Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қабілеттері бойынша оқыту
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№170 орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Әбдіхалықова Жайнагүл
Тақырыбы: Бейінді оқыту - жеке тұлғаны дамыту құралы.
Жоспары:
I. Кіріспе бөлімі
Мұғалім үшін оқыту мен тәрбиелеудің тұлғалық - бағдарлық мәселелері.
II. Негізгі бөлім
а) Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы.
ә) Бейінді оқыту үрдісінде жеке тұлғаға бағытталған жаңа технологияларды пайдалану
III. Қорытынды бөлім
Мұғалім үшін оқыту мен тәрбиелеудің тұлғалық бағдарлық мәселелері, оқушы деңгейіндегі ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдістері, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа инновациялық технологияларды таңдау тәсілдері. оқытудың негізгі бөлімдері ретінде қарастырылады.
Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. 12 жылдық жалпы білім беруге көшу мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Елбасымыз өз жолдауында <<Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құрамдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет>>,- деп айқын атап көрсетті.
Еліміздің мәртебесінің биік болуы үшін қоғам мүшелерінің, келешек ел болашағы - жас ұрпақтың бейімділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Ендеше саналы, салауатты, ұғымды, халқымыздың барлық дәстүріне де, әлем мәдениетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай алатын ұрпақ тәрбиелеу бізге сеніп тапсырылып отыр. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап - оның сапасын арттыру.
Орта білім берудің мақсаты - жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өз бағытын еркін анықтайтын, өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін - өзі дамыта алатын және өз еркімен дұрыс, адамгершілікті - жауапты дербес шешім қабылдайтын жеке тұлға қалыптастыру.
Бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құру бағытында жүргізіліп жатқан қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының біріне жалпы орта білім берудің жоғары сатысына бағдарлы оқытудың енгізілуі жататыны белгілі. 2006 - 2007 оқу жылдарында Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің жоғарғы сыныптарына бағдарлы оқыту екі бағыт - қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану - математикалық бағыттар бойынша енгізілді.
Бағдарлаудың міндеті - мектептегі әрбір оқушы өзін табуы үшін, қандай қызмет саласына өзінің бейім екенін түсіну үшін оларға жағдай туғызу болып табылады. Мұндай таңдауды жасаған оқушы, әрине, сәйкес орта арнайы немесе жоғары оқу орнына түсе алатын дайындық деңгейі болатынын біледі. Сондықтан бағдарлы оқытудың енгізілуіне сәйкес қойылып отырған тағы да бір мақсат орта жалпы білім
беру деңгейінің орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарымен сабақтастығын қамтамасыз ету.
Оқушылардың кәсіптік бағдарларын қалыптастыру жан - жақты зерттелген десек те, қоғамның жаңаруы, нарықтық экономиканың өмірге дендеп енуі, жаңа реформалар мен саяси жүйенің өзгеруі оқушыға кәсіптік бағдар беруде жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды талап етеді.
Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарап, қабіліті мен бейімділігі белгілі кәсіп саласына қалыптасқанда ғана сапалы маман болатын белгілі жайт.
<<Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлар жасау.>>Қ. Р. <<Білім туралы заңы>> 8 - бап
Адам өміріндегі жауапты кезеңдердің бірі - мамандық таңдау кезеңі болып табылады. Мамандықты дұрыс таңдау адамның кейінгі өміріне айтарлықтай ықпал етеді. Дұрыс таңдалмаған мамандық адамның жеке басына ғана емес, тұтас қоғамға кері әсерін тигізеді.
Кәсіби бағдар - бейіналды дайындық компоненттері сияқты оқушылардың болашақ бағытымен оқу орындарын таңдау мәселесін шешуге көмек бере отырып, кәсіби және мәдени дайындығын арттыру болып табылады. Кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың адами алғы шарттары жоғары сыныптарда туындайды, танымдық қызығушылық дамиды, жеке мәнді мақсат қою талабы, кәсіби мүдде пайда болады.
Қазақстан Республикасының орта білім жүйесінде бағдарлы оқытуды енгізудің мақсаты - жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында қызығушылықтарын, икемділігі мен қабілеттерін қалыптастыруға және үйлестіруге келіп саяды, сонымен қатар ол - оқыту процесінің тұлғалық бағдарын, жеке тұлғаның қасиеттерін жан - жақты дамытады.
Жаңа бағдарлы оқытудың барысында алдымызда тұрған келелі міндеттерді шешу дұрыс, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне, ойлауына мүмкіндік жасау, практикалық білімнің маңыздылығын ашатын әр түрлі интерактивті және топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру, оқыту әдістерін өзгерту, жоғарғы сыныптарда пайдаланатын оқу бағдарламаларын бейімді түрде дамыту.
Бағдарлы оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт - бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.
<<Бағдарлы оқыту>> мен <<кәсіптік білім беру>> ұғымдарын шатастыруға болмайды. Бағдарлы оқыту - бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі. Ал кәсіптік білім беру деп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен куәландырылған нақты кәсіби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесін түсінеді.
Бағдарлы оқытуды енгізудің міндеті бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін
мекемелермен үйлестіруге келіп саяды. Сонымен бірге бағдарлы оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз етуі қажет:
* жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;
* білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасау;
* жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.
Бағдарлы сыныптар оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкіндіктері, ата - аналар мен таңдалып алынған бағдар пәндерін оқытатын мұғалімдердің пікірлері, әдістемелік бірлестік ұсыныстары, болжау мәліметтері, тестілеу нәтижелері ескеріле отырып құрылады. Ол оқушыларға негізгі назарды болашақ кәсіби білімнің таңдалып алынған бағдарының негізін құрайтын пәндерді оқуға аударуға мүмкіндік береді.
Бір бағдарлы білім беретін мекеме таңдалып алынған бір ғана бағдарды, мысалы, жаратылыстану - математикалық немесе қоғамдық - гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады. Әр бағдардың ішінде білім салалары бойынша бір немесе бірнеше мамандану бағыттары болуы мүмкін, мысалы, технология, жаратылыстану - математикалық бағдарда: химия - биологиялық, биология - географиялық, физика - математикалық, математика - информатикалық және т. б.
Жаңа технологиялар бойынша саралау формалары
Сыртқы саралау Ішкі саралау
Қызығушылықтары бойынша оқыту
Оқушыларды пәндер бойынша даярлау: - оқушыларды даярлаудың міндетті деңгейі;
- оқушыларды даярлаудың мүмкін деңгейі.
Қабілеттері бойынша оқыту
Жобаланған кәсіптер бойынша оқыту
Шешімнің келесі нұсқасын бір білім саласы аясында пәнаралық негізінде кіріктірілген сабақтарды жобалау мысалымен өткізген ашық сабағымнан көрсетуге болады. Бұл алгоритм кез келген білім сапасы үшін қолайлы:
1. Білім саласына енетін пәндердің құралдары арқылы дамытылатын біліктерді нақтылау.
2. Біліктіліктерді дамытудағы оқу пәндерінің мүмкіндіктерін белгілеу.
3. Оқу жүктемесі, көлемінде оқу пәндерінің күш - қуатын кіріктірудің уақыты мен орнын белгілеу.
4. Күтілетін нәтижесі:
- тапсырмалар топтамасын жасау;
- оқу жағдаятының сюжетін анықтау;
- кіріктірілген сабақты жобалау.
5. Оқушылар қызметін реттеу, кеңестер беру, оқыту нәтижелерін қадағалап отыру.
Білікті білім беру жағдайында білім, іскерлік, дағдылардың міндеті өзгереді. Білім беруді ұйымдастырудың қазіргі қолданыстағы жүйесінде білім, іскерлік, дағды оның ақырғы нәтижесі болып табылады. Біліктерді дамыту барысында пәндік білім, іскерлік, дағдылар біліктерді дамыту құралына айналады. Оқушылардың оқу жағдаяттарын шешу арқылы әр түрлі мағынадағы білім, дағдыларды пайдалануы үшін, оларды берілген мағынада құрудағы дербестігін жандандыру үшін ұйымдастырушылық, дидактикалық және әдістемелік жағдайлар жасай отырып, оқушыларды саналы іс - қимылға дайындайтын пәндік саладағы сауаттылықтан функционалдық сауаттылыққа қадам жасауына көмектесетінін мұғалімнің өзі түсіне білуі аса маңызды.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз - оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылады, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту алаңы. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан - жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігінен айқындауды қарастырады. Жеке тұлғаға бағытталған бағдарламамен оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуде ықпал етуде, мұндағы басты міндет - баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану. Жеке тұлғаға арналған бағдарлама барысында білім беру жүйесінде шығармашыл, техникада, экономика мен басқаруда жаңа жолдар мен әдістерді таба білетін батыл да жаңашыл, ақыл - ойы дамыған адамдарды даярлауды талап етеді. Сондықтан математиканы оқу процесін жетілдіру оқушылардың танымдық
белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Мұғалім оқушының пәнге деген қызығушылығын туғызуда басты рол атқарады. Біріншіден, оқушының мүддесіне сай жеке тұлғалық, өзіндік қызметін қалыптастырады, бұл істің келешектегі мәнін түсіндіріп береді. Сонымен бірге мұғалім жаңа мәселелерді шешетін қызмет мәнін жаңартып оқушы тұлғасының білімінің артуына септігін тигізеді. Әр сабақ тиімді өту үшін, сабаққа дайындалу барысында әр сынып оқушыларының ерекшеліктерін есепке алу қажет. Әр сабақты жақсы өткізу үшін мүмкіндік беретін ережелерді есте сақтап, оның орындалуын қадағалап отыру керек. Бұл ережелер:
1. Сабақтың тақырыптағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндетін бөлу.
2. Сабақ тақырыбына қатысты үш түрлі, ғылыми, ғылыми - көпшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу.
3. Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқып, берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын анықтау.
4. Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім, білік, дағдыны бөліп алу.
5. Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндеттерді бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу.
6. Сабақта оқушы нені түсіну керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау.
7. Оқушыларға оқу материалын қандай көлемде, қандай мөлшерде баяндау керек, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау.
8. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білу.
9. Әр сатақты өз дәрежесіне жеткізу.
Әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарау үшін келесі ой - пікірлерге назар аудару қажет:
- жеке тұлға бұл білімнің мақсаты;
- білім деңгейі орташа оқушы жоқ;
- кемшіліктерге шыдамдылық;
- қатеге құқықты;
- тиым салмай, бағыттау; бұйрық бермей, ұйымдастыру; шектемей, өз шешімін қабылдай білу;
- мектепте оқу оқушыға мереке болу үшін оны жетістікке жеткізу, әр уақытта оқушының табысын жариялап отыру.
Өз тәжірбиемде <<топ арқылы оқыту>> әдістемесінде жұмыс атқарамын. Бұл технологияда дифференциацалау және жекелендіру элементтерін қолдануға тиімді. Бұл технологияда көптеген жұмыстар білім деңгейі төмен оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізіледі және де дарынды оқушыларды шығармашылық жұмыстарды жетелейді. Сабақ барысында топпен істеу келесі этаптар арқылы орындаймын:
- бірігіп жұмыс істеу арқылы жаңа сабақты бекіту;
- өзіндік жұмыстарды оқыту;
- өз білімдерін бақылау арқылы тексеру;
- әр деңгейлі есептерді таңдау арқылы шығару.
Дефференцацианың негізгі бір түрі ерекше жеке тұлғамен арнайы жұмыстар жүргізу. Ол үшін: оқушымен сөйлесу және оның ерекше тұлғасына көңіл бөлу, ерекше тұлғаны оқу барысында есепке алу, психолого - педогогикалық жағдай жасау арқылы сыныпта барлық оқушылардың қабілеттерін арту арқылы, әр оқушының жеке қабілетін дамыту. Әр тұлғамен жеке жұмыс істеу сабақтың ең бірінші кезеңі болып табылады, және бұл оқушылардың өзіндік оқыту жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Мұндай кезеңді сабақтың басында қолдану керек. Себебі бұл кезде мұғалім әлі әр оқушының бұл материалды қалай түсінгенін анықтай алған жоқ. Білімдеріне қарай <<төмен>> және <<жақсы>> оқитын оқушыларға бөлмей, әр оқушының бұл сабақта жақсы баға алғысы келетінін ескере отырып, олардың білім деңгейіне байланысты әр түрлі тапсырмалар дайындалады. Оқушылар өздеріне ұнаған тапсырмаларын таңдап алады және қанша тапсыпма орындау керектігін өздері шешеді. Әдетінше білім деңгейі төмен оқушылар есепті бірінші тапсырмалардан батап орындайды, ал білім деңгейі жоғары оқушылар ең ақырғы тапсырмадан бастайды. Бұл тапсырманы тексеру барысында орындалған тапсырмалардың көлеміне, олардың деңгейіне, әр оқушының жеке тұлғасына назар аударамын. Мұндай өздік жұмысын орындау барысында мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізе алады, дер уақытында олардың жіберген қателерін анықтап, білімдерін толтырып отыруға мүмкіндік береді. Үй жұмысын беру барысында да олардың әр түрлі деңгейлерін есептеп отырамын, олардың қайсысын орындауда оқушылар өздері таңдап алады.
Ал оқушылардың білімін бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану үлгермеушіліктің алдын алу, әр оқушының жеке белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Әр оқушының білімін жеке бақылауда келесі мынандай жұмыстар атқарамын:
1. Ауызша бақылау жұмыстарын жүргізу - бұл оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, жеделдетіп есептеу білігін дамытуға ықпал етеді. Ауызша жұмыс жүргізудің көбінесе мынандай түрің қолданамын: 4 - 5 оқушыны тақтаға шығарамын да оларға тапсырма беремін. Дайындалғаннан кейін әр оқушы жеке - жеке өз сұрақтарына жауап береді, ал басқа оқушылар осы жұмыс процесіне қатысады, жауаптарын өз мүмкіндіктерінше толықтырып отырады. Осындай жұмыс барысында көптеген оқушылардың білімі тексеріліп, бағаланады.
2. Математикалық диктант - қайталауға берілген тақырып бойынша сұрақтар, бұнда ережелерді, формулаларды, алгоритімдерді, қасеттерді, яғни теориялық білімді қаншалықты меңгергенін және оларды пайдалану білігі мен дағдысын тексеруге болады.
3. Тест - бұл белгілі бір кезеңде оқушының дайындығының сапасын диагностикалауға мүмкіндік береді. Мысалы 6 - сынып. <<Рационал сандарға амалдар қолдану>> тақрыбы бойынша тест.
4. Жазбаша бақылау жұмыстарын жүргізу оқушылардың математикадан білім, білік, дағдысын ағымды және қорытындылап тексеру үшін аса маңызды.
Математика сабағында қызықты, ойын есептер шығаруға көп көңіл бөлемін.. Қызықты есептер оқу материялының меңгерілуін және ойлау процесінің тиімділігін анықтайды. Мұндай есептер оқушының ойлау операцияларын дамытуға, математикалық түсініктерін қалыптастыруға жағдай жасайды. Қызықты есептер шығару көбінесе байқап көріп іздену процесімен жүреді. Ойша болжай білу әр жеке тұлғаның бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады. Тапқырлық - шығармашылықтың ерекше көрінісі, оны талдау, салыстыру, байланыстарды анықтау, тұжырымдау, ой қорту нәтижесінде байқауға болады.
Қоғамның әлеуметтік және ғылыми - техникалық прогресі жылдамдап отырған заманда адамның интеллектуалдық еңбек үлесі өседі және білім деңгейінде, шығармашылық даралығына қойылатын талап жоғарылайды. Мектептегі кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына жеке қабілеттері мен психикалық - физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында мамандық пен оқитын орнын еркін және сапалы құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру. Мемлекеттің негізгі стратегиялық басылымдықтарының бірі - бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі интегративті параметрлерімен сипатталады: қабілеттер - мақсаттың нақтылығы мен құндылық бағдарлар, іске деген шығармашылық қарым - қатынас, психологиялық төзімділік, икемділік, тәуелсіздік, мінез еңбек сүйгіштік, үздіксіз өзін - өзі дамыту мен әрдайым кәсіби өсуіне талпынушылық. Тұлғаның қонымды, тұрақты қасиеттерін тәрбиелеу, қабілеттері мен бейімділіктерін белгілі бір кәсіп саласына икемдеу - мектеп мұғалімінің міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) <<12 жылдық білім>> Республикалық ғылыми әдістемелік және ақпараттық журналы
2) <<Қазақстан мектебі>> Республикалық ғылыми педагогикалық журналы
3) <<Хабаршы>> ғылыми методикалық журналы
4) Математика және физика №2. 2006 ж

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz