Сындарлы кері байланыс

Демес Самал ҚТ-Ж-18

  1. Е-Колледж - ЦББР (Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану»)

http://manshuk. kz/%D0%AD%D0%BB%D0%91%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0/775. Көрсетілген сілтемені басу арқылы оқулықтың 68-73 беттерін оқып, жоғарыда айтылмаған тұстарын толықтырыңыз. «Күн көзі» тәсілін пайдаланып, кері байланыс жүргізіңіз. Фотосуретін тапсырмаға орналастырыңыз.

C:\Users\Айзада\Desktop\591eaf9e-8069-469b-8ce7-71038c4152df.jpg

2. 26. 11 -03. 12 аралығында өздеріңіз танысқан бес тақырып аясында ойыңызды жазыңыз.

Рефлексия парағы

Сабақтағы жетістіктерім
Оның себептері
Сабақтағы кемшіліктерім
Оның себептері
Сабақтағы жетістіктерім:

Интербелсенді оқуды жүзеге асырудың негізгі шарттары мен ережелері

жағымды психологиялық орта орнату,

үйренушілерде білім игеруге деген қызығушылықты (мотивация, ынта, ұмтылыс) тудыру,

білім игеруде үйренушілерді сәттілікке бағыттау,

білім игеру процесін коммуникативтік процесс деп түсініп, бірлескен әрекеттерді қолдану.

Оның себептері: Интербелсенді оқуда/оқытуда үйренушілер қомақты нәтижелерге өзара қарым-қатынас пен әрекеттесу, бірлескен әрекеттер арқылы жететіндігін біледі, сол себепті де олар үйренудің нәтижесіне деген өз жауапкершіліктерін түсінеді. Сондықтан мұндай сабақтарда жағымды психологиялық климаттың, сенім атмосферасының алатын орны аса маңызды. Интербелсенді оқуда/оқытуда мұғалім бұрынғыдай барлық күш-жігерін үйретуге жұмсамай, оқушылармен бірлесе отырып, өздігімен білім алуына тиімді жағдайлар жасайды.
Сабақтағы кемшіліктерім:
Оның себептері:
Сабақтағы жетістіктерім:

Интербелсенді әдістерді сабақ барысында қолдану тиімділігі

Оқу-тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс-тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс-тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, - соны да ерекше ойлануы керек

Оның себептері:

Мысалы, тәжірибе көрсетіп жүргендей, бір жағдайда тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда кейде тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай, себебі не? Оқушылардың таным белсенділігін, сөйлеу қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят тудыратын танымдық-іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады.

Сабақтағы кемшіліктерім:
Оның себептері:
Сабақтағы жетістіктерім:

РЕФЛЕКСИЯ - НӘТИЖЕЛІ БІЛІМ АЛУДЫҢ БАСТАУЫ

Рефлексия - оқушыны өз - өзіне есеп беруге баулиды;

Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;

Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады Өз - өзіне баға бере алады Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды;

Үйрену- рефлексияның нәтижесі

Рефлексияда адам өзімен ылғи да диалогта болады: оның психикасы екіге бөлінеді. Бір бөлігі «Мен-өзім» болады да, екінші бөлігі «Мен-басқа» рөлінде болады, немесе, М. М. Бахтин бойынша, «Мен-орындаушы» және «Мен-қадағалаушы» болып екіге бөлінеді. Адам осылайша өз әрекеттеріне сырт көзбен қарап, оларды екшейді, таразы басына салады, олардың дұрыс-бұрыстығын ажыратады. Ылғи да «Мен оның (яғни өзінің) орнында болсам, не жасар едім?» деген ой үстінде болады.

Оның себептері:

Рефлексияның бұл түрлерін жеке, топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті - оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жаса

Рефлексияның оқу процесінде алатын орны ерекше. Өйткені үйрену деңгейі адамның өз әрекеттерін ұйымдастыру мен өзгертулерді қалайша ойластыра білетіндігіне байланысты. Басқаша сөздермен айтқанда, рефлексия - адам миындағы метанымдық (метакогнитивтік, «танымды тану») процестермен байланысты. Рефлексияда адам өзінің ойлау, зерделеу процестерінің қалай өтетіндігі туралы ойланады, танымдық әрекеттерін түсінеді және түсіндіреді, оларға мақсат қояды, жоспарлайды, шешім қабылдайды, әрі қарай не болатындығын болжайды. Бұл әрекеттер арқылы адам өз білгенін сынайды, білімін сыни тұрғыдан талдайды.

Сабақтағы кемшіліктерім:
Оның себептері:
Сабақтағы жетістіктерім:

Сындарлы кері байланыс

Кері байланыс мазмұны нақты мақсатқа бағытталған және ол үлгерімді жақсарту мақсатында беріледі.

Нақты, айқын кері байланыс нені жақсарту немесе дамыту керек екендігін көрсетеді.

Жағымдылық - неге қол жеткізілді немесе дамытылғаны туралы нақты анықтама.

Дер кезінде берілуі - уақытылы және мағыналы болуы керек.

Жасы мен даму кезеңдеріне сәйкестік - ол кері байланысты алушыға түсінікті болуы тиіс.

Оның себептері:

Сындарлы кері байланысты қамтамасыз ету үшін оқушының ағымдағы меңгерген дағдыларының деңгейін білу маңызды рөл атқарады. Оқушыға кері байланыс оның үлгерімі оқу мақсатына қалай байланысты екендігі туралы ғана ақпарат беру емес, сонымен қатар осы мақсатқа қалай жетуге болатындығы туралы стратегиялар мен кеңес беру болып табылады (Clarke 1998, 2008) . Тиімді кері байланыс әрбір оқушыға қалай оқуды жақсартуға болатындығы туралы ұсыныстар беруі керек. Әр оқушыға кері байланыс нәтижесі бойынша жұмыс істеуіне уақыт беру керек

Сабақтағы кемшіліктерім:
Оның себептері:
Сабақтағы жетістіктерім:
Оның себептері:
Сабақтағы кемшіліктерім:
Оның себептері:
Сабақтағы жетістіктерім:
Оның себептері:
Сабақтағы кемшіліктерім:
Оның себептері:

3. «Балапан» арнасынан өзіңізге бөлінген сынып бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің материалдарын көріп, сараптама жасаңыз . Сабақ барысында қандай кері байланыс жүргізілгеніне мән беріңіз және тақырып бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарының үлгісін дайындаңыз (МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ТҮРЛЕРІ БОЛСЫН!)

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі - ұлттық мәдени, рухани асылмұра. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ тілінің ұлттық құндылық екендігін, байлығын таныту.

Сабақтың міндеті: Берілген мәтіндерді талдату, түрлі іздендіру тапсырмаларын орындату.

Күтілетін нәтиже:Оқушылар топтасып жұмыс жасап, сыни тұрғыдан ойлана біледі.

Сабақтың түйінді идеялары: Оқушылар кез-келген ситуациядан шыға біледі, мәтіндерді жүйелі талдайды.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық жұмыс, жаттығумен жұмыс, «Ия, Жоқ» әдісімен ереже сұрау.

Сыныбы: 8

Уақыты
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
Қолданылатын ресурстар
Уақыты:

2 минут

20

10

8

3

2

Сабақтың кезеңдері:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. Оқушыларды түрлі стикерлер арқылы топқа бөлемін. .

Постерге топтық жұмыс жасату

«Қазақ тілі - ұлттық, мәдени мұра» тақырыбы бойынша.

Оқулықтағы 3, 4-жаттығуларды орындатамын.

«Ия, Жоқ» тәсілімен ереже сұраймын.

Топ көшбасшысына бағалау парақшасын таратып беремін.

Стикерлерге кері байланыс жаздырып аламын.

Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Оқушылар топтарға бөлінеді.

Берілген тапсырманы топтасып талқылап, жауап береді.

1, 2-топ 3-жат-ды, 3, 4-топ 4-жаттығуды орындайды.

Оқушылар кезекпен жауаптың дұрыс, бұрыстығына орай белгі көтереді.

Алдымен топ көшбасшысы, одан кейін әр оқушы өзін бағалайды.

Оқушылар сабақтан не түйгенін, пікірін жазады.

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау:

Қол шапалақтап қолдау көрсету

Тапсырма критерийі: мәтіндерге дұрыс тілдік жасай алуы, өз ойларын көркем тілмен ашық жеткізе білуі.

Қолданылатын ресурстар:

Ұқсас жұмыстар
Сындарлы оқуды іске асыруда бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби қолдау көрсету
Сабақ жоспарлары
Коучинг жүргізуге арналған жұмыс жоспары
Үшінші деңгей
Тәлім алушы
Оқушылардың жауаптары
Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы мұғалімнің инновациялық іс –әрекетін қалыптастыру
М.дулатов "қыс". әдебиеттік оқу. 2 сынып
Мәліметтер типі, өрнек, айнымалы ұғымы
Күтілетін нәтиже
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz