Проблемалық оқыту негізінде орта мектепте металдар тақырыбын оқыту әдістемесін жасау

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Химия және химиялық технологиялар факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Орта мектепте металдар тақырыбын оқыту әдістемесін жасау

Орындаған: Уралова Акнур 307 К-ХО

Қабылдаған: Рыскалиева Роза Габдрахимовна

Алматы-2021

ЖОСПАР:

• Кіріспе: Оқыту әдістемесі

• Негізгі бөлім: Орта мектепте металдар тақырыбын оқыту әдістемесін жасау

• Қорытынды

Кіріспе:

Оқыту әдістемесі - оқушыларға білім беру, танымын арттыру және дамыту, дағдыландыру мақсатында оқытушылардың қолданатын тәсіл-амалдары мен құралдарының жиынтығы. Бұл ұғымның анықтамасы мен әдістерді жіктеу турасында педагог ғалымдар арасында ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, И. Ф. Харламов оқыту әдістемесіне оқу материалын игеруге бағытталған түрлі дидактикалық міндетті шешу мақсатындағы оқытушы жұмысының және оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінің жүйесі деген анықтама береді. Ю. К. Бабанскийдің пікірінше, ол оқу міндеттерін орындауға бағытталған оқытушы мен оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара байланысты қызметі. Т. А. Ильина оқыту әдістемесін оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру жолдары деп біледі. Осы тәрізді басқа да пікірлерді саралай келе, бәріне ортақ белгілерінің негізінде оқыту әдістемесінің анықтамасын беріп, жалпы әдістерін топтастыруға болады. Оқыту барысында түсіндіру, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс істеу секілді сөздік әдістер, иллюстрация және демонстрация сияқты көрнекі, сондай-ақ зертханалық, практикалық, графикаық, жаттығу жұмыстары іспетті тәжірибелік әдістер қолданылады. Педагогикалық әдебиеттерде мұнан басқа әдістердің 50-ден астам түрі көрсетіледі. Оқыту әдістері оқу құралдарының көмегімен іске асады. Оқу құралдарына оқу кітаптары (оқулық, анықтама, есептер жинағы, сөздіктер), көрнекі құралдар (кесте, сызба, сурет, альбом, фотосурет, карталар) және техникалық құралдар (үнтаспа, бейнетаспа, компьютер) жатады. Бүгіндері oқыту әдістемесі атауын оқыту технологиясы атауы ығыстырып келеді.

Орта мектепте химия курсын оқытужа металдар тақырыбын бірнеше сыныптарда күрделендіре өтеді.

8. сынып бойынша сілтілік металдар туралы материалдарың қарастырылуы.

9. сыныпта металдар және оның қосылыстарының оқылытуы.

10. сынып бойынша металдардың қосылыстарының өтілуі.

11. сынып бойынша металдық байланыстың қарастырылуы.

Педагогикалық технологиялардың онға жуық түрі бар және орта мектептерде бір педагогикалық технологияны яғни оқыту әдістемесін таңдай отырып сабақ өткіземіз. Мен металл тақырыбына проблемалық оқыту әдістемесін таңдап алып отырмын, сабақты жүргізу үшін оқу әдістемесін жоспарлап алу керек .

Сабақты оқыту әдісі:Проблемалық оқыту технологиясының ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін меңгеріп қоймай сонымен бірге, бұл нәтижелерге жету жолының өзінде, процесін меңгеру, оқушының таным-дербестігін қалыптастырып оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

І. Қызығушылықты ояту.

ІІ. Мағынаны тану.

ІІІ. Толғаныс.

Сұрақ қою

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқыту үшін бағалау және оқытуда бағалау

Уақыт
Жұмыс түрі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әркеті
Уақыт: 5 мин
Жұмыс түрі: Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мұғалім әрекеті: Жылы амандасу, ынталандыру
Оқушы әркеті: Мұғалім әрекетімен сабаққа қызығушылығы арттыру
Уақыт: 5 мин
Жұмыс түрі: Өткен сабаққа кішігірім шолу
Мұғалім әрекеті: Сабақ түсіндіру барысында сұрақтар қойылады
Оқушы әркеті: Тапсырмаларға жауап беру.
Уақыт: 12 мин
Жұмыс түрі: Проблемалық-модулдік технология бойынша сабақ өткізу
Мұғалім әрекеті: Ірі -күрделенген блок бойынша сабақ түсіндіреді.
Оқушы әркеті: Зейін қойып тыңдау.
Уақыт: 10 мин
Жұмыс түрі: Тапсырмалар орындау
Мұғалім әрекеті: Тапсырмалар таратады
Оқушы әркеті: Тапсырмалар орындау.
Уақыт: 3 мин
Жұмыс түрі: Рефлекcия
Мұғалім әрекеті: Стикерлер таратады
Оқушы әркеті: Стикерге өз ойларын жазу.
Уақыт: 2 мин
Жұмыс түрі: Үй тапсырмасын беру
Мұғалім әрекеті: Тапсырманы беру
Оқушы әркеті: Берілген тапсырмаға өз ойын, ойтолғау жазу
Уақыт: 3 мин
Жұмыс түрі: Өзара бағалау
Мұғалім әрекеті: Сабаққа қатысуларына байланысты бағалау
Оқушы әркеті: Қатысқанына байланысты түрлі көңіл-күй бейнеленген стикер алу

Орта мектепте оқушылармен амандасып, жылы атмосфера қалыптастыру өте маңызды болып табылады.

Өткен тақырыпқа шолу жасаймыз. Менделеевтің периодтық кестесімен танысып, тақырыпты бекітеміз. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстырып Металдар тақырыбын түсіндіреміз, яғни периодтық кестеде диоганаль сызығының сол жағы металлдар екенін ұғындырамыз. Проблемалық оқыту технологиясы бойынша оқушыларға период неліктен диоганальмен бөлінген?

Неліктен ол жағында металдар, оң жағында бейметалдар орналасады?

Сілтілік металдар мен сіліиілік-жер металдарының айырмашылығы қандай? Осындай проблема туындайтын және өздері ізденіп, сол проблемалардың шешімін табады.

Сабақты қорытындылау үшін, металдарға қатысты қарапайымнан күрделірек есептер шығару.

Қорытынды: Әр педагогтың оқушыларға орнататын қарым-қатынасының ерекшілігі секілді педаогогикалық технологиялар да сан алуан және оқыту әдістемесі бір-бірінен өзгеше, алайда ең соңғы түйін сабақты орта мектеп оқушылары үшін химия пәнін үйренуіне көмек, серпіліс беру.


Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте химияны модульдік жүйе арқылы деңгейлеп оқыту: 9-сынып металдар модулі әдістемесі
Проблемалық оқыту тәсілдері: коучинг-сессия жоспары
Орта мектепте информатика пәнінде интербелсенді оқыту әдістерін қолдану тәжірибесі
Дүниетану сабағы: Мұрат атай мәтіні негізінде көктем мезгілі мен мал шаруашылығы тақырыбын оқыту
Болашақ мұғалімдерді құзыреттілік тұрғыдан даярлау: бастауыш математикада проблемалық оқыту және практикалық тапсырмалар
Орта мектепте PageMaker бағдарламасын оқыту әдістемесі: зертханалық жұмыстар, тапсырмалар және тесттер
Мектепте информатиканы оқыту: білім беру мазмұнының міндетті минимумы
Рольдік әдіс арқылы химияны қызықтыру: Металдар тақырыбын қайталау сабақ жоспары
Жалпы орта білім беретін мектепте шешендік өнерді пән ретінде оқыту: мақсаттары мен әдістемелік ұстанымдар
Lesson Study негізінде бастауыш сынып мұғалімінің сабақ беру әдістемесін жетілдіруге арналған тәлімгерлік жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz