СМАРТ бойынша сабақ мақсатын қою

Коуч
Какенова Б. П.
Коуч: Коучинг-сессия тақырыбы
Какенова Б. П.: «Кәсіби даму мақсатын SMART арқылы құру»
Коуч: Жалпы мақсаты
Какенова Б. П.: Мұғалімдерге КДМ қоюдың тиімді жолдарын үйрету.
Коуч: Оқу нәтижесі
Какенова Б. П.: SMART ақылды тапсырмалары арқылы мақсат қоя біледі.
Коуч: Әдіс-тәсіл
Какенова Б. П.: Түрткі сауалдар, миға шабуыл, ой тұжырымдау
Коуч: Негізгі идеялар
Какенова Б. П.: Мұғалімдер КДМ нақты, өлшенген, қолжетімді етіп қояды. Дұрыс қойылған мақсат арқылы КДМ игеруіне жағдай жасалады.
Кезеңі
Коучнигтің іс-әрекеті
Мұғалім іс - әрекеті
Ресурс
Кезеңі:

Психо логиялық тренинг.

Топқа бөліну

Коучнигтің іс-әрекеті:

Тренинг «Қоржындағы тәттілер»

Мұғалімдерге қоржындағы тәттілерді таңдатып, сол тәттілерге қыстырылған сөздер арқылы көңіл-күйлерінің көтерілуіне ықпал жасайды. Мұғалімдер тілекпен бөлісіп, өзара бір-біріне жақсы лебіз айтады.

Бірлестіктер бойынша топқа бөлу

Мұғалім іс - әрекеті: Мұғалімдер қоржындағы тәттілерді таңдап, сол тәттілерге қыстырылған сөздер арқылы көңіл-күйлерін көтереді және топқа бөлінеді
Ресурс: Музыка
Кезеңі: Ой шақыру сұрақтар
Коучнигтің іс-әрекеті:

Коучингімізді бастамас бұрын сіздерге видео ұсынғым келіп тұр.

Видео:Как добиться цели позитивный мультфильм. Сонымен видеоны көре отырып қандай тұжырым жасадыңыздар, ойымызды ортаға салайық:

1. Видеодан не түсіндіңіздер?

- Қалай ойлайсыздар, бүгінгі коучингте не туралы сөйлесеміз?

Мақсат қоя білу де өнер

«Мақсат - мұраттарыңа жете бер» - деген бата-тілек естімегеніміз кемде -кем шығар…
Осы мақсат деген сөзді жиі естиміз, жақсы таныспыз, дегенмен сол мақсат қою өнері бізге таныс па?
Мақсат дегеніміз - нақты күні белгіленген соңғы нәтиже.

Дейін-кейін стратегиясы

Қазіргі өміріңізде қандай арманыңыз бар?

-Топтық жұмыс

І топ: Мақсатқа байланысты негізгі ұғымдар

ІІ топ: Мақсат қою алгоритмі

ІІІ топ: Мақсат қоюда жіберілетін кемшіліктер

Мұғалім іс - әрекеті:

Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлай отырып, өз пікірлерін ортаға салады

Сабақтың тақырыбын анықтайды

Қатысушылар күнделікті өз сабақтарында мақсатты қалай қоятынын, неге көңіл бөлетіндіктерін негізге ала отырып, ой бөліседі.

Кластер құру

Ресурс: Слайд
Кезеңі: Теориялық бөлім
Коучнигтің іс-әрекеті:

SMART деген не?Бұрын естідіңіз бе?

СМАРТ туралы презентациямды ұсынамын.

Әрине, мақсат қоюдын әртүрлi жолдары бар. Солардын iшiндегi SMART деген әдiспенен бөлiскiм келедi. Ол тиiмдi әрi жетуге оңай мақсат қоюға арналған.

Мұғалім жоспар құрғанда SMART-қа сәйкес мақсаттар мен міндеттерді (ақылды міндеттер) ұстанады. (ағылш. SMART objectives - ақылды тапсырмалар) - оқытудың мақсаттары мен міндеттерін қоюға арналған аббревиатура, 1981жылы Джордж Доран енгізген.

Ол 1954 жылы Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура.

Specifik- арнайы, нақты;

Measurable- өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;

Attainable- қолжетімділік;

Realistic- шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;

Timed- белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.

Мұғалім іс - әрекеті: Интерактивті тақта арқылы SMART мақсат қою тақырыбына слайд арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Ресурс: Слайд
Кезеңі: Топтық тапсырма
Коучнигтің іс-әрекеті:

Ал ендi мысалдар келтiрiп қарастырайық.

- Қай қағидалар орындалмай тұр?

Тапсырманы талқылайды.

Мақсаттың смартқа сәйкестігін анықтау

Мұғалім іс - әрекеті: Мұғалімдер берілген тақырыпқа СМАРТ бойынша сәйкестігін анықтайды
Ресурс: Үлестірме
Кезеңі: Сергіту сәті
Коучнигтің іс-әрекеті:

Геометриялық тест бойынша топтардың мінезін анықтау
Үшбұрыш - жігерлі, өзіне сенімді, тезшешім қабылдайды, қажырлы тұлға, лидер. Шыдымды, тәуекелшіл.
Төртбұрыш - батыл, барлық құбылыстарға қызғушылық білдіреді. Әуесқой. суық тиіп ауруға және жарақаттанушылыққа деген беталыстары басым.

Шеңбер:
- тұлғааралық қатынастарда үйлесімділікке талпынушы, байланысқа түсушы, мейірімді, жанашырлыққа қабілетті, жомарт;
- танымал емес шешім қабылдауға тырысады, басшылықта демократиялы басшылық стилін ұстанушы, қоғамдық жұмыстарға бейім;
- тума психолог.

Мұғалім іс - әрекеті: Геометриялық денелерді таңдау
Ресурс:
Кезеңі: Топтық тапсырма
Коучнигтің іс-әрекеті:

СМАРТ бойынша сабақ мақсатын қою.

Әр топ өзара бір-бірінің жұмысын бағалайды

Мұғалім іс - әрекеті:
Ресурс:
Кезеңі: Қорытындылaу
Коучнигтің іс-әрекеті: Кейін стратегиясы
Мұғалім іс - әрекеті: Смарт мақсатқа құру
Ресурс:
Кезеңі: Кері байланыс
Коучнигтің іс-әрекеті: SWOT-талдау бойынша
Мұғалім іс - әрекеті: Коучингтeн алған әсерлeрін кері байланыс парақшаларына жазaды
Ресурс:

Дәстүрлі сабақ беру әдістемесі бойынша біз үш мақсатты белгілеп жүрдік.

Ол үш мақсаттың орындалғаны маңызды емес, көп болып жазылып тұрса, көп жұмыс жасайтын сияқты түсінікке шырмалып қалғанбыз. Мысалы, қазақ тілінен тақырыпқа қатысты жаттығуларды қарап шығамыз да, еңбек туралы мақал болса, оқушыларды еңбекке тәрбиелеу деп мақсат жаза саламыз. Ал ойсыз жазылған мақсаттан нәтиже шықпасы белгілі. Бұрынғы сабақ беру жүйесіндегі сабақтың мақсаты мен SMART мақсат бойынша құрылған сабақты салыстырып қарайық /Қосымша № 1/.


Ұқсас жұмыстар
Мұғалімге қысқа мерзімді сабақты жоспарлау арқылы барлық педагогикалық қуатты құралдарды іске асыруға көмек көрсету
Африканың халқы және елдері
Тоқырау жылдарының идеологиясы және КОКП-ның ұлт саясаты
Бүгінгі оқу мақсаттарына құрастырылған бағалау критерийі
Кеңес Одағы
Smart оқыту - оқытудың жаңа түрі, қарқынды дамып келе жатқан бірегей үдеріс
Ерекше карта
Қалай қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың оқуын жақсартуға ықпал етуге болады
Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлесім табуы шарт
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын таңдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz