Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Табиғат жайында өлеңдер

Табиғат және біз
Мақсаты: Оқушыларға қазіргі таңдағы адамзат баласының алдында тұрған экологиялық проблемалар туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, экологияның астарында отанға сүйіспеншілік, қазақи ұлт-дәстүрлік, діни ұғымдар жатқанын ұғындыру және экологиялық тәрбие беру. Табиғатты сүйе білуге, бүлдірмеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу барысы:
1- жүргізуші: "Табиғат және біз" - атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2- жүргізуші: "Табиғат адам үшін жаратылыпты, бар қызық табиғаттан таратылыпты",- деп С.Торайғыров атамыз айтқан екен.
1- жүргізуші:
Ей,табиғат шеберсің-ау, шеберсің.
Көрмегенді көрсетесің, берерсің.
Ұлан ғайыр байлығымды міс етпей.
Аш көзденген адамдарға не дерсің.
2- жүргізуші: Енді балалар экранға назар аударып,бүгінгі сабақ жоспарымен танысайық.
Сабақтың жоспары:
> Баяндама.
> Ой шақыру.
> Табиғат жайында өлеңдер
> Дұрыс/бұрыс
> Жұмбақтар шешу
> Қорытынды.

БАЯНДАМА (Мұғалім)
Қазіргі кезеңде адам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түскені мәлім. Жершарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті.
Әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, адаммен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетті шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырады. Жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады.
" Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып білмесін тартып аламыз", деген көз қарас қалыптасты.Мұның барлығы жер бетіндегі тіршілікке тигізетін әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан- табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда түсті.
Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады.
- Экологиялық жағдайы нашар аудандар: ядролық полигон, Арал маңы, мұнай-газ, металлургия, көмір кен орындары, өнеркәсіптік қалалар.
- Экологиялық жағдайы орташа аудандар.
- Экологиялық жағдайы салыстырмалы жақсы аудандар.
Қазақстанның экологиялық ахуалы нашар аймақтары: Арал, Каспий, Балқаш. Еліміз табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырылады. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар қабылданды.
Көкшетау, Іле, Жоңғар- Алатауы, Алтай Қазақстандағы маңызды рекреациялық аудандарға жатады.
1962 жылы 16 маусымда ҚазақКСР жоғары кеңесі "Президиумінің", "Қазақстанның табиғатын қорғау" туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбалары, суды ормандар мен құстарды, атмосфералық ауаны, топырақты сирек ландшафтылар және т.б. қорғау қарастырылды.
Ой шақыру.
Адамның дені сау болу үшін не керек?
Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті мәселеге айналды?
Дүниежүзілік проблема қандай?
Біз қандай үлес қосуымыз керек?

Табиғат жайында өлеңдер
1)Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән салам бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар тойының бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай тар тынысым.
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді.
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Ерлікті, ерлікті желден алған секілді.
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
2)Summer is over, winter comes -
Showy mornings and cold thumbs,
Still we fing the running brooks
Jn the picture story-books.
3) Мыңдаған жыл қуандырды біздерді.
Табиғатқа жаны ашыған ғалымдар
Қорғау үшін шығарды ғой кқп заңдар.
Пайда болды экология ғылымы.
Табиғат үй оны аялап қорғаңдар!
1- жүргізуші:
"Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ."

2- жүргізуші:
Ей адамдар!
Қалай ғана қатыгездік жасайсың
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың. -деп ақын М.Мақатаев атамыз айтып кеткен
4)Жур аналады әніміз.
Табиғатты қорғайық бәріміз!
Салауатты күн кешейік бәріміз.
Үлкен, кіші, жасымызда, кәріміз.
5) Қырға шыққам баяулап жел еседі,
Тілін ұқсаң табиғат сенімен тілдеседі.
Оян, достарым, жолыңда, көкке өрле.
Жер-Ананың қорғаушысы сен деседі,
6) Spring is green.
Summer is bright,
Autumn is yellow.
Winter is white,
The show is falling.
The wind is blowing,
The ground is white,
All day and night

7)Кеше де, бүгінде, ертең де,
Табиғаттың қорғаушысы тірегі де, көзі де,
Бір өзіңсің- адамдар
Болсын мәңгі есіңде!

1-жүргізуші: Сөйлемнің дұрыс+, бұрысын- анықта.
2-жүргізуші:
1.Табиғат пен адам - біртұтас.
2. Бұлақтардың көзін ашу ешкімге керек емес.
3. Су бар жерде - тіршілік жоқ.
4.Орман - ауаны тазартпайды.
5. Бізді қоршаған орта тап- таза.
Жұмбақтар шешу
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
Таңмен көзін ашады,
Әдемге нұр шашады. (Күн)
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)

Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)

Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам. (Күн)

Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар)

Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар)

Қорытынды: Табиғат - бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Табиғат - адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз <<Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі>> деп дәріптеген. Табиғат - адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз.
Оқушылар "Отан, табиғат, өсімдіктер, қорғау, жануарлар, ауа, жәбірлеме, жұлма" деген сөздерді өздерінің жадында сақтап қалғаны байқалды және де оқушылар бұл ашық сабақта бірнеше пән бір-бірімен байланысқанын сезді (география, ағылшын тілі, әдебиет) Бұл тәрбие сағаттардың көрінісі айқын белгілері оқушылардың сыныптың тазалығын ұқыпты ұстауында көрінді және де сыныптан тыс сенбіліктерге белсенді қатыса бастады.

Ұқсас жұмыстар
Қасым аманжоловтың тәлімді – тәрбиелі өлеңдері
Құстар қалай қыстайды Оқушыларға жалпы құстар жайында олардың қысқы тіршілігі жайында толық түсінік беру
Таулар
Абайдың өмірі
ФИЗИКА МЕН ӘДЕБИЕТТІҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ
Әдібай Табылдиев Күз кереметі
Бір кітаптың тұсаукесері
«ақұштап поэзиясын тану» қолданбалы курсы
Бердібек соқпақбаев «қамқорлық»
Абай құнанбаевтың "қыс"өлеңі
Пәндер