Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі
ППМ-811
Әтірхан Айткүл
Тапсырма
1-деңгейдің сұрақтары
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларын атаңыз
2-деңгейдің сұрақтары
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына мысал келтіріңіз
3-деңгейдің сұрақтары
Сабақ типтері мен түрлері топтастырыңыз
1. Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке - дара, топтық және сынып - сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.
Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педогогикалық тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу.
Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап , аяқтау.
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
2. Сынып - сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай - ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт - бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ - оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани - адамгершілік қасиеттері мен ақыл - ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым - қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылды.
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі.
Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын - ала белгілі болуы тиіс.
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай - ақ сабақта оқушылардың бойына біліктер мен дағдылары қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.
Сабақта мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. "Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек" - деп Ж.Аймауытов жайдан - жай айтпағанын ескеру керек.
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемелық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым - қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым - қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік береді. Білім арқылы қарым - қатынас жасау және қарам - қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы іске асыру пайдалы.
Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың әдіс - тәсілдеріне үйрету міндет.
Сабақта оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
Сабақтың дидиактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір - бірімен өзара байланыста, бірін - бірі толықтырып тұрылуы қажет.
Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу - техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы шарт.
3. Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес.
Сыныптық - сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтант оқушылардың сыныптық - сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілетттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмысары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шыармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақрына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты мењгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт - бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдастыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде.
Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу мтериалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.
Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады.
Оқыу процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға бқылау жасайды.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қаыстыра отырып, олардың дүние танымын тереңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отыра, факультатив оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады; олар жоғары сынып оқушыларының еңбекке дайындығына елеулі үлес қосады.
Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де семинар сабақтарына қарағанда, конференция түрінде өткізілетін оқу жұмысында ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу конференциясында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет. Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптардың оқушыларын қатыстыруға болады.
Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті - оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекетін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау. Сондықтан кейбір оқушылардың дарын - талаптарын, ғылымға бейімділігн немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп, жағдай жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар.
Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар оқытудың өмір мен байланысын қамтамасыз ету, пән аралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.
Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.
Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және консультация сабақтары да ұйымдастырылады.
Сынақ жұмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат - бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.
Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды.Оларға жеке дара тапсырмалар беріп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша сабақ өткізіледі.
Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақылау және топтық практикалық - лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.
Үйдегі оқу жұмысы
Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін - өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал - тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл - ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz