Қажетті әдіс

Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Еліміздегі жүріп жатқан өзгерістердің мәнін пайымдау бірінен бұрын жастарды тәрбиелеп отырған ұстаздарға үлкен міндет жүктейді. Елбасымыздың жолдауында көрсетілгендей, қазіргі шәкірт ертеңгі күні әлем кеңістігіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті (1) . Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор.
Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру - жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол - жаһанданудың кепілі. Сол себепті де ағылшын тілінде жаратылыстану пәндерін оқыту негізінде дарынды оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыта отырып, ақпараттық кеңістігіне ену мүмкіндіктерін кеңейту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында №70 мектеп-лицейде 2013 жылдан бастап «Көптілділікті меңгеру» тәжірибелік алаңы өзінің жұмысын жүргізіп келеді.
Негізгі бағыттары:
- Баланың сөздік қорын кеңейте тілін дамыту;
- Жаңа сөздердің мағыналарын жетік түсіну;
- Синонимдер мен антонимдерді қолдана білу;
- Сөз тіркесі, сөйлемдерді дұрыс қолдану;
- Сөзді байланыстырып сөйлеуге үйрету;
- Диалог түрінде сөйлей білу.
Жұмыс мақсаты:
Математика пәні мен ағылшын тілін кіріктіре отырып оқушылардың тілдік ортаға ену арқылы өзге тілді үйренудің тиімді жолдарын анықтау.
Негізгі міндеттер:
- Нысаналы сыныптар мен жобаға қатысатын мұғалімдерді анықтау.
- Оқушылардың математика және ағылшын тілі пәндері бойынша оқу дағдылары туралы деректерді жинақтау.
- Оқушыларды тілдік ортаға тарту жолдарына қатысты мұғалімдердің теориялық білімдерін толықтыру үшін арнайы оқулар жүргізу;
- Қысқа мерзімді жоспардан орта мерзімдік жоспарлауға көшу.
- Мұғалімдер теориялық алған білімдерін өз тәжірибесінде қолдану:
-WEB ойын сабақ үлгілері арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын ояту;
4) Оқушылардың математика және ағылшын сабақтарында мотивациясының жақсарғанын анықтау.
5) Оқушылардың математика және ағылшын тілі пәндері бойынша тілдік және пәндік дағдыларының жақсарғанын анықтау.
6) Алған деректерді алғашқы деректермен салыстыру.
7) Қорытынды мен ұсыныстар шығару.
Қажетті материалдар мен зерттеу әдістері:
- Нысаналы сыныптарда саулнама жүргізу;
- визуалды бақылау;
- теориялық материалдарды оқу;
- математикалық деректер, талдау және алған деректерді сурыптау.
Астана қаласы Білім басқармасының 29. 08. 2013ж. әдістемелік кабинетпен келісілген №70 мектеп-лицейдің жұмыс оқу жоспары бекітілді. Мұнда оқу жоспарының лицей компонентінен «Mathematics» факультативтік курсы 5-6-7 лицей сыныптарында аптасына 1 сағат (барлығы 34 сағат) жүргізілді. Алғашқы жұмыс та, алғашқы қадам да осы курс болды. Жұмыс барысындағы басты мәселе - ағылшын тіліндегі оқу материалын қазақстандық стандартқа сай сәйкестендіру. Білім беру үрдісінде ағылшын тілінде жаратылыстану пәндерін оқыту өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Сондықтан алғашқы жылы керекті материалдар ғаламтор көздерінен алынды.
Бұл бағдарлама 5-6-7-сыныптағы математика курсын толық қамтиды. Ауызша есептер мен терминдерді жаттауға баса көңіл бөлінді. Әр тараудың соңында міндетті түрде ағылшын тілінде математикалық диктант жұмыстары жүргізілді. Математика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырды. Берілген тапсырмалар оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағытталды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасында берік қалыптасты. Ағылшын тілін меңгерудегі қосымша берілетін математикалық термин сөздігі оқушылардың сөздік қорын дамытты, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Алғашқы болса да, бұл курсты ендіру тәжірибеге батыл ендірілді.
Ағылшын тілінде оқытылатын пәндер бойынша жоба басында нысаналы сыныптар ретінде таңдалып алынды. Жоба басындағы және жоба соңындағы білім сапасын салыстырғанда, өсу байқалады. Ағылшын тілі пәні бойынша:
Осы сыныптарда пәндік оқу дағдыларының көрсеткіші де салыстырылды. Көрсеткіш төмендегіше:
Екінші және үшінші тілді меңгеру барысында туындайтын маңызды сұрақтардың бірі - оқу бағдарламалары мазмұнының оқушыларға түсінімділік деңгейі. Көптеген коммуникативті әдіс стратегиялары оқу бағдарламалары мазмұнын оқушыларға түсінікті ету үшін скаффолдинг үрдісі арқылы икемделуі мүмкін.
Скаффолдинг
- оқыту үрдісінде кең қолданылатын стратегиялардың бірі. Бұл мәлімдемеде көтерілетін сұрақтардың көбі оқу бағдарламалары мазмұны үшін маңызды болып табылады. Қазақстанда қолданылатын «қорғалған» стратегиялардың бірі
тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту
болып табылады
(CLIL
) .
Марш (1994
) CLIL-ге келесідей анықтама береді “пән немесе пәннің кейбір бөлімдері шетел тілінде оқытылады, себебі мұнда екі мақсат көзделген: пәннің өзін оқыту және де шетел тіліне жаттықтыру. ” Мектеп оқытушылары
CLIL тиімді әдіс ретінде таңдап алды, себебі оның мынадай
артықшылықтары
анықталды :
- Сөздік қорды ұлғайтады
- Жергілікті мұғалімдердің ағылшын тілі білімін дамытады
- Оқушылардың дербестігін нығайтады CLIL-ды орта мектептерде қолдану мүмкіндігі: 4. Қажетті әдіс
- Ертерек бастау қажеттілігі
- CLIL көзделген тілмен жұмыс жасауға мүмкіндік береді
- CLIL ағылшын тілі білімін дамытады
- CLIL жоғарғы деңгейде ойлауды дамытады
Қазіргі күні тәжірибелік алаң бойынша жаратылыстану бағытындағы пәндер, оның ішінде математика, информатика, биология, география пәндерінен 5-8 сыныптарда таңдау пәндері ағылшын тілінде жүргізілсе, 7 - сыныптарда дүниежүзі тарихы орыс тілінде жүргізіледі. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі, орыс және ағылшын тілінде командалық оқыту арқылы оқушылардың үш тілді ерте жастан меңгеру тәжірибесі де нәтиже бере бастады. Оқушылар мектептің сабақтан тыс жұмыстары арқылы өздерінің тілдік дағдыларын кеңінен қолданып, театр сахналарынан, олимпиада, ғылыми жоба сияқты білім сайыстарына белсене қатысып, нәтиже танытып жүр. Педагог қызметкерлердің тілдерді меңгеріп, оны іс жүзінде қолдана білудің сапалық құрамын жасақтауда биология пән мұғалімі Ж. Орақбаева ағылшын тілінің 4 айлық курсын оқуда, математика пән мұғалімі К. Амирханов пен география пән мұғалімі Т. Машенов ағылшын тілін еркін меңгерген. Осы оқу жылында информатика пән мұғалімі Ж. Мақсұт, физика пән мұғалімі А. Болыс, ағылшын тілінің екі айлық курсын бітіріп, терминология ретінде пәнді ағылшын тілінде бере бастады, өз бетінше ары қарай білімдерін шыңдауда.
- Тәжірибелік алаң жұмысы бойынша республикалық, қалалық деңгейде тәжірибе тарату семинарлары ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында «Жеке тұлғаның көп аспектілі қыры арқылы полилингвизмді тұлғаны жетілдіру» тақырыбында үш тілде сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған қалалық семинар болып өтті. Семинар аясында мектебімізде география, биология, математика, информатика пәндері ағылшын тілінде сабақ өткізді. Әсіресе «Climate and weather» тақырыбындағы география сабағын өткізу барысындағы оқушылардың білімін жүйелі тексерудегі «kahot» әдісі қатысушылардың қызығушылығын арттырды. «Mathematical strategic games» тақырыбындағы математика сабағында оқушылардың ағылшын тілінде ойын стратегияларын пайдалана отырып, сыни ойлауларын дамытты. «Computer devices» тақырыбындағы сабақта информатика пәні бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жүйелі пайдалана отырып, ағылшын тіліндегі термин сөздерді қолданылуы жоғары деңгейде көрсетілді. Ал «Елтану» таңдау сабағы бойынша 10 - сыныптарды әр елдің салт-дәстүрін үш тілде насихаттауы және тілдік қорларын дамытудағы әдіс-тәсілдер сабақта тиімді пайдаланылды. Семинар барысында «Әр халықтың ана тілі-білімнің кілті» тақырыбындағы тілдер әлеміне саяхат кезінде оқушылардың үш тілде емін-еркін өз ойларын жеткізуі «Көптілді меңгеру» тәжірибелік алаңның нәтижелі жұмысын көрсетті. Оның ішінде ағылшын тілі мұғалімі А. Базардың 5-7 сынып оқушыларынан құралған ағылшын тіліндегі театр үйірмесінің авторлық жобасын құрып, қала көлемінде қорғап, жұмысы республикалық деңгейде таратылып, үйірме жұмысының әдістемелік құралы 2016 жылы педагогикалық инновациялық идеялар фестивалінде жүлделі ІІ орынға ие болды. Оқушылардың көптілді құзіреттіліктерін дамытуда қазақ, орыс, ағылшын тілі пән мұғалімдері бірлесіп өткізетін іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.
- Оқушылардың ғылыми жобалар сайысында халықаралық деңгейде үш тілді еркін меңгерген оқушылардың жетістіктері де жетерлік. Мысалы, физика пәнінен Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық жобалар сайысында 2 оқушы ІІ орын, Тбилиси қаласында математика пәнінен халықаралық Грузия «IYPO» жобасынан 2 оқушы ІІІ орын, Бразилияда өткен халықаралық «MOSTRATEC» жобасынан математика пәні бойынша 1 оқушы ІІІ орын, биология пәні бойынша 1 оқушы ІІ орын, Алматыда физика пәні бойынша «Infomatrix-Asia&Pacific» компьютерлік жобадан 2 оқушы ІІІ орын алған.
Қорытындылай келе, осы әдістердің бәрінде де жазылым, оқылым тапсырмаларынан бұрын айтылым мен тындалым тапсырмаларын орындау қажет. Тілдік емес пәндерді оқытуда қолданылатын «қорғалған» стратегиялар кез келген тілде оқу және ойлауға қажетті түсінік негізін қалауға бағытталған сөздік қорды молайту және білімді тереңдету үшін қолданылады. Сондықтан тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту және «қорғалған» стратегиялар жиынтығы тілдік деңгейі орташа оқушыларға арналғаны туралы зерттеу ақиқат деуге болады.
Пән мен тілді кіріктіріп оқытудың кейбір әдіс-тәсілдері
СLIL (Content and Language Integrated Learning) - кіріктірілген бағдарлама арқылы екінші тілді меңгеру. Қазіргі уақытта көптілділікті қалыптастыру мен оны іске асырудың негізгі құралы болып табылады Бұл терминді ең алғаш рет Дэвид Маршем енгізген болатын. Бұл екі жақты мақсатты көздейді: біріншісі - оқу пәнін меңгеру; екіншісі - шетел тілін (екінші тіл ретінде) меңгеру.
Бүгінгі күні кіріктірілген оқу бағдарламасын Қазақстанда бірқатар мектептер қолданып отыр. Нақтырақ айтсақ, кейбір мектептерде Қазақстан тарихы, география, құқық негіздері пәндері қазақ тілінде, ал математика, биология, информатика, химия, физика пәндері ағылшын тілінде оқытылып жүр. Әрине, әдістің тиімділігін бірден айту қиынға соғады, себебі бұл бір емес, бірнеше жылдың жемісі. Ең алдымен, бұл әдіс оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып, өз мәдениетін бағалап, басқа мәдениеттерді құрметтеуге үйретеді. Оқушылардан бірден екінші тілде сөйлеп кетеді дегенді күтпеңіздер. Уақыт өте келе, тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай бағыттауды қолданыңыз. Оқушылар «мен бұл тілді меңгере алмаймын» - деген ойда болмау керек. Скаффолдинг тапсырмалары арқасында оқушылар тілді базалық қарым-қатынас дағдысынан (BICS) академиялық тіл білу дағдысына (CALP) біртіндеп көшеді. Бастапқы кезде оқушылар ауызекі сөйлеу тілінде грамматикалық қателер жіберіп жататын болады, бірақ бұл қателердің барлығын түзетіп, оқушыдардың ойын бөлмеңіз. Олар сұрақты бірінші тілде қойса, сіздер екінші тілде жауап беруге тырысыңыз. Ең басты қағидат, ол оқушылардың меңгерген дағдысын өмірде қолдана білу. Сабақтың жоспарын құрған кезде, оқушыларға қоршаған ортада болып жатқан жағдаяттарды ұсынған жөн болар. Сонымен қатар, оқушылармен топта, жұпта жұмыс жасағанды дағдыланыңыз, себебі олар бір-бірін үйрету, жетелеу арқылы тілді тез меңгере алады. Оқушылар көбінесе екінші тілде жауап беруге қиналатын кезде, мұғалімдер сөздердің аудармасын өздері айтып жатады. Бұл дұрыс емес, оқушылар берілген сөзді білмей жатса, оған сыныптастары көмектесе алады немесе мәтінді түсінбеген жағдайда мұғалімнен гөрі жанындағы досының түсіндіруі екі оқушыға да пайдасын әкеледі. Себебі оқушылар әр сөзді ой иелігінен өткізген жағдайда ғана келесі жолы оның аудармасын ұмытпай айтатын болады. Екінші тілде күнделікті қарым-қатынас үлкен жетістіктер әкеледі. Сабақта мұғалім оқушылармен қарапайым тілде сөйлеп, ойлануға көп уақыт берген жөн болар. Аудармасын бірден айта салмай, оны ым-ишара түрінде немесе суретін көрсету арқылы көрсеткен кезде, оқушылар оны тез есте сақтайтын болады. Оқушыларға ой еркіндігін беріп, көбірек сөйлетуді үйрету керек.
Қазіргі таңда пән мен тілді кіріктіріп оқытуда көптеген стратегияларды ұсынуға болады. Солардың ішінде "Скаффолдинг" (мәтіндік тапсырманың бейімделу әдістері), Топтық оқыту (Теam teaching), Translanguage және т. б.
Екінші тілді оқыту төрт дағдыға негізделеді. Тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым.
Тыңдалымға негізделген тапсырмалардың өте көп түрлері бар. Мысалы, тыңдалым мәтінін бірінші тілде тыңдап, оны екінші тілде айтып беру. Бұл тапсырма оқушылардың ақпаратты бір тілде тыңдап, оны екінші тілде айтуға дағдыландырады. Сонымен қатар тез ойлап, ақпаратты жүйелі, мазмұнды жеткізуге жетелейді. Тыңдалған мәтіннің негізгі ақпаратын қосымша ақпараттан бөліп алып, оны өзінше айтуға дағдыланады. Осы тыңдалым тапсырмасы негізінде оқушыларға кесте, диаграмма, комикс немесе ментальді картаны жасауға болады. Ол тыңдалған ақпараттан кілтті сөздерін іріктеп алып, оларды дұрыс топтастыруға үйретеді.
"Шын" және "Жалған" тапсырмасы.
Тыңдалым мәтіні бойынша ақпараттарды рет-ретімен орналастырып шық. Үлгі:
1. Мұхиттағы жануарлардың тіршілігі
2. Мұхиттағы жануарлардың қорегі
3. Мұхиттағы жануарлардың адамға тигізер пайдасы
4. Тіршілік үшін күрес.
Оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіру қарапайым тапсырмалардан басталып, мәселелік оқыту тапсырмаларына дейін қамтуға болады. Функционалды сауаттылық деңгейін анықтау үшін әлемде PISA халықаралық емтиханы өткізіледі. Оқу сауаттылығы оқушыға берген мәтіндерді түсініп, оларға рефлексия жасап, берілген мәтіннің мазмұнын өмірмен байланыстыра алу дегенді білдіреді. Оқылым дағдысының ерекшелігі, ең бастысы, түсініп оқу, зерттеп оқу, сын тұрғысынан ойлау, аргументтерді келтіріп, оны дәлелдей алу және шолып оқу.
Оқылым дағдысына негізделген тапсырмалардың бірі - ол перифраз. Яғни, оқушыға берілген бір сөйлемдерді өз сөзімен қайта жазу. Бұл тапсырма оқушылардың сөйлемді қаншалықты түсінгендігін айқындайды, сонымен қатар екінші тілде сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға үйретеді.
Сурет, кесте, диаграмма арқылы ақпаратты бірінші тілде оқып, оны екінші тілде айтып беру тапсырмасы да оқушылар үшін өте қызықты. Мысалы, күнделікті өмірде өзіміз қолданып жүрген ауа райы болжамы туралы ақпаратты сурет арқылы беріп, оны екінші тілде айтып бере алады. (
Үлгі: 2015 жылдың 21 қазан күніне ауа райының болжамы. Павлодар қаласында сәрсенбі күні түнде күн алабұлтты, жаңбыр жауады, +6 градус жылы, атмосфералық қысым 740мм, желдің жылдамдығы солтүстік-батыстан 4 м. с., ауаның ылғалдылығы 82% т. с. с.
)
FILA кестесі.
FILA кестесін толтырмас бұрын оқушылар топ ішінде ең алдымын мәтінді жан-жақты талқылап алуы тиіс. Содан кейін ғана кестені толтыруға кіріседі. Бұл кесте оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытып, проблемадан шығу жолдарын қарастырады. Берілген тапсырманың басты мақсаты - ол бірлескен жұмыста мәселені шешуді жеңілдету және қиын тұстарда ортақ пікірге келуге мүмкіндік беру.
І
(мәтіннің идеясы)
Жазылым дағдысы негізінде анализ жасау, пікір, хат, эссе және т. б. тапсырмаларды қолдануға болады. Сонымен қатар сюжетті суреттерді пайдалану арқылы оқушылар тарапынан креативті жұмыстар орындалады. Мысалы: "Берілген суретті пайдаланып, достарыңы хат жаз немесе блогқа ақпарат жаз" - деген тапсырмаларды беруге болады. Кез-келген жазба жұмысын орындау кезінде оқушы жазба жұмысының стилін сақтауды ұмытпау керек. Егер ол хат болса, хат жазу үлгісін, егер мінездеме болатын болса, ресми іс-қағаздар стилін және т. б.
Жазба жұмыстарының ішінде ерекше орын алатын тапсырмалардың бірі ол эссе жазу. Эссе жазудың өзіндік жүйесі бар. Ол тезис, тезиске сай аргументтерді келтіру, қажет болған жағдайда қарама-қарсы аргументтерді келтіру, себеп, ұсыныс және қорытынды. Көп адамдар эссе мен шығарманың аражігін түсіне бермейді. Дегенмен бұл екеуі бір-біріне ұқсамайтын дүниелер. Эссе жазған кезде автордың позициясы, проблеманы ашу, түйін шығару деген мәселелер алдыңғы қатарда болу керек.
Талдау жұмыстарын жүргізген кезде (мәтінді, фильм, мультфильм, кино, видеоролик, сурет) төмендегі кестені қолдануға болады. Үлгі:
Кейіпкерлері кімдер?
Мұндай кейіпкерлер өмірде кездесе ме?
Тілді меңгеруде ең басты мақсат - айтатын ойын түсінікті етіп жеткізу. Айтылым - адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу, хабарлау сияқты процестермен іске асады. Сондықтан сабақ барысында оқушылардың айтылым дағдысына үлкен мән беріледі. Әр сабақта, әр оқушы өз пікірін ортаға салып, ойымен бөліскен жөн. Айтылым дағдысын жетілдіру үшін диалог, рөлдік ойын, интервью, монолог және т. б. қолдануға болады. Түрлі жағдаяттар, рөлдерге бөліп ойнау, бір-бірін тыңдап, сөйлеу арқылы оқушылар жасаған іс-әрекеттерін ұзақ есте сақтайды. Сонымен қатар, ойлануды қажет ететін тапсырмаларды қолданған кезде, оқушылар оларға анализ жасап, өз пікірлерін қорғауға, дәлелдемелерді келтіріп айтуға дағдыланады. Осы мақсатты жүзеге асыратын әдістерді бірі - ол SWOT әдісі.
Берілетін мәтіндер, аудиожазалар, бейнежазбалар белгілі бір пәнге негізделу керек, тіл мен әдебиет төңірегінде болатын болса, онда ол кіріктірілген оқу жүйесіне жатпайтын болады.
Қорытындылай келе, біз екінші тілді меңгеруде оқытудың жаңа кезеңіне қадам басып отырмыз. Бірнеше жыл бойы жүргізіліп жүрген зерттеулердің нәтижесінде СLIL әдісінің ұтымды тұстарын барлық ел көріп отыр. Оны мұғалімдер ғана емес, оқушылар ата-аналар да көріп отыр. Екінші тілді қарапайым деңгейден академиялық дәрежеге дейін жеткізу ынтасы мен ықыласы бар ғана адам тез меңгере алады.
Сонымен қатар, СLIL сабағын өткізу барысында мұғалім төрт негізгі қағидаттарды есте сақтаған жөн. Олар: мазмұн, қарым-қатынас, таным және мәдениет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz