Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Логикадан өзіңе
Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс.
Сабақтың тақырыбы:<<Талантыңмен таныл>> ойыны.
Мақсаты:
1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын
арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін
дамыту.
2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене
білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.
3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,
күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.
Ойын түрінде өткізілетін сыныптанм тыс жұмысқа 6<<а>> және 6<<ә>> сынып оқушылары
2 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және
төсбелгі ойлап табады.
Ойын алаңы: магнит тақтада 1-ден 10-ға деінгі сандар, 4 конверт :жасыл, сары, қызыл, көк
Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.
1. Қызыл конверт- <<Логика>>.
2. <<Өрмекші торы>>.
3. Жасыл конверт- <<Математика>>.
4. Лотерея билеті.
5. << От >>.
6. Көк конверт- << 7 жұмбақ >>.
7. <<Алтын сандық >>.
8. << Қамал >>.
9. Сары конверт- << Мақал-мәтелдер >>.
10. <<Қара мысық >>.
Ойын шарты:
<<Қара мысық>> туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.
<< От >> келсе , жинаған ұпайларыңыздың 30 ұпайы күйіп кетеді.
<<Лотерея билеті>>- керісінше 30 ұпай сыйлыққа беріледі.
<<Қамалға>> келсеңіз , қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.
<<Алтын сандық>> -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.
<<Өрмекші торына>> туссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Сұрақтың
дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.
Ойын барысы:
І-жургізуші
-Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жыр салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып.
ІІ-ж
Шабыт тасып шалқысып
Есеппен ән салысып
Көңілді кеш жасайық.
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық.
І-ж
Құрметті аяулы көрермендер,
Білімменен сусындаған жас өреңдер,
Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға
Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.
ІІ-ж
Шақырамыз екі топты ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана.
Сайыскер өнеріңді ортаға сал,
Осы кеште біліміңді сынап ал.
Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.
І-ж
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)
ІІ-ж
Ал, қанеки сайысты біз бастайық
Ұрандарымызды айтып,
Өзімізді таныстырып тастайық.
(сөз кезегін әр топқа береміз)
Командалардың өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.
Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,
<< К >> әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда
бірінші бастайды.
<<Логика>>. І-ж.
Ал қанеки балалар
Құлақ салшы сөзіме
Сұрақ берсем берейін
Логикадан өзіңе
<<Өрмекші торы>>. ІІ-ж.
Ойла-ойла тереңнен,
Жақсы емес-ау көп бөгелген.
Сұрақтарды шешпесең
өте алмайсығ бөгеттен
(қөрермендер сұрагы)
<<Қамал>>. І-ж.
Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң шығарсың
Арнайы сұрақ (Төмендегі сандардың әрқайсысына бір әріпсәйкес келеді).
Бірдей цифрларға бірдей әріптер сәйкес келеді. 1747 санына сәйкес келетін сөзді табыңдар. (40ұпай)
1). 5737 АРЗУ
2). 7147 КУЗУ
3). 6237 СУЛУ
4) 1747 УСЛУ Жауабы: 1747 СУЛУ.
<<Математика>>- жасыл конвертінің сұрақтары (әр дұрыс жауап - 10ұпай).
1. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)
2. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы)
3. Нөлден кіші сандар? (теріс сандар)
4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (нөль)
5. -21 санына қарама-қарсы санды атаңдар. ( 2 1 )
6. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі? ( 180°)
8. Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады? (тік бұрыш жасап қиылысатын)
9. <<Координаталар>> сөзі нені білдіреді? (реттелген)
10. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады? ( Оң сан )
11. Қайсысы көп : 2 метр ме, әлде 201 см ме? ( 201 см)
12. Жарты теңгенің жартысы неге тең? (25 тиын)
13. -18 қосу 11 ? (-7 )
14. 5 санына кері сан? ( )
15. Сан аралықтарының неше түрі бар? Оларды атаңдар. ( 5 түрі. Кесінді,
интервал, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле).
<<Логика>> - қызыл конверттің сұрақтары (20 ұпай).
1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,
біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше
үйрек ұшып барады? (3).
2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш
қалады? (5)
3. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады? (50)
4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың
соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған? (13)
5. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр. (98)
6. Бес тоғыздықпен 10санын қалай алуға болады? ( (9::9) : 9 + 9 : 9)
7. Қндай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)
8. 1 2 3 4 5 =2 теңдік орындалатындай цифрлар арасына амалдар таңбасын қойыңдар ( (1+2+3+4) : 5 = 2 )
9. Адасқан әріптер. Қандай сөздер:
Нарадс, тазауй, киреш, ретм (сандар, азайту, ширек, метр)
10. Сан тізбегін жалғастыр : 9, 1, 7, 1, 5, 1,.......... (3, 1)
3, 7, 11, 15, 19..........( 21 ).
<<Мақал-мәтелдер>> - сары конверт. (30 ұпай)
Құрамында сандар бар мақал-мәтелдер айтыңдар.
<< Жеті жұмбақ>> - сары конверт . (30 ұпай)
1. Атадан 10 боламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кеде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейтіп те аламыз. (цифрлар)
2. Бөлмеде 2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын
қосып есептегенде қанша болады? (20)
3. Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті
кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)
4. Бір-бірімен жарысқан,
Бес аю, бір арыстан,
Екі қой мен үш түлкі
Бәрі нешеу кім білді?
5. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың
қаншасы қалды? (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)
6. Төрт тяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)
7. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (15)
Жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс
нәтижесін әділқазылар хабарлайды)
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz