Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттері
1-2-3-СОӨЖ Оразбай Назгүл ҚТӘ-43
Тақырыбы: Оқыту тәжірибесіне бағдарлама идеялар енгізу (сабақты жоспарлау).
Тапсырмалар:
1. Қысқа мерзімді жоспар
2. Орта мерзімді жоспар
3. Ұзақ мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, қысқа мерзімді жоспар-жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
Қысқа мерзімді жоспарда мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады.
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттері:
* Сабақтың тақырыбын анықтау;
* Әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
* Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
* Тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;
* Төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;
* Уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
* Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру;
* Сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
* Оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;
* Тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.
Орта мерзімді жоспар
Тізбектелген сабақтар топтамасы мұғалімдерге болып жатқан өзгерістердің өзінің тәжірибесіне ықпалын ескере отырып, өзінің оқыту тәжірибесіне бағдарлама ұсынған идеяларды енгізуге мүмкіндік береді.
Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайды. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқу тақырыптары көрсетіледі.
Мақсаты:
* Оқу үдерісіне өзгеріс енгізу;
* Тізбектелген сабақтар топтамада 7 модульді ықпалдастыру;
* Оқыту мен оқу мақсаттарын нақты белгілеу;
* Нәтижеге жету әдіс-тәсілдерін жүйелі қолдану;
* Орта мерзімді жоспарлауға барлық оқушыларды түгел қамтитын әдістерді енгізу
Нәтижесі:
* Оқу үдерісіне өзгеріс енеді;
* Бағдарламаның 7 модуль идеялары ықпалдасады;
* Бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді;
* Тізбектелген сабақтар топтамасында жаңа әдіс-тәсілдерді жоспарлау арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
Ұзақ мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспарлау мемлекеттік және білім беру саласындағы орталық атқарушы ұйымының талаптарына, ЖОО-ның сыртқы ортасын сараптауға, сапаны басқарудың жалпы бұқаралық ұстанымдарына негізделіп, стратегиялық жоспарлау ерекшеліктері мен университет көрінісін, миссиясын, даму стратегиясын және университеттің даму жоспарын, сапа саласындағы саясатты ескереді.
Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бөлімнің бөлімшенің тақырыптың аясына қажетті оқу мақсатын оқиды.
Ұзақ мерзімді жоспар:
* Белгілі бір уақыттағы, айталық, бір жыл ішіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны мен ауқымы туралы жалпы түсінік береді;
* Мектептің мақсатын, саясатын және материалдық базасын көрсетеді;
* Бірнеше жылға арналған кезең ішіндегі жалпы, келісілген бағытты бейнелейді;
* Білім беру бағдарламасының <<жол картасы>> болып табылады;
* Бейімдеуге келеді және жағдайға қажеттілікке қарай дамиды;
* Білім беру бағдарламасының салалары арасындағы байланысты анықтайды;
* Кезеңдер мен жылдар арасындағы алға ілгерілеуді көрсетеді;
* Кері байланыс арқылы бағамдайды;
* Орта мерзімді жоспарға негіз болады.
1-2-3-СӨЖ Оразбай Назгүл ҚТӘ-43
Жаңаша оқыту керек пе?
Қай заманда болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Еліміз тәуелсіздігін алып, ұлттық дамудың сара жолына түсу, білім беру ісін жолға қоюды талап етіп, әлеуметтік маңызды жұмыстарды орындауға ықпал етті.
Негізінен жаңаша білім жүйесі құзіреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы-оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді.
Жаңаша оқыту оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында <<Шиыршық әдісімен>> орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсатта күрделене түседі.
Қазіргі таңда барлық елде жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастады.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің <<Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса>> деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелейді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz