Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сабақ жоспарларының түрлері
Абдуалиева Камила
Кя18/1
19-20 Практикалық сабақ
1.Жоспарлау ұғымы.
2.Сабақ жоспарларының түрлері.
3. Күнтізбелік жоспарды түзудің басты ұстанымдары.
4.Сабақ жіктемесі.
5.Оқытудың жаңа технологияларына негізделген сабақ жобалары.
1.
Сабақты жоспарлау - нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен оқушы әрекеттесулерін құрастыру. Негізі оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің және оқушылардың оқу материалының мазмұнын меңгеруі, дамуы және тәрбиеленуі бойынша оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаттары, міндеттері, принциптері, әдістері және мазмұны болып табылады. Сабақ жоспары конспект түрінде жүзеге асады. Сабақ конспектісінің құрамына тақырыптың аты, сабақтың міндеттері, кезеңдері, құрал-жабдықтар, әрбір кезеңдегі оқушыларға арналған тапсырмалар, тапсырмаларды орындау алгоритмдері, мұғалім сөзінің үзінділері немесе жаңа материалдың толық мәтіні енеді. Жоспар-конспект:
тақырып
сабақтың міндеттері
сабақ кезендері
оқушыларға арналған тапсырмалар
2.
Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу - барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті.Ұзақ жылдар қалыптасып қалған дайын білім беретін <<дәстүрлі>> стильмен оқытып келген мұғалімге жаңашыл идеяларды қабылдап, оқушыларға сындарлы білім беруде алдымен мұғалім ұстанымын өзгерту керек болады. Белгілі ғалым Пажарестің айтуынша мұғалім ұстанымы - оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі.Ал мақсатымызға жету үшін іс-әрекетімізді дұрыс жоспарлау керек. Екінші деңгей бағдарламасының тыңдаушыларға үйреткен бір саласы да осы - жоспар.
ҰМЖ- оқу бағдарламасы, пәннің мазмұны
ОМЖ- жұмыс сызбасы, Тізбектелген сабақтар
ҚМЖ-жеке сабақ
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс
Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесінде бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады.Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты:
:: Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;
:: Оқыту тәжірибесінде жеті модульді ықпалдастыру;
:: Әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;
:: Оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;:: Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын көрсету;
:: Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;
:: Барлық оқушыларды қамтуға бағытталған статегиялық жоспарлау.Оқу мақсаты мен оның нәтижелері
Оқу мақсаты - мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:
Сіздің ойыңызша, оқушылардың нені білуге тиіс?Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.Оқу нәтижелері:
:: оқушыға бағытталуы тиіс;
:: белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;
:: оқушының оқу үлгеріміне тұрғысынан жазылуы керек.
Сабақтың орта мерзімді жоспары (ОМЖ) құрылып алғаннан кейін бізге әр сабақтың мақсаттары, жұмыстың белсенді формалары, оқушы әрекетін бағалау, күтілетін нәтижені қалай анықтаймыз бәрі белгілі болады. Сабақтың қысқа мерзімді жоспарын ОМЖ-ны басшылыққа ала отырып құрамыз. Ұсынылып отырған ҚМЖ үлгісінде бағдарламаның жеті модулі қамтылған екі кестеден тұрады, бірінші кестеде сабақтың тақырыбы, мақсаты, сілтемелер, оқу нәтижесі, негізгі идеялар, қолданылатын материалдар, оқыту формасы, технология, әдістері көрсетіліп жазылады.
3.
Күнтізбелік жоспарды түзудің басты ұстанымдары. Әр пәннің тақырыптық сабақ жоспары бір оқу жылына арналған күнтізбелік жоспар негізінде жасалатыны белгілі. Күнтізбелік жоспар тікелей пәннің оқу бағдарламасы негізінде жасалады десек те, күнтізбелік жоспарды түзуде мұғалімнің әдістемелік ізденістері мен тақырып аясында қарастырылатын ӛзіндік пайымдауларына жол беруге мүмкіндігі бар. Айталық оқу бағдар-ламасындағы автордың тақырыптас шығармаларын жұптай ӛткізуді жоспарлау, оны күнтізбелік жоспарда ӛтілу ретіне қарай ұсыну. Мәселен, 5 сынып бағдарламасы бойынша (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген оқу қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептердің 5-9 сыныптарына арналған <<Қазақ әдебиеті>> оқу бағдарламасы) Мағжан Жұмабаевтың <<Балалық шақ>>, <<Қысқы жолда>>, <<Сағындым>> ӛлеңдеріне 2 сағат белгілен-ген. Үш тақырыпты екі сағатқа жоспарлау үшін, қалай болғанда да, бір сағат-қа екі тақырыпты жұптап ӛткізуге тура келеді. Сондай-ақ 6 сыныпта Абайдың <<Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ>>, <<Құлақтан кіріп бойды алар>>, <<Әсемпаз болма әрнеге>>, <<Отыз бірінші қара сӛз>> шығармаларына 3 сағат белгіленген. Бағдарламадағы ақынның тӛрт тақырыптағы шығармасына 3 сағат белгіленуі бағдарламалық ұтқырлық деуге сая қоймайды. Осындай сағат санының тақырып санынан кемдігі тӛмендегі мысалдардан да кӛрінеді.
4-5.
Сабақты жіктеудің бір-біріне ұқсамайтын бірнеше жолдары бар. Сабақты дидактикалық мақсатына қарай жіктеу (Огородников И.Т., Казанцев И.Н.), сабақ үрдісінің негізгі кезеңдеріне қарай (Иванов С.В.), дидактикалық міндеттеріне, оның сабақта шешілуіне орай, оқытудың әдістері мен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру тәсілдеріне қатысты. Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді. Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді.
И.Н.Казанцев бойынша:Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар. Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ
-Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы-Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.-Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.-Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.-Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.-Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.-Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz