Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Үшінші деңгей
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Тіркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгер қаласы
<<№3 П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі>>
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Баяндама
Тақырыбы: Математика пәнінен жаңартылған оқу мазмұнында оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
Пән мұғалімі: Каракулов Н
2017-2018 оқу жылы
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
2. Математика сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану
3. Бағалау
ІІІ. Қорытынды бөлім
Кіріспе.
<<Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер>>
Жүсіпбек Аймауытов.
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - нәтижелі білім беру, білім сапасын арттыру және рухани дүниесі бай жан - жақты дамыған тұлға тәрбиелеу, оқытудың жаңа технологиясын енгізу,білім беруді ақпараттандыру.Бүгінгі дамыған заманда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> заңының 8 - бабында <<Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен іс - тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау>> деп атап көрсетілген.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев <<Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек>> деп міндеттейді. Біз осы пікірдің өзінен - ақ білім беру жүйесінің әдіс-тәсілдеріне жаңаша құрылыммен келу керектігін көреміз.Маңызды мәселелерді шешуде, жас ұрпаққа сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.Қазіргі заман - математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал, талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты - математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.
Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай түседі.Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап түсінуге көмектеседі.Математиканың болашақ тұлғаның моральдық эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың қилы әдістері мен технологияларын білуі қажет.
Әдіс дегеніміз - мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс - әрекеті, ал технология - көптеген әдістердің жиынтығы.
Білім беру саласында болып жатқан реформалардың басты мақсаты: еліміздегі білім беруді әлемдік стандартқа сай деңгейге жеткізу. Сондықтан бұрынғы дәстүрлі білім беруде білім беруші мұғалім болып саналса, бүгінгі білім саласына енгізіліп жатқан сындарлы оқыту ол оқушының дамуы мен білім алуына өзара тығыз ықпалдастық пен бірлескен жұмыстар арқылы жүзеге асырылып, мұғалім сабақта бағыт беруші болып табылады. <<Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез- келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету айтылғандай оқушының дамуы мен есте сақтауына ықпал ететін білім алатын ортасы мен сабақта қолданатын инновациялық тиімді әдіс-тәсілдер. Ол үшін ең алдымен өз пәнін жетік меңгерген, 40 минуттық сабағының 20-25 минутында өзі сөйлеп, өзі түсіндіріп, өзі бағалайтын мұғалімнің ұстанымын өзгерту, сындарлы оқытудың теориялық негіздерінің мақсат-міндеттері мен маңызын түсінетін, ұстанымын өзгерткен мұғалім болуы қажетті. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез-келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс>> . Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: <<Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім>>, -- деп атап өткендей, еліміздің болашағы мен оның дамуына үлес қосам деген әрбір патриот мұғалім сындарлы оқытудың теориялық негіздерін оқып-үйреніп, оны сабақтарында тиімді қолданып, табысты оқытудың негізі болып саналатын Шульманның үш көмекшісі: кәсіби түсінік, оқытудың тәжірибелік дағдылары, кәсіби-адамгершілік тұтастық қасиеттерін бойына сіңіруі қажет. <<Сапалы оқыту - мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады>> .
Қоғамның алға дамуы, ақпараттық технологияның өмірімізге қарыштап енуі мектептегі оқытудың да өзгеріске ұшырауы мені де ойландырып, ілгері деңгей бағдарламасы бойынша білімімді жетілдіріп, оқыту бағытында жұмыстар жүргізіп келемін. Өз тәжірибемді жетілдіру мақсатында алдымен деректермен жұмыс жасауды бастап, дереккөздер : оқушылар, ата-аналар мен ұстаздардан дұрыс таңдалған сауалнамалар алу арқылы және мектептің даму жоспарындағы жылдық талдаулар нәтижесіндегі мектептің дамуына кедергі келтірген маңызды мәселелерді анықтау нәтижесінде 6 сыныптың оқуы мен оқытуын жақсартуға ықпал ететуші зерттеу сұрағым пайда болды. Басты мәселе : оқушыларға күнделікті сабақта білім деңгейін бағалайтын 5 балдық жүйенің баланың дамуына, ынтасы мен қызығушылығының артуына ықпалының жоқ екенін зерттеу сұрақтары арқылы көз жеткіздім. Енді осы кедергіден шығудың жолы сындарлы оқытудағы оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды сабақтарыма енгізу арқылы білім берудің сапасын арттыру болып табылды.
Мен өз сыныппен жұмыс барысында жыл басында мақсаттар мен міндеттерді айқындадым. Әр сабақты тиімді және табысты өту керек екенін мақсат етіп алдым. Жыл басында сыныптың білім көрсеткішін анықтап алдым.
1. 6 сыныбының бастапқы білімінің көрсеткіш мониторингі .
Сыныпта 27 оқушы . Бұл жерде сынып оқушылардың білім деңгейіне қарай <<А>> деңгейінде - 4 оқушы
<<В>> деңгейінде - 9 оқушы
<<С>> деңгейінде - 14 оқушы.
Осы көрсеткішті көтеру мақсатында оқу жылының басынан бастап білім сапасын ғылыми негізде көтеру тұжырымдама негізінде әр сабақты әр түрлі әдіс-тәсілді қолданып қызықты және тиімді өткізуге тырыстым. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығына оң әсерін тигізуде. Мысалы, математика сабағында <<Ойлан, жұптас, бөліс>> әдісін қолдану өте тиімді екенін байқадым.
.
Білім сапасын арттыру мақсатында мектебіміздегі мұғалімдермен <<Оқыту үдерісінде оқушы әрекетін зерттеуді <> тәсілі арқылы үйрену>> тақырыбында коучинг-сессия өттілді.
Жоғырадығы өткізілген іс-шаралардан алған нәтиже бойынша мектебіміздегі экспериментке қатысты сыныптарға сабақ беретін мұғалімдермен үнемі тығыз байланыс жасап отырдық.
Осы сыныпты бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау кестеге сәйкес алынып І-тоқсан қорытындыладым. Нәтижеде І- тоқсан бойынша білім сапасы 55% құрады.
Осылайша әр сабақты тиімді және табысты өткізу үшін сабақтың өтуіне оң ықпалын тигізетін әдіс-тәсілдерді қолданумен келемін. Нәтижеде ІІ-тоқсан бойынша, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау кестеге сәйкес алынып білім сапасым 59% көрсетті
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александр, 2001).
Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин . Қалыптастырушы бағалау әрбір сабақта оқушының тақырыпты меңгертуге, білім дамытуға ықпал ететін оқу мен оқытуды жетілдіреді. Олар қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдіс-тәсілдері мен кері байланыстың түрлері. 6 сыныппен математика пәнінде сабақтарымда жүргізілетін зерттеу сұрағым: <<Топтық және жеке жұмыстарда қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану қалай ықпал етеді? >>. Ең алдымен бағалау түрлерін әрбір сабағымда тиімді қолдана алуды назарға алдым. Бағалау түрлері : бақылау, интерпретация, қорытынды. Әрбір сабақта жаңа сабаққа кіріспе, жаңа сабақты меңгерту, жаңа сабақты бекіту кезеңдерінде қолданылатын әдіс- тәсілдер қалыптастырушы бағалаудың түрлерін қамтиды. Топтық немесе жұптық жұмыстар берілгенде, оқушылардың бірлескен жұмысы кезінде оқушыларымның тапсырманы қаншалықты түсінгенін, оны ортада талқылауын: оқушы оқушыға түсіндіруі, топтың кедергіге тап болуы немесе мұғалімнен көмек сұрауы , мұғалімнің топтық жұмыстың алға жылжуына бағыт беруі барлығы жіті бақылау арқылы тиімді іске асырылып отырды. Бақылау арқылы сабақтың бір кезеңінің сәтті өтуіне рефлексия жасай алдым. Ендігі кезең оқушылардың бірлескен жұмыс нәтижесін ортада қорғау интерпретация немесе жекелеген оқушылардың логикалық қорытынды жасауы. Бұл кезеңде оқушыларымның сабағымды қаншалықты игере алғанын, оны оқулық немесе ресурстағы нақты мәліметтер ғана арқылы көрсетпей өзіндік танымы мен көзқарастары, интернет материалдары, логикалық ойының нәтижесін көрсете алады. Білім алушы оқушыларымның сыни ойлауы дамиды. <<Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтады, олар:
-- пікірталастық әңгіме, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды;
-- кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды және сындарлылыққа негізделеді;
-- зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады (Mercer, 2000)>> . Осы әңгіменің үш түріндегі зерттеушілік әңгіме есеп шартын оқып, оның шешу жолдарын бірлесіп талқылау барысында жиі орын олады. Осы жерде алынған мәліметтерге интерпретация жасау арқылы шешу жолдарын анықтап, бірлесе отырып, шешуге бағытталады. Оқушыларыма берілген міндеттер (тапсырмалар) есте сақталып, оқушының қызығушылығын арттыру үшін олардың қабылдауы мен дағдыларына сай тапсырмалар қарастырамын. Олай болмаған кезде <<Мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) <<өзіндік мақсат>> деп атайтын және Райан мен Деки (2009) <<ішкі уәж>> деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Оқушыларымның жұмыстары бақыланып, олардың жұмысқа тиімді немесе логикалық қорытынды жасауына мен емес енді оқушылардың өзі баға беріп, қорытынды жасайды>> ,- деп Топтарға бірілген тапсырма топ мүшелерінің қорғауының нәтижесінде, енді өзара кері байланысқа ұласады. <<Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады>> . Оқушылар арасында бірін- бірі жақсы тыңдау мен түсінудің нәтижесінде енді көкейде туындаған сұрақтар қойылады. Бұл оқушылардың қаншалықты сабақты меңгеруге ұмтылысын, танымын, өзара бағалауына ықпал етеді. Блум токсономиясы ойлау деңгейінің алты сатысы білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау бөлімдері бойынша қойылған сұрақтар оқушының даму деңгейі мен білімді қалыптастыруға , білімді ары қарай дамытуға қалай ықпал етемін деген сұрақтарыма жауап аламын. Топтық жұмыстар барысында көбіне білу, түсіну, қолдану, талдау сұрақтары қойылып, сол сұрақтар төңірегінде пікірлесіп, ортақ шешімге келсе, ал жинақтау мен бағалау сұрақтары топтық жұмысты қорғау, жұмыс нәтижесінің бағалануы кезінде топтар арасында қойылады.
<<Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
1 -оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
2 -оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
3 -білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
4 -оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;
5 -оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
6 -оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі
-оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;
1 -әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін
2 тереңдетеді және шоғырландырады;
3 оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды>>
5Б сыныппен жүргізіліп жатқан математика сабағындағы білім беру сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан зерттеу жобамның негізгі бағыты осындай теориялар мен оқыту мен оқуды жақсатудың жолдарына негізделген. Сындарлы оқытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып әрбір сабағымды сыни ойлана отырып, оқушылардың білімінің қалыптасуына ықпал ететін әдістерді қолданып өтуімнің нәтижесінде, оқушыларым айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Олар, ортақ проблеманы шешуде бірлесіп жұмыс істей алды, әдіс-тәсіілдерді қолданып, ойлау дағдыларын, оны жеткізу дағдылары қалыптасты. <<Автор орындығында>> ойқорытса, <<Алты қалпақ>>, <<кубизм>> , <<балық қаңқасы>>, <<Болжау кестесі>>, <<Фрайер>>, <<темперетура өлшеу>> т.б әдістер арқылы тапсырмаға логикалық қорытынды, интерпретациялар жасап, <<Соңғы бес минут>>, <<Тарсия>>, <<Сэнгвич>>, <<Плюс, минус, қызықты>>, <<Білдім, білгім келеді, үйрендім>> т.б тәсілдер арқылы сабақты меңгеру денгейіне кері байланыстар жасап, <<Блоб ағашы>> , <<Табыс сатысы>> , <<Күн, бұлт, жауын>> т,б кері байланыс түрлеріне дағдыланып, өздерін өздері бағалай алды. Білім беру сапасын арттыру бағытында жүргізілген зерттеу жұмысымның барысында кедергілерге де кезіктім. Соның бірі оқушылар жаңа сабақты игерту мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сабақ мақсатын өздері қойып, бүгін не үйренетінін анықтағанмен, жаңа сабақты игеру барысында топтық жұмыста белгіленген уақыт жетпей қалды. Оның себебі, оқушыларға сабақ материалының қиындығы мен бұған дейін таныс болмауы әсер етті. Бұл кедергіден шығар жолдың бірі ұстаз Асхат Алимовтың мақаласындағы үй тапсырмасын берудегі <<төңкерілген әдіс>> түрін қолдану дұрыс деп таптым. Оқушыға келесі жаңа сабақ матриалы үйден оқуға немесе сол тақырып пен өткен тақырыпты байланыстыратын тапсырмалар беріледі. Оқушы ізденіп, оқып келсе жаңа сабақта берілген ресурсты оңай қабылдап және тобындағы достарына да түсіндіре алып, топ жұмысын сәтті қорғай алады. Үйден жақсы дайындықпен келген оқушы басқа топтардың да жұмысын ыждақатты тыңдап, өзіндік сұрақтарын қойып, дұрыс баға бере алады. Екінші кедергі, оқушылардың математикалық сөйлеу дағдысының төмен болуы. Негізі математикалық есептер оқушыны алдымен үнсіз тыныштыққа, яғни жеке ойлануына әкеледі. Сондықтан сол жеке ойлауға дағдыланған оқушыларымыз ортақ пікірлесу мен талқылауға келгенде қажетсіз деп түсінді. Бірақ ылғи сөйлейге, белсенді оқушыны ғана тартпай, үнсіз ойлану мен есептеуге үйір оқушыларды қалыптастырушы бағалау арқылы ортаға тартып, аз ғана жетістігі мен талпынысын көтермелеу арқылы белсенділігін арттырдым. Осымен тоқталатын жоба емес, әлі зерттеу мен шешімін табу керек кедергілер кездеседі. Әрбір сабағымда өз жұмысыма рефлексия жасап, әріптестерімді сыншы дос ретінде сабағыма шақырып, қалыптастырушы бағалауға жақсы әдіс- тәсілдерді іздестіріп, білім берудің сапасын арттыру жолында жұмыстар жасай беремін.
Елбасының 2017 жылы 13 сәуірде жарияланған << Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру>> баяндамасында 21 ғасырдағы Ұлттық сана туралы бөлімінде әрбір Қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап көрсетті, соның бірі бәсекеге қабілеттік деп, халықаралық деңгейге жетудің жолдарын, олар үштілділік, компьютерлік сауаттылық пен мәдени ашықтық деп көрсетті. Сондықтан балаға білім беруде негізгі математикалық терминдердің үш тілді мағынасын ашып көрсетіп, үйретсек, оқушының өмірде қолданысқа енгізуде, ізденуіне пайдасын тигізері сөзсіз. Ол үшін, әрине, біз өзіміздің тілді меңгеруге деген қажеттілігімізді туындатады. Компьтерлік сауаттылыққа бүгінде 75 % мұғалімдер сауатты деп ойлаймын, математика сабағында электронды оқулықтар мен bilimland.kz сияқты сайттарға кіріп, математика, алгебра, геометрияның әрбір сабағына теориялық материалдар, видеолар, тестер, тапсырмаларды орындап, өзін- өзі бағалауына мүмкіндік беретін тапсырмаларды орындатып жүрмін. Мәдени ашықтық - ол да заман талабы деп білемін. Өз ойын ашық айту, түсінбесе сұрақ қоюға дағдыландыру, түсінсе зерттеушілік әңгімеге негіз болар сұрақтар дайындауға үйрету, баланың танымын кеңейтіп, өмір туралы түсінігін дамытады. 4- бағыты : білімнің салтанат құруы деп көрсетілген. << Білімнің салтанат құруы білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдай алды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған <<Болашақ>> бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді>> . Бұл бағытта еліміздегі ұстаздар қауымының үлесі зор деп есептеймін. Бүгінгі жаңартылған білім беру жүйесіне көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар соның дәлелі.
Жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі <<Өмірмен байланыс>> ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші ілгері деңгей. Екінші басылы
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей
3. Білім туралы Заң. Астана. Ақорда. 2007ж. 27 шілде. №319-ІІІ ҚР
4. << Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру>> Н.Назарбаев 13.04.2017 жыл

Білім сапасын арттыру мақсатында мектебіміздегі мұғалімдермен <<Оқыту үдерісінде оқушы әрекетін зерттеуді <

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz