Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі

Математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты, мазмұны, оның құрылымы және оқыту әдістері жайлы
1. 1 Математикаға оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты, мазмұны
1. 2 Математикаға оқыту әдістемесі пәнінің құрылымы және оқыту әдістері жайлы.
Математиканы оқыту әдістемесі ( методикасы ) - педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Методика (әдістеме) терминінің төркіні «метод» «әдіс» - «жол» деген грек сөзінен шыққан. Математика әдістемесін басқаша «математика педагогикасы», «математика дидактикасы» деп те атайды. Олардың мағынасы бір-біріне өте жақын, сондықтан да оларды біз бір мағынада қолданамыз.
Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым сондықтан да ол қазіргі қоғамның талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады. Математиканы оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы меңгеру және алған білімінпрактикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістері мен құралдарын тағайындайды.
1. Математиканы не үшін оқыту керек?
2. Нені оқыту керек? Қандай тәртіппен, ретпен оқыту керек?
3. Математиканы қалай оқыту керек?
Математиканы оқыту әдістемесі шартты түрде үш салаға бөлінеді:
1. Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі.
2. Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі.
3. Математиканы оқытудың нақты әдістемесі.
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі мектеп математикасының бүкіл курсын қарастырады және оқытудың идеология бағытын, оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігін, оқыту түрлерінің арасындағы байланыстарды, әртүрлі курстардың (алгебра, геометрия, анализ бастамалары) арасындағы сабақтастықтарды оқу процесіндегі тәрбие жұмысы элементтерінің тұтастығын қамтиды. Оқушылар бөлімінің саналығы мен баяндылығы қамтамасыз етеді.
Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі Оқушылардың жасына оқу материалы мазмұнының ерекшеліктерінесәйкес курсты оқытудың дербес мәселелерін қарастырады. Арнайы әдістеме белгілі-бір тақырыпты немесе бағдарламаның бір тарауын оқытудың реті жайында нұсқау береді. Оқу құралдарын қалай қолдану жөнінде ұсыныс жасап оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар мен жаттығуларға арналған тапсырмалар үлгісін көрсетеді.
Математиканы мектепте оқыту мақсаттары мен мазмұны.
1. Білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары.
2. Мектеп математика курсының даму жолы.
3. Математиканы оқыту мазмұнының негізгі құрамды бөліктері.
1. Математиканы оқыту мектепке тән үш жалпы мақсатты көздейді:
1) Білім беру; 2) Тәрбиелеу; 3) Өмірлік практикалық білім дағды дарыту немесе дамытушылық;
Математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен дағдылармен қаруландыру болып табылады.
Математиканы оқытудың әдістері:
- Дәстүрлі әдістер және дәстүрлі емес әдістер.
- Проблемалық оқыту әдісі.
- Эвристикалық әдіс. (сұрақ-жауап)
Математиканы оқыту әдісін мұғалім мен шәкірттің оқып үйрену негізіндегі қызмет әрекет айырмашылықтарына қарай екі түрге бөлуге болады:1) Оқыту әдістері (мұғалім әрекеті) - ақпараттық және оқушының қызметін басқару әдістері жатады. 2) Оқу әдістері (шәкірт әрекеті) - оқу материалдарын танып білу әдісі жатады. Математиканы оқып үйренудің әдістері деп оқушының өздерінің математика жөніндегі белсенді дербес тану әрекетін іске асыру ұйымдастыру тәсілдерін айтады. Бұл әдістер математиканы үйренудің ғылыми және оқу әдістері болып бөлінеді.
Біріншісі, математиканы ғылым ретінде зерттеп білуге құрал болады. Екіншісі, орта мектеп математика педагогикасында математиканы оқытуды күшейту үшін арнайы жасалған әдістер. Олар эвристикалық әдіс, модельдер арқылы үйрену әдісі және бағдарламалық әдістер жатады.
Үйрену мен үйрету, оқу мен оқыту егіз жүретін үрдістер. Сондықтанда математика дидактикасында үйрету (оқыту) әдістерімен формаларына үлкен орын беріледі. Оқыту әдістері оқушыларға математикалық білім білік дағдылардың белгілі бір жүйесін беру болып табылады. Оқыту әдістеріне мұғалімнің үйретуші кеңесі, әңгімесі, дәрістері түсіндіру жаттығу ретіндегі өзіндік жұмысты басқару шәкірттің оқу әдебиеті мен жұмысына әсер етуі жатады.
2. Дәстүрлі емес сабақта
Негізгі әдіс-тәсілдері белгілері
1) әрі тыңдайды, әрі конспект жазады.
2) оқулықтан тыс хабарлар, деректер беріледі.
1) Семинар сұрақтары; 2) сұрақ-жауап; 3) Баяндама;
4) Ғылыми қосымша материалдар мен өздік жұмыс.
Қорытынды қайталау сабақтары және шолу тақырыптарда.
1) Өздік жұмыстарға баулиды. 2) Баяндама жасауға дағдыландырады, жинақы тұжырымды сөйлеуге дағдыландырады.
Конференция
сабақтар.
Үлкен маңызды тақырыпты қорытындылағанда
Пікір айта білу, сұрақ қоя білу. Қысқа нақты дәлелді пікір айту. Толықтыра білу дағдыларын жетілдіреді.
Сұрақ-жауап түсіндірмелі әдіс, тартыс айтыс, дәлелдеу.
Жәрмеңке
сабақ
Концерт, инцинировка элементі бар көріністер. Халықтық педагогика әдет-дәстүрлерді сабаққа пайдалану.
Сатылатын заттарды ойын арқылы білімдерін қайталау, бекіту. Шығармашылық қабілетін дамыту.
Концерт сабақтар. Монтаж композициялық сабақтар.
Рольдерге бөлу арқылы көріністер көрсету.
Қорытынды, қайталау сабақтарында жаңа тақырыптарды игерту, үй тапсырмасын сұрау.
Дарынын, қабілетін дамыту. Өнер деп танып білу, шығармашылық жұмыстарға баулу.
Көкпар жарыс сабақтар.
Топтық, жұптық жеке жұмыстар сұрақ-жауап білім жарысына түсу. Білім сабағы
Білім сайысы кез-келген тақырыптарда өтуге болады. Алған білім- дерін бекіту
Алғырлық, ептілік, шапшаңдық, тапқырлыққа баулиды. т. с. с. Кокпар туралы түсініктерді тереңдетеді және ойнай отырып ойлауіс әрекетін жетілдіреді
Реферат қорғау, пікір қорғау іздендіру сабақтары.
Проблемалық сұрақтарға негізделген тапсырмалар проблеманышешу сол мақсатта іздену, салыстыру, қорытынды жасау.
Ерекше маңызды қызықты тақырыптарда оқушылардың өзіндік ойлауы ізденуін тақырыптарға шығармашылық бағытта қарау
Ғылыми жұмыстарға
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz