Дауыссыз дыбыс түрлері

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Мұғалімнің аты-жөні :
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
2. 1. 1. 1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2. 4. 1. 2 дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң, ұяң, үнді) ажырату
2. 3. 8. 1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Сабақ мақсаттары
Дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратады.
Каллиграфиялық нормаларды сақтап, әріптерді жазады
Бағалау критерилері
Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратып айта алады.
Каллиграфиялық нормаларды сақтап, әріптерді жаза алады.
Сабақ басы
2 минут
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім- өз тілім- ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім
Сабақтың ортасы
10 мин
13 минут
5 минут
5 минут
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Өткенді қайталау
«Ішкі, сыртқы шеңбер» әдісі арқылы өткенді қайталау
1. Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесің?
2. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар?
3. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Дауыссыз дыбыстардың дауысты дыбыстардан айырмашылығы неде?
« Кім жылдам?»ойыны
Сыныптағы жасырын әріптерді оқушылар тауып алып, олар қандай дыбыстар екенін айтады.
Көру диктанты
Бөрік, бала, тақия, киім, шапан, оқулық, мәсі.
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Әдептілік
Омар мен Арман мектепте бірге оқиды. Бір күні олар жолда кішкентай мысықтың баласын көрді. Марғау анасынан қалып қойыпты. Балалар кішкентай марғауды жолдан алып өтті. Омар мен Арман мысықты жолдағы дүкенге кіргізіп кетті. Дүкенші марғауға сүт берді Балалар өз істеріне риза болды.
- Кейіпкерлердің атын жаз.
- Балалар марғауды қайдан көрді?
3. Балалар марғауға қалай көмектесті?
4. Оқиғаны ретімен көрсет
Дүкенші марғауға сүт берді.
Олар бір мектепте оқиды.
Балалар риза болды.
Марғау анасынан қалып қойды.
Оқулықпен жұмыс /16-17 бет/
Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
- Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді. Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.
- Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі. Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.
Дәптермен жұмыс
1нұсқа дизайнер, 2 нұсқа тігінші сөзіне дыбыстық талдау жасау.
(өзара бағалау)
Слайдпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Үлестірмелі материал
Оқулық пен жұмыс дәптерлері, үлестірмелі қағаздар
Үлестірмелі материал (суреттер)
Үлестірмелі материал (кесте )
Сабақтың соңы
5 мин
- Рефлексия
- + Мен . . . үйрендім.
- -Маған . . . қиын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz