Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Менің анамның жұмысы

Сыныбы: 3<<Б>>
Күні:
Тақырыбы: Ата- анамның жұмыс орнындағы 1 күн.
Жалпы мақсаты: Оқушыларды мамандық тандауға бағыттау, ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін шыңдау, нақтылыққа бейімдеу.
Оқу нәтижесі: Белсенділік танытып, қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.
Міндеті:
1.Мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.
2.Ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту
3.Оқушылардың ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.
4. Еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың еңбегін құрметтеу.
Күтілетін нәтиже:
Мамандық түрлерімен таныс бола отырып, өзіндік ой қорытып, ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра алады. Тіршіліктің тұтқасы еңбек, білім, өнер екенін түсінеді.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жұптық, топтық жұмыс.<<Алдын ала болжау>>, Түрткі сұрақтары,қайта бағыттау сұрақтары.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар

Барысы:
ЖОСПАР
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынып,
Мамандықпен арманға жол салынар.
Армысыздар оқушылар, ұстаздар!
- Бармысыздар,
Болашақтың бастауы,
Балғын шақты балалар!

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатында біз сендермен мамандық әдеміне саяхат жасамақпыз.
Мамандық таңдау өте жауапты іс. Жақсы маманболу үшін ең алдымен, таңдаған мамандығыңды сүюің керек. Өзінің икемділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ.

Ең алдымен мына сұраққа жауап беріңдерші:
Мамандық дегеніміз не?
Қандай мамандықтарды білесіңдер?
Жақсы маман иесі болу үшін адам нені ескеруі қажет?

Ойын: <<Кімге қандай мамандық жарасады?>>
Қазіргі қоғам өзгерісіне қарай мамандық түрлері көп. Сол себепті сендерге таңдау жасау оңай емес. Келесі кезекте мен сендерге мамандық атаулары жазылған карточка таратымын. Сол мамандық атауына сипаттама беріп, осы отырған оқушылардың арасында кімге сай екендігін атап өту керексіңдер.

Біздің негізгі тақырыбымыз <<Ата- анамның жұмыс орнындағы 1 күн>>. Осы жайлы не айтасыңдар. Кімнің ата-анасы қандай жерде жұмыс жасады. Қандай бақылау жасадыңдар? Ата-аналарыңның таңдаған мамандығы жайлы не айта аласыңдар, сендерге ұнады ма?
(Балалар кезекпен жүргізген бақылаулары туралы баяндайды. Сұрақтарға жауап береді.)

Енді мен сендерге таратқан қағазға өз ата-аналарыңның жұмысы туралы жазыңдар. Мысалы: жауапты т.б...

Менің анамның жұмысы

Пікір бөлісу. Сыныпта кім қандай мамандық иесі болғысы келеді? (балалардың жауабын тыңдау).

<<Мен таңдайтын мамандық...>>
Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаймыз. Көңіліңізге қонбайтын мамандықтарды сызып отырамыз. Тізімде соңғы үш мамандық қалғанда қосымша ой елегінен өткізіп шешім қабылдаңыз.

Ойын: <<Ең, ең, ең жақсы...>>
Ең, ең, ақшасы көп....(банк қызметкері)
Ең, ең жасыл...(гүл өсіруші, бағбан)
Ең, ең тәтті...(аспаз, кондитер)
Ең, ең күлкілі...(кондитер)
Ең, ең салмақты...(заңңгер, мұғалім)
Ең, ең жауапты...(сот, бухгалтер)

Пікірталас.
Өзің келіспейтін, тұжырымды таңдаап алып, ойыңды дәлелде.

Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады.
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
Отбасы және достарыңнын ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсуің керек.
Мамандық таңдау - күнкөріс қамы.

Постер қорғау.

Екі топқа плакат беріледі. Тапсырмаларды бағытына қарай мамандықтар саласы және оның маңызы. Осы мамандықтың жетістіктері мен қиын тұстарын қатар бейнелеп, әр топ өз жұмыстарын қорғайды. (мұғалім, өрт сөндіруші)

Қорытынды
Осы күннен не алдыңыз? Қандай қорытынды жасадыңыз? Ойландыратын жағдай болды ма?

Ж.Аймауытов айтқандай <<Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе>>.

Ұқсас жұмыстар
Ережені жаттау
6 «а» сынып оқушыларының жыр-шумақтар жинағы
Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрқты тіркес
Отбасынан алған өнегелі тәрбие - ұрпақ үшін баға жетпес байлық
Мұқағали жыры - көңілімнің сыры
Туған тілдің тұғыры
Мақсат - жетістік желкені
Жинақтық сан
Ана тілі
Онтогенездің негізгі кезеңдері
Пәндер