Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер

Рухани жаңғыру негізінде шет тілін оқыту үдерісіндегі оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық ерекшеліктері
Борамбаева Луиза Адиловна, Алматы қаласы,
Жетісу ауданы, №177 жалпы білім беретін
мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
филология ғылымдарының магистрі, e-mail: luisa-amina@mail.ru

Қазақ халқы қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен елдігін сақтап қалу үшін күресе отырып, туған елге, кіндік қаны тамған қасиетті жерге деген махаббатын ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп беріп отырды. "Туған жер" ұғымын бала бойына ерте сіңіруге тырысып, оны Отан, ел-жұрт ұғымдарымен байланыстырып отырған. "Отан от басынан басталады", "Отан оттан да ыстық", "Елің үшін отқа түс күймейсің" деп тәрбиеленетін қазақ баласы үшін Отан - отбасынан, атажұртынан, туып өскен топырағынан басталады. Өйткені, өткен озық тәжірибелердің елжандылық сезімге игі әсер ететін тәлімді-тағылымдық әлеуеті мен бүгінгі мектептегі тәрбие әрекетінде, олардың пайдалануы арасында қайшылықтар қатты сезілуде. Себебі, Отан, сенім, ерлік дәстүрлерге құрмет, парыз, абырой, ар-намыс, елі үшін өзін құрбан ету сияқты құндылықтарға көзқарас өзгеріп кетті. Әлеуметтік-адамгершілік бағыт бұрмаланып кетті, керісінше жастарға өзімшілдік, антигумандық тән бола бастады.
Елбасының Жолдауында <<Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар - патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс [1, №32-33]>> деген болатын. Иә, расында, Әл-Фараби бабамыздан <<тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы[5,б.165]>> деген тәмсіл қалған.
Қазақстанда шет тілін оқыту арқылы тәрбиелеу мәселесіне зерттеу жүргізу соңғы кезде қызығушылық туғызуда. Атап айтсақ, Ж.Н.Базарбекова өзінің <<Мектепте ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері>> атты диссертациясында ағылшын тілін оқыту барысында экологиялық тәрбие берудің теориясы мен практикасына талдау жасап сабақта, сабақтан және мектептен тыс жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мазмұнын, әдістерін, тиімді жолдарын ұсынған.
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде шет тілін оқыту мен оқып үйренудің маңыздылығы және тәрбиелілік мүмкіндіктерін анықтауда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы <<Тілдердің ұштұғырлығы>> мәдени жобасы басшылыққа алынды. Шет тілін оқытудың жетекші мақсаты коммуникативтік, білім беру, тәрбиелік және дамыту функцияларын жүзеге асыру екендігі анықталды.
Ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушыларының патриотизмін қалыптасуын әдіснамалық тұрғыда тану үшін <<патриот>>, <<патриотизмді қалыптастыру>>, <<оқушылардың патриотизмін қалыптастыру>> ұғымдарының мәнін ашуды қажет етеді.
<<Патриотизм - өзінің Отанына деген сүйіспеншілік сезім, өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддесіне бағындыру және еліне адал қызмет ету, оны қорғау>> - екендігін ескерсек, біздің еліміздегі патриотизм ұғымының басты ерекшелігі мен өзгешелігі Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігімен байланысты танылады.
Жоғары сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу еліміздің егемендігін сақтап, өркениетті елу ел қатарына қосылуы қажеттілігінен туындап отыр. Елбасы Н.Назарбаев "Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде" атты еңбегінде ұлт ішіндегі бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық келісім ахуалын жасау мәселелеріне тоқталып, "Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз - қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру.
Шет тілін оқып үйренудің маңыздылығының тағы да бір себебі - Қазақстан егемендік алғаннан бастап елімізге сырттан қызығушылықтың арта түскенінен де байқалып отыр. Алайда көптеген мемлекеттер Қазақстан Республикасы туралы жалпылама мағлұматтармен шектеліп келеді,
Осы жағдайдың өзі Қазақстанды мақсатты және бағдарлы түрде әлемге танытуды өткір қажеттілікке қойып отыр. Ал бұл қажеттілікті жүзеге асыру, яғни шет елдерге Қазақстанды таныту оңай іс емес.
Сонымен қатар шет тілі пәнінің тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиелік мақсаты туралы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің шетел тілі бағдарламасының түсініктеме хатында да мынадай сипаттама: "Шетел тілін оқыту оқушылардың жан-жақты дамуына, дүниетанымының, сана-сезімінің, азаматтық және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына мінез-құлқының, өз бетінше білімін көтеруге қажеттілігін дамытуға әсерін тигізуге тиісті" - берілген. Осыдан келіп қазіргі таңда мектепте шет тілін, әсіресе ағылшын тілін оқытудың жетекші мақсаты анықталған деп айтуға толық негіз бар деуімізге болады. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі кездегі жетекші мақсаты ол: 1) коммуникативтік, 2) білім беру, 3) тәрбиелік, 4) дамыту функцияларын жүзеге асыру. Шет тілін оқытудың білім беру функциясының мақсаты тілін үйреніп жатқан елдің мәдениетін білуге тарту, оқушылардың тілдік дағдысын кеңейту және білімдарлығы мен ой-өрісін қалыптастыру болып табылады.
Шет тілі сабағында талқыланатын тақырыптар сан алуан. Өздерінің туған қаласы, Отаны, жанұясы, сүйікті жазушысы, актері, әншісі т.т. және шет тілінің ерекшелігі сабақта оқушыларды қарым-қатынас жасауға үйрететіндігін Е.И.Пассов айта келе: "Оқушы тек қана белгілі бір тақырыпты баяндап бермейді, ол өзінің пікірін білдіреді. Осы тұлғалық ұшқырлық оқушының санасына тәрбиелік әрекет арқылы келетін канал. Өкінішке орай бұл канал өте аз және онша шеберлікпен қолданылмай отыр" - деп өкінішін аңғартады [14, б. 83].
Ағылшын тілін оқытуды патриоттық тәрбие берумен ұштастыра отырып жүргізген жұмыстардың нәтижелі болуы үшін педагогтардың басшылыққа алатын қағидалары ескерілуі тиіс. Біріншіден, ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру жұмысының нәтижелі болуы үшін мұғалім осы тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін нақты да терең ұғынуы тиіс.Осы мақсат-міндеттерге сәйкес патриоттық тәрбие берудің мазмұны, оқыту тәсілдері таңдалып, сабақ барысында, сабақтан және мектептен тыс ұйымдастырылатын іс-шаралардың түрі айқындалды. Басты міндеттерді шешуді қамтамасыз ету үшін белгілі бір тақырып бойынша материалдарды енгізуге шет тілі мұғалімдерінің алдына нақты міндеттер қойылады: 1 Алдын ала дайындалған және дайындықсыз әңгіме деңгейінде диалогтық және монологтық сөйлеуді оқушылардың меңгеруіне жеткізу. 2 Материалды жаттап алу ғана емес, саналы түрде қажеттілігінің, қызығушылығының пайда болуына, таңдалған материалды бағалай және қорытындылай білуге жеткізу. 3 Оқушыларда тұрмыс, мәдениет, дәстүр, қазақ халқының әдет-ғұрпы туралы, сол халықтың өмірдегі мәні туралы, олардың адамгершілік тұлға болып қалыптасуына әсерінің түсінігін кеңейту.Үшіншіден, ағылшын тілін оқыту процесінде патриоттық тәрбие жұмыстарының жүзеге асуы үшін мұғалімнің бұл пәнді оқытуды патриоттық тәрбие берумен ұштастырудағы ұсынған нақты теориялық-педагогикалық бағыты болуы тиіс. Әрбір тақырыптың мазмұнын ашып көрсетуге дайындала отырып, осы тақырыпқа байланысты патриоттық тәрбие беру жұмысымен тұлғаны қалыптастырудың жалпы міндеттерін шешуді оқытудың мазмұны, түрлері және әдіс-тәсілдерімен байланыстыру міндетті түрде ескерілуі қажет.
Ағылшын тілін оқытудың негізгі педагогикалық принциптерінің бірі оқу- тәрбие үдерісінің тұлғалық бағыттылығы.
Ағылшын тілін оқытудың келесі педагогикалық принциптерінің бірі
оқытудың мақсаттылық принципі. Патриоттыққа бағытталған әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды (тәрбиелік, білімділік, дамытушылық). Өйткені оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір оқушының және ұжымның ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Ағылшын тілі пәнінің өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес, оның мазмұнын елжандылық компоненттерімен толықтыру қажет. Мұның басты бір себебі Қазақстан егемендік алғаннан бастап елімізге сырттан қызығушылықтың арта түскенінен байқалып отыр. Алайда көптеген мемлекеттер Қазақстан Республикасы туралы жалпылама мағлұматтармен шектеліп келеді, ал кейбіреулері тіпті Қазақстанды ең артта қалған ел деп санайды.
Осы жағдайдың өзі Қазақстанды мақсатты және бағдарлы түрде әлемге танытуды өткір қажеттілікке қойып отыр. Ал бұл қажеттілікті жүзеге асыру, яғни шет елдерге Қазақстанды таныту оңай іс емес. Бұл шараның жүзеге асуы Қазақстандықтардың шет тілдерді меңгеруге деген қызығушылығына және меңгеру деңгейіне байланысты. Өйткені "шет тілін оқытудағы басты талап - бұл шет тілін және басқа елдің мәдениетін білу, оған қоса адамдағы елжандылық сезімінің тәрбиелілігін ұштау болып табылады.
Сонымен аталған мақсаттылық принципті біз ағылшын тілін оқытуда практикалық тұрғыда талдап көрейік. 9 сыныптың күнтізбелік жоспарында "Festivals " атты сабақ тақырырыбын мысалға алайық. Сабақтың мақсаттары:

English
Kazakh
The aim of the lesson:
Educational: To bring up the children to respect customs and traditions. Formation of the pupil's speaking habits.

3. Comparing holidays in Kazakhstan
Birthday = birthday Wedding day - wedding day Christmas Day = X
New Year's Eve = New year's Eve Easter Day - X (Moslems celebrate Ait) Mother's Day - Mother's Day Valentine's Day - Valentine's Day.
Сабақтың мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Оқушылардың патриотты сезімін қалыптастыру мақсатында салт-дәстүрді қастерлеуге тәрбиелеу.
2.Білімділік: Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту.
3.Дамытушылық: Оқушылардың өз
ойларын ашық айта білуге үйрету
3. Қазақстаннын мереке күндерімен салыстыру.
Туылған күн -туылған күн Үйлену тойы - үйлену тойы Рождество - X
Жаңа жыл қарсаңы - жаңа жыл қарсаңы
Пасха - Қазақстанда "айт" мейрамы тойланады
Аналар күні - аналар күні Ғашықтар күні - ғашықтар күні
Discussing British and Kazakh customs. Britain
a. How do British celebrate birthday in their birthday?
b. What song do British sing?
c. How do British celebrate wedding day?
d. Where do British get married?
e. How do British celebrate Christmas Day?
f. How do British celebrate New Year's Eve?
g. How do British celebrate Easter Day?
h. How do British celebrate Mother's Day?
i. How do British celebrate Valentine's Day?
Kazakhstan
How do we celebrate birthday in our country?
What song do Kazakh people sing? How do we celebrate wedding day?
5. Британ дәстүрі мен қазақ дәстүрін талқылау. Ұлыбритания Британдықтар туылған күнін қалай атап өтеді?
Британдықтар туылған кешіне арнап қандай ән айтады?
Британдықтар үйлену тойын қалай тойлайды?
Британдықтар үйлену салтанатын қай жерде өткізеді?
Британдықтар рождествоны қалай атап өтеді?
Британдықтар жана жыл қарсаңын қалай атап өтеді?
Британдықтар пасханы қалай атап өтеді? Британдықтар аналар күнін қалай атап өтеді?
Британдықтар ғашықтар күнін қалай атап өтеді?
Қазақстан
Біз туылған күнді қалай атап өтеміз? Біз туылған күн кешіне арнап қандай ән айтамыз?

Do we get married in a church or in a mosque?
Do we celebrate Christmas Day? Do we celebrate Easter?
Do we celebrate New Year's Eve? When do we celebrate Mother's Day? How do we celebrate Valentine's Day?
Do you know that there is a special day "Kozy Korpesh Bayan Sulu". We celebrate it in April.
6. Discussing a proverb
So many countries, so many customs.
Біз үйлену тойын қалай тойлаймыз? Бізде үйлену рәсімін шіркеуде ма әлде мешітте өткіземіз ба?
Біздің елде рождествоны атап өтеді ме? Біз жаңа жыл қарсаңын қалай атап өтеміз?
Мұсылмандар пасха күнін атап өтеді ме? Біз аналар күнін қашан атап өтеміз?
Біз ғашықтар күнін қалай атап өтеміз? "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" күнінің бар екенін білесін бе? Біз оны сәуір айында тойлаймыз.6. Мақалды талқылау.
Әр елдің өз салт-дәстүрі бар.
Analysis of the lesson
The lesson was planned in order to develop the pupils' activeness, creative thinking capacity. The aim of the comparison of two countries' customs and traditions was to bring up the pupils to respect their own
customs and traditions.
Мұғалім сабақты окушылардың белсенділігін, шығармашылық ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін арттыру мақсатында жоспарлаған. Екі елдің салт- дәстүрін талдай отырып оқушыларды өз елінің салт-дәстүрін қастерлеуге баулыды.
Біз оқытудың формалары мен әдістері туралы айтқанымызда, оқушылардың ағылшын тілін оқытуда елжандылыққа тәрбиелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды мақсат етіп аламыз. Мектептің дамуына, оқытудың міндеттері мен мазмұнының өзгеруіне қарай оқытуды ұйымдастырудың формасы да өзгереді, ескілері қолданудан қалады, жаңалары туады. Ағылшын тілін оқытуда оқу принциптерінен бірнеше ережелер туындайды:
Біріншісі жеңілден қиынға көшу. Мұнан оқушыларды ағылшын тілін оқыту барысында патриоттыққа бағытталған танымдық іс-әрекеттерге бірте- бірте үйрету, яғни шет тіліндегі фактілердегі елжандылыққа тәрбиелейтін ұғымдардың мазмұнын түсіну.
Екіншісі қарапайымдылықтан күрделілікке көшу. Ағылшын тіліндегі патриотыққа бағытталған күрделі материалдарды талдау үшін, оларды ең алдымен негізгі терминдермен таныстыру қажет.
Үшіншісі белгіліден белгісізге көшу, мектептің оқу процесіндегі басқа сабақтардан (тарих, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, география, биология т.б.) елжандылық бағыттағы алған білімдерін осы бағыттағы ағылшын тіліндегі материалдармен толықтыру, терең түсініп мазмұнын игеру.
Осы жағдайды негізге ала отырып оқушыларды патриотыққа тәрбиелеу мақсатта ағылшын тілі пәні бойынша сабақтан тыс ұйымдастырылған
<> үйірмесіне бағдарлама ұсынуды қажет деп есептейміз. мақсаты ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушыларға патриоттық тәрбиелеуге арналған материалдар арқылы туған жерінің, елінің сонымен қатар, Ұлы Британия мен Американың және де ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің тарихын, мәдениетін, табиғатын, әдебиетін оқу, зерттеу болып табылады. Ағылшын тілі үйірмесінің бағдарламасын құрастыруда шет тілі мәдениетінің мазмұнын меңгерту үдерісінде мазмұн компоненттері (мәдениеттанулық - елдің мәдени фактілері, осы мәдениеттің төл мәдениетінің диалогындағы бөлінбейтін компоненті; психологиялық - сөйлеу әрекетін, қарым-қатынас, оқу әрекетін және т.б. жүзеге асыру қабілет; педагогикалық - адамгершілік, патриотизм, интернационализм, гуманизм, этикалық мәдениет, эстетикалық мәдениет, экологиялық мәдениет; әлеуметтік - қарым-қатынас құралы ретінде 1. сөйлеу, 2. оқу, 3. тыңдау, 4. жазу білігі;) негізге алынды [6, б. 20-27]. Бұл жұмысты жоспарлы, жүйелі түрде жүргізу аса маңызды. Егерде бұл жұмыс жақсы жолға қойылып, жүйелі түрде жүргізілсе, онда осы бағдарламаның алдына қойған мақсатын ойдағыдай жүзеге асыруға, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге үлес қосты деп есептеуге болады.
Кесте - 1
<> (ағылшын тілі) үйірмесіне бағдарламасы (6-7 сынып)
1
Introduction
1
Кіріспе
1
2
Excursion to Kazakhstan, Great
Britain and the USA
3
Қазақстан, Ұлыбритания және
АҚШ елдеріне саяхат
2
3
The English Speaking
Countries
2
Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер
2
4
Almaty and its geography (geographical position,countryside, resources, climate and weather)
2
Алматы және оның географиясы (географиялық орны, елді мекендері, климаты мен ауа-райы)
2
5
A.Kunanbaev's biography and
his mausoleum
2
А. Құнанбаевтың өмірбаяны және
оның кесенесі
2
6
Meals in Different Countries
2
Әр елдің тағамдары
2
7
Legendary Heroes: Alpamys batyr,Koblandy batyr and Robin Hood

2
Батырлар: Алпамыс батыр, Қобланды батыр және Робин Гуд
2
8
Sport in our Life
2
Спорт
2

Кіріспе (1 сағат).
Үйірме мүшелерімен танысу, ұйымдастыру мәселелері, үйірме жұмысының жоспарымен танысу.
1. Қазақстан, Ұлыбритания және Америка еліне саяхат (3 сағат).
Қазақстан елі туралы жалпы мағлұмат беру. Қазақ елінің географиялық орны, елді мекендері, жер-сулары, климаты мен ауа-райы және мәдениеті мен таныстыру. Астананың көрнекті жерлерімен танысу. Ұлыбритания жайлы жалпы мағлұмат беру. Ұлыбританияның географиялық орны, жер-сулары, қалалары, климаты мен ауа-райы және мәдениеті, тарихы оқу орындарымен таныстыру. Лондонның көрнекті жерлерімен танысу. Американың тарихы мәдениеті, қалалары, президенттерімен таныстыру.
Практикалық жұмыс: Астана туралы буклеттер жасау. Лондон туралы альбом жасау.
1. Ағылшын тілінде сөйлейтін елдерге саяхат (2 сағат).
Австралия, Канада және Жаңа Зеландия елдері туралы мағлұмат беру. Әлемнің ешбір түкпірінде кездеспейтін аңдар мен құстардың Австралиядағы түрімен таныстыру. Канада мен Жаңа Зеландияның тарихы, мәдениті, салт- дәстүрі туралы негізгі мәліметтер. Мемлекеттердің басты қалаларымен танысу.
Практикалық жұмыс: Австралия, Канада, Жаңа Зеландия туралы интернет арқылы жаңа мәліметтер іздестіру.
1. Алматы және оның географиялық орны, (елді мекендері) тарихы, көрнекті жерлері (2 сағат)
Алматы қаласының географиялық орны, елді мекендері, климаты мен ауа- райы туралы әңгімелесу. Алматының тарихы, көрнекті жерлерімен танысу.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетімен танысу.
Алматының бүгінгі келбетін әңгімелеу.
Практикалық жұмыс: қазақ, ағылшын және американ халқының дәстүрлі тағамдарының құрамын зертепкелу. Оның адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы мәлімет жинау.
Батырлар: Алпамыс батыр, Қобыланды батыр және Робин Гуд (2 сағат). Батырлар жыры туралы әңгіме жүргізу. Олардың батырлық ерліктерін
Робин Гудтың ерліктерімен салыстыру. Әр елдің батырларының ерекшеліктері туралы әңгімелеу.
Батырлар туралы әңгімелерді ағылшын тіліне аударып оқып танысу.
Практикалық жұмыс: Робин Гуд туралы ертегі, әңгімелерді жинау. Алпамыс, Қобыланды батырлардың әңгімелерінен үзінділерді ағылшын тіліне аударып келу.
Олимпиада чемпиондары және спорт біздің өмірімізде (2 сағат). Елімізде спорттың ролі туралы. Практикалық жұмыс: Олимпиада жеңімпаздары туралы альбом жасау.
Ағылшын тілінде екі елдің спорты жайлы салыстыра жазып келу.
Беріктік принципі ағылшын тілін оқытуда оқушылардың тіл дайындығының сапалық жағын көрсетеді.
Ағылшын тілін оқытуды патриоттық тәрбие беру мен ұштастыра отырып жүргізуде қолданылатын тіл материалдарының жүйелілігі, елжандылыққа тәрбиелеуге бағыттала берілген мағлұматтардың жүйелілігімен бірге тіл материалын ендіру барысында сабақтастықты, жалғастырушылықты ескере отырып ұйымдастырылады. Көрнекілік принципі ағылшын тілін оқыту барысында түрлі көрнекі құралдарды пайдалану қажеттігін көрсетеді. Бұл орайда, елжандылық бағыттағы мәселелерді кеңінен ашып көрсетуге мүмкіндік беретін заттар, суреттер, диафильмдер, кинофильмдер, интернет материалдары т.б. қолданылуы ағылшын тіліндегі елжандылық бағыттағы мәліметтерді меңгеруді ілгерілету күштерінің бірі болып табылады.

Тәрбиелеп оқыту принципі ағылшын тілін оқыту барысында оқу- тәрбие жұмыстарының мақсатын айқындап, оқушылардың түрлі коммуникативтік іс-әрекетінің, тілді ақпарат құралы ретінде ауызша және жазбаша түрде пайдалануының нәтижесінде жүзеге асады. Бұл біріншіден, оқушылардың тіл меңгеруімен ғана шектелмей, олардың сана-сезімін дамытуға, тіл компетенциясының көлемін ұлғайтуға, ерік-жігерін шыңдауға, елжандылыққа бағытталған мағлұматтарын байытуға ықпал етеді
Педагог Л.Продромоу-дың мұғалім мен оқушының арасындағы қарым- қатынасты зерттеуінің нәтижесінде мынадай диаграмма құрастырған[12, б. 21].

сарапшы бақылаушы
менеджер

хабаршы модель
мұғалім

дос кенесши жабдықтаушы

қазақстандық ғалым Б.Қисықова шет тілін оқытуда төмендегідей шарттарды ұсынады:
1. Принциптік мақсат - оқушының әлеуетін, мүмкіндігінің, қабілет қайнарының толық ашылуына ықпал ететін білім беруді қамтамасыз етеді;
2. Адамның және оның танымдық қабілетінің өсуі мектептің міндетіне кіреді. Сондықтан да мектепте когнитивті (интелектуалды) және "аффективті" эмоционалды жеке адамдардың өлшемдерін де білім беруде ескеріп отырады;
Ғалым Мүтәлі Әлия эксперимент барысында шет тілін оқыту барысында жоғарғы сыныптарда "Ұлы Британия-Қазақстан", "АҚШ-Қазақстан" сабақтары, екі елдің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрі, мінез-құлқы, білім беру жүйесін салыстыра отырып, өтуге арнайы өңделген әдістерді қолдану, проблемалық мазмұндама жазу, мұражайларға экскурсия жасау, атақты тұлғалармен кездесу өткізуді қарастырады. Бұл іс-шаралар сабақ кезінде және сыныптан тыс уақыттарда жүргізіледі. Ол өзінің зерттеу жұмысында "Астана, Лондон, Вашингтон" атты тақырыпта саяхат-сабақ ұйымдастырды. Сабақтың мақсаты Қазақстанның ел ордасы Астана, Ұлыбританияның астанасы Лондон және АҚШ-тың астанасы Вашингтонның тарихи, көзтартарлық жерлеріне саяхаттап таныстыру. Тақырып өте ауқымды болғандықтан оқушылар Астана, Лондон және Вашингтон қалаларына саяхат жасап, іздестіру жұмыстарын ары қарай ұлғайтып жүргізе береді. Саяхат-сабақ мына міндеттерді шешу мақсатында құрастырылды:
- туған еліне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
- оның көрнекті жерлерін танып білу;
- ғылыми зерттеу жұмысына дағдыландыру;
Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының баянды да тәуелсіз мемлекет болу үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы нәр алып,адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген,таза елжанды азамат керек.Қазақ мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарп ететін,елін,туып- өскен жерін,тілін,халқының тарихын,дінін,мәдениетін біліп,құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу,жалпы жұртшылық,әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында:
Ағылшын тілі пәні арқылы патриоттық тәрбиеге бағытталған тұлғаны қалыптастыру қолайлы жағдайлар болған кезде ғана тиімді болады:
- тұлғаға бағытталған тәсіл;
- оқытудың инновациялық формаларын қолдану (мысалы: іскер және рольдік ойындар, диспут сабақ, экскурсия, мультимедиялық сабақтар);
- патриоттық және басқа да тәрбие бағыттарының бірлігі (мысалы: адамгершілік, эстетикалық, еңбек және т.б.);
- әрбір оқу-тәрбие іс-шарасының елжандылық тәрбиелік мәні;
- патриоттықтәрбиеге этнопедагогика элементтерін кіргізе региондардың ұлттық ерекшеліктерін ескеру;
- оқушылардың өз бетінше шығармашылық іс-әрекеті;
- жұмыстың сабақ және сабақтан тыс формаларын үйлестіру;
3. Ағылшын тілі сабағында оқушыларға елжандылық тәрбие беру оқытудың дидактикалық принциптерін бұзбастан тіл материалының мазмұнын ұтымды түрде қолдану арқылы жүзеге асады.
- қажет жағдайда оқулықтың мазмұны толықтырылып, түрлендіріліп немесе патриоттық мазмұнмен алмастырылып оқушылардың тіл ұстарту дағдылары қалыптасады;
- коммуникативтік тәсіл елжандылық тіл материалдарын меңгерумен байланыстыра отырып жүргізіледі;
- оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуды инновациялық формаларды қолдана жүргізу (іскер және рольдік ойындар, диспут сабақ, экскурсия);
4. Мектепте ағылшын тілі пәнінен сабақтан тыс елжандылық бағыттағы ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың ерік-жігерін шыңдап, туған еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік қасиетті дамытады, Отанды қорғауға даяр тұруға қажетті қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Сондай-ақ ағылшын тілінен елжандылық тәрбие беру мақсатымен сабақтан тыс атқарылатын жұмыс түрлері оқушылардың өз бетінше ізденіп, келешекте де елжандылыққа бағытталған мағлұматтарды өздігінен оқып үйрену дағдыларын әдетке айналдыруына ықпал етеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н. Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. - №32-33,
2. Назарбаев Н. Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. 2 наурыз, 20012.
3. Назарбаев Н. Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. №55, 1 наурыз, 2016.
4. Қазақстан Республикасындағы "Білім туралы" Заң. - Алматы: Юрист, 2003. - 22 б.
5. Әл-Фарабидің философиялық трактаттары. - Алматы, 1973. - 165 б
6. МүтӘлі Әлия Қадырқызы "Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу>>, - Алматы, 2008. - 15,20,8,7 б
7. Лебедева О.В. Патриотическое воспитание - верноподданническое или гражданское? // Педагогика. №9, 2003. - 77-82 д.
8. Базарбекова Ж.Н. Мектепте ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері. Пед. ғыл. канд. дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. - 32-42 б,Астана, 2002.
9. А.С Назарбаева <<Путь к себе>>, Алматы, 2005, 105-125 б
10.<<Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы>>. Қ.Р. Президентінің Жарлығы Астана, Ақорда, 2006 ж. қазанның 10-ы. №200
11. Құсайынов А., Сарыбеков М. Мұғалім және уақыт тынысы // Егемен Қазақстан. 17 қыркүйек, 2005.
12. Prdromou Luke. The good language teacher // Teacher Development Making the Right M oves edited by Thomas Kral // Selected Articles from the English Teaching Forum 1989-1993.
13. Қисықова Б. Университетте шет тілдерін оқытудың гуманистік методологиясы // Қазақстан Жоғары Мектебі. №3, 2002.
14 . И.Пассов. <<Основные вопросы обучения иноязычной речи>> -- Воронеж: ВГПИ, 1974, 15-84 б.

Ұқсас жұмыстар
«елтану». таңдау курсы
Hello! 1 сынып
Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану
Шетел тілі пәні мұғалімі
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы
Сөздер ағылшын тілінде
Халқының саны жөнінен Италия Шетелдік Еуропада орында
Туған тілдің тұғыры
Алаш тобы
Оқытудың ақпараттық технологиясы
Пәндер