Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Топың ұраны
"Ұшқыр ойлы топ" атты математикалық сайыс бағдарламасы.
Мақсаты:
1. Білімділік: Білім алушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілік: Ақпараттық технологияны қолданып, слайдтар арқылы видео - аудио техникалар арқылы өткізу. Зал безендіріледі. Шарлар, қанатты сөздер. "Математиканың өз тілі бар - ол формула" Софья Ковалевская, "Арифметика - математиканың, ал математика - барлық ғылымдардың патшасы" Карл Гаусс, "Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек ". С. М. Ломоносов
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен студенттер! Бүгінгі "Ұшқыр ойлы топ" атты 1-курс студенттерінің арасында өткізілгелі отырған математикадан интеллектуалды сайысымыздың салтанатына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Негізінен МИ-101 тобының ұшқыр ойлыларынан құралған "Дифференциал" және М5-101 топтарынан тұратын "Интеграл" топтарын ортаға шақырып құрмет - қошемет көрсетіп қояйық.
1 - жүргізуші:
Сонау - сонау алысқа жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер.
Математика - ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.
2 - жүргізуші:
Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көріңіз,
Жеткенінше шамаңыз.
Алғырлар мен тапқыртар,
Бар өнерін салады.
Білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
1 - жүргізуші:
Математика сырлары,
Қызықтырады біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді - дей келе отырып, сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қылды қақ жарып әділ баға беретін Әділқазылар алқасын ортаға шақырып, қошемет көрсетіп, таныстыра кетейік.
2-жүргізуші: Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! - деп, бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Әділ қазылар алқасының төрайымы - ____________________________________
Мүшелері: __________________________________________
___________________________________________________

1 - жүргізуші: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар - деген.
Ал қазір мен сіздерді "Дифференциал" тобымен таныстырып өтейін.
Топ жетекшісі - _____________________
Мүшелері: ___________________________
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
Сонымен сөз кезегін сәлемдесу рәсімі бойынша "Дифференциал" тобына береміз.
Топың ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты шаң қаптыру межеміз.
Танысып қояйық, Жоғарғы математиканың
Дифференциал деген шөбересі біз боламыз,
Ұнамасаң ұп - ұсақ қылып бөлшектейтін де - біз боламыз.
2 - жүргізуші: "Интеграл" тобы, сөз кезегі сіздерге де келіп жетті.
Келесі кезекте мен сіздерді "Интеграл" тобымен таныстырып өтейін.
Топ жетекшісі - Жақиянова Дариға
Мүшелері:Бахытбек Аружан
Заманбекова Гүлім
Әртембекова Тоғжан
Сейсенбаев Адильжан
Амирбек Мейрамбек
Сонымен сөз кезегін сәлемдесу дәстүрі бойынша "Интеграл" тобына ұсынамыз.
Топың ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста, алғырлықпен аламыз,
Сәлемдесуі: 1. Қиындықтан сірә біз де қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Танысудан сірә бізде қашпаймыз.
Сізге кері Интеграл ағаң боламыз.
Бөлшекке салып бүлдіргенді,
Жинақтайтын да біз болармыз.
1 - жүргізуші: Интеллектуалды сайыстың жүру тәртібімен таныстырып өтейік.
1 - кезең. "Бәйге" - Сұрақ - жауап. Бұл кезеңде математикалық есептер шешіліп, сұрақтарға жауап беріледі.
2 - кезең. "Жорға" - Математикалық жұмбақтар шешу(Полиглот).
3 - кезең. "Аударыспақ" - Үй тапсырмасы - Математикалық сиқырлар мен ойындар көрсету.
4 - кезең. "Көкпар" - Логикалық есептер шешу.
5 - кезең. "Теңге алу" - Математикалық шырпы есептерін шешу.
2 - жүргізуші:
Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,
Есептердің нақ шешімін беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,- дей келе біз алғашқы - Бәйге кезеңін бастайық.
Өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысуға даяр болсаңыздар, сайысымызды бастайық. Сайысты бастар алдында оның өту тәртібімен таныстырып өтейік.
1 - жүргізуші:
1 - кезең. "Бәйге" - Сұрақ - жауап. Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5, қателескен жағдайда жанкүйерге не қарсыласқа кезек беріліп, олар шешкен жағдайда 3 ұпайдан беріледі.
(Әр сұраққа ойлану кезінде күйлер мен әуендерден саз жетекші фон ретінде ойналады)
1. Тапсырма: Екі өрнектің қосындысының квадраты
олардың біріншісінің квадратын, екі еселенген екеуінің көбейтіндісіне және екіншісінің квадратына қосқанға тең.
2. Тапсырма: Қос бұрыштың косинусы...
... α бұрышының косинусы мен синусының квадраттарының айырмасына тең болады.
3. Тапсырма: Sinα - қай ширектерде оң болады?
Жауабы: 1 - ші және 2 - ші ширектерде оң болады.
4. Тапсырма: Екінші мүшесінен бастап, әрбір мүшесі, алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегін... (қалай атайды?)
Арифметикалық прогрессия деп атайды
5. Синустар теоремасын айтыңыз...
Кез келген үш бұрыштың қабырғалары оларға қарсы жатқан бұрыштардың синустарына пропорционал болады.
6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
7. у=х[3] функциясының графигі. (кубтық парабола)
8. Жарты түзу. (сәуле)
9. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды? (бос ыдыстан)
10. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады? (200)
11. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)
12. у=х[2] функциясының графигі. ( парабола)
13. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?
14. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)
1 - жүргізуші:
Келді кезек жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарын беру керек үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға, шәкірт саған несібе.
6 жұмбақ
2 - кезең. "Жорға" - Математикалық жұмбақтар шешу(Полиглот)
Қазақша жауапқа - 5, орысша аудармаға - 1, ағылшынша аудармаға - 2 ұпай беріледі.
6 - Жұмбақ шешіледі.
1. Атадан 10 баламыз
Бір - бір жастан арамыз
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз (цифрлар, цифры, numbers)
2. Бүтін сан, бөлшек сан
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы,
Оң, теріс сан бәрі сонда. (рационал сандар, рациональные числа, rational numbers)
3. Түзудің бір бөлігі,
Екі нүкте көрігі.
Ұзындығы және бар,
Айтшы ұпай сенікі. (Кесінді,отрезок, line segment )
4. Үлкен, кіші сандарды сен,
Ажыратқың келсе егер.
Қандай таңба қояр едің,
Қане ойлан куәгер. (салыстырмалы белгі, знаки сравнения,comparison symbols )
5. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы ол қандай сан.
Жан - жағыңа қарамай. (натурал сан, натуральные числа, natural numbers )
6. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,
Қай сан бар достарым. (Бөлшек сан, дробное число,a fractional numbers )
2 - жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- дегендей, өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысымыздың келесі кезегі <<Аударыспаққа>> көшейік.
1 - жүргізуші:
3 - кезең. "Аударыспақ" - Үй тапсырмасы - Әр топ алма - кезек бір математикалық ойын, бір математикалық сиқыр көрсетеді. Әрқайсысы 10 ұпаймен бағаланады.
(Ән - күймен жетек).
1 - жүргізуші:
Ұлттық ойын көкпар!
Білекті жігіт, белді ат,
Жекпе - жек, тартысты сәт,
Тақымы тастай батыр ұлдар мен сәйгүліктер додасы.
4 - кезең. "Көкпар" - Логикалық есептер шешу. Ұяшықтарды алма - кезек таңдау арқылы ұяшықтағы ұпайды иеленеді.
Жанүйерлер, не қарсыластар шешкен жағдайда, сол ұпайдың жартысы беріледі.
1. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін? Жауабы: 53 (10 ұпай)
2. Тоғыз литрлік және төрт литрлік екі ыдыс берілген. Осы ыдыстардың көмегімен бактан алты литр суды қалай алуға болады? (суды бакқа қайта құюға болады) Шешімі: 9 - 4 - 4=1 9 - 4=5 5+1=6 (20 ұпай)
3 . Бес гномға үш қызыл және төрт көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үш қызыл және екі көк капюшонды гномдардың бастарына кигізеді. Қалған капюшондар жасырылады. Жарық жағылады. Гномдардың қайсылары өз бастарындағы капюшонның түсін таба алады? Шешімі: екі көк түсті капюшон киген гномдар таба алады. Себебі көк капюшон киген гном алдында үш қызыл және бір көк капюшон киген гномдар түрады. Ал қызыл капюшон саны үш, қалғаны көк. Сондықтан өз басындағы да көк. (30 ұпай)
4. Үш оқушы үш мектептен лагерге келді. Тәрбиеші олардан кім қай мектептен келгендерін сұрады. Оған: Бейбіт: мен 24 - шы мектепте, ал Айдын 8 - ші мектепте оқиды. Айдын Мен 24 - ші мектепте, ал Бейбіт 30 - шы мектепте оқиды. Диас: Мен 24 - ші 5 Құрастырған: Маженова Жаңагүл, Байназаров Талғат мектепте, ал Бейбіт 8 - ші мектепте оқиды деді. Тәрбиеші мына жауаптардан түк түсінбеді. Сосын үш оқушы айтқандарының бірі ғана дұрыс екенін мойындады, ал екеуі өтірік деді. Оқушылардың айтқандарының қайсы рас, қайсы жалған? Кім қай мектепте оқиды? Шешуі: Бейбіттің бірінші айтқанын дұрыс деп алайық, онда екіншісі өтірік. Онда, Айдын 8 мектепте оқиды. Онда Айдын мен Диастың бірінші айтқаны өтірік. Онда олардың бірінші айтқандары рас болу керек. Қарама - қайшылыққа әкеледі. Енді Бейбіттің екінші айтқаны рас деп алайық. Онда Айдын 24 - те оқимайды. Бейбіт 30 - да оқыса, онда ол 8 - де оқымайды. Бейбіт 30 - да, Айдын 8 - де, Диас 24 - те оқиды. (40 ұпай)
5. Дөңгелек бойында 60 рыцарь мен өтірікшілер тұр. Өтірікшілер әрдайым өтірік айтады, Рыцарьлар әрқашан шындықты айтады. Бірақ рыцарьлар кейде қалжындайды, яғни арасында өтірік айтады. Бұлардың әрқайсысы <<рыцарь мен өтіріші арасында тұрмын>> дейді. Олардың арасында екі рыцарь қалжындайды. Дөңгелек бойындағы өтірікшілер санын тап? Жауабы: 20 өтірікші. Себебі, 2 өтірікші қатар тұра алмайды және 3 рыцарь қатар тұра алмайды (тек 2 рыцарь қалжыңдағанда ғана қатар тұра алады). 2 рет (ррр) бола алмайды. Тек бір (өрө) және бір (ррр) бола алады. Қалғаны (өрр). өрөрррөррөррөррөрр... өрр 20 - өтірікші, 40 - рыцарь. (50ұпай)
6. Мұғалім оқушыларға 415327 және 8373 сандарының көбейтіндісін табуды берді. Жәнібек есепті бірінші орындап, жауабы 328363624 деді. - Бұл қате, - деді Алишер - Неге, сен әлі шығарған жоқсын ғой, - деп Жәнібек ашуланды. - Сонда да оның қате екенін көріп тұрмын, - деді Алишер. Кімдікі дұрыс? Шешімі: Жәнібек дұрыс айтты. 1) Соңғы цифралардың көбейтіндісі бірге аяқталуы керек. 2) Екі тақ санның көбейтіндісі тақ санға аяқталуы керек. (60 ұпай)
2 - жүргізуші:
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та,
Біреу озық келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады қапылыста.
5 - кезең. "Теңге алу". Екі топ математикалық шырпыларды қолдарына берілген қағаздарды пайдалана отырып, тақтада ұсынылған есепті шығарып, жауабын қағазға жапсырады.
жауабы: 10+17+3=30
жауабы: 19+69=88
2 - жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер - деп сқз кезегін әділқазы алқаларына ұсынамыз.
Құрметті ұстаздар және студенттер осымен бүгінгі ойы ұшқыр топтарымызды анықтау мақсатында өткізілген <<Ұшқыр ойлы топ>> интеллектуалды сайысымызды аяқтаймыз.
1. Атадан 10 баламыз
Бір - бір жастан арамыз
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз
2. Бүтін сан, бөлшек сан
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы,
Оң, теріс сан бәрі сонда.
3. Түзудің бір бөлігі,
Екі нүкте көрігі.
Ұзындығы және бар,
Айтшы ұпай сенікі.
4. Үлкен, кіші сандарды сен,
Ажыратқың келсе егер.
Қандай таңба қояр едің,
Қане ойлан куәгер.
5. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы ол қандай сан.
Жан - жағыңа қарамай.
6. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,
Қай сан бар достарым.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz