Мұғалімнің сапасы тұлғаның сапасы білімнің сапасы

Осы жұмысты өткізу барысында бақылау Оқушыларды шығармашылыққа баулу, білім деңгейін жетілдіру - ұзақ әрі жүйелілікті қажет ететін процесс. Оқушының дамуы біртіндеп жаңа сапаға көтеріле береді.

hello_html_m60dcc096.png

  1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
  2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
  3. Оқушылардың логикалық нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
  4. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.
  5. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
  6. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.
  7. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
  8. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.

9. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді

10. Ойлауы, шығармашылық іс - әрекетке қабілеті артты.

Білім беру үрдісі субъектісін дамыту шартының алғашқы баспалдағы - кәсібилік. Қоғамның дамуы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы кәсібилігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А. К. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған

Критерийлер:

hello_html_m361c6c2c.gif hello_html_m2ed4d5f4.gif hello_html_m46dc3d.gif hello_html_6865fc9a.gif

Объективті Субъективті Нәтижелі Шығармашылық

С hello_html_m329b6f31.gif hello_html_55d0a34f.gif убъективті критерийлер:

Адамның мамандығы: Субъективті критерийлер:

- оның табиғатына - кәсіби - педагогикалық

- қабілетіне бағыттылық

- қызығушылығына - кәсіптің маңыздылығы

- өз ісінен қанағат - оның құндылығын түсіну

табатындығына маман иесі ретінде өзіне

байланысты позитивті көзқарас тың болуын

жатқызады

Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме кеш пе меңгеруі тиіс. Ал А. К. Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі.

hello_html_m708183cd.gif Мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі

hello_html_4641c3ba.gif hello_html_5789e2f7.gif

hello_html_4641c3ba.gif hello_html_5789e2f7.gif Мамандықта өзін - өзі актуландыру кезеңі

hello_html_4641c3ba.gif Мамандықты еркін меңгерген кезең

hello_html_5789e2f7.gif

Мамандықта кәсібилік деңгейге жеткен кезең.

hello_html_m785da55e.gif

Білім беру үрдісі субъектісін дамыту шарты - білім сапасын арттыру деңгейін төмендегідей әрекеттердің сапасын анықтау арқылы дәлелдеп отыр:

Мұғалімнің сапасы + тұлғаның сапасы = білімнің сапасы

Білім беру үрдісінің субъектісін дамыту шарты - білім сапасын арттыру. Ендеше оқушының білім сапасын арттыруда күнделікті өткізілетін сабақтың қызықты, мазмұнды, жаңа талаптарға сай жүргізілуінің маңызы өте зор

Оқушының білім сапасын арттыру - өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық - гумандық бағыттылығы жоғары, педагогикалық ақиқат пен ондағы өзінің іс - қимылын жүйелілікпен арттыруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба, таңдай, сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін мұғалімге байланысты.

Қорытынды

Қорыта келгенде, білім беру үрдісінің субъектісін дамыту шарты - оқушының білім сапасын арттыру болғандықтан, сабақ жүргізетін кез - келген мұғалім сабақ өткізудің ең тиімді, ең қызықты, ең қажетті, ең тартымды, ең өзекті үрдісін таңдап алу қажет. Мұндай үрдіс оқушының білім сапасын арттырып қана қоймайды, оның білімге деген біліктілігін арттырып, ізденімпаздылық пен шығармашылыққа деген іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады, білім кеңістігіне жол ашады.

ІV. Жобаны тиімді түрде жүзеге асыруда кездесетін кедергілер:

-мұғалімнің кәсіби даярлығының болмауы;

-көрнекі құралдардың аздығы;

-техниканың жетіспеуі;

V. Глоссарий

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

Репродуктивті - іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

Шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», - деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған».

VІІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Математикадан қызықты тапсырмалар Ш. Х. Құрманалина, С. Ш. Сәрсенбаева, Р. Қ. Өміртаева
  2. Бастауыш білім журналы №, 2004 ж.
  3. Математиканы оқытудағы методикалық көмек М. Сәтімбаева
  4. Бастауыш сыныпта оқыту журналы № 1, 2, 2008 ж.
  5. Бастауыш мектеп журналы, № 1, 2006 ж.
  6. Оқушыларға тіліді меңгерту жолдары Алматы «Ана тілі», 1997 ж.
  7. Шешендік сөздер С. Негимов Алматы, «Ана тілі» 1997 ж

V Қосымша тапсырмалар

Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс - әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Оқушының математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту.

5 жолды өлең:

Су
Мөлдір, түссіз
Ағады, жұғады, жабысады
Ол бізге өте қажет
Сусын

II тапсырма Өсімдік пен жануарлардың байланысы.

hello_html_m55035e97.png

IІІ- тапсырма

- Өсімдікке не қажет? (ертегі құрастыру)

hello_html_m204a4774.png

4-тапсырма

ББҮ кестесі (кез келген тақырып)

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не үйрендім?

Нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейрімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.

Ана тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттырудағы түрлі әдіс-тәсілдер:

  1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
  2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
  3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
  4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
  5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.
  6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
  7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)
  8. Өлең, мақалдар құрастыру.
  9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
  10. Кейіпкерге мінездеме беру.
  11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу, мүсіндеу.
  12. Рөлге бөліп оқыту.
  13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)
  14. Диалог-ертегі.
  15. Образға кіру.

Шығармашылық тапсырмалар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.

hello_html_572d5680.png

І тапсырма «Образға кіру»

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдерін дамыту.

hello_html_m6fd3724e.png

ІІ тапсырма «Талдау және қиялдау»

Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.

- Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)

- Екі бала жайында не айтасыңдар?

Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.

hello_html_7666648e.png

Жантас

Мейірімсіз, қатыгез, жаман,
әдепсіз, ешкімді аямайды,
балапанды азаптады

Қожа

Қайырымды, мейірімді, қамқорлы,
жақсы, әдепті, жаны ашитын

Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?

hello_html_50401117.png

- Осыны оқи отыра қандай көңіл-күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа ызаландық, ренжідік т. б. )

- Балапанды аядық, көмектескіміз келді.

- Қожаның ісіне қуандық.

- Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?

- Кездескенде не деп айтар едіңдер?

- Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?

- Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?

- Қандай сурет салар едіңдер?

- Қалай мүсіндер едіңдер?

Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.

ІІІ тапсырма «Суырыпсалма ақын»

Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.

Мысалы «Жаңбыр ойыны»

Іс-әрекет жасаудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекет арқылы көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылықтарын туғызған соң «Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек-сөздер қолданамыз:жаңбыр, дала, тау, қала, бау, ауыл.

Мұғалім

Оқушы

Жаңбыр жауды

Далаға

Жаңбыр жауды

Қалаға

Жаңбыр жауды

Ауылға

Жаңбыр жауды

бауға да

Көктемгі кез, жазғы мезгіл, күзде бәрі, қыста бәрі, көрікті, жаңаша, әдемі, тамаша. (өлең шығарады)

ІҮ тапсырма «Диалог-ертегі»

Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» - міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.

Ү тапсырма «Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.

  1. Суреті бар, хабарлайды, Жәшікте тұрып жыбырлайды. Ән салады, би билейді, Көңіліңді көтереді. (теледидар)
  2. Жерге түсірсең, секіреді. (доп)
  3. Бізге жарық береді, Бассаң, жоқ болып кетеді. (электр шамы)
  4. Өзі әдемі, иісі жұпар, Оны туған күніне сыйлар. (гүл)
  5. Өзі гүл сияқты, Күн көзін сүйер. Ішінде дәні бар, Балалар оны шағып жер. (күнбағыс)

Мақалдар

  1. Еріншек болсаң, Наның жоқ. Еңбекқор болсаң, Қарның тоқ.
  2. Еңбексіз нан жоқ, Нансыз өмір жоқ.
  3. Бір сәттік бақытқа, Алланы ұмытпа

Қазақ тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар

Су түбінде асыл тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде асыл сөз,
Шер толқытса шығады.
Асан Қайғы


Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі
Оқу-тәрбие үдерісіндегі ақпараттық -қатынастық технология
Бала саны
Білім сапасы – мұғалім ізденісінде
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Бағдарлы оқытудың оқушының жеке тұлғасын дамытудағы маңызы
Танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал ететін технологиялар
Технология сабағында тиімді әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Ақпараттық технология негізінде құзіреттілікті қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz