5-сыныпта жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу бойынша сабақ жоспары

5. 1. 2. 23
жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;
Оқушылар:
- жай бөлшектермен және аралас сандармен арифметикалық амалдар(бөлу) орындай алады;
Оқушылар:
- жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану алгоритмін түсіндіре алады;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
- толықтауыш көбейткішті табу үшін, . . . керек;
- бірінші бөлшектің толықтауыш көбейткіші . . . болады;
- бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу үшін, . . . керек;
- бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу үшін, . . . керек;
- екі бөлшекті көбейту үшін, . . . керек;
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту
Жай бөлшектерді және аралас сандар көбейту. Өзара кері сандар
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасып, үй жұмысын тексереді.
- Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырады. «Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану» тақырыбын қайталау ұсынылады.
«Еске түсіру» сұрақ-жауап
Келесі сұрақтар қойылады:
- Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай қосамыз (азайтамыз) ?
- Бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді қалай қосамыз (азайтамыз) ?
- Жай бөлшекті қысқарту дегеніміз не?
- Екі бөлшекті қалай көбейтеміз?
Оқулық
Оқулық
Оқулық
Ортасы
Соңы
Оқушыларды топқа бөлу
( Оқушылардың жеке заттары сұралынып, оқушылардың сыныптан 1 минутқа шығу сұралады, және әр оқушылар мұғалімнің кез келген ретпен қойған өз жеке заттары қойылған партаға отырады. )
Жаңа сабақ
Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек.
Ережені әріптермен жазсақ:
Мұндағы
- натурал сан немесе
саны,
- нтурал сандар.
Мысалдар:
Санды нөлге бөлуге болмайды. Себебі кез келген санды нөлге көбейткенде көбейтінді нөлге тең болады.
Кім жылдам? ойыны ұсынылады:
1. Қораптағы шай 1/4 кг. Неше қорап шай 1 кг? (4 қорап)
2. Поезд 1 сағатта екі қала арақашықтығының 1/3 бөлігін жүрді. Поезд бір қаладан екінші қалаға қанша сағатта барады?
3. Бір орам өрік 3/4 кг. Неше орам өрік 6 кг болады?
«Ой салу» (Сергіту сәті, сөзжұмбақ шешу)
- Алымы бөлімінен үлкен болатын бөлшек?
- Еселейтін арифметикалық амал?
- Бр бүтіннің тең бөліктері?
- Санауда қолданылатын сандар?
Оқушыларға топта есеп қарастыруды ұсынамын.
Мысалы:
Мектеп құрылысын жүргізуде гүл өсіру үшін тіктөртбұрыш пішінді бірнеше гүлзар қарастырылған. Әр гүлзардың ауданы м 2. Егер әр гүлзардың ұзындығы м болса, онда ені қандай болады? Егер гүлзардың енін х деп белгілесек, онда ауданды есептеу формуласы бойынша
Оқушыларға айнымалының мәнін екі әдіспен табуды ұсынамын.
1-тәсіл. Көбейтудің белгісіз компоненті ретінде :
2-тәсіл. Теңдеудің екі жағын белгілі көбейткішке кері санға көбейту арқылы :
Екі шешімді талдай отырып, бір бөлшекті екінші бөлшекке бөлу ережесіне жетелеймін. (және оқушылар топпен құрастырған есептері талдайды) .
Рефлексия. Оқушылар таратылып берілген стикерлерге келесі сөйлемдерді толықтырады:
- Мен бүгінгі сабақтан білдім . . .
- Қызықты болды…
- Қиындық болды…
- Мен тапсырманы орындағанда…
- Мен енді не білгім келеді…
Үйге тапсырма. Жай бөлшектерді бөлуге 5 есеп құрастырып келу.