Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бейнекөрініс Көмір қышқыл газы. Сабақтың тақырыбы

Мұғалімнің аты-жөні:
Шигенова Айгерім Сұлтамұратқызы
Пән/Сынып:
Химия, 8 сынып
Тарау немесе бөлім атауы:
8.4В
Көміртек және оның қосылыстары (4 с.)
Сабақтың тақырыбы

Практикалық жұмыс. №7 <<Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу >>
Күні,айы:
Сабаққа қатысқан оқушылар
саны:
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
8.4.3.6 - көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын білу жәнеиіс газының тірі ағзаға физиологиялық әсерін түсіну
8.4.3.7- көмірқышқыл газын алу, оны дәлелдейді және қасиеттерін тану
8.4.3.8 - қарапайым көміртек циклын білу және құрау
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Көміртек және оның қосылыстары : көміртек диоксиді және көміртек монооксиді және иіс газының ағзаға физиологиялық әсері туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Көмірқышқыл газын алуды біліп, қасиеттерін таниды. Қарапайым көміртек циклын құра алады.

Кейбір оқушылар:
Көмірқышқыл газының күнделікті тұрмыста қолдану маңыздылығы мен қасиеттерін таниды, өз бетінше зерттеулер жасай алады.
Бағалау критерииі
* Көміртек және оның қосылыстары : көміртек диоксиді және көміртек монооксиді және иіс газының ағзаға физиологиялық әсері туралы біледі
* Көмір қышқыл газын алуды біледі, қасиеттерін таниды. Қарапайым көміртек циклын құра алады
* Көмір қышқыл газының күнделікті тұрмыста қолдану маңыздылығын біледі, өз бетінше зерттеулер жасай алады
Ойлау деңгейі
* Білу. Түсіну. Жоғары деңгей.
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар:
көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын білу және иіс газының тірі ағзаға физиологиялық әсерін түсіну
Пән лексикасы және терминология:
Көміртектің химиялық қасиеттері қандай? (реакция теңдеулерін тақтаға жазу).
Көмір (ІІ,ІҮ) оксидтері - оксиды углерода (ІІ,ІҮ) - carbon oxides (ІІ, І Ү)-
Көмір қышқылы - угольная кислота - metacarbonic acid

Құндылықтарды игерту:
Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады.
Пәнаралық байланыс:
7.2 Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
АКТ-ны қолдану дағдылары:
PowerPoint таныстырылымы.

Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
7 минут

I. . Ұйымдастыру. (1 минут) Психологиялық ахуал туғызу.
oo Топтастыру (2 мин ) Сергіту ойыны : <<Мен электронмын >> бір элементтің периодтық жүйедегі орнына сай электрон санына қарай топ бөлінісін жасау .
oo Н, Ве,Li, В, С / соңғы элемент көміртекте 6 электрон болғандықан 6 оқушыдан топтасады/
Сурет қиындыларын құрастыру арқылы 3 топтың атын анықтау.
І топ. <<Ақпаратшы>>
ІІ топ. <<Зерттеуші>>
ІІІ топ. <<Сарапшы>>
II. Үй тапсырмасы. (3 минут) <<Сұрақты қағып ал>> әдісі. (ҚТ)
1. Көміртек толық жанбағанда түзілетін қосылыс?
2. Көміртектің металдармен қосылысы қалай аталады?
3. Табиғи газдың негізгі құрам бөлігі?
4. Карандаш өзегі, электрод дайындауда қолданылатын көміртек аллотропиясы ?
5. Көміртек пен сутектен тұратын қосылыс құрамында ῲ ( Н) = 25% болса , көміртектің массалық үлесі қанша ?
/Кері байланыс немесе бағалау - ауызша /
/мұғалім - оқушы/

І <<Миға шабуыл>>
Бейнекөрініс "Көмір қышқыл газы "

Сурет қиындылары

<<Ақпаратшы>>

<<Зерттеуші>>

<<Сарапшы>>
Таныстырылым / АҚТ/
https://www.forumdaily.com/kk/rastet-ugrozhayushhimi-tempami-uglekislyj-gaz-v-atmosfere-zemli-dostig-rekordnogo-urovnya/
Ортасы
25 минут

Сабақтың соңы
Бекіту .
(5 минут)

Рефлексия
(3 мин)

Практикалық жұмыс. №7<<Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу>>
/оқулық, 108 бет /
(Т)Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып , зертханалық жұмыстар жүргізеді.
Мақсаты : көмірқышқыл газын алу , оның бар екенін дәлелдеу
Реактивтер
Химиялық құрал жабдықтар
Мәрмәр түйіршігі , тұз қышқылы, НСl /1:4/.
Индикаторлар: мелиторанж, лакмус.
Магний таспасы .
Газ алуға арналған қондырғы, шырпы , стакандар, мақта , спирт, шыны текшеметрлер, қысқыш.

Жұмыс барысы:
1.Газ алуға арналған құралға мәрмәр кесектерін құйып, газдың бөлінуін бақылаңдар.
2.Екі құрғақ сынауықты көмір қышқыл газымен толтырыңдар . Сынауықта газдың толғанын жанған шырпымен тексеріп, сынауықтарды шыны текшелермен жабыңдар.
3. Бөлініп жатқан газды лакмус ерітіндісінен өткізіңдер .
4. Алынған ерітіндіні қайнатыңдар.
5. Құрғаұ стаканға спиртке батырылған мақта салып тұтатып, оның үстіне көмір қышқыл газын құйыңдар.
6.Қысқышпен ұстап жанып жатқан магний таспасын көмір қышқылымен толтырылған газы бар ыдысқа салып , жануын бақылаңдар.
7. Реакция өнімдерін тұз қышқылымен әсер етіп, көріңдер.
ІІ.Мағынаны тану:
І топ.<<Ақпаратшы>>
(Т)1.Көмір қышқыл газын алудың химиялық реакция теңдеуі мен тексеру қорытындысын жазыңдар.
ІІ топ. <<Зерттеуші>>
(Т)Лакмус ерітіндісін және ерітіндіні қайнатқанда қандай өзгеріс байқалады.
ІІІ топ.<<Сарапшы>>
(Т)Магнийдің көмір қышқыл газы қатысында жануын және тұз қышқылына әсерін бақыла.
Дескриптор:
- көмірқышқыл газын алу реакция теңдеуін дұрыс жазды
-лакмус ерітіндісі мен ерітіндіні қайнатқанда өзгерістерді дұрыс айқындайды.
- магнийдің жануының көмір қышқылы газында бәсеңдеуіне дұрыс қорытынды жасайды.
- тұз қышқылымен әрекеттесуі нәтижесінде түзілген өнімге қатысты реакция теңдеуін жаза алады.
ІІІ. Ой толғаныс
"Зерделе " әдісі
PISA - тапсырмалары
(Жж) Нанға арналған қамыр
Аспазшы нан пісіру үшін қамыр даярлағанда оған ұн, су, тұз және ашытқыны араластырады. Одан кейін қамырды бір ыдысқа салып бірнеше сағатқа ашытуға қояды. Ашу барысында қамырда химиялық процесстер жүреді: ашытқы (дара жасушалы саңырауқұлақ) ұнның құрамындағы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады.

Сұрақ 1: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР

Ашыту нәтижесінде қамыр көтеріледі. Қамыр неліктен көтеріледі?
A .Өйткені қамырда пайда болған спирт газға айналған күйге ауысады
B Өйткені қамырда дара жасушалы саңырауқұлақтар көбейеді
C Өйткені қамырда көмірқышқыл газы пайдаболады
D Өйткені ашу барысында қамырдағы су буғаайналады

Жауабы: C. Өйткені қамырда көмірқышқыл газ пайда болады
Сұрақ 3: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Химиялық реакция нәтижесінде қамырдағы ашытқы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады.
Көмірқышқыл газ бен спирттің құрамындағы көміртек атомы қайдан пайда болады?
Төменде келтірілген мүмкін пайымдауларды әр қатардан <<Иә>>немесе
<<Жоқ>>депайналдырасызыңыз.
Көміртек атомының пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па?
ИәнемесеЖоқ
Кейбіркөміртекатомдарықанттаншығады.
Иә / Жоқ
Кейбіркөміртекатомдарытұзмолекулаларыныңқұрамынакіреді.
Иә / Жоқ
Кейбіркөміртекатомдарысуданшығады
Иә / Жоқ

Жауабы: Үш дұрыс жауап: Иә, Жоқ, Жоқ берілген тәртіпте

Сұрақ 4: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Ашытқан қамырды пешке салғанда, газ және бу көпіршіктері қамырда ұлғая бастайды.

Неліктен жылытқанда газ бен бу ұлғаяды?
A Олардың молекулалары көбейеді
B Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады
С. Молекулалар саны көбейеді
D Олардың молекулалары сирек соқтығысады

Жауабы: B. Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады
Өзіндік бағалау :Дұрыс жауабына сәйкестендіріп өз тапсырмаларының дұрыстығын тексереді.

<<Ақылды доп>> ойыны
Шарты: Допты лақтыру арқылы бүгінгі сабақта алған білімді сұрақ қоя отырып жауап беру және келесіге бағыттау .

<<Түймедақ гүлі >> әдісі арқылы жазбаша кері байланыс алу.
Гүл ортасына аты, гүлдің жоғары жағындағы күлтелеріне бүгінгі сабақта үйренгенін, білгенін. Төменгі бөлігіне не білгісі келетіндігін жазады

Үйге тапсырма:Көміртектің химиялық қасиеттері .
Оқулық -110 бет, №1-4 тапсырмалар

PISA_KAZ (3) - 2014.pdf - тапсырмалар жинағы

<<Түймедақ гүлі>> суреті суреті таратылады.

Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?
Бағалау - оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздіктехникасыныңсақталуы
Қабілеті жоғары оқушылар салыстыру схемасын толтырады, ракция теңдеулерін жазады
Өзара бағалау
Қорғағыш көзілдірік, қауіпсіздік техникасының ережелеріне таныстырылым.
Сабақ бойынша рефлексия
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысын да сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

№3 тапсырма №1-4 "НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР"

Тапсырма
Жауаптары
Қолданусаласы
Контекст
Құзіреттілік
Деңгей
№1
C. Өйткені қамырда көмірқышқыл газ пайда болады
Әдіснамалық білім
Жаһандық
Зерттеу
3
№3
Үш дұрыс жауап: Иә, Жоқ, Жоқ берілген тәртіпте
Мазмұнын білу
Жаһандық
Талдау
4
№4
B. Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады

Мазмұнын білу
Жаһандық
Түсіндіру
2

Ұқсас жұмыстар
Бейнекөрініс Көмір қышқыл газы
Көміртектің қосылыстары
Ауаның маңызы
Өсімдік мүшелері
Тапсырманы орында
Сабақтың талдауы
Ауа және оның қасиеті
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Негіздер жай заттар
Фотосинтез факторлары
Пәндер