Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Білім технологиялары
МАТЕМАТИКА ПӘНІН ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНАЛОГИЯЛАРДЫ КІРІСТІРЕ ОҚЫТУ
Бостанов М.М математика пәнінің мұғалімі
Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 Жалпы орта мектеп
Зерттеу объектісі: Мектепте математиканы оқыту процесі.
Зерттеудің мақсаты: математика сабағында инновациялық технологияларды қолдану процесі.
Зерттеу міндеттері:
1. Оқушыларға білім беруде инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын анықтау.
2. Математиканы оқыту процесінде инновациялық технологияларды қолдану негізін белгілеу.
3. Қолданылған инновациялық технологиялардың тиімділігін тексеру.
Бұл зерттеуде инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі және математика сабағында оқушылардың жоғары білім сапасына инновациялық технологияларды қолдану арқылы қол жеткізіледі.
а) инновациялық технологияларды меңгеруге бағытталған, оқыту кезінде ептілік және дағдыны қолданады.
б) білімді жетілдіруге бағытталған.
Күтілетін нәтиже:
- сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады.
- оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады.
- ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді.
- оқушылардың математикалық қабілеттері айқындалады.
Педагогикалық инновация - жаңа идея, әдіс, технологиялармен қатар, педагогикалық үрдіс элементтерінің бірлігі немесе білім беру мен тәрбиелеуде белгілі міндеттерді шешудің тиімді жолдары.
Инновациялық технологияларды сабақта пайдалану - өмір талабы. Инновациялық технологияны жаңа білім беру парадигмасын өмірде жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырған жөн.
Кез келген инновациялық үрдістің нысаны - оқушы. Инновациялық үрдістің мақсаты - әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі - нәтижеге жетуге ынталандыру.
Кез-келген инновациялық педагогикалық технология философиялық негізде қаралады, оны меңгеру мұғалімнің шеберлігіне көп байланысты. Инновациялық оқыту технологиясы сабақ беру әдісімен салыстырғанда оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері мен мазмұнын меңгеруді көрсетеді.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеністігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың <<Қазақстан - 2030>> Қазақстан халқына арналған Жолдауында <<Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады>> деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Білім беруді дамытудың проблемалары - қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай, келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Пре - - зиденті Н.Ә.Назарбаев инновациялық болашаққа жол - жал - пы - ұлттық басымдық ретінде жария етіп, бұл мақсатқа жету жо - лын - да Қа - зақстанды әлемдік дең - гей - дегі білім орталығына айнал - дыру қажет - тігін атап өткен еді. Осы инновациялық болашақтың негізгі тіректерінің бірі математика ғылымы мен білімінің дамуын - да жатыр.
Менің математика мұғалімі ретінде өз алдыма қойған мақсатым: <<Оқытудың озық ақапараттық - иновациялық технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім жүйесін дамытып, сапалы білім беру>>. Оқушыларға білім беруді дамытуда білім сапасын төмендегідей анықтаймын:
- толықтығы
- тереңдігі
- жеделдігі
- икемділгі
- нақтылығы
- жалпыланғандығы
- жүйелілігі
- түсініктілігі
- беріктігі
Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында көп жылдардан бері педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Сол жасалған жұмыстарымның негізінде оқушының:
- есептің берлігенін толық оқып шығуға дағдыландыру;
- теорияны білу, оны логикамен ұштастыру;
- шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру;
- көру, есте сақтау қабілетін дамыту;
- есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу;
- пәнге деген құзырылылығын арттыру.
Бұл технологияны қолдану барысында мен оқу материалдарын дайындау көп уақыт талап етеді. Ал қазіргі заманғы интерактивті құрылғылар дайындыққа кететін уақытты шамамен үш есеге азайту мүмкіндігін береді. Сонымен қатар электронды материалдар қайта өңдеуге, қатесі болған жағдайда тез түзетуге, жетілдіруге өте қолайлы болап табылады. Және интерактивті құралғыларды сабақта қолдану оқушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін, дайындықтарын арттыра түседі.
Модульдік оқыту технологиясы баланың тұлғалық психикалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Ал модульдік технологияны интерактивті құрылғылардың көмегімен жүзеге асыру сабаққа дайындық кезеңінде көп уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы педагогикалық ғылым білім мазмұнын бұрынғыдан өзгеше қарастырады. Қоғамда дамытушы, тұлғаға бағытталған технологиялардың енгізілу қажеттілігі туындап отырғаны айқын.
9-сыныпта модульдік оқыту технологиясын кеңінен қолдануға болады. Әр модульге сай тестер құрастырылады.
Мысалы, <<Функцияны зерттеу>> тақырыбын өткенде алдымен зерттеу схемасын құрамыз:
1.Анықталу облысын табамыз;
2.Жұп, тақтығын, периодтылығын анықтаймыз;
3.Осьтермен қиылысу нүктелерін;
4.Таңба тұрақтылық аралықтарын;
5.Өсу, кему аралықтарын;
6.Экстремум нүктелерін анықтаймыз;
7.Графигін құрамыз.
Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты - окушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін математика сабақтарында қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабақта қолдану тиімді. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлу керек:
1) сабақтың мазмұны;
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау;
3) сабақтың нәтижелігі.
Жалпы оқытудағы ең басты мәселе оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
5-сыныпта тақырыпты меңгеруін тексеру барысында карточкалар таратылады, мұндағы тапсырмалар А,В,С деңгейі бойынша қарастырылған, соған сәйкес оқушының деңгейлі тапсырманы өзі таңдауға мүмкіншілігі болады және тиісті бағасын алады.
8-сыныпта <<Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат>> тарауын қайталау мақсатында өткізген сабақтың құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беру.
І-деңгейде: Сұрақ: Осы фигуралардың анықтамаларын ата.
Тақтаға фигураларды сызып көрсет. (интерактивті тақтада)
Проблемалық сұрақтар беру.
1.Қоршаған ортадан ұқсас пішінді заттарды ата?
2.Фигураның қабырғаларының арасындағы сәйкестікті бұзсақ қандай фигура пайда болады?
ІІ-деңгейде: Сұрақ: Осы фигуралардың қасиеттерін ата. Тақтадағы сызбада шартты белгілермен көрсет. (интерактивті тақтада)
ІІІ-деңгейде: Осы үш фигуралардың ұқсастығын ата.
8-сынып <<Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары>> тақырыбы бойынша алған білімдерін жалпылау және жүйелеу сабағында квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын есеп шығаруда қолдану дағдыларын жетілдіру үшін сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар беріледі.
1.Екінші дәрежелі теңдеу қалай аталады?
2. Квадрат теңдеудің түбірі неге тәуелді?
3. Егер, <<Д>> 0- ден үлкен болса теңдеудің неше түбірі болады?
4. Бірінші коэффициенті 1-ге тең теңдеу қалай аталады?
5. Дискриминанты 0-ден кіші теңдеудің неше түбірі болады?
6. Бос мүше 0-ге тең болса теңдеу қалай аталады?
Үй тапсырмасын бергенде, оқушылардың деңгейлік айырмашылықтарын ескере отырып таңдау мүмкіндігін беру қажет.
Тәжірибе
Сабақтың тақырыбы: Функцияның формуламен берілуі.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Функция туралы берілген білімдерін тексеру, математикалық білімдерін кеңейту.
Оқушылардың алған білімдерін жинақтау
2. Дамытушылығы: Жан-жақты ойлауды дамыту.
Зеректік, өздігінен жұмыс істеу, шығармашылық
қиялын дамыту.
3. Тәрбиелігі: Оқушыларды танымдық қызығушылыққа, жолдастық сезімге, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: формула, суреттер, таблица, карточкалар.
Сабақтың типі: Білімді жинақтау, қорытынды.
Сабақтың әдісі: деңгейлеп-саралап оқыту.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Назарларын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын айту. Оқушыларды 2 топқа бөлу.
1-топ <<Анықталу аймағы>>, 2-топ - <<Мәндер аймағы>>. Аймақ әкімдерін сайлау.
- Бүгінгі сабақта Математика еліндегі Функция теңізінің жағалауына саяхат жасаймыз. Біздің мақсатымыз осы ел туралы білетін білімдерімізді көрсете отырып, Математика елінің патшасын сайлау. Ол үшін екі аймақ өзара сайысып, ел патшалығын билеуге жететін білімдерінің барлығын көрсету керек. Алғашқы сынақ үй тапсырмасын қаншалықты орындаған деңгейлеріңді тексеруден басталады.
Функция туралы мәлімет. <<Функция>> сөзі латынның funktio - қазақша орындау, атқару деген сөзінен шыққан. Функция терминін математикаға 1694 жылы тұңғыш енгізген неміс физигі, математигі Вильгелем Лейбниц болатын.
Үй жұмысы есептері дайын жауаптар арқылы интерактивті тақтада тексеріледі.
1.
Х-аргумент
-2
-1/7
0,5
-3
0
1,2
У-функция
У=7х+4
-10
3
7,5
-17
4
12,4
2. Қайық 7,5 км/сағ жылдамдықпен Х сағатта S км жол жүрді.
1) S=f(х); f(х) функциясын формуламен жазыңдар.
2) Аргументтің 1,8-ге; 2,5-ке тең мәндеріне сәйкес функцияның мәнін табыңдар. Жауабы: Функция f(х) =7.5х; формуламен өрнектеледі.
3) Егер х=1,8 болса, у =18,75 болады.
Әр топ дәптерлерін тексеріп, өздерін-өздері бағалайды.
Өткенді пысықтау.
Фукция еліне саяхат.
Кубизм әдісі бойынша сұрақ-жауап екі топқа кезек қойылады. Интерактивті тақтада кубты дөңгелету арқылы сұрақ таңдалады.
1. Функция дегеніміз не?
2. Аргумент деп қандай айнымалыны айтады?
3. Функционалдық тәуелділіктің жазылуының жалпы түрі қандай?
4. Функцияның анықталу аймағы деген не?
5. Функцияның мәндерінің аймағы деген не?
6. Р= 3а формуласындағы тәуелсіз айнымалы мен тәуелді айнымалыны ата.
<<Функция мәндерінің лабиринті>> ойыны.
Ойын шарты: ішкі дөңгелектегі аргументтің берілген мәніне сәйкес сыртқы тіктөртбұрышқа функцияның мәнін қою.
-1
4
9
8
-5
3
- 5
8,5
1
14,5
16
7
ФУНКЦИЯ
ƒ (х) = 3х + 5
2
Аргумент
-1
4
9
8
-5
3
- 5
8,5
1
14,5
16
7
ФУНКЦИЯ
ƒ (х) = 3х + 5
2
Аргумент
Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгей: Формуламен берілген функцияның әрқайсысының анықталу аймағын таңдап алыңдар: (интерактивті тақтада, сәйкестігін табу арқылы көрсетеді)
ƒ (х) = 5
х - 6; А) 0 санынан басқа нақты сандар;
ƒ (х) = 9
х ; Б) -1 және 1 санынан басқа нақты сандар;
ƒ (х) = 9
х2 - 1 ; С) 6-дан басқа барлық нақты сандар;
ƒ (х) = 8 + х
3 ; Д) барлық нақты сандар;
2-деңгей:
1. Ауданы S см2 тік төртбұрыштың ені 7 см, ұзындығы одан х см артық.
А) S= ƒ (х); ƒ (х) функциясын формуламен жазыңдар;
Б) ƒ (1); ƒ (2,5) - нің мәндерін табыңдар.
2. Халықаралық математикалық олимпиададағы ең жоғары ұпай саны 42. 1 есепті толық шығарса 7 ұпаймен бағаланады. Толығымен шығарылған есеп саны х болса, шығарылмаған есеп саны у.
1) у = ƒ (х); функциясын формуламен жазыңдар;
2) ƒ (3); ƒ (5)-тің мәндерін табыңдар;
3) Функцияның анықталу аймағын табыңдар.
3-деңгей:
ƒ (х) = 2 және g (х) = х + 3 берілген,
1 + х 9
салыстырыңдар:
1) ƒ (3) және g (3)
4-деңгей:
Логикалық есеп.
Ш (х) - баланың шешесі. Ә(х)-баланың әкесі.
Төмендегі функционалдық тәуелділікпен жазылған кісі бала үшін қандай туысқандықпен аталады.
1) Ш (Ә(х)); 2) Ш (Ш(х)); 3) Ә (Ә(х)); 4) Ә (Ш(х));
Деңгейлік тапсырмаларды аяқтаған соң, тест жұмыстарын таратамын.
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Қорытынды
Инновациялық процестер уақыт талабына байланысты дамиды, бірқалыпты өзгеріске ұшырайды, жағдайына байланысты тәрбиешімен тәрбиеленушілердің өзара байланысы болып саналады. Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі: арнайы қолданған деректер, дамытушы идеялар кітаптар, педагогтар, білімді көтеруді ұйымдастырушылар т.с.с. болып табылады. <<Әр жоғары сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс>>-дейді.
Мұғалім - әр уақытта да бе,лсенді, шығармашылық жеке тұлға. Ол - оқушылардың күнделікті өмірін ұйымдастырушы. Мұғалімнің бөлінбейтін кәсіби сапасы - әділдік. Педагогтың әділдігі - оның адамгершілік беделін арттыра түседі. Ұстаз әр уақытта да талап қоя білуі қажет, ол оның жемісті жұмысының негізгі шарты болып табылады. Мұғалім ең әуелі өзіне, жоғары талапты қоюы керек, демек, басқалардан өзінде жоқ қасиеттерді талап ете алмайсың. Педагогикалық такт - шәкірттермен қарым-қатынаста бір қалыпты талапты сезіне білуді сақтау. Такт - тәрбиешінің ақыл-ойының, сезімінің және жалпы мәдениетінің шоғырлануы.
Кез келген инновациялық үрдістің көзделген мақсатқа апару - апармауы жорамал түрінде болатындығын ескерсек, осы бағытта кездесетін көптеген қиындықтардың барлығы сөзсіз, бірақ оны алдын - ала анықтау мүмкін емес. Жоба деңгейінде көптеген қателіктер мен ескермеушіліктің алдын алу үшін тәжірибеден өткен инновациялық жоспарды жан-жақты талдап, соның негізінде қорытынды бағдарлама жасаған дұрыс. Бұл бағдарламаны зерттеуші жасауды да, ол ғылыми- әдістемелік кеңесте талдаудан, сыннан өткізіледі. Жаңалық енгізудің жоспарын сыннан өткізуде төмендегі көрсеткіштердің ескерілуін қатты қадағалау қажет.
- жоспар мазмұнының біртектілігі;
- оның бөлімдері мен тараулардың құрылымдық байланысы;
- оның бір жүйелілігі, қисындылығы, құрылымдылығы;
- қателігі, жетіспеушілігі;
- бағдарламаға қосымшалар мен ұсыныстар енгізу;
- сындық қорытынды (жүргізуге, қабылдауға немесе ескертпелер негізінде толықтыруға ұсынылады)
Инновациялық үрдісті енгізуде мұғалімдердің өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы үлкен роль атқарады. Сондықтан болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз.
Қорыта келгенде, жаңа педагогикалық технологияларды кез келген сабақта қолданған тиімді. Әсіресе, математика сабағында өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып қолданса, жақсы нәтижелерге жетуге болады.
Оған дәлел - біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік - дағдыларын қалыптастырады.
Аталған технологияны түрлі үлгідегі мектептерде (жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде), қалалық және ауылдық жерлерде қолдану бағдарламалық материалды <<жақсы>> және <<өте жақсыға>> меңгерген оқушылардың саны едәуір артқанын көрсетті.
Сондай-ақ, оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін ұштай отырып, сыныптық білім көрсеткіш деңгейлерінің де артқанын байқатты.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.
Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі. Әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мұғалім мына төмендегі түсініктерді ескергені жөн:
* Қатарлас отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескерту;
* әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
* оқушының өз бетінше іс - әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
* сынып топтарының ерекшеліктерін ескерту;
* мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы, т.б.
Білім беру бағытындағы инновациялық технологияның маңызы, біріншіден білім беру, оқыту, тәрбиелеу бағыттарын инновациялық технологиямен жетілдіру, екіншіден, пәндердің материалдық базасының байлығы мен үйлесімділігі, үшіншіден, оқушылардың өзіндік жұмыстарының орындалу барысын қадағалау және бағалау үлкен септігін тигізеді.
Қорыта айтқанда, жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологиялардың алатын орны ерекше. Педагогикалық технологиялардың принциптері - оқытуды ізгілендіру болып табылады. Оқыту технологияларын сауатты қолдана білген әр ұстаздың білім беру үрдісі нәтижелі және сапалы болатыны сөзсіз. Тек қана осындай ұстаз сабағында жеке тұлғаның білім, білік, дағдысын қалыптастырып, өздігінен даму бағдарын анықтап, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп дамытатын тұлға тәрбиелей алады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Бостанов М. М,Умурзакова А.К Оқу әдістемелік кешен <<Математиканы оқыту әдістемесі>> Алматы 2020ж
2. Абылайхан С.М. Қазіргі педагогикалық технологиялар. Лекциялар жинағы. Қарағанды 2008ж.
3. Абылкасымова А, Бекбоев И Алгебра 9 Алматы <<Мектеп>> 2019
4. Алдамуратова Т.А, Байшоланов Е.С, Математика 5 Алматы <<Атамұра>>2010.
5. Амантаева М. Математика сабағының кезеңдерінде инновациялық технологияларды қолдану. Математика. 2012. №1 4-7 б.
6. Ахатова Г. Саралап оқыту әдістерінің ерекшеліктері мен түрлері. Қазақстан кәсіпкері. 2011. №5 10-11б.
7. Ахметұлы.Қ, Баймолдаев.Т. <<Жаңа буын оқулықтары арқылы жас ұрпаққа білім беру жолдары. Алматы, 2003ж.
8. Ахметов Н.К <<Ойын - оқыту процесі ретінде>> Алматы 2005жыл
9. Ахметова Г. Оқытудағы жаңа технологиялардың тиімділігі. Білім технологиялары. 2010 №2 57-59б
10. Әбілкәрімова Б. Математика сабағындағы ойындар. Математика және физика. 2004 №1 50-51б.
11. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. - Алматы, 2001.
12. Бұзаубақова К. <<Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру міндет>> Қазақстан мектебі №9-10 2005ж 25-26б
13. Валиева М. <<Жаңа педагогикалық технологиялар>> Әдістемелік нұсқау 2002 жыл
14. Дүйсенова Г. Жаңа технологияның тиімді жақтары. Ұлағат 2009 №1 108-110б.
15. Жанпеисова М.М.. модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде /Аударған Д.А.Қайшыбекова/ - Алматы, 2006 ж.
16. Жунусова М.Р. Жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту Қарағанды 2008
17. Жадрина М.Ж. <<Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім
18. <<Қазақстан-2030>> Стратегиялық бағдарламасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz