3-сыныпқа арналған Жас математик сайыс сабақ жоспары

Жас математик сайысы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін
тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты
шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз
ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды
ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған
жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

-Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 3 сыныптар арасында өтетін «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.

Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға, Әділ-қазылар алқасы бағалап отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математиктер» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады. Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады: сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру

Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:

1« Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу)

2. «Сөзжұмбақ» шешу

3. «Математикалық бейнелі сөз»ребус

4. «Математикалық эстафета»

5. «Жұмбақтар»

6. «Логикалық сұрақтар» топ басшыларына

7. «Сәйкестендіру»

8. «Сиқырлы үшбұрыш»

9. «Ұшқыр ой» ойыны.

Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.

«Алғырлар» тобы

«Білгірлер» тобы»

Әр топ өздерін таныстырмай тұрып сендердің берген жауаптарыңды, шығарған есептерінді, орындаған тапсырмаларынды бағалап отыратын әділ-қазы алқасымен таныстыры өтейін:

1. Таныстыру бөлімі

«Алғырлар» тобы

Ұран: Қандай сынақ болса дағы беріспе

«Білгірлер» тобы»

Ұран : Білгірлер бәрін біледі, үнемі алда жүреді.


2кезең. «Сөзжұмбақ» шешу

уа, балалар, балалар,

Қане бері қараңдар

Сайысымызды бастайық

Сөзжұмбақты қиналмай

Лезде шешіп тастайық .

«Алғырлар»

1. Ең кіші бір таңбалы сан. Бір

2. Суреттегі бейнеленген жері не деп аталады бурыш

3. Ондықтан құралған сан. Қырық

4. Үш Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы

5Бір таңбалы сан. Үш (бұрыш)

«Білгірлер»

1. Геометриялық фигура. Төртбұрыш

2. 25+25 қосқанда қанша. Елу

3. Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер

4. есе кем деген қандай амал. Бөлу

5. Бүгінен кейінгі қандай кун. Ертең

6. Уақыт өлшем бірлігі. Ғасыр (шеңбер)

3кезең. «Математикалық бейнелі сөз» шешу, Яғни ребус шешесіндер

, Қаз Ай Ту (Азайту) Мысық, Етік, Р (Метр)

4 кезең «Математикалық эстафета»
1 - топ
(57 - 7) +40 =90
(20+60) - 10 =70
(60+9) - 40 =29
2 - топ
20+(45 - 5) =60
60 -(39 - 9) =30
70+(16 - 6) =80

5кезең. «Жұмбақтар»

1 - жұмбақ:

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? 30

2 - жұмбақ:

Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он. Аулада

неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?(2 бұзау, 1 Тауық)

3 - жұмбақ:
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? 60

4 - жұмбақ:

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? 24

5 - жұмбақ:

Қолымда 55 алма
5 - ін бердім апама,
5 - ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? 45

6 - жұмбақ:

100 асықтың 30 - ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады 70

6. кезең «Логикалық сұрақтар» топ басшыларына

«Алғырлар» тобы

1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? Азайтқыштың мәні

2. 1 сағатта неше минут бар?(60)

3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата. (70)

4 . Х+30=60 /х тің мәні нешеге тең?

5. Мектептегі 45 минут?(Сабақ)

6. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)

7 . Азайту амалының компаненттерін ата?(азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)

8. 3 пен 9-дың көбейтіндісі?(27)

9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(30)

10. Санды сол санның өзіне бөлсе. . (1 шығады)

«Білгірлер»

1. Қосудың нәтижесі қалай аталады? Қосындының мәні

2. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)

3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. (98)

4. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қоссамыз)

5. Мектептегі 10 минут?(Үзіліс)

6. Х+40=80 /х тәні мәні нешегі тең

7. Бөлу амалының компанеттерін ата?

8. 3 пен 7-нің көбейтіндісі?(21)

9. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)

10. Кез келген санды бірге көбейткенде . . . (Сол санның өзі шығады)

7кезең

Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки,

жауабын мен білем деп - келесі сайыс кезегі:
«Сәйкестендіру»

1 - топ:

1. Ең үлкен бір таңбалы сан. Азайту
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Үш
3. 4 онд. Тоғыз
4. Бір таңбалы сан. Шаршы
5. Кеміту амалы. Қырық

2 - топ:


Ұқсас жұмыстар
7-8 сыныптарға арналған Жас математик математикалық сайыс сабағының жоспары
3-сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс математикалық сайыс Тапқыр математик
Үздік математик сайыс сабақтарының оқу-әдістемелік жоспары (3-8 сыныптар)
Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы (Өскемен) 8-сынып оқушыларына арналған Жас математик сайысының сценарийі, 2014
Жас математик сайысы: мақсаттары, кезеңдері және тапсырмалары
Тапқыр математик: сыныпаралық математикалық сайыс ұйымдастыру жоспары
М.П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатының Жас математик интеллектуалдық ойынының іс-жоспары
2012-2013 оқу жылы: Жас математик үйірмесінің 5-6 сыныптарға арналған жоспары және қатысушылар тізімі
7-сыныпқа арналған ХХІ ғасырдың жас технологі: технология пәнінің дәстүрден тыс сайыс-сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған Математикалық сандық ойынының топтық сайыс сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz