Жоғары оқу орындарындағы жаңа педагогикалық және ақпараттық білім беру технологиялары

logo-1-e1592142859817.png

Қазақстан Республикасы Білім және

Ғылым Министірлігі

«М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан

университеті”

МӨЖ

Тақырыбы: Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары

Орындаған:

МЕП-21-1нк1 тобының магистранты: Бақбергенов Нұрлат Мақсатұлы

Сабақтың мақсаты: Білім берудің мазмұны туралы білімдерін қалыптастыру.

Студенттердің алған теориялық білімін өз бетінше өзіндік тұжырымдай білуге дағдыландыру.

Сабақтың жоспары:

  1. «Білімдендіру технологиясы», ұғымының мәні. «Технология», «Оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарына әр түрлі тұрғыдан анықтама беру.
  2. Оқыту технологиясы мен дидактиканың өзара байланысы.
  3. Дидактикалық технологияның деңгейлері.
  4. Кәсіби даярлықтың технологиялық принциптері.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: Миға шабуыл сұрақтары, Жасырын сөзді тап, Айналмалы бекет.

Ұйымдастыру кезеңі. 3мин

Амандасу, сабаққа қатысымды белгілеу. Семинардың тақырыбын, өзектілігін, жұмыстар барысын хабарлау.

Студенттерді топқа топтастыру мақсатында «Миға шабуыл сұрақатары» қойылады.

Сұрақтар түрлі түсті стикерлерге жазылады. Түстерге байланысты студенттер топтасады.

Сабақ барысы: Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары

Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.

Педагогикалық технология

Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді : Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды;

екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Негізгі үш сатының маңыздылығы. Бұл жаңаша оқыту технологиясында барлық стратегиялар үш саты бойынша қолданылады.

І-саты - баланың қызығушылығын ояту - ой шақыру, бұл əрбір сабақта қажет. Сатының мүмкіндіктері: қаралып отырған тақырып немесе проблема бойынша оқушының бар білім қорын қорыту, өзектендіру, оқып отырған тақырыпқа тұрақты қызығушылық тудыра отырып, оқушының оқу іс-əрекетін мотивациялау, сабақ үстінде оқушының белсенділігін ояту.

ІІ-саты - мағынаны ажырата білу. Бұл жердегі міндеттер мүлде бөлек. Саты оқушыға жаңа ақпарат алуға, оны ой елегінен өткізуге, өзінде бар білімдерін біріктіруге мүмкіндік береді, мəтінді жан-жақты жəне əр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.

ІІІ-саты - ой толғаныс-рефлексия. Мұнда, негізінен, алынған ақпаратты қорыту, жалпы ой елегінен өткізу; оқушыға жаңа ақпарат, жаңа білім беру, оқып отырған материалға əрбір оқушының өзіндік қатынасын қалыптастыру т. б. мəн беріледі.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының тағы бір маңыздылығы, жүйенің кейбір ерекшеліктерінде, «тек қана есте сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана білім» - деп, əйгілі орыс жазушысы Толстой айтқандай, бұл жүйенің бір ерекшелігі, кез келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.

Екінші бір ерекшелігі, білім көбіне, «өзгенің ақыл-ойымен шыңдалмаған білім білім емес» деп француз ғалымдары айтқандай, жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілетіні.

Дамыта оқыту жүйесі сияқты, «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының тиімділігі негізгі қағидалары мен мақсат-міндеттері дамыта-тəрбиелей отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау жəне өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген əдістер - технологиялық құралдардың жиынтығы . Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мəліметтерді əр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған шағында шетел тілі сабақтарында көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пайдалану мүмкіндігі бар. Яғни, оқытудың мұндай жүйесінің құралы компьютер болып табылады.

Мектепте компьютермен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Заман талабына сай техникалық құралдарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану - мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол.

Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:

  • оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
  • оқыту-тəрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындау;
  • дайын бағадарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
  • ойлау қабілетін дамыту;
  • ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пəндік материалда меңгеруді қолдана білуге үйрету.

Миға шабуыл сұрақтары. 5мин

Білім беру жүйесіндегі маңызды мәселе?

Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру қажеті?

Педагогикалық технология?

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың бағыттары?

Негізгі үш сатының маңызы?

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту?

Ақпараттық технология?

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану?

Мектепте компьютермен жұмыс істеу пайдасы?

Компьютер арқылы оқыту міндеттері?

Студенттердің білімдерін өзектендіру кезеңі

Жұптық жұмыс 15 мин

Әр жұпқа сұрақтар беріледі, жауабын айтады және сұрақ жазылған парақтың артында сөздер жазылған сол сөздерден сөйлемдер құрастырады.

  1. Жасырынған сөз:«Оқу - білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек. »Ғабит Мүсірепов

І жұп. Сұрақ:

ІІ жұп. Жасырынған сөз: «Адам неғұрлым идеялық жағынан білімді болса, соғырлым өз ісінде табанды да мығым болмақ. »
Петр Лесгафт

Сұрақ: Ақпараттық технология дегеніміз не?


Ұқсас жұмыстар
№3 жалпы білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа педагогикалық және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану
Жаңа педагогикалық технологиялар мен жоғары оқу орнындағы дәріс пен семинарлардың әдістемелік негіздері
Экологиялық білім беру: мазмұн, тақырыптар және оқыту технологиялары
Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың №13 жалпы білім беретін мектебіндегі тәжірибесі
Білім беру жүйесінде жастардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Педагогикалық технологиялар мен білім беру мазмұнын үйлестірудегі мұғалімнің шеберлігі: мектепалды даярлықтағы ойын технологиялары
Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі мен интерактивті тақталарды қолданудың педагогикалық тиімділігі
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың білім беру мен ақпараттық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі
Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы және оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру
Ауыл мектептерінде оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту: ақпараттық-білім беру ортасының мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz