Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқушылар шығармашылығын дамыту шарттары
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі таным әрекетін белсендіру арқылы баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін дамыту Ойлаудың дамуы әрине, шығармашылық дамуға жол ашады. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудымен тығыз байланысты. Педагогика ғылымы және мектеп практикасы баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастырып сол арқылы таным әрекетін белсендіру қажетекендігін үнемі алға тартады
Осы мәселелер оқушының шығармашылық қабілеттерін, шығармашылық әрекеттер қырларын дамытудың өзекті екенін анықтайды. Жас кезден игерілген ойдың оралымдылығы, ақылдың икемділігі дүниенің қыр-сырын меңгеруге үлкен жол ашады. Бұл проблемаларды педагог және психолог ғалымдар үнемі зерттеуде. Олар М. А. Блох, Н. А. Лук, Л. С. Выготский, Я.А. Пономорев, А.Н. Леонтьев, В.В.Давыдов сияқты ғалымдар.
Педагогикалық және әдістемелік жағынан жас жеткіншектердің әрекетін белсендіру жөніндегі мәселелерді Т.И. Шамова, Г.И. Щукина, И.Я. Лернер, Л.П.Аристова, Н.А. Половникова, М.И. Махмутов, М.А. Данилов, Б.П.Есипов, М.Н. Скаткин, В.И. Орлова, И. Нұғыманов және басқа ғалымдар өз зерттеулерінде қарастырған.
Мектеп практикасында үйреншікті болып кеткен бірсарынды оқыту әдістері мен дәстүрлі сабақ түрлері заман талабына сай бола алмай соңғы жылдары баланың өзі білім алуға, оны өзінің белсенділігімен игеруі керектігіне аса көңіл бөлінуде, себебі жаңа заманның талабы да жаңаша.
Сабақтағы оқушының ой-жүйесінің дамуы, оның жалпы дамуына әсер етеді. Оқушы жеке тұлға ретінде жан-жақты даму үшін оқыта отырып тәрбиелеу басты мәселе болып табылады. Тәрбие біліммен қатар, қажет болса оның алдында тұруы тиіс. Сол себептен жасжеткіншектің тұлғалық дамуы заман талабы. Баланың дүниетанымының кең болуы, оның көзқарасының қалыптасуымен, тұлға ретінде дамуы Отанымыздың нағыз патриоты болуына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында "Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субьектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субьектісі ретінде көрінуімен бедерленеді" делінген [1].
Оқыту екі жақтың да, мұғалім - оқушы, бірдей еңбек етуін талап ететін үдеріс, сондықтан ұстаз өзінің іс-әрекетін ұйымдастырып тек оның орындалысымен ғана қанағаттанып қоймай оқушының да белсенділігін, білім игерудегі әрекетін дамытуға ықпалын тигізуі керек.
Біздің Республикамызда оқушылардың оқу - танымдық әрекеттерін белсендіру арқылы шығармашылық қырларын дамыту үшін сабақты жаңа технологиялық тәсілдермен өткізу, оны ұйымдастырудың әдіс - тәсілдерін жетілдіру жайында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған мына ғалымдар еңбектерін жатқызуға болады: Е. Ө. Жұматаева, Г.К. Нұрғалиева, Б. А. Тұрғынбаева, Ү. Б. Жексенбаева, А. Б. Мырзабаев, Л. Г. Дирксен, К. К. Жумадирова және басқалар.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" [2] деген 1992 жылғы еңбегінде мемлекетіміздің егеменді, тәуелсіздігіне жеткізетін төрт күш аталған:
біріншісі - жеріміздің қойнауындағы байлық;
екіншісі - жеріміздің бетіндегі байлық;
үшіншісі - өндіріс байлығы;
төртіншісі - тапқырлардың ақыл-ой байлығы, тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіләлемдік деңгейдегі жасалымдары. "...тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын бүкіләлемдік деңгейдегі жасалымдары" - дегеннің өзі шығармашыл тұлғаның ерекше, дәстүрлі емес ой-пікірінің нәтижелі мағынасын береді.
Мектептегі оқыту үдерісінің негізгі мақсаттары баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіру. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындағы білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында:
жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын, әдет- ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу қажеттігі атап көрсетілген [3].
Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ. Ол қалыптасқан сыныптағы сабақ барлық мектеп пәндерінде жүргізілетін бірсарынды, дәстүрлі сабақ.
Қазір көпшілік мұғалімдер ұстанып жүрген сабақ құрылымы - "үй тапсырмасын сұрау - жаңа сабақты түсіндіру - бекіту - үй тапсырмасы" түрін өзгертіп сабақты жаңа технологиялық тұрғыда біршама жетілдіруге болады.
Мектеп практикасында қазіргі уақытта педагогикалық мақсатқа сәйкес жаңалықтар көптеп енгізілуде. Соның бірі жаңа технологиялық сабақтар. Бұл сабақтарды өткізу барлық мектептерде кездеседі, бірақ осы сабақтардың оқу - тәрбие саласындағы орны, маңызы мен жүйесі теориялық тұрғыда негізделіп, толық зерттелмеген.
Жаңа технологиялық сабақтардың бір ерекшелігі - баланың ойлау еркіндігінің шексіздігінде, өзін танытуға, даралануға, қиялдауға, шығармашылық еңбекке мүмкіндігінің молдығында. Ғалымдардың пікірінше шығармашылық ойлау жаңа пікірлер тудыруға жеткізеді. Қазіргі кезде шығармашылық ойлау аса маңызды, себебі авторитарлық шешім мезгілі өтті, вертикальдық ойлау, пікірлер мен міндеттер жоғарыдан берілу кезеңдері қалды, енді әркімнің еркін ойлауын, жеке шығармашылығын қажет ететін уақыт келді.
Осы зерттеуіміздің проблемасы жаңа технологиялық сабақтарды ерекшеліктеріне байланысты ғылыми негіздеп, теориялық тұжырымға сүйене отырып оқушылардың шығармашылық шеберліктерін дамытатын сабақ түрлерінің жүйелі ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін әдістемесін жасау. Себебі, оқыту - үздіксіз дамып отыратын үрдіс болғандықтан, оны дамыту "көзін" табу керек.
Аталған мәселені зерттеудің жеткіліксіздігі, ұстаздар еңбегіндегі шығармашылықты дамытудағы кездесетін қиындықтар зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болып, оның көкейкестілігіне көңіл аудартты. Сондықтан да осы айтылған қарама-қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндігін ашу қажеттігі дипломдық зерттеуіміздің тақырыбын "Оқушылар шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары" деп алуға негіз болды.
1. Зерттеудің мақсаты: Оқушы шығармашылығын дамытатын сабақтар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасау.
2. Зерттеу нысаны: Оқыту жұмысын ұйымдастыру үдерісі.
3. Зерттеу пәні: Оқушылар шығармашылығын дамыту шарттары.
4. Болжамы: Мектептерде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сатылап дамытуға мүмкіндік болар еді, егер:
- сабақта оқушы дербестігі қамтамасыз етілсе;
- оқушы білім игеруде ой мен істің еркіндігіне жетсе;
- жаңа технологиялық сабақ түрлері мен белсенді оқыту баланың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алынса;
- шығармашылықты талап ететін жаңа технологиялық сабақтар жүйелі түрде ұйымдастырылса.
5. Зерттеудің мақсатына жету, ұсынылған болжамымызды тексеру үшін мынадай міндеттер белгіленді.
1. Орта мектептерде сабақтар жүйесінің ерекшеліктерін әдістемелік тұрғыда негіздеу.
2. Шығармашылықты дамытудағы жаңа технологиялық сабақтардың тиімді әдістемелік жүйесін жасау.
3. Педагогикалық эксперимент қою арқылы жаңа технологиялық сабақ түрлерін сынақтан өткізу.
6. Зерттеудің жетекші идеясы: Оқушылар белсенділігін арттыратын сабақ түрлерін оқу-тәрбие үрдісіне ендіру арқылы жас ұрпақтың шығармашыл адам болып шығуына ықпалын тигізу.
7. Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі:
Жеке тұлғаның мәні мен оның дамуындағы шығармашылық әрекеттік және тұлғалық ізгілендірушілік қатынас туралы қазіргі философиялық қағидалар; табиғат , қоғам, адамның өзара байланысы мен диалектикалық бірлігі туралы ілімдерді қамтып көрсететін таным теориясы және негізгі дидактикалық принциптер.
8. Зерттеу әдістері:
Зерттеліп отырған мәселеге қатысты зерттеулерді, әдістемеші - мұғалімдердің озық тәжірибелерін жинақтау, ғылыми әдістемелік басылымдарға теориялық талдау жасау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оқыту үрдісін бақылау, ұстаздармен және оқушылармен пікірлесу, эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.
9. Зерттеудің маңызы және автордың (ғылыми жаңалығы) өзіндік үлесі:
- оқыту технологиясы, жаңа технологиялық сабақтар ұғымына педагогикалық талдау жасалынды.
-
- теориялық негізге сүйеніп оқушылар шығармашылығын дамытатын жаңа технологиялық сабақтардың әдістемелік жүйесі жасалды.
10. Зерттеудің негізгі кезеңдері:
11. Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- Зерттеудің нәтижесі орта мектептердің мұғалімдеріне жаңа технологиялық сабақтар жүргізуге пайдалануға ұсынуға болады.
- Белсенді оқыту мен жаңа технологиялық сабақтардың үлгілері әзірленді.
12. Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық зерттеудің өзектілігі, зертеу жұмысының тақырыбы, мақсаты, міндеттері, нысаны мен пәні, болжамы, әдіснамалық негізі, жаңалығы, зерттеу кезеңдері, зерттеу базасы, теориялық және практикалық маңыздылығы берілген.
<<Оқушылар шығармашылығын дамытудағы белсенді оқытудың ғылыми - теориялық негіздемесі>> атты бірінші тарауда бала шығармашылығын дамытудағы белсендірудің психологиялық педагогикалық негіздеріне шолу жасалып белсенді оқыту үдерісі және оның зерттелу жайы талданып, оқыту үдерісіндегі жаңа бағыттарға сипаттамасы берілді.
<<Жаңа технологиялық сабақтар шығармашылықты дамытудың негізі>> деген екінші тарауда оқушы шығармашылығын дамыту негіздері талданып, сабақ барысында оқушыны шығармашылыққа баулудың әдістемелік жүйесі берілді және педагогикалық эксперимент және оның нәтижесін көрсетілді.
Қорытынды және ұсыныстарда әдістемелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері негізінде дайындалған тұжырымдар мен ұсыныстар келтірілді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz