Қатыспаған оқушылар

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары
Бөлім:
Мұғалімнің аты-жөні, тегі
Мерзімі:
Сынып: 6
Оқушылар саны:6
Қатыспаған оқушылар:
Сабақтың тақырыбы №20
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары
Адами қарым-қатынас жасау әдептілігі. Айналасындағылармен сыйласу, оларды бағалай білу.
Сынып ұжымындағы өзара түсіністік пен сенім - ұл бала мен қыз баланың өзара сыйластығы, достығының сыры неде екенін түсінуге мүмкіндік алады.
- Оқушылардың сынып ұжымындағы өзара түсіністік пен сенім туралы түсініктерін тереңдету;
- оқушылардың достықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыра отырып, айналасына шынайы қарым-қатынасын дамыту;
- оқушыларды шынайылылыққа, сыйластыққа, өзара түсіністік пен сенімділікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин )
1. Жағымды көңіл күй ( 1-3 мин)
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді және «5Т» ережесін ұстануға шақырады.
Мұғалім «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін өткізеді.
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
Оқушылар тыныс алып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.
№20 сабақ, 81-бет Қалихан Ысқақтың « Қоңыр күз еді» әңгімесін мазмұндау.
Сұрақтар:
1. Мәтіндегі « сен өзіңді басқамен салыстырма. Кімнің қандай білігі бар, ол маған бес саусақтай белгілі» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2. Ұстаз оқушы бойынан қандай қасиетті көре білді деп ойлайсыңдар?
3. Қазақтың Чеховы деп кімді, қай жазушыны айтып тұрғанын білесіңдер ме?
4. Адам қандай қасиеттері арқылы рухани-адамгершілік биігіне көтеріліп, кемелдікке жете алады?Неліктен?
5. Сыныптарыңда ұстаз бен оқушы арасында осыған ұқсас оқиға болды ма? Әңгімелеп бер.
«Айнымас досы бар адам - ең бақытты адам. »
Халық мақалы
1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
2. Өзіңді айнымас доспын деп санайсың ба? Неліктен?
2. Достарыңның бойындағы ізгі қасиеттер туралы әңгімелеп беріңдер.
Мұғалім дәйексөзді дәптерге жазуды ұсынады.
Оқушылар халық мақалының мағынасын сұрақтар арқылы талқылайды.
Дәйексөзді әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.
Дәптерге жазып алады.
Презентация - слайд,
жұмыс дәптерлері.
4. Оқиғалар айту ( әңгімелесу )
(4-8 мин)
«Жүрегіңнің отын сөндірме» Аңыз
Бір жігіт көршісіне өзін жақында ренжіткен досын жамандай бастайды. Көршісі ол жігітті тыныштандырып, досын кешіруін өтінеді. Сонда ол ашуланып:
- Мен неге өзімді ренжіткен адамды кешіруім керек, неге мен өзімді сатып кеткен адамның алдында кешірім сұрауым керек?- дейді.
Тыңдап тұрған көршісі оған бір аңызды баяндап береді: ертеде бір адам өмір сүріпті. Ол Табиғат Анадан шам жақпас үшін ешқашан түннің болмауын, пеш жақпас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды. Бірақ, Табиғат Ана ол адамның өтінішін орындай алмайтындығын айтады.
Қатты ренжіген ол адам оған былай дейді: ендеше, мен саған жарық беру үшін ешқашан шам жақпаймын, саған жылу беру үшін пешті жылытпаймын, үйдің есігін де жаппаймын - дейді.
Осы айтылғандарды естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне:
- Бұл неткен ақылсыз адам, бұл өзінің жаққан шамымен Табиғатқа жарық беремін, өзінің жаққан отымен Табиғатты жылытамын деп ойлайды екен ғой - дейді. Сонда көршісі:
- Сен де өзіңе соны істеп тұрсың. Сен де өзіңнің жүрегіңнің отын жақпай тұрсың. Саған өзгелердің жарық түсіргенін, өзгелердің келіп жылытқанын күтпей, өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң, мүмкін, өзгелер де өз жолын табуға ұмтылар - деген екен.
Сұрақтар:
1) Әңгімеде кімдер туралы айтылған?
2) «Өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң, мүмкін, өзгелер де өз жолын табуға ұмтылар» дегенді қалай түсінесіңдер?
3) «Кешірім», «кешірімділік», «кешірімді болу» дегенді қалай түсінесіздер?
4) Өзгелерге кешірімді болу адамның бойынан қандай құндылықты жарыққа шығарады?
5) Сіз сол жігіттің орнында болсаңыз қандай әрекет жасар едіңіз?
6) Өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?
7) Өздеріңнің басқаларға өкпе-реніштеріңнің себебіне үңіліп көрдіңдер ме?
8) Сендер өкпе-ренішті қалай жеңесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.
Қорытындылау.
«Дос құшағы - жаз» дегендей, көріскен кезде құшақтасып, шұрқырасып жатқанға не жетсін шіркін?! Көріспей қалса тағатсыздана, бір-бірін іздеп, сағына білудің өзі - бақыт емес пе?! Мұндай керемет сезімді кез-келген жан бастан өткерсе керек. Үлкен Жүрегі бар жанда Үлкен Достық болмақ. Біреуді сүйе білу үшін де, жақсы көре білу үшін де ізгілікті дархан жүрек керек. Ондай жүрек жоқ жерде достық та жоқ. Екі адамның көңілден ақтарылған достық сезімдері арнасын тауып, көңіл көктеміне бөленіп жатқанының өзі қандай ғанибет!
5. Шығармашылық жұмыс(жобалық іс-әрекет)
(12-15 мин)
1) Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөледі және топтарда жұмыс ұйымдастырады:
1-тапсырма: сыныптастарыңның, достарыңның арасында өзара түсіністік болуы үшін не қажет екенін ойланыңдар. Кластер құрастырыңдар.
2-тапсырма: «Татулық» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазыңдар. Бес жолдан тұратын өлеңді жазу ережесі:
1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде) .
2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім түрінде) .
3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде) .
4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады.
5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады.
Досым, досым,
Өмірімнің айнасы,
Тиеді әрқашанда пайдасы,
Қатемді менің кешіресің әрдайым,
Ізгілікпен сағынамын өзіңді.
3-тапсырма: Төмендегі ұлы тұлғалардың достықтары туралы қанатты сөздерін оқып, өз пікірлерін ортаға салу.
«Дос емес дос сыртынан жамандаған»
Міржақып Дулатов
«Дос адам маңайыңды жұмақ етер»
Махмуд Қашқари
«Көңіліңе қарай - дос таңда, күшіңе қарай - жүк таңда»
Жүсіп Баласағұни
2 ) «Табиғат - баға жетпес сый» жобасы тапсырмасын дәптерге жазып, фотоальбом, коллажды толықтыру тапсырылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz