Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бүгінгі Музыкалық отбасы
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
СӨЖ-6
Тақырыбы: Дәстүрлі музыка мен заманауи музыканы ұштастыра отырып музыка сабағын жүргізу
Орындаған: Аменова Г.Ә
Қабылдаған: Даркембаева А.Б
Алматы
2020-2021 оқу жылы
Жоспары:
1.Дәстүрлі музыка мен заманауи музыканың ерекшеліктері
2.Бір тақырып бойынша дәстүрлі және заманауи музыканы ұштастыра отырып, музыкалық тәрбие сағатының сценарий.
Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің "Музыканың ұлы кітабы" күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 - 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше.
Дәстүрлі музыка мен заманауи музыканың ерекшеліктері
Дәстүрлі музыка
Заманауи музыка
Тақырыбы: <<Музыкалық отбасы>> сайысы
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың,ата-аналардың шығармашылық қабілетін арттырып,музыка өнеріне деген қызығушылығын ояту;музыкалық есте сақтау қабілетін,ойлау қабілетін,қол моторикасындамыту;балаларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеп,эстетикалық тәрбие беру,отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жүргізуші:
Құрметті ата -- аналар және сүйкімді бүлдіршіндер! Балабақша арасында өзгеше бір мерекелік кеш өтпекші. Оны біз ата -- аналармен балаларға арналған <<Музыкалық отбасы>> атты сайыс өткізгелі отырмыз.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Бүгінгі <<Музыкалық отбасы!>> сайысында,
Қошеметпен бәріміз, қол соғайық!
Оларды қолдап, қолпаштап әсем әннің ырғағымен ортаға шақырайық!
Бүгінгі сайыс мынадай бөлімдерден тұрады.
* Таныстыру.
* Музыкалық жаттығу.
* Асүйдегі оркестр
* Ойлан тап
Жүрг: Енді осы сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.
Кезекті қатысушыларға береміз. 1 бөлім таныстыру. Әр отбасы өз отбасыларын таныстырады.
Музыкалық жаттығу бөлімінде жұмбақтар беріледі,сіздер тездетіп жауабын табасыздар.
* Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп. /Домбыра/
* Бойы бір тұтам,
Сақалы қырық тұтам.
Аузы ордай,
Мұрны құрдай. /Мандолина/
* Келеді мына жатқан күймелі бай,
Омырауы сары алтыннан түймелі бай.
Екі шал, жеті жігіт ән салады,
Затының кім екенін білмедім-ай. /Сырнай/
* Таяқшамен жіңішке сермеп қалса,
Сахна толған оркестр әнге басар.
Сиқыршы да емес ол, емес жонглер,
Ендеше кім, білсең айт,
Ол...дирижер
* Құлып аузын ашатын да,
Жабатын да құралмын.
Бірақ қазір бұл жерде мен
Музыка әлемін ашамын. /Скрипка кілті/
* Бес жолмен жүреді,
Бар әуенді біледі. /Нота/
* Иiр-иiр құбыр,
Үрлесең бұлбұл. /Керней/
* Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды./Сыбызғы/
* Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап? /Жетіген/
* Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Әндетіп шығар әні бар,
Бұл аспап, қай аспап? /Қобыз/
* Кепкен жарғақ,
Шеңберге керiлген,
Соқсаң сарнап,
Үн шығады төгiлген./Барабан./
Жүрг: Келесі бөлім <<Асүйдегі оркестр>> деп аталады.Бұл бөлімге әр отбасы өз қолдарымен музыкалық аспаптар дайындап әкелген.Қазір сол аспаптармен музыка әуеніне қосылып орындайды.
Әр отбасы өз аспаптарымен музыкаға ілесіп ырғақтар соғады.
Жүрг:Сіздердің таланттарыңыз бен ойларыңызға көп рахмет! Келесі бөлім <<Ойлан тап>> деп аталады. Бұл бөлімде екі тапсырма бар: сұрақтарға жауап беру және балалар мультфильмдерден музыка тыңдап қай мультфильмнен екенін табу керек.Сұрақтарға кім жылдам жауап берсе бір ұпай қосылады.
* Музыкалық атауы бар гүл... қоңыраугүл
* 7 лақ ертегісінде қасқырдың дауысын өзгертуге кім көмектесті? Ұста
* Туған күн туралы ән салған мультфильм кейіпкері. Қолтырауын Гена
* Домбырада неше ішек бар?2
* Баланы ұйықтатарда айтатын ән .. бесік жыры.
* Ең үлкен скрипка...контрабас
* Оркестрдің жетекшісі... дирижер.
* Үш адамнан тұратын орындаушылар тобы қалай аталады? Трио
* Неше нота бар? 7
* <<Если долго, долго, долго...>> деп ән айтатын қыз... Қызыл телпек.
* Қобызды немен ойнайды? Ысқышпен
* Әр баланың ең алғашқы шулы музыкалық аспабы...сылдырмақ.
* Музыканы қандай кілтпен ашады? Скрипка кілті.
* Мемлекеттік рәміз-салтанатты ән... Гимн.
Музыканы тыңдап қай мультфильмнен екенін табу.
* Маша мен аю
* Русалка Ариэль
* Фиксики
* Смешарики
* Бауырсақ
* Шрек
* Том мен Джерри
* Еріншектер елі
* Губка Боб
* Ну ,погоди!
* Дюймовочка
Жүргізуші: Құрметті ата -- аналар, бүлдіршіндер, бүгін Сіздер өте жақсы өнеркөрсеттіңіздер.<<Өнер - ағып жатқан бұлақ>> демекші өнерлі отбасы екендеріңізді тағы бірдәлелдей түстіңіздер, балаларыңызды да өнерге жақсы баулыпсыздар, осы кешке арнайыкелгендеріңізге сіздерге көптен -- көп рахмет! Келесі сөз кезегін әділ қазылар алқасына беремін. Жеңімпаздарды марапаттау
Жүргізуші:
Адалдықты ту еткен,
Бал жүзінен күн өткен.
Балдырғанбыз бақытты
Бақшамызға гүл еккен.
Болашаққа барамыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Бәсекеде әлемдік
Қазақ атын жазамыз.
<<Әрқашан күн сөнбесін>> биі.
Біз сіздермен қоштасамыз, келесі кездескенше күн жақсы болсын, сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz