Шығарма мазмұнын түсінесің

ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:
Узбен Айна
Мұғалімнің аты-жөні:: Пән/Сынып:
Узбен Айна: Қазақ әдебиеті, 5-сынып
Мұғалімнің аты-жөні:: Қай аптаның нешінші сабағы
Узбен Айна: 3-тоқсан, 2-апта, №3 сабақ
Мұғалімнің аты-жөні:: Тарау немесе бөлім атауы:
Узбен Айна:

3-бөлім.

Адамгершілік - асыл қасиет

Мұғалімнің аты-жөні:: Сабақтың тақырыбы:
Узбен Айна: Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы
Мұғалімнің аты-жөні:: Оқу мақсаттары:
Узбен Айна: 5Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына сай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Мұғалімнің аты-жөні:: Сабақ мақсаты:
Узбен Айна:

Шығарма мазмұнын түсінеді;

Шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды;

Тұжырым жасайды.

Мұғалімнің аты-жөні:: Бағалау критериі:
Узбен Айна:

Шығарманы құрылысына талдайды;

Шығарма құрылысына талдай отырып, сюжеттік дамуын сипаттайды.

Мұғалімнің аты-жөні:: Саралап оқыту тапсырмалары
Мұғалімнің аты-жөні::

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Узбен Айна:

Бірлескен жұмыс (1, 2-тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Мұғалімнің аты-жөні:: Уақыты
Узбен Айна: Кезеңдері
Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
Ресурстар
Мұғалімнің аты-жөні:: 1 минут
Узбен Айна: Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?

5-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!

Сабағымыздың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің: Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы

Сенің меңгеретінің:

Шығарма мазмұнын түсінесің;

Шығарманы құрылысына талдайсың;

Шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайсың;

Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т. б.
Мұғалімнің аты-жөні:: 2 минут
Узбен Айна: Қызығушылықты ояту

Мысал туралы слайд көрсету

Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы бәрім.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып қоңырайма, құрбыларым.

  • - Мысалдар аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуа күлкі етеді.
  • Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді.

Орыс ақыны И. А. Крыловтың мысалдарын Абайдан соң А. Байтұрсынұлы да аударып, «Қырық мысал» деген атпен1909 жылы Петербургте кітап етіп шығарған.

Мұғалімнің аты-жөні:: 3-5 минут
Узбен Айна:

Жаңа сабақ

  1. «Қабырғадағы сурет»

әдісі

2. «Қабырғадағы сурет» әдісі

3. Бекіту

«Төрт сөйлем» әдісі арқылы сабақты қорытындылайық.

.

  • 1-тапсырма
  • «Қабырғадағы сурет» әдісі арқылы

шығарма фабуласына сәйкес мәтін мазмұнын меңгеру

  • Дескрипторы:
  • Мәтінді оқиды;
  • Мазмұнын меңгереді;
  • Қабырғаның ішіне мазмұнын жазады;
  • Сұлбаның сыртына мәтін мазмұны бойынша сұрақтар жазады. Анықтама бұрышы:Фабула дегеніміз - көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау, әңгімелеу

Ықтимал жауаптар:

  • 1-сұрақ: Өлеңде кімдер туралы айтылады?
  • Әкесі, баласы, бидайлар
  • 2-сұрақ: Бала әкесіне қандай сұрақ қойды?
  • Бұл бидай неге басқалардан ерекше басын көкке көтеріп тұр?
  • 3-сұрақ: Әкесі қандай жауап берді?
  • Бұл бидайдың дәні болмай, кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
  • 4-сұрақ: Саған қандай бидай ұнады? Неге?
  • Маған дәнін қожасына беріп, иіліп тұрған бидайлар ұнайды, себебі ол тәкаппар емес.
  • 2-тапсырма
  • «Оқиға тауы» әдісі арқылы
  • өлеңге сюжеттік-композициялық талдау жасау
  • Дескриптор:
  • Сюжеттік дамуға сәйкес оқиғаның басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін баяндайды;

Ықтимал жауаптар:

  • Оқиғаның басталуы: Баласы мен әкесінің егіннің басына келуі
  • Оқиғаның дамуы: Бастары дәнге толған бидайлар
  • Оқиғаның шиеленісуі: Көкке қараған бидай
  • Оқиғаның шарықтау шегі: Баласының сұрағы
  • Оқиғаның шешімі: Әкесінің жауабыАнықтама бұрышы:

Сюжет дегеніміз - өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.

Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері де, яғни бастамасы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегіне жетуі, шешімі немесе аяқталуы болады.

«Төрт сөйлем» әдісі арқылы сабақты қорытындылайық.

Дескриптор:

-Берілген тақырып бойынша өз пікірін айтады

- Мәтіннен дәлелдеме келтіреді

- Мысал келтіреді

- Сыни тұрғыда баға береді, өзіндік тұжырым жасайды.


Ұқсас жұмыстар
Дүниетану. қонақжай
Бүгінгі сабақта
Т.әбдіков «қонақтар», 8 сынып
Текстильдік аппликация. 10-сынып
Сыйластыққа себеп көп. 3-4 сынып
Бұрынғы айтыс Ұқсастығы Қазіргі айтыс
Есіл бойында әңгімесін мазмұндау
Әбіш кекілбаев "күй" хикаяты
Д.исабеков. ата үміті
"Шал мен бала"
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz