Биотехнология элективті курс

«№ 20 З. Шүкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры Аудандық білім бөлімі меңгерушісі

М. Андызбаев
«___» 2021 ж «___» 2021 ж

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

C:\Users\Боген\Desktop\b0e817b7783d47b89d121b6c4038f6f9.jpg

Курс атауы: «Биотехнология»

Сынып: 10-11

Сағат саны: 34

Бағдарлама авторы : Есжанова Г. С

Қызылорда облысы
Арал ауданы

2021 ж

Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның толық атауы
«Биотехнология» элективті курс
Бағдарламаның толық атауы: Бағыты
«Биотехнология» элективті курс: Ақпараттық-танымдық
Бағдарламаның толық атауы: Бағдарлама авторы
«Биотехнология» элективті курс: Есжанова Гулмираш
Бағдарламаның толық атауы: Аумағы
«Биотехнология» элективті курс: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылы
Бағдарламаның толық атауы: Телефон
«Биотехнология» элективті курс: 8 705 677 06 89
Бағдарламаның толық атауы: Бағдарлама мақсаты
«Биотехнология» элективті курс: Биотехнологияның әртүрлі салаларының негізгі заманауи мәселелерімен таныстыру; микроорганизмдерді сұрыптау бағыты жайлы түсінік қалыптастыру.
Бағдарламаның толық атауы: Сағат саны
«Биотехнология» элективті курс: Жылына 34 сағат, аптасына 1 сағат
Бағдарламаның толық атауы: Бағдарламаны іске асыруға қатысушылар
«Биотехнология» элективті курс: Мектеп әкімшілігі, биология пәнінің мұғалімі
Бағдарламаның толық атауы: Мақсатты топ
«Биотехнология» элективті курс: 10-11 сынып
Бағдарламаның толық атауы: Бағдарламаны іске асыру шарттары
«Биотехнология» элективті курс: Ноутбук, проектор, интернет-ресурстары, энциклопедиялар, қосымша әдебиеттер
Бағдарламаның толық атауы: Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны
«Биотехнология» элективті курс: 10 оқушы

1. Түсінік хат

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:

Білім беру бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету шеңберінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеудің, сараптаудың және басып шығарудың жаңа жүйесі енгізілетін болады. Осы « Биотехнология » қолданбалы курс бағдарламасы жаңартудың нормативтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық негіздерін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін және технологияларын ескере отырып білім берудің басым бағыттарына, білім алушылардың білім алу қажеттіліктеріне жасалған талдау нәтижелеріне сәйкес әзірленген.

« Биотехнология » бағдарламасы мектеп оқушыларын мамандыққа бағыттау үшін биология пәніне қосымша оқу курсы ретінде ұсынылады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі өтілетін тақырыптар жалпы оқу бағдарламасында қамтылмаған және білім алушылардың жалпы теориялық білім алып, кәсіби өзін-өзі анықтауы және қазіргі заманғы әлеуметтік - экономикалық жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік жасайды. Қазіргі таңда биотехнология пәнаралық ғылым болып табылатындықтан, бағдарламада заманауи биотехнологияның даму келешегін сипаттайтын әртүрлі ғылым салаларының мәліметтері енгізілген.
Заманауи биотехнология - биологиялық құрал - жабдықтарды пайдалана отырып, әр түрлі өнімдерді өндіру технологиясы болып табылады. Сондықтан болашақта биотехнолог маманы боламын деп алдына мақсат қойған білім алушылар адам қызметінің ғылыми және практикалық бағыттарының дамуын айқындайтын негізгі әдістерін білуі қажет.

Соңғы жылдары жаппай биология және биотехнология салаларын жеделдетуге болатын нәтижелерді алу үшін пайдаланылатын жаңа жоғары технологиялық әдістер қолданылады.
« Биотехнология » курсын оқу барысында биотехнологияның терминдерін ағылшын тілінде айтуға жағдай жасай отырып, генетикалық және жасушалық инженерия, биохимиялық және иммунологиялық, молекулярлық әдістері сияқты биотехнологияның ең жиі қолданылатын қазіргі заманғы әдістерімен танысады.

Қолданбалы курс барысында зертханалық жұмыстар жүргізе отырып, оқушылардың биологияға қызығушылығын ояту, биологиядан тоериялық білімдерін арттыру, дамыту және бағдарламаны жоғары деңғейде меңгеруге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда « Биотехнология » қолданбалы курсына сұраныс жоғары. Биотехнология ғылымы ғылымдар арасында жетекші орын ала отырып, қазіргі әлемнің ғылыми бейнесін түсінуге, адамның материалдық өндірісті дамытуына, практикалық іс-әрекетіне қажетті білімдермен қамтамасыз ете отырып, биотехнологиядағы өзгерістер мен экономикалық мәселелерді шешуде биологиялық білім қалыптастырады. Оқушылардың көпшілігі медицина, ауылшаруашылығы, ветеринарлық медицина, өнімдерді өндіру, тау-кен өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, өсімдік және мал шаруашылығы, табиғатты қорғау тағы басқа салаларды зерттеуге мүмкіндік алады.

Аталған бағдарламада білім алушылар биотехнологиялық өндіріске және селекциялық әдістерге негізделген микроорганизмдер туралы білімдерін қолдана алады; микроорганизмдер биотехнологиясының негізгі мәселелері ретінде тағамдық және ашу өнеркәсібі, медициналық биотехнология мәселелері қарастырылады да, экономикалық білімге көп көңіл бөлінеді. Осы курс арқылы жас ұрпақтың бойында қоршаған ортаны қорғауға деген дұрыс көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Шығармашылық еңбек, жобалай және жоспарлай білу, жаңа технологияны игеру, жауапты шешімдерді қабылдау және тәуекелге бару заман ағысы, уақыт талабы.

2. « Биотехнология » бағдарламасын оқыту мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

Бұл « Биотехнология » бағдарламасы биология пәні бағдарламасының қисындық жалғасы болып табылады. 10-11- сынып оқушыларына мамандық таңдау бағытында білім беру, биотехнологияның әртүрлі салаларының негізгі заманауи мәселелерімен таныстыру; микроорганизмдерді сұрыптау бағыты жайлы түсінік қалыптастыру. Биотехнологияға қатысты терминдерді ағылшын тілінде айтуды үйрете отырып, биологиялық білім қалыптастыру

Міндеттері:

  • Биотехнологияның маңызды өнімдері микроорганизмдерді алудың негізгі бағыттар туралы білім алу;
  • Микроорганизмдердің заманауи селекциясындағы даму үдерістері және мүмкіндіктері мен әдістерімен танысу
  • Биотехнологиямен байланысты пәнаралық ғылымдар туралы түсінік беру
  • Биотехнология салаларындағы жаңа технологиялық әдістерді игере отырып, практикада қолдану
  • Биотехнологияда қолданылатын организмдерді сұрыптау бағыты жайлы түсінік беру және оны практикада қолдану
  • Қоршаған ортаны қорғау биотехнологиялық әдістері туралы түсінік беру және оны практикада қолдану
  • Тағам өндірісіндегі биотехнологиялық мәселелер туралы жалпы түсінік беру және оны практикада қолдану

Күтілетін нәтиже:

Білім алушылар бұл курсты оқу барысында мамандық таңдау бағытында білім ала отырып, азық- түлік өнімдерін өндірудің заманауи бағыттары туралы түсінік алады;

Алған білімдерін теориялық деңгейде де, тәжірибелік деңгейде де пайдалана отырып, өмірмен ұштастыра алады;

Теориялық дайындық дәрежесін жоғарылату үшін алған білімін қолдана алады, сонымен қатар оларды зертханалық жұмыстарда өз беттерінше микроскоппен жұмыс жасап, тәжірибелік қызметте де жүзеге асырады;

3. Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер

Оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманауи педагогикалық технологияларды меңгерту. Педагогикалық технология- мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Әр мұғалім сабағына түрлі әдістерді енгізе отырып, алға мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету үшін талпынатын, пәннен алған білімі мен игерген іскерлік дағдыларын өмірде қолдана алатын тұлға қалыптастыруға бағытталған қағидалар ұстанады.

  • Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтілік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақты сапалы, әрі қызықты қызықты өтуіне ықпалын тигізеді.
  • Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, шығармашылық ойлауға үйрету және өз көзқарастарын қалыптастыруға дағдыландыру.
  • Оқытудың ақпараттық - коммуникациялық технологиясына сәйкес танымдық ойын сабақ түрі арқылы оқушылардың биология ғылымына қызығушылығын тудырып, ғылыми дүниетанымын кеңейту және коммуникативтік біліктілігін жетілдіру.
  • Дамыта оқыту әдісімен оқушылардың шығармашылық ізденістерін арттыру, бірлесіп жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
  • Мәселелі ситуация жасау арқылы білім беруде оқушының ойлау үдерісін ынталандырып, оның танымдылығын арттыру
  • Өткен замандағы білім беру және тәрбие беру әдіс-тәжірибелерін қарастырып, талдау жасап, заманауи ғылыми-әдістемелік технологиялармен ұштастыру арқылы дүниежүзілік ғалымдардың тәжірибелерін тиімді пайдалану
  • Жаңа технологияларды, электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны, тірек сызбанұсқаларды, сыни тұрғысынан ойлаудың кейбір элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды шығармашылық ізденіске бағыттау

4. « Биотехнология » бағдарламасының мазмұнын ұйымдастыру

Бұл бағдарлама 1 жылға 34 апталық сағатпен, аптасына 1 сағатқа есептелген.

Авторлық бағдарламаның тақырыптық жоспары мен тақырыптық мазмұны

І бөлім. Кіріспе бөлім (2сағ)

  • Биотехнология ғылымы нені зерттейді? Биотехнологиялық түсініктер және зерттеуші ғалымдар
  • Биотехнологияның заманауи зерттеу әдістері (4сағ)

Биотехнология-пәнаралық ғылым

Биологиялық факторлар; Химиялық факторлар; Физикалық факторлар

  • Биотехнологияның негізгі салалары (8 сағ)

Жануарлар биотехнологиясы; Өсімдіктер биотехнологиясы; Ауылшаруашылық биотехнологиялық мәселелері; Балық шаруашылығы

  • Биотехнологияның негізгі бағыттары (4сағ)
  • Гендік инженерия; Жасушалық инженерия; Экологиялық, Микробиологиялық
  • Биотехнологияның даму тарихы (8сағ)

Биотехнологияның даму тарихындағы елеулі оқиғалар

Тағам өндірісіндегі биотехнологиялық мәселелер;
Азық - түлік өнеркәсібі

Биотехнологияның медицинадағы маңызы; Биотехнологияның селекциядағы маңызы;

Медициналық мәселелер; Антибиотиктер қолданылуы; Гормондар

  • Биотехнологияның өндірістік процесіне арналған шикізаттарға қойылатын талаптар (7сағ)

Генетикалық Модификацияланған Организмдер (Бұдан әрі ГМО) ; Пайдасы мен зияны;
Сүт құрамы мен қасиеттері; Ашытқы түрлері; Қаймақ құрамы; Балаларға арналған ақуызды сүт өнімдері ; Қант қызылшасы селекциясының биотехнологиялық әдістері

ІІІ бөлім Қорытынды бөлім (1сағ)

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Оқушылар:

Оқу пәнінің мазмұны

Р/с
Сабақ тақырыптары
Сағат саны
Негізгі ұғымдар
Р/с: Кіріспе 2 сағ
Р/с: 1
Сабақ тақырыптары: Биотехнология ғылымы нені зерттейді?
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: Биологиялық технология
Р/с: 2
Сабақ тақырыптары: Биотехнологиялық түсініктер және зерттеуші ғалымдар
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: К. Эреки 1917ж
Р/с: Биотехнологияның заманауи зерттеу әдістері (4сағ)
Р/с: 3
Сабақ тақырыптары: Биотехнология-пәнаралық ғылым
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: Генетика, селекция,
медицина
Р/с: 4
Сабақ тақырыптары: Биологиялық факторлар
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: Мутагенез, мутация
Р/с: 5
Сабақ тақырыптары: Химиялық факторлар
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: хроматография
Р/с: 6
Сабақ тақырыптары: Физикалық факторлар
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: Рентгендік, ултра дыбыстық сәулелер
Р/с: Биотехнологияның негізгі салалары (8 сағ)
Р/с: 7-8
Сабақ тақырыптары: Жануарлар биотехнологиясы
Сағат саны: 2
Негізгі ұғымдар: Жасанды ұрықтандыру
Р/с: 9-10
Сабақ тақырыптары: Өсімдіктер биотехнологиясы
Сағат саны: 2
Негізгі ұғымдар: Балдырлар, қыналар, саңырауқұлақтар
Р/с: 11-12
Сабақ тақырыптары: Ауылшаруашылық биотехнологиялық мәселелері
Сағат саны: 2
Негізгі ұғымдар: Биопестицид, биологиялық инсектицид
Р/с: 13-14
Сабақ тақырыптары: Балық шаруашылығы
Сағат саны: 2
Негізгі ұғымдар:
Р/с: Биотехнологияның негізгі бағыттары (4сағ)
Р/с: 15
Сабақ тақырыптары: Ген инженериясы, оның жетістіктері
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: Инсулин, самототропин
Р/с: 16
Сабақ тақырыптары: Жасушалық инженерия
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: Түраралық, туысаралық будандар
Р/с: 17
Сабақ тақырыптары: Экологиялық инженерия
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар:
Р/с: 18
Сабақ тақырыптары: Микробиологиялық инженерия
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: Микроорганизмдер, саңырауқұлақтар
Р/с: Биотехнологияның даму тарихы (8сағ)
Р/с: 19
Сабақ тақырыптары: Биотехнологияның даму тарихындағы елеулі оқиғалар
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар:
Р/с: 20
Сабақ тақырыптары: Тағам өндірісіндегі биотехнологиялық мәселелер;
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: Ашыту процесі, спирт өндірісі
Р/с: 21
Сабақ тақырыптары: Азық - түлік өнеркәсібі
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар:
Р/с: 22
Сабақ тақырыптары: Биотехнологияның медицинадағы маңызы;
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: иммунология
Р/с: 23
Сабақ тақырыптары: Биотехнологияның селекциядағы маңызы;
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар:
Р/с: 24
Сабақ тақырыптары: Антибиотиктер қолданылуы
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар:
Р/с: 25
Сабақ тақырыптары: Медициналық мәселелер;
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: вакцинация
Р/с: 26
Сабақ тақырыптары: Гормондар
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: Инсулин, самототропин
Р/с: Биотехнологияның өндірістік процесіне арналған шикізаттарға қойылатын талаптар (7сағ)
Р/с: 27
Сабақ тақырыптары: Генетикалық Модификацияланған Организмдер (ГМО)
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: Шұжық өнімдері, дәмдеуіштер, соустар
Р/с: 28
Сабақ тақырыптары: ГМО-ның пайдасы мен зияны
Сағат саны:
Негізгі ұғымдар: Қатерлі ісік аурулары, қартаю
Р/с: 29
Сабақ тақырыптары: Сүт құрамы мен қасиеттері
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: Сүт өнімдері, микроорганизмдер
Р/с: 30
Сабақ тақырыптары: Ашытқы түрлері
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар:
Р/с: 31
Сабақ тақырыптары: Қаймақ құрамы
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар:
Р/с: 32
Сабақ тақырыптары: Балаларға арналған ақуызды сүт өнімдер
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар: Сүт, иогурт, айран, қаймақ
Р/с: 33
Сабақ тақырыптары: Қант қызылшасы селекциясының биотехнологиялық әдістері
Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар:
Р/с: 34
Сабақ тақырыптары:

Қорытынды

Бақылау тест жұмысы

Сағат саны: 1
Негізгі ұғымдар:

Тәжірибелік бөлім


Ұқсас жұмыстар
Робот техникасы Қазақстан мектептерінде
Логикалық ойын есептері
Тұрмыстағы химиялық заттарды дұрыс қолдану ережелерін білу
Генетика және селекция негіздері. қолданбалы курс
Photoshop бағдарламасын оқыту курсының бағдарламасы
Талапкерге таңдау
ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазір ферменттерді кеңінен қолданып отырған елдер
Биолгия пәні бойынша оқушыларды бірыңғай ұлттық тестіге дайындау
Шәкәрімтану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz