Физиканы оқыту әдістері

- Физиканы оқыту әдістемесінің химиямен, биологиямен, математикамен, және педагогикамен байланысы.
Мектеп оқушыларының бойында математика сабақтарында қалыптасқан белгісізді х арқылы белгілеу әдеті оларда жалпы түрдегі физикалық есептерді шығарған кезде көбінесе қиындық тудырады. Сондықтан математика мұғалімдеріне сандық коэффициенттері бар теңдеулерде белгісіздерді әр түрлі әріптермен белгілеуді және бір теңдеудің өзін әр түрлі параметрлерге қатысты қарастыруды табандылықпен ұсынып отыру керек. Өз тарапынан физика мұғалімдері алғашқы физикалық теңдеулерді шығарған кезде теңдеуге енген шамалардың арасындағы функциялық тәуелділіктің сипатын жеткілікті түрде толық талдауға және олардың математика сабақтарында оқып үйренілген функциялардың қай түріне жататынын айқындауға тиіс.
Бірнеше ғасырлар бойы физика математиканы тек өзінің есептерін шешу үшін пайдаланып келсе, енді физиканы пайдаланып математиканың сан алуан есептерін шешетін информатика-электрондық техника өсіп жетілуде. Басқа ғылымдармен тығыз байланысына қарай ғылымның жаңа салалары - астрофизика, биофизика, геофизика, космонавтика т. б. ғылымдар дамып келеді. Мектеп физикасы айналамыздағы дүниені танып білумен қатар дамытушылық және тәрбие беру қызметін атқарады. Сонымен физика пәнінің орта мектеп курсында алатын орны ерекше.
Физика мен химия бірін-бірі өзара жиі толықтырып отырады, өйкені осы пәндер сабақтарында бір ғана құбылыстар мен процестер әр түрлі жақтарынан қарастырылады. Физика мен химия үшін өте маңызды, ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары және энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңдары жатады.
Физика мен биологияның өзара байланысы ерекше. Биологиялық пәндерді оқып үйренгенде оқушылар жылу, температура, жарық, ылғалдылық және т. б. осы сияқты физикалық ұғымдарды пайдаланады, газдардың сұйықтардың және қатты денелердің қасиеттерінің көрінісімен танысады, таразыны, лупаны, микроскопты және т. б. құралдарды пайдаланудың алғашқы шеберліктеріне ие болады. Бұл алғашқы ұғымдар мен шеберліктерді физиканы оқып үйренгенде пайдалану керек.
Педагогика - адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы білім беру мен тәрбие теориясының мәнін заңдылықтарын, тенденциясы мен перспективасын зерттейтін ғылым. Осыған сүйене отырып пәнді қалай жүргізу керек, қандай тәсілдер пайдаланылу керектігі қарастырылады.
- Физика пәнін мектепте оқытудың негізгі міндеттері.
физика ғылымының негіздерін меңгеру (мемлекеттік бағдарламаларда айтылған білімдерді, дағдыларды және шеберліктерді игеру), оқушылардың ойлауын дамыту және дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, политехникалық білім беру.
- Физиканы оқыту әдістері. Оқыту әдістерінің классификациясы
Физиканы мектепте оқыту әдістемесі - педагогика ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі - орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс- тәжірибесі мен теориясын қарастыру.
Мектепте физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарты - физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен мен даму тарихын терең түсінуі. Физика пәні мұғалімі физиканы оқыту әдістемесінің практикалық және теориялық мәселелерін терең оқып игеру қажет. Әрбір студент физика - ғылым және физика - оқу пәні арасындағы өзара ұқсастықтар мен өзгешеліктерді ажырата білуі тиіс.
Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады.
1. Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалдарының көлемін және мазмұнын анықтау.
2. Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқытылатын материалдың бірізділігі, оңайдан қиынға қарай бірте - бірте өсіп отыруы тиіс.
3. Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін жасау.
4. Оқушылардың эксперименттік білімдер мен ебдейліктерін және дағдыларын қалыптастыру.
- Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі: әңгіме, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, дәріс.
Әңгімелесу - мұғалім оқушыларда бар білімдерге, практикалық тәжірибе мен тәжірибелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушыларды жаңа білімдерді түсінуге алып келетін оқыту әдісі.
Әңгімелеу - оқу материалын сабақта мүғалімнің дәйектілікпен, бейнелі түрде, диалогпен үзбектемей, баяндап беруі.
Түсіндіру - бұл мұғалімнің курстың неғұрлым күрделі мәселелерін дәйектілікпен, қатаң логикалық тұрғыда баяндап беруі.
Түсіндіруге пайымдау, ой қорыту, дәлелдеу сияқты белгілер тән. Бұл әдісті дәлелдеу, түсіндіру, негіздеу қажет болғанда пайдаланылады. Оқушылардың оқып-үйренетін мәселе жөнінде мұғалімнің әңгімелесу әдісімен материалды баяндауына негіз боларлық жеткілікті білімдері мен байқап-бағдарлағандары жоқ жағдайда әдістің орны бөлек.
Дәріс әңгіме және түсіндірумен салыстырғанда баяндаудың үлкен ғылыми қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады. Әдетте ол тұтас сабаққа арнап мөлшерленеді. Дәріс әдісін негізінен жоғарғы сыныптарда қолдануға болады, өйткені ол оқушылардан ұзақ уақыт бойы тұрақты зейін қоюды, жоғары дәрежеде дамыған абстрактілі ойлауды, дәріс барысында негізгі идеяларды, қорытындыларды, заңдардың тұжырымдарын, формулаларды жазып отыру шеберлігін талап етеді.
Физика пәнінен оқытудың ауызша баяндау әдісі немесе сөздік әдіс деп мұғалімнің білімді оқушыларға сөз арқылы физикалық құбылыстарды демонстрациялап көрсетіп, графиктерді тұрғызып және талдап, кестелер арқылы жұмыс істеп, есептер шығарып және оны талдай отырып немесе көрнекі құралдарды көрсете отырып жеткізуі.
- Физиканы оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары
Модульдік оқыту технологиясы (М. М. Жанпейісова) . Модуль дегеніміз-міндетті түрде оқушының білімі мен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульды құрастырудың негізіне пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блогына сәйкес келеді. Бірақ, тақырыптан айырмашылығы - модульде: тапсырма, жұмыс, оқушылардың сабаққа қатысуы, оқушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгей - бәрі өлшеніп, бағаланып отырады.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклы ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу және қорытынды.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы . RWCT - Қазақстанда осы жобаның ағылшын тіліндегі қысқартылуы қолданылады (Reading and Writing for Critical Thinking) . Ол қазақша былай аударылады: “Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту”.
Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен (фаза) тұрады.
І фаза (кезең) . Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі - бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Негізгі идеяны суреттеу”, “Түртіп алу”, “Ойлану, жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т. б. деген аттары бар әдістері (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты -үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену - белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны бұрынғы біліммен ұштастырады.
ІІ фаза (кезең) . Мағынаны тану
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі - мағынаны тану (түсіне білу) . Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.
ІІІ фаза. Ой толғаныс.
Тақырып туралы ой толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзімен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой-түйістіру өз үйрену жолын кестесін жасау мақсатында басқалардың әртүрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Жоба 60-тан аса стратегиялардан тұрады.
Кубизм стратегиясы - тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия бойынша ойлау мен жазуға көмектесу үшін кубикті және оның жан-жағындағы сөздерді қолдану керек. Кубикті 15- 20 см көлемінде жасау керек. Оның әр жағына 6 қырға, 6 тапсырма жазылады. Мұғалім берліген тақырып бойынша осы процестерді өткізіп 2-4 минут жазғызады. Кубиктің 6 қырына жетік түсінік беру керек. Бір ғана мақсат бар: аса ұтымды талқылап, ой алмасып, ретімен жүргізіп отыруы керек. Ойды ортаға салғанда белгілі ереже жоқ.
Білім беруді ізгілендіру технологиясының (Ш. А. Амонашвили) мақсаты: баланы оның жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу, жаны мен жүрегіне жылылық ұялату және баланың танымдық күшін қалыптастыру мен біліммен кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау болып табылады.
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік.
Проблемалық оқыту технологиясының мақсаты: білім, білік, дағдыға ие қылу мен өз бетімен әрекетену әдістерін меңгерту және танымдық, шығармашылық икемдікті дамыту болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz