Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақ тілін оқытуда жиі қолданылатын педагогикалық әдіс - тәсілдер
Оқытушы көп әдісті білуге тырысуы керек.Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағдарлама негізі тілдік бірліктерді және олардың тіркесімділігі мен қолданылу ерекшеліктері туралы білімді меңгеруде үлкен қолдау көрсетеді. Осының нәтижесінде сөздік қорлары толығып, тілдік дағдылары жетіледі, ұлттық құндылықтарды құрметтеуді, оны бағалауды үйренеді. Шәкәрім Құдайбердіұлы <<Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді>> деп есептейді. Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған.Қазақ тілін үйретудің екі жолы бар: жазбаша және ауызекі. Шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойларын, пікірлерін, әсерлерін мәтін түрінде жазбаша жеткізеді. Айтатынын дайындап, сұрыптап алады. Ал өз ойын ауызекі монолог немесе диалог түрінде жеткізу үшін тек қана тіл емес, мимика, ым, көзқарас қолданылады. Сабақта жетістіктерге бағыттайтын жұмыс түрлері көптеп қолданылады: жаттығу жұмыстары, грамматикалық, лексикалық тесттер, өздік, ұжымдық, жұптық, топтық бақылау, сөздік жұмыстары, диалог түріндегі түрлі ситуациялық жұмыстар, мәтінмен жұмыстың көптеген түрлері.
Қазақ тілін оқытуда жиі қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
1) Оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері:
-- тілдік әдістер (әңгіме, дәріс, семинар, диалогтік оқыту,топтық оқыту, бірлесе оқыту);
-- көрнекілік әдістері (иллюстрациялар, көрсетілім, таныстырылым);
-- тәжірибелік әдістер (жаттығулар, тәжірибе жасау, қолмен түрлі бұйымдар (постер,кластер, буклет) жасау;
-- репродуктивтік әдістер;
-- проблемалық-ізденушілік әдістер;
-- өзіндік жұмыс әдістері (мұғалім басшылығымен және өз бетімен);
2) Оқу-танымдық әрекетті ынталандыру және уәжді арттыру әдістері.
3) Оқу-танымдық әрекеттің тиімділігін бақылау және өзіндік бақылау жасату әдістері.
Ал, оқыту орыс тілінде жүргізілетін колледждердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының алдында тұрған негізгі мақсат - тіл үйрету, мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық ережелер мен сөйлем құрылысын меңгерту.Қазақ тілін оқыту барысында тілдің қыр - сырын, табиғатын таныта отырып ертеңгі өмірден орын таба алатын, өзіне сенімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсуіміз қажет.
Оқытушы үшін ең басты назар аударатын мәселе - сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар. Студенттерге қазақ тілін меңгертуде жақсы нәтижеге жету үшін оқытушы сабақтың түріне қарай әр түрлі әдістерді тиімді қолдану керек.
Білімді тексеру және бағалау сабағындағы мақсат - студент білімінің деңгейі мен тиянақтылығын зерттеу. Бұл сабақты топтық, ұжымдық етіп интерактивті әдістермен жүргізген тиімдірек. Өйткені, білімді тексеруге командалық әдіспен өту (жалпы сынып бойынша) қолайлы болады. Сабақтың өн бойында өткенді қайталап, оқушылардың әрқайсысының қаншалықты сабақты меңгергендігін білу басты мақсат болып табылады.
Өзге тілді оқытуда бірден - бір тиімді әдіс - коммуникативтік әдіс деп ойлаймын. Коммуникативтік әдіс оқушылардың ауызекі сөйлеуін, қарым-қатынас жасауын, сұрақ - жауап жүргізуін, әңгімелесуін, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын молайтады, тілді дамытады. Бұл әдістің ішінде ерекше орын алатыны - диалог. Диалог студенттердің сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Тақырыпты тереңірек игертуде қосымша <<Т-кестесін>> қолдануға болады. Бұл интербелсенді тәсіл - бір-біріне қарама-қарсы немесе салыстыруға болатын ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі.
<<Менің күн тәртібім>> тақырыбына қатысты оқытушы мынадай екі пікірді салыстыра алады: күн тәртібі жоспарланған студент пен күн тәртібі құрылмаған студенттің артықшылықтары, кемшіліктері. Кестені интербелсенді тақтада орындау барысында топ студенттері алдын-ала жазылып қойылған сөздерді тиесілі жолаққа орналастыруы керек. Осыдан келіп студенттер салыстырмалы түрде жақсы мен жаманның айырмашылығына түйін жасайды.
Сабақ соңында <<Иә, жоқ>> сұрақ-жауап кезеңін жоспарлап, грамматикалық тақырып пен негізгі тақырып туралы бірнеше сұрақтар тізімін келтіруге болады. Интербелсенді тақтада дұрыс сауалдың тұсына <<+>> белгісін қойып, бұрыс сауалға <<->> белгісін қойып отырады. <<Жоқ>> деп жауап берген жағдайда, себебін сөздік қорларына байланысты қысқаша түсінік беріп кетеді. Осылайша оқытушы өтілген тақырыптың қаншалықты меңгерілгендігі жөнінде анықтап әрі оқушылардың тақырып бойынша білімін қайта пысықтап алады.
Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызуда күтілетін нәтижелер:
Оқуға қызығушылық артады
Сабақта белсенділік жоғарылайды
Сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды
Дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады
Сөйлеу тілі қалыптасады
Топпен, жұппен жұмыс жасауды үйренеді
Сөйлеу іскерлігінің коммуникативтік бағыттары: оқу, тыңдау, сөйлеу, жазу.
Сабақта тілдік қарым - қатынас жағдайын ұйымдастырмай тұрып, мемлекеттік тілде сөйлеуге үйрету мүмкін емес.
Педагогикалық технология бойынша студенттің тіл мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту қажет. Әр студенттің деңгейіне қарай бағдарлама жасау керек. Әрбір жеке жұмыс қабілетін ескере отырып сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшелігіне қарай беру керек. Осы міндетті атқару үшін біз өз тәжірибемізде деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланамыз. Топтағы студенттер өз деңгейіне сәйкес тапсырма таңдап алады. Бұл тапсырмалар студенттердің білім деңгейін бағалауға, мүмкіншіліктерін байқауға, мұғалімнің әрі қарай қандай жұмыс атқару керектігін көрсетіп береді.
Жоғарғы курстарда белгілі бір мәтін бойынша жұмыс түрлеріне тоқталамын. Мәтін бойынша сай келмейтін ақпаратты табу, сәйкес ақпаратты табу, сұраққа мәтін бойынша дұрыс жауапты табу, қандай тірек сөздер бар, асты сызылған сөздердің мағынасын ашыңыз тәрізді тапсырмалар беремін. Сол сияқты суреттер сөйлетеміз сияқты да тапсырмалар болады. Бұл жоғары топ студенттерінің қызығушылығын оятып, логикалық ойлануына, мәтінді түсінуге жетелейді. Қазіргі заманғы әдіс-тәсілдердің ішінде ең қолайлысы - компьютерлік технология. Сабақ барысында мен оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, стратегияларын пайдаланамын. Яғни сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: <<Алты қалпақ>>, <<Венн диаграммасы>>, <<Фишбоун>>, т.б.
Білімді тексеру және бағалау сабағындағы мақсат - студент білімінің деңгейі мен тиянақтылығын зерттеу. Бұл сабақты топтық, ұжымдық етіп интерактивті әдістермен жүргізген тиімдірек. Өйткені, білімді тексеруге командалық әдіспен өту (жалпы сынып бойынша) қолайлы болады. Сабақтың барысында өткенді қайталап, студенттердің әрқайсысының қаншалықты сабақты меңгергендігін білу басты мақсат болып табылады.
Студентті қажеттілігіне қарай даралап аламыз, олардың оқуын қолдау үшін бірінші кезекте қандай стратегияларды пайдаланатынымызды және тапсырмаларды жоспарлап алу қажет.
Дарынды және талантты студенттермен жұмыс істеу барысында олардың оқуын кеңейту үшін, бірінші кезекте қандай стратегияларды пайдаланатынымызды және тапсырмаларды жоспарлап аламыз.
Деңгеймен оқытудың ерекшелігі:
1.Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіз-
діктен арылады.
2. Студенттердің оқуға деген ынтасы артады.
3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Сабақты жоспарлау барысында студент сауаттылығын жетілдіру барысында тапсырмаларға шолу жасаймыз және әр тапсырманың сауаттылықпен байланысын белгілейміз.
1.Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

Сауаттылық:
‒ түйінді сөздердің қолданылу ерекшелігіне қарай;
‒ оқшау оқу дағдыларын пысықтау және дамытуға арналған стратегиялар;
‒ жұмыстың мақсатын, ортасын, тілін, құрылымын нақтылайтын нұсқаулықтар;
‒ сыныптық талқылаулар мен кері байланыс орнату кезінде студенттердің ауызша жауаптарындағы дыбыстауды дамытушы стандарт;
‒ студенттерді оқуға дейін, оқу барысында және оқудан кейін бағыттау үшін қолдау көрсету.
Қазақ тілін оқытуда қолданатын, студенттердің белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістердің бірі - интерактивті әдістер . <<Интерактив>> сөзі бірлесіп әрекет ету деген мағынаны білдіреді. Мұндай сабақты ұйымдастыру оқытушы мен студенттен үлкен белсенділік пен шығармашылықты, жауапкершілікті қажет етеді.
Сабақты бастауға арналған идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін тапсырмалардың мақсаты - сабақ тақырыбына байланысты студенттердің қызығушылығын тудыру. Нақтылап айтар болсақ, <<Артығын алып таста>>, <<Бұл жауап болса, онда сұрақ қандай болады?>>, <<Суреттер: Не болды?>>, <<Пантомима>>, <<20 сұрақ - иә не жоқ деген жауап>> <<Әуеді атаңыз - әуен тақырыппен қалай байланысқан?>>, <<Айырмашылығы неде?>>, <<Құпияға толы зат>>, <<...қатысты 10 сөзді атаңыз>> тапсырмалары оқушыларды жылдам ойлауға жетелейді.
Жаңа сабақты қорытуда, бекітуде талқылаудың орны ерекше.
Талқылаудың мақсаты - оқу бойынша қорытынды жүргізу, оқуды біріктіру, келесі деңгеймен байланыстыру және олардың қалай оқитынын белгілеу. Мысалы: <<Сыныптан шығуға билет>>, <<Жұмбақ сөздер>>, <<Ыстық орындық>>, <<Өз миыңды суретте>>, <<Бір минут қана>> әдістері оқушыларды тек қана жетістікке жетелейді.
Дидактика ілімі бойынша оқытудың интерактивті әдістеріне мыналар жатады:
‒ пікірсайыс әдісі;
‒ <<Ми шабуылы>>;
‒ <<Сократ>> әдісі;
‒ <<Дөңгелек үстел>> әдісі;
‒ іскерлік рөлдік ойындар;
‒ драмалау.
Орыс топтарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ - жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, <<Дөңгелек үстел>>, <<Ми шабуылы>> т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, студенттің басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс - тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.
Шығармашылықты дамытуда ерекше орын алатын жұмыстың бірі- әңгіме құрастыру. Бұл жұмыс түрі алдымен ауызша жүргізіледі,кейін студенттер өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіруге жаттығады. Әңгіменің мазмұны күнделікті өмірдегі қоршаған құбылыстардан бастала отырып, студенттердің қиялын, арманын суреттейтін тақырыптарға дейін қамти алады. Оқытушының негізгі мақсаты - студентке әңгіменің тақырыбын таңдауға бағыт беру, студент қиялын дамытуға мүмкіндік жасау.
Топтық жұмыста күтілетін нәтиже:
1.Инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімділігін түсінеді;
2. Инновациялық әдіс-тәсілдердің жұмысты жақсартуға ықпалы тиетінін біледі;
3.Инновациялық әдіс-тәсілдердің нәтижеге бағытталғандығын түсінеді;
4.Өз жұмыстарына рефлекция жасай алады;
5.Топпен жұмыс жасай отырып ынтымақтастық ортасы құрылады, болашақта бірлесіп жұмыс жасауға ынталы болады
Орыс топтарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ - жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс - тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.
Әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде қорытындыласақ:
‒ студент тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
‒ оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
‒ белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;
‒ тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым - қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолдану оқытушының біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады, бірақ мақсат біреу-ақ: қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту арқылы әр студенттің рухани әлемін ашу, оның бойынан суретші, құрастырушы қасиетін тауып, шығармашылық әлеуетін арттыру болып табылады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz