сәті.
Good morning children! How are you? .Sit down please!
Мотивациялық - қозғаушы кезең:
Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!
Шаттық шеңбері:
Good morning teacher!
Good morning
Good morning to you
Good morning dear teacher
I am glad to see you

Балалар ендеше орындарымызға отырып бүгінгі тақырыбымызды бастайық! Бүгін біз ең жақын адамдар туралы айтып үйренеміз. Сендер үшін ең жақын адамдар кім? (Жауабы:Ата-Ана)
Ағылшын тілінде менің отбасым қалай болады?
- My family
Біздің әрқайсымыздың өз отбасымыз бар. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? (Балалар жауабы болады.)
- Отбасы ол - атам, әжем, анам, әкем, ағам, әпкем және мен
- Балалар, отбасымыздағы басшы кім? (әке)
- Ал, сендерді өмірге әкелген адам? (ана)
- Ал, аға - апа, іні - қарындас ол, сендердің туған бауырларың.
- Отбасындағы адамдар бір - бірімен қандай болуы керек?
- Адал, мейірімді, қайырымды болуы керек.
- Балалар, біз отбасындағы тәрбиені бірінші кімнен аламыз? (әке мен анадан)
- Олай болса бәріміз интерактивті тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар? (отбасының)
- - Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған отбасы мүшелері.

Ойын: <<Аудармашы>>
Мұғалім допты лақтырып қазақ тілінде бір сөз айтады, ал оқушы допты қағып аладыда, мұғалім айтқан сөздің ағылшын тілінде аудармасын айтып, допты мұғалімге кері лақтырады.(Өтілген тақырыптардан 5 сөз қойылады.

Жаңа материалмен жұмыс.
(Оқулықпен жұмыс)
1 - жаттығу. Listen and repeat:
Оқулықтағы суретке сүйене отырып, жаңа лексиканы еңгізу. Оқушы балаларға таныс кейіпкер - Әлібекті көрсетеді. Ол өзінің отбасы туралы әңгімелеп береді.
(Мысалы:Hi! My name is Bekzat. This is my family. This is my father, Marat. This is my mother, Gulmira. This is my brother, Estai and this is my sister, Zhanar.)
Дидактикалық ойын.
(Ауызша жаттығу)
Мұғалім отбасы мүшелері бейнеленген карточкаларды көрсетеді, балалар оларды айтады (father, mother, brother, sister,).
Содан соң мұғалім карточканы көрсетеді (mother,) айтқанда <> дейді Балалар мұғалімді түзету керек.
2-жаттығу.
Look and say.
Оқушылар ұсынылған суреттерге сәйкес қажетті отбасы мүшесін атап, сөйлемді аяқтауға тиіс. Мысалы: This is my mother.
Соңғы сөйлемде оқушылар family деген жалпы атауды қолдануы тиіс.
Сергіту сәті:
-Балалар барлығымыз орындап болсақ,орнымыздан тұрайық.
Аяқпенен топ - топ,
Ал қолменен хоп - хоп
Бір оңға, бір солға
Айналайық, кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық.
Бір оңға, бір солға
Кел ойнайық, кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру.
Бір оңға, бір солға
Секірейік, кел мұнда.
Кері байланыс:
-Балалар бүгінгі сабақ не үйрендік?
(Балалар жауабы)
-Қандай жаңа сөздерді үйрендік?
(Балалар жауабы)
-Отбасы деген не екен?
(Балалар жауабы)
-Жарайсыңдар балалар!Егер сендерге бүгінгі сабақ ұнаса алдарыңыздағы смайл стикерлерін тақтаға жабыстырайық.(Интерактивті тақтада ағаш суреті шығады.

Ұқсас жұмыстар
Отбасы
Мемлекет отбасы
Жуан сөздерді ата
Өнеге отбасынан
Отбасы өлеңін жаттау
Әкем мен шешем. 2-сынып, қазақ тілі
Суреттерді бояңдар
Балалардың әрекеті
Отбасындағы сүйіспеншілік
Оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту жолдары
Пәндер