Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Топ ережелері
Тақырыбы: <<МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МАҢЫЗДЫ ІС>>
Мақсаты: оқушыларға кәсіптік таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету, өмір туралы, мамандықтар туралы, алдағы уақытта мамандықты таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта - ықыласын арттыру.
Міндеттері:
- Мамандық таңдаудың негізгі шарттарымен таныстыру;
- Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
-Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жоба қорғау, дискуссия.
-Көрнекілігі: слайдтар, плакаттар, интерактивті тақта, , үлестірмелі парақшалар.
Сыныптағы барлық оқушыларды ортаға шақыру.
1.Сәлемдесу.
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты <<мамандықтар>> модулі бойынша алған білімдерімізді қорытындылап, нәтижелейміз.Мектеп бітіргесін.МЕН - қайда барамын, қай мамандықты таңдауым керек? дегендей сұрақтарға жауап іздейміз.
Міне осы мақсатта мен сіздерге : <<Психогеометрия>>- өзін - өзі тану тренингін дайындадым. Кескіннің бірін таңдап топтарға бөлінеміз.Қолымыздығы геометриялық пішімге байланысты орындарымызға жайғасамыз.
Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрейік.
Төртбұрыш: Сендерде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңдағы адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін бар. Сендерден үздік администраторлар шығады
Шеңбер. Сендерде адамгершілік жоғары дамыған. Сендерге жеке адамдар арасындағы жаман қарым қатынас тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сендерден үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш: Сендерге басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсыз.
-Бүгін бәріміз сенімдіміз, жеңіске, жетістіктерге жетеміз!
Видео <<Мамандықты таңдау>> (Хабар арнасынан <<Жаңалықтар>> бағдарламасынан үзінді көрсетіледі)
-Сендер қалай ойлайсыңдар,қазіргі кезде Қазақстанда қандай мамандықтар қажет?
- Қандай мамандықтарға грант беріледі? Ал енді топтардың бір біріне сұрақтары.
-Сен қандай мамандық таңдадың? Неліктен?
-Сен қайда окуға барасың? Неге?Ол қай қалада орналасқан?
- Сен қалай ойлайсың,қоғамда сұранысқа ие мамандық бар ма?
- Біздің аймығымызда қандай оқу орындары бар? Онда қандай мамандықты дайындайды ?
-Сеніңше, бұл оқу орындарында сен қандай факультетке түсер едің? Неге ?
-Мұғалімнің сөзі:
Мамандықтың жаманы жоқ әлемде,
Жаман қылған жалқаулар бар әр елде.
Сондықтан да жалқаулықты тастайық,
Игі істермен өмір жолын бастайық
1 топ: << Мың бір кәсіп тобы>>.2 топ: <<Мәртебелі мамандық >>,3 топ: << Мамандықтар әлемі>>
Топ ережелері:
1.Сыйластық.
2. Тыңдай білу.
3. Сөзді бөлмеу.
4. Белсенділік таныту.
5. Шығармашылық.
6. Төзімділік.
7. Түсіністік қарым-қатынас.
Сұрақ- жауап
- Ал, мектепте қандай білім алады? (орта)
- Мамандық алу үшін қандай оқу орындарында оқу керек? (колледж, университет, академия)
- Колледжде қандай білім алады? (орта арнаулы)
- Университет пен академияда қандай білім алады? (жоғары)
І- тапсырма: <<Миға шабуыл>> -- ой қозғау: Мамандық дегеніміз
не? Әр топ өз ойын айтып, жауап береді:(6 минут).
Күй Еркемай
<<Мамандық>> сөзіне анықтама беру. Мұғалім толықтырады
Профессия- мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге -- әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау... Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз -- өзіне <<Мен кіммін?>>, <<Осы өмірдегі менің орным қандай?>>, <<Қалай өмір сүремін?>> деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
ІІ - тапсырма: << Келісемін, келіспеймін, дәлелде>> (3 минут)
Нұсқау: Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар өзі келісетін, келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, пікірлерін ортаға салады. Әр топқа 3 сұрақтан беріледі.
1. Мамандық бір-ақ рет және біржола таңдалады.
2. Мамандық таңдау қалтаның қалыңдығына байланысты.
3. Мамандық таңдау адамның қабілетіне, бейімділігіне тікелей байланысты.
4. Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
5. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
6. Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
7. Ақша болса, мамандық қажет емес.
8. Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
9. Мамандық таңдаудағы басты өлшем - қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.
ІІI - тапсырма <<Білеміз бе?>>Жоба қорғау(12 минут)
Би
Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар
І топқа Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар
ІІ топқа ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар
ІІІ топқа Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды
Постер қорғау
Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз.
IV. Сергіту сәті.
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.
Ең жасыл -- -- -- -- (эколог, бақташы, орманшы, гүл өсіруші)
Ең тәтті -- -- -- -- -- -- (аспаз, кондитер)
Ең ақшалы -- -- -- -- -- (банк қызметкері, экономист)
Ең күлкілі -- -- -- -- -- -- -(клоун, әзілкеш)
Ең жауапты -- -- -- -- -- - (сот, бухгалтер)
Ең салмақты -- -- -- -- -- -- - (мұғалім, заңгер)
Ең қарым-қатынасы күшті -- -- - (бизнесмен, кәсіпкер)
V - тапсырма: (5минут)
Оқушы ойы. (мамандық таңдау факторлары жайында әңгімелеу)
-"Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады" Н. Ә. Назарбаев.
1 - топ.
- Сендер мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді деп ойлайсыңдар? Оз ойларыңызды топпен ақылдасып айтыңыз .
Жауаптары- ата - ананың ақылы
- достарыңның ақылы
- қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
- дарының, мүмкіндігің, қабілетің
- жақын аймақтағы оқу орнының болуы
- жалақысының көп болуы
2 - топ .<<Мамандықтар классификациясы>>
- Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер - психолог Евгений Александрович Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар.Олар қандай ?
"Адам- табиғат" (Ботаник, мал дәрігері, )
"Адам- техника" (жүргізуші, инженер, слесарь- темір ұстасы)
"Адам- адам" (психолог, дәрігер, режиссер)
"Адам- белгілі жүйе" (кітапханашы, бағдарламашы-программист)
"Адам- көркем бейне" (актер, суретші, дизайнер)
Өз мамандығының типін анықтау
Сен қандай мамандық таңдайсың?
Қандай типке жатады?
3-топ.Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?- Біз ойламыз, компьютерді білу ,бірнеше тілді, ағылшын тілін білу. Адамдармен қарым-қатынас жасай білу. Өз тауарын, қызметін өткізе білу . Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау. Үнемі білім ға алуға, қайта оқуға бейімділік.
VI- тапсырма. Таңдаған мамандығың туралы білесің бе? ( 5 минут)
Нұсқау: Берілген сұрақтарға "иә"немесе "жоқ" деп жауап беру қажет.
1. Таңдаған мамандығыңның мазмұны туралы білесің бе?
2. Болашақ мамандығыңа қоятын талаптарды, еңбек ақысы туралы білесің бе?
3. Таңдаған мамандығыңды қай оқу орны дайындайды?
4. Таңдаған мамандығыңа жеке қасиеттерің, қабілетің сай келе ме?
5. Таңдап отырған мамандығыңа білімің сай келе ме?
6. Таңдаған мамандығыңды игеруге мектептегі пәндердің қайсысы қажет екендігін білесің бе?
IV.Жағдаят ситуация .
Мамандықты дұрыс таңдау - өмір жолының сәттілігінің негізі.
Э.Ф.Зеер (ғалым)
1-топ <<Микрофон>> - cтратегиясы.
Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын жолдайды.
Сұрақтар:
1.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
2.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
3.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
4.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
7.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
8.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
2-топ. Сұхбат <<МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ>>
3-топ .Жарнама <<Оку орындары>>
-<<Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау>> демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар.
Қорытынды: .( 5 минут) Мамандық таңдау дегеніміз - яғни болашағыңды айқындау. Біз алдымызға белгілі бір мақсат қоя білуіміз керек. Сол мақсатқа жету үшін бірталай міндеттер орындауымыз керек. Сонда ғана сенің болашағың айқын.
Осы жөнінде оқушылар пікірін тыңдайық.
-- Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың бар ма?
Осы мақсатқа жету үшін сен не істемек ойларың бар?
Осы сабақтан не алдыңыз?
Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
- Мамандық таңдаудағы салғырттық пен немқұрайдылық кешірілмейтін іс. Адамның өз болашағына деген жауапкерсіздік. Мамандық таңдау - болашағыңды айқындаудың өлшемі. Демек, одан қателесуге болмайды. Сол үшін де үш ойланып, төрт толғанғанның артықтығы жоқ. Өз болашағыңды өзің белгілейтін ең маңызды кезеңде тұрғаныңды ұмытпауға тиіссің.
<<Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау>> демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар.
Есінде жүрген жөн болар. (кеңес).
1. Мектептегі оқу пәндері нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді. Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару;
2. "Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды" деген қорытынды жасауға болмайды.
3. Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек. Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.
4. Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы. Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы меңгерген мамандық болу керек.
5. Мүмкіндігінше таңдаған мамандығыңның өзіңнің денсаулық жағдайыңа сәйкес келетіндігін ескеру қажет.
Сабақтағы белсенділіктеріңізге рахмет

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz