Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бос уақытты ұйымдастыру

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы:Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері
Пәні:Педагогика

Студент:Қалтай А.Б
Курс:3
Мамандық: 0105000-
<<Бастауыш білім беру>>
Біліктілік:0105013-
<<Бастауыш білім беру мұғалімі>>
Топ:131
Парақтардың саны:

Студенттің мәлімдемесі
Мен ұсынылған жұмыстың өзімнің жазғанымды,ал қолданылған дереккөздерінің нақтылығын растаймын.

Студенттің қолы
<<>> 20 жыл

Қорғау
Баға ()
Қорғау уақыты 20 жыл

Директордың оқу әдістемелік
Жұмысы жөнінен орынбасары

Алматы,20
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................................................................................................
1.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.............................................
1.1.Бос уақытты ұйымдастыру.....................................................................
1.2Бос уақытты ұйымдастыру-шығармашылық қабілеттін арттыру жолы.....................................................................................................................

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты:
Оқушылардың бос уақытын жүйелі түрде ұйымдастыру бұл мәдени құнды мазмұнмен толықтыру,әлемдік және отандық мәдениетке баулу,өзін-өзі саналы түрде бағалай алу сияқты әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі.Оқушының демалуы,сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады,оны тек әлеуметтік тұрғыдан ғана қорғау емес,сондай-ақ шығармашылық дамыту,рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған.
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың тиімді жолдарын табу.
Міндеттері:
1.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың тиімді екенін дәлелдеу;
2.Оқушылардың сабақта және сабақтын тыс бос уақытын ұйымдастыруға әдістемелік ұсыныстар.
3.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруда мектептен тыс мекемелердің алатын орнын анықтау.

1.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс болғандықтан ол оның бос уақытында да жүзеге асырылуы тиіс.Адам өмірінде бос уақыттың рөлі ерекше болып келеді.Ол демалу,тынығу үшін ғана емес,рухани қажетін өтеуге,ойлау қабілетінің жетілуіне,жалпы жан-жақты болуына арналады.Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды.Бос уақытты пайдалана отырып,қоғам,ұжым,отбасы,оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет.Бұл орайда оқушы демалысын.яғни бос уақытын тиімді өткізуі снып жетекшісінің немесе пән мұғалімінің құзыреттілігіне толықтай міндеттеледі.Себебі,оқушы бос уақыты дұрыс,тиімді ұйымдастырлыған болса,олардың рухани өмірі,көзқарасы толықтырылуы қамтамасыз етіледі.Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу,оған аса мән беру-қазіргі таңдағы мәселенің бірі.Сонымен қатар,қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғалымдардың назарын аударып отыр,өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік-экономикалық,саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру,оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі.Оқушының жан-жақты болып өсуі тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді,бұған оқушының отбасы арасында,қоғамға да бос уақыты тиімді ұйымдастырылуы қажет.Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде.
1.1.Бос уақытты ұйымдастыру
Бос уақыт-тұлғаның жеке физикалық рухани және әлеуметтік қадеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жұмыстан тыс уақыт бөлігі.Бос уақыт-жеке тұлғаның мәдени деңгейіне,қызығушылықтарымен қабілетіне сәйкес іс-әрекет таңдап өткізетін,қажетті істерді орындауға бөлінген уақыттан тыс уақыт.
Балалардың бос уақытын дұоыс анықтау үшін тәуліктегі сағаттан төменгі жұмыстарға пайдаланатын уақытты алып тастау қажет:
-Балалардың үйде сабаққа дайындалуға жұмсайтын уақыты;
-Физиологиялық тынығу уақыты (ұйықтау,тынығу);
-Санитарлық-гигиеналық және сауықтыру қажеттіктерді қанағаттандыру уақыты (таңертеңгң жуыну,жаттығу,ыдыс жуу,киімдерін тазалау т.б);
-Тамақтану;
-Үй шаруасына көмектесу.
Осы аталған істерден қалған уақыт балалардың бос уақыты болып саналады.
Бос уақытта:
-Еркіндік сезімін қанағаттандыру арқылы баланың қызығушылықтарымен қабілеттерін анықтауына;
-Белсенді қарым-қатынас арқылы әртүрлі ұйымдармен бірлестіктерде өз мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға жағдай туындайды.
<<Бос уақыттағы іс-әрекет>>-жеке тұлғаның өзін-өзі және қоршаған әлемді танып білуіне бағытталған,негізгі жұмыс уақытынан тыс уақытта іске асырылатын саналы әрекеті.Сонымен қатар,баланың физиологиялық тынығуынада бөлінген қажетті уақыты болуы шарт.
Бос уақыт-бұл жұмыстан немесе оқудан тыс мезгілде өз бетінше білім деңгейі мен мамандығын көтеруге,қоғамдық жұмыстарды атқаруға,дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға,шығармашылық еңбек пен көркем өнермен айналысуға бағышталан уақыттың бір бөлігі.Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт-олардың рухани өмірін,көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.Бос уақыт-адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру,рухани және материалдық қызығушылықтарын өз қалауына сәйкес жүзеге асыруға қолданылатын,оқу және еңбек әрекеттерін орындаудан тыс жалпы уақыт көлемінің бөлігі.Әлеуметтанушы Г.П.Орлов: <<Бос уақыт бұл-адамның еркін әрекет аймағы мен дамуы болып табылатын әлеуметтік уақыттың бір бөлігі.Ол әр адамның рухани даму деңгейі мен барлық әлеуметтік қатынастар жиынтығымен қамтамасыз етілген>>.Орлов педагогикаға қатысты мынадай піікір білдірген: <<...бос уақыт-бұл ең алдымен өсіп келе жатқан жас ұрпақтың мектептегі,одан тыс отбасындағы тәрбиелеу мәселесі>>-деген.

1.2.Бос уақытты ұйымдастыру-шығармашылық қабілетті арттыру жолы
Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты-оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады.Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушы,белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады.Іске қатысушы ретінде ол алдына мәндеттер қояды,оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды және жеке тұлғаның дамуы,ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз.Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру,мәдени құнды мазмұнмен толықтыру,әлемдік және отандық мәдениетке баулу,өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі.
Оқушының демалуы,сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады,оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес,сондай-ақ,шығармашылық дамыту,рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған.Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қана қоймайды,сонымен қатар олардың қажеті мен дағды мен біліктерді меңгеруін,ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды.Мектептерде баланың шығармашылық қабілетін арттыру үшін көп жағдай жасалған.Шығармашылық қабілетін арттырудың жылпы негізгі мақсаты ол оқушы жан-жақты болып тәрбиеленуін қадағалау.Оқушы мектеп жасынан бастап өз бойын сахнаға,үлкен топ алдында сөз сөйлеуге үйрету арқылы мұғалімдер көп нәтижеге қол жеткізе алады:
-Бала өзін қоғамдық ортада еркін ұстайды;
-Бала құрбыларымен,достарымен,мұғалімдермен еркін қатынас жасай алады;
-Өзінің бос уақытын сүйікті ісімен айналысып өткізеді;
-Бала өнерге жақын тәрбиеленеді;
-Өзінің дүйім халық алдында тұрып қысылу,қаймығу қасиеттінен айырылады.
Мектеп немесе мектептен тыс жүргізілетін жұмыстар оқушы бойында шығармащылық қасиетті дамытады.
2.1Оқушылардың сабақтан тыс кездегі бос уақытын ұйымдастыру
Бүгінгі мектеп-бұл тәрбиелеу мен оқыту маңызды құрамдас элементтері болып саналатын күрделі жүйе.Балалармен жұмыс жасау барысындабіз оқу-тәрбие процесінің бірлігіне сүйенімз.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың қазақстандық тәжірбиесі көрсеткендей,мектептер өздерінің тәрбие жұмысында сабақтан тыс қызметке ерекше көңіл бөледі.
Сабақтан тыс жұмыс-бұл тәрбиелеуші ұйымдардың тіршілік әрекетін сыныптық-топтық ұйымдастырудан бөлек жүзеге асыратын әлеуметтік тәрбиені ұйымдастыру формасы.Сабақтан тыс қызмет оқушылардың сабақ барысындағы әрекеті сияқты негізгі білім беру бағдарламаларын игеру нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған.Алайда,бірінші кезекте-Бұл тұлғалық нәтижелерге қол жеткізу.Бұл сабақтан тыс қызметтің ерекшелігін анықтап беру барысында оқушылардың өзін-өзі дамыту дайындығы мен қабілетін,оқу мен таным уәждемелерін,оқушылардың құндылық бағдарын,әлеуметтік біліктіліктерін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасындағы сабақтан тыс қызметтің жағдайын қарастырғанда мектептен тыс білімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінетіндігі айқындалады.Ол келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
-көркемдік-эстетикалық қосымша білім;
-экологиялық-биологиялық қосымша білім;
-балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту;
-оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру;
-дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстар.Соңғы жылдары балаларға қосымша білім беру жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бірлестіктердің дамуы байқалады,олар оқушылардың коммуникативті,зияткерлік қабілеттерін түзету мен дамытуға,көшбасшылық қасиеттерін дамытуға,балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған.
Шетелдік тәжірбиені талдау көрсеткендей,мектепте сабақтан тыс қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға болады:
-ойын;
-танымдық;
-мәселелік-құндылықтық қатынас;
-бос уақыттық-сауықтыру;
-көркем шығармашылық;
-әлеуметтік шығармашылық;
-еңбек;
-спорттық-сауықтыру;
-туристік-өлкетану.
Сондай-ақ,жүйе құраушы ретінде келесі қызмет түрлері анықталады:
1.Танымдық қызмет-оқушының дүниетанымын кеңейтеді,білімге құмарлығын және білімі мен зияткерлігін дамыту қажеттілігін қалыптастырады;
2.Көркемдік қызмет-дүниені эстетикалық мезінуді,әсемдікке қажеттілік,көркем ойлау мен нәзік эмоционалды қатынасты жамытады.;
3.Спорттық қызмет-салауатты өмір салтына,ден сұлулығы мен өмірдің жоғары гигиенасына жағдай жасайды;
4.Қоғамдық пайдалы жұмыс түрріндегі еңбек қызметі-оған деген оң қатынас адамдық болмыстың,адамдарға деген қатынастың,өзіне деген қатынастың көрсеткіші болып табылады;
5.Құндылықты-бағдарлы қызмет-әлемнің жалпыадамзаттық жәе әлеуметтік құндылықтарын ұтымды ұғынуға,әлемге жекелей қатыстықты сезінуге бағытталады;
6.Туристі-өлкетанушылық қызмет-туған өңірдің тарихын,мектеп тарихын тануға бағытталған.
Өркениетті адамзат әрбір баланың жеке абыройын,оның жеке өміргі,демалу мен бос уақытқа, <<қуаныш пен достыққа>> деген құқығын құрметтеуі керек.Бала еркін және мәдени өміргі араласуы,өнермен айналысуы керек.Ересектердің заманауи қоғамы балаға бос уақыты болу құқығые қамтамасыз етуге,өзіндік даму жолын таңдау мүмкіндігін беруге міндетті.
Сыныптан тыс жұмыстарға келесі талаптар қойылады:
-сыныптан тыс сабақтар оқушылардың білімдерін тереңдете және кеңейте отырып,олардың зейінін оқу бағдарламасының негізгі мазмұнынан бөлуі тиіс емес;
-сабақ пен сыныптан тыс сабақтардың оқу-тәрбие жұмыстарының тығыз байланысы болуы қажет.Алайда,сыныптан тыс жұмыс оқу жұмысының қарапайы ғана жалғасы болып қалмауы керек;
-оқушыларға оқу үшін ұсынылатын материал қолжетімді,олардың жасына,даму деңгейіне сәйкес болуы керек;
-сыныптан тыс сабақтардың мазмұны мен оларды ұйымдастыру формалары оқушыларға үнемі қызық болу керек;
-жеке,топтық және ұжымдық жұмыстың терең байланысы жүзеге асырылуы керек;
-жұмыстың еріктілігі мен оны орындау міндеттілігі үйлесімді болуы қажет.
Сабақтан тыс жұмыстың барлық жүйесі тәрбие,білім беру,даму мен денсаулық сақтауды біртұтас процеске біріктіруі,сол сияқты заттардың құрылымдық және мазмұндық сабақтастығын қамтамасыз етуі,мектептің міндеттері мен мақсаттарының ерекшіліген көрсетуі,тұлғаның жеке шығармашылық қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін икемлі жүйе құру қызметін атқару керек.Сабақтан тыс жұмыс маңызды міндетті шешеді-мектептің мәдени кеңестігін кеңейтеді.Қазіргі ккезде сыныптан тыс және мектептен тыс қызметті ұйымдастырудың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар жалпы принциптері дайындалды және қалыптасты.Оқушылармен сыныптан тыс уақыттағы сабақтардың түрлері мен бағыттарын анықтаудағы еріктілік-осы сабақтардың ерекшелігін анықтайтын анағұрлым ортақ принцип болып табылады.
Басты мақсатқа қол жеткізу үшін сабақтан тыс қызметті гуманистік ,жүйелік,синергетикалық,іс-әрекеттік сияқты әдіснамалық тәсілдер негізінде және келесі принциптерге сәйкес құру қажет:
1.Гуманистік бағыттылық принципі.Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруда көп жағдайда балалалардың қызығушылықтары мен мүдделері ескеріледі,оқушылар дербестігінің қалыптасу мен көріну процестеріне және субьектілігіне қолдау көрсетіледі,оқушыларда өзін-өзі тану,өзін-өзі анықтау,өзін-өзі ұйымдастыру,өзін-өзі жүзеге асыру,өзін-өзі таныту біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай тудырылады.
2.Жүйелік принципі.Оқушылардың сабақтан тыс қызметінің жүйесі құрылады,бұл кезде өзара қарым-қатынас орнайды:
-сабақтан тыс қызметтің барлық қатысушылары-оқушылар,педагогтар,ата-аналар,әлеуметтік серіктестер арасында;
-ұйымдастырылған қызметтің негізгі-мақсатты,мазмұнды-қызметтік және бағалау-нәтижелілік және тағы да басқа компоненттері арасында.
3.Вариативтілік принципі.Білім беру ұйымдарында балаларға таңдау еркіндігі мен оған өз еркімен қатысудың,қызметтің әр түрінде өз күші мен қабілетін жүзеге асырудың мүмкіндігін беретін сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың көп түрі (бағыттары),формалары мен тәсілдері кең тараған.
4.Креактивтік принципі.Педагогтар сабақтан тыс қызметте балалардңы шығармашылық белсенділігін,жеке және ұжымдық шығармашылық өміргі қатысу тілегін қолдайды.
5.Табыстылық және әлеуметтік маңыздылық принципі.Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырушылардың бар күші балалардың бойында табысқа қол жеткізу тілегін қалыптастыруға бағытталады.Бала қол жеткізген нәтижелер тек тұлғалық маңызды ғана емес,сондай-ақ оны қоршағандар үшін бағалы да болуы қажет.

2.2.Сабақтан тыс бос уақытты ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> заңында: <<Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі басқаруын,шығармашылығын дамыту,олардың қабілеттерініске асыру,қоғам өміріне бейімделуі,азаматтық сана-сезімін,жалпы мәдениетін,салауатты өмір салтын қалыптастыру,бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді>>,-деп көрсетіледі.
Қазіргі заманның ағымында қосымша білім беру бағытындағы жұмыстарға барынша мән беріп,болашақ ұрпақтың тәрбиесін қамтып жүрген тәрбие ошақтарын дамыту қажет.Оқушылардың үйірмеге деген ықыласын прттыра отырып,ұлтымыздың ой парасатын нығайту мақсатында үйірмелерге қамтумен қатар жасөспірімдердің ішінен дарынды балаларды анықтап,олардың қабілетін дамытуға жан-жақты эстетикалық тәрбие беріп,сұлулыққа,тазалыққа үйретуде мектептен тыс ұйымдардың қызметі аса маңызды.Қосымша білім беру ұйымдарынан бала сабақтын тыс уақытта өзінің таңдауы бойынша қосымша білім алып,кәсіптік бағдарын айқындауға және өздерінің шығармашылық қабілеттерін танып білуге талпынады.

Ұқсас жұмыстар
Біз оны тек жоғалтуға ғана бармыз
Көңіл күйімізді жаттықтыру
Қазанның қайнау уақытының өлшемі
Бағалау критерийлері
Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту
Досалы қандай оқушы
Пікірталас .11-сынып
Операциялық жүйе ұғымы туралы
Сағат тілдерін сал
Time (уақыт). 8 сынып
Пәндер