Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Психологиялық зерттеудің әдістері

№5
Күні:
Топ: ББМ-02
Пән: Психология
Сабақтың тақырыбы: Психология әдістері
Сабақтың мақсаты:
Психология әдістері тақырыбын толық жан-жақты ашып түсіндіре отырып,теориялық жағын практикамен байланыстыра отырып оқушыларға меңгерте білу.
Білімділік мақсаты:
Әрбір оқушыны өздігінен білім алуға үйрету, және оқыту. Білім алудағы негізгі талаптарды іске асыру,білімді терең толық жүйелі саналы түрде игерту.
Дамытушылық мақсаты:
А) Оқушының сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамыту,сөздік қорын арттыру,ойлау қабілетін арттыру,өз ойын нақты ,дәл жеткізе білуге үйрету.
Ә)Оқушының дүниетанымын және ғылымға деген қызығушылығын тудырып ,дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
Халықтық салт сана мен халықтық тәлім тәрбие беру.Өз Отанын ,ұлтын, туған жерін сүйе білуге,ерлікке ,адамгершілікке ,тіл өнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:баяндау, әңгіме, түсіндіру, жаттығу, кітапты пайдалану, салыстыру,жүйелеу, ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыс.
Көрнекі құралдар:тақта,бор, кітап, кеспе карточкалар,техникалық құрал жабдықтар.
Пән аралық байланыс:анатомия, физиология,педагогика.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо, 2010.
2. Рубинштейн С.Л, Основы общей психологии. Питер. 1999
3. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993
4.Немов Р.С. Психология.1 том. 2000.
5.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
А)Оқушылармен амандасу.
Ә)сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ оқушыларды белгілеу.
Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
А) топ бойынша үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
Ә)үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.
Б)Оқушылар назарын сабаққа аудару.
3.Білімді жан-жақты тексеру.
Бұрынғы өтілген материалды қайталау.
4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі.
А)жаңа сабаққа назарын аударту.
Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.
5.Жаңа сабақ. Тақырыпты сұрақ - жауап түрінде түсіндіріп өту.
Жоспар.
1. Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.
2. Психологиялық зерттеудің әдістері.

XIX ғасырдың ортасындағы психикалық іс-әрекет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп, психологияның өзіндік сипаты, зерттеу объектілері мен оның әдіс -тәсілдері айқындалды.Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері - практикалық ұсыныстарды шығару ж/е ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті ж/е объективті. Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырыльш отырмаса, ғылым дами алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негізделген әдістерді пайдаланғанда ғана ғылым дұрыс және табысты дамуы мүмкін. Психиканы мидың объекивтік шындықты бейнелендіретін қасиеті ретінде диалектикалық-материалистік тұрғыдан ұғыну психологиялык зерттеулерді құрудың басқа әдістері мен принциптерін талап етеді.
Психология басқа да ғылымдар сияқты, бір емес көптеген әдістемелердің жиынтығынан тұрады. Негізгі зерттеу әдістері бақылау мен эксперимент. Белгілі бір әдісті таңдау, зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсатка байланысты, алайда, қандай жағдайда болса да жоғарыда айтылған принциптерді басшылыкқа алған жөн.
Психологиялық зерттеулерде мына төмендегідей: байқау, эксперимент, әңгімелесу, қызмет нәтижелерін зерттеу, анкеталық әдіс, тестер әдісі, модельдеу сияқты әдістер қолданылады. Осы әдістердің көмегімен жиынтықталған фактілік материалдар сапалық және сандык талдауға түседі. Байқау әдісі. Ғылыми әдіс ретінде байқау әдісіне де белгілі талаптар қойылады. Басқа да көптеген ғылымдардағыдай психологияның негізгі әдісі -- эксперименттік әдіс болып табылады. Психологиялық эксперименттің екі түрі -- лабораториялық және табиғи жағдайдағы формасы бар. Социометрия әдісі де табиғи жағдайдағы эксперименттін ерекше бір түрі болып табылады. Әңгімелесу әдісі.
Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі. Анкеттік әдіс. Тестер әдісі. Модельдеу әдісі.
Модельдеу әдісін қабылдау, түйсік, ес және басқа психикалық процестерді зерттеу үшін пайдаланады. Бұл әдіс сонымен қатар педагогикалық психологияда да, оның ішінде, білім беру процестерін зерттеуде кеңінен қолданылады.
Әдістер - ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері. Адамның психикалық әрекеттерін белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс-әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қоөғалыстары, бізге оның ойлау мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.
Ұйымдастыру әдістері: салыстыру әдісі - белгілі бір топты жасы, қызметі, т.б бойынша салыстыра зерттеу; лоигитюд әдісі - бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап зерттеу; комплекстік әдіс - зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатысып, бір объектіні жан-жақты, сан алуан құралдармен зерттеу. Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады.
Эмпирикалық әдістер: бақылау мен өзіндік бақылау, эксперименталды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психиологиялық болжау (психодиагностика): тест, сауалнама, сұрақ беру, социометрия, әңгімелесу әдістері; шығармашылық, іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянмен танысу әдістері.
Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау) әдістері.
Реттеу-түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқуүйрену әдісә.
Байқау әдісі деп белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойынша зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды атайды. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай-ақ, адамның ерік күші, сезім ерекшеліктерін, темпераменті де осы әдісі арқылы ажыратылады.
Тәжірибе (эксперимент). Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.
Лабораториялық тәжірибе XIX ғасырдың ортасынан бастап жеке психикалық процестерді зерттеу үшін кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) психологияның тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы, т.б өлшенеді.
Психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін - хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін- эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін - тахистоскоп, естуді өлшеу үшін - аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін эргографты пайдаланады. Бұлардан басқа, құрылысы әлдеқайда күрделі құрал-жабдықтар да толып жатыр.
Табиғи тәжірибені психологияға тұңғыш енгізгін және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А.Ф.Лазурский (1874-1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зеттеу керек болса, бұл үшін психолог қандайда бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи тәжірибенің кейбір түрлері арқылы мұғалімдер оқушылардың сабақ үлгерімі мен тәртібін арттыруға мүмкүндік алады.
Қосалқы әдістер. Әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім деңгейіне қарай күні бұрын әзірленген сұрақттар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме, көбінесе, жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі. Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алған соң мұқият талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады.
Іс-әрекеттердің нәтижесін талдау, яғни, түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстары, түрлі формадағы шығармашылық жұмыстарды талдау.
Өмірбаян. Зерттелінушінің туған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның өмірбаян, естелік, мінездемелерін талдау.
Жазбаша әдістер. Сауалнама әдісі арқылы күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауа қайырады. Осы әдіспен әр түрлі топтың, ұжымның психологиялық өзгешеліктерін (талап-тілегі, мүддесі, талғамы, қызығушылығы т.б) зерттеледі. Алынған материалдың нәтижесі статистикалық (сандық) талдаудан өткізіледі де, қорытындысы ондағы үлкен сандарға қарай жасалады.
Сұхбат. Сұрақ қоюшы сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, дауыс екпініне, келбетіне зер салып, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында аргаулы жоспар бойынша жүргізіледі. Сұрақ қоюшы сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатын әдісқой да тәсілқой, қырағы әрі білікті маман болуы қажет. Мұнда сауалнама арқылы анықталуы қиын ұсақ-түйек детальдарды, мәлесенің түрлі қалтарыстары мен түп-төркінін аша түсуге мүмкүндік туады. Осы жерде зерттеушінің әңгімесіне ықыластанған адам кейде жаңсақ, екіұшты мәліметтер беруі де ықтимал екендігін ескерген жөн. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай сұхбат бірнеше салаға бөлінеді. Ол жене адамдармен де, сондай-ай, әр түрлі топтармен де жүргізіледі.
Математикалық-статистикалық әдіс түрлі жан қуаттарының құрылымын функциялар мен параметрлерді шамамен жорамалдаумен, тәжірибелік материалдарды талдауда, модельдерді құрастыруда қолданылады. Психологияда мұны алғаш қолданған ағылшын психологі Ч.Спирмен еді (1904). Осы әдіспен адам интеллектісін (ақыл-ой), оның музыкалық, математикалық қабілеттерінің шамасын белгілеуге болады.
6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.Жаттығулар мен жағдаяттарды орындату.Жаттығулар жүргізу.
Практикалық тапсырма:
1-тапсырма. << жан мәңгі өлмейді, өшпейді>>,-деп тұжырымдаған ойшыл кім?
А. Демокрит;
В. Платон;
С. Әл-Фараби;
Д. Аристотель;
Е. Декарт.
2-тапсырма. <<Жан тәнге, ақыл жанға маталып тұр>>,- деп тұжырым жасаған қазақ ойшылы:
А. Ш.Құдайбердиев;
В. С.Торайғыров;
С. А.Құнанбаев;
Д. Ы.Алтынсарин;
Е. Ш.Уалиханов.
3-тапсырма.
<<Суретке сипаттама>>. Студенттер бірнеше топқа бөлінеді.Нұсқау: берілген сөздер бойынша суреттегі адамға сипаттама беріңіз.Құрастырылған сипаттамаға байланысты қорытынды жасалады.
4-тапсырма.
Топ екі-екіден бөлінеді.Нұсқау: еркін тақырып бойынша сұхбат алу мақсатында алдын ала сұрақтар дайындаңыз. Дайындалған сұрақтар арқылы бір-біріңізге сұхбат жүргізіңіз. Соңынан қорытынды жасалады.
5-тапсырма.
1.Психология пәні бойынша ең фантастикалық (қиял-ғажайып) оқу құралын ойлап табыңыздар.
2. Психология пәнін жарнамалау үшін мәтін құрастырыңыз.
3. Қорытындыда ең қызықты, ерекше құрастырылған оқу құралы мен жарнама мәтіні анықталады.
6-тапсырма. <<Психология қажет пе?>> атты тақырыпқа пікірталас жүргізіңіз.
7.Бекіту сұрақтары.
1. Бақылау әдісі мен тәжірибе әдісі арасындағы айырмашылық қандай?
2. Қай уақыттан бастап тәжірибелік ғылым ретінде дами бастады?
3. Ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз не?
4. Табиғи эксперименттің бақылаудан айырмашылығы қандай?
5.Тәжірбиелік әдіс дегеніміз не?
6.Психологиялық
8.Үй тапсырмасын беру.
Психология әдістері тақырыбын оқып келу.Терминдермен жұмыс.
9.Оқушыларды бағалау: біліміне, сабақта берген жауабына қарай бағалау

Ұқсас жұмыстар
Психология әдістері
Мария Монтессори педагогикасының ерекшеліктері
Оқушылар шығармашылығын дамыту шарттары
Суреттерді топқа бөл
Тест жұмысын бағалау
Нерв жүйесінің күшін
Нақтылайтын сұрақтар
Әдістеменің бейімделуі
Бала-біздің болашағымыз жайлы ақпарат
Қаратөбе өзен суларының құрамы мен экологиясы
Пәндер