Аудандық Дарабоз отбасылық спорт сайысының бағдарламасы: аз қамтылған отбасыларды қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау (30.01.2016)

Аудандық «Дарабоз» спорттық сайысы

Жүргізуші: «Бейнеу лицейі» әлеуметтік педагогы М. Қарайдарова

Сайыстың бағдарламасын жасаған: денешынықтыру пәні мұғалімі, жаттықтырушы Г. Әжібаева

Күні: 30. 01. 2016жыл

Мақсаты: Аз қамтылған отбасы балаларына рухани тұрғыда қолдау, салауатты өмір салтын ұстауға және балалар көңіліне қуаныш сыйлап ризашылықпен қайырымдылық жасау.

I Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші : Қош келдіңіздер, ұстаздар, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым!

Бүгінгі аудандық отбасылық «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты ұранмен өткізгелі отырған

«Дарабоз» спорттық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші : Сайысқа төрт топ яғни Бейнеу лицейі, Абай орта мектебі, Алтынсарин орта мектебі, Атамекен орта мектебі қатысады. Топ мүшелерінің саны төртеу. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Тәлімді - тәрбие әр отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болады. Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді.

«Спорт - денсаулық кепілі» десек, «Дарабоз» спорттық сайысы тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара.

Басталды сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділқазы үздігі кім.

Бақ сынап алдыңызға келіп тұр ғой

Қарсы алайық топтарды қошеметпен

Олай болса, әркімге рухани және мәдени мереке сыйлайтын сайысымызға қатысқалы отырған топтарды ортаға шақырайық.

Бейнеу лицейі «Қабілет» тобы.

Абай орта мектебінің «Сұңқар» тобы.

Алтынсарин орта мектебі «Бүркіт» тобы .

Атамекен орта мектебі « Тұлпар » тобы

Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған командалардың аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділ қазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар:

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің таныстыруы кәміл шықты.
Спорт пен жылдамдықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(Әділ қазылар алқасымен таныстыру)

1. Ата - аналар ұйымының мүшесі Қ. Умашева

2. Аудандық білім бөлімінің маманы Г. Әбдірахманова

3. БӘД пәнінің мұғалімі М. Малбасов

Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

1. Өзін - өзі таныстыру

2. Эстафета

3. Қаппен секіру

4. Тунель

5. Арқан тартыс

Ендігі кезекті дене қыздыру жаттығуын жасау үшін денешынықтыру пәні мұғалімі, жаттықтырушы Гүлназ Әжібаеваға беремін. (әуенмен жаттығу жасалады)

Бәйгені ат жаратып шапқан алар,

Олжаны жатқан емес, тапқан алар, - деп сайысқа қатысушы отбасы топтарына

«Ақ жол!» тілейік, ағайын.

Ал ендеше сайысымыздың бірінші бөлімі Әр топ өзін таныстыру.

2- бөлім «Эстафета»
Шарты: Эстафеталық таяқты алдымен әкелер кедергілерден өту арқылы аналарға ұсынады, ең соңғы болып балалар кедергілерден айналып жүгіреді. Шапшаңдық танытқан топ жеңіске жетеді.

Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!

3 сайысымыз Қаппен секіру деп аталады?

Шарты: Қапты киіп секіреді, келесі балалар секіреді, ең соңғы боп ойынды аналар аяқтайды

3- бөлім. «Тунель»

Шарты: тунель арқылы белгіленген жерге дейн жүгіріп кейін қарай тунель арқылы өтіп жүгіріп қайтады.

4- бөлім. Қаппен секіру

Шарты: қатысушылар аяғына қап киіп, кедергілер арқылы секіріп қайтуы тиіс.

5- бөлім. Ұлттық ойын «Арқан тартыс»

Шарты: әр топ қарсыластарымен арқан тартысады.

Жүргізуші : Таңданайық спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!-дей келе байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскерлерімізді мадақтау үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз. (Сыйлықтар ұсыну)

«Толағай» әнін хормен шырқау.

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен «Дарабоз» спорттық сайысымыз аяқталды.

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

C:\Users\Молдир\Desktop\сурет\IMG-20160130-WA0029.jpg

C:\Users\Молдир\Desktop\сурет\IMG-20160130-WA0037.jpg


Ұқсас жұмыстар
Толағай отбасылық спорт сайысы: 2-3 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында салауатты өмір салтын насихаттау
Салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу
Толағай отбасылық спорттық сайысы: салауатты өмір салтын насихаттау және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту
Спорт - салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әдеттерден алдын алу
Толағай отбасылық сайысы: салауатты өмір салтын насихаттауға арналған мектептік спорттық бағдарлама
Нашақорлық - ғасыр дерті: алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау
Мектепте салауатты өмір салтын насихаттау: спорттық сайыс пен денсаулық тәрбиесі
Нашақорлық - ғасыр дерті: зиянды әдеттерді алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау
Толағай отбасылық сайысы: отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған тәрбиелік-спорттық бағдарлама
Спорт - денсаулық кепілі: балалардың физикалық дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz