Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
КММ география пәнінің мұғалімі
Мужебаева Айнур Самаркановна
Өскемен қаласы әкімдігінің
<<№27 орта мектебінің>> КММ география пәнінің мұғалімі
ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына өзінің Жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру стратегиясын ұсынған[6]. Жүзеге асырылуы осы міндетті шешуге жәрдемдесетін дамудың жеті басым бағыты анықталған. Бұл шешуші басымдықтардың бірі осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады[2].
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені баршамызға мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс - тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс - тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне, қарап іріктеп қолданылады. Мұғалім өзіне тиімді, пайдалысын жетілдіре түседі. Демек берілетін білім
де, тәрбиелік тәлім де шәкірттің шамасына үйлесімді, таным - түсінігіне сәйкес келсе ғана жүзеге асады. Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский <<Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады>> - деп айтқан.
Қай ұстаз болмасын қазіргі күн талабына сай оқытудың ең тиімді жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, оны практикада қолдана білуге таным белсенділігін арттыруға тырысатыны анық[5]. География пәні - өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық - жер бетін, планетамызды, ондағы тіршілік ететін өсімдік - жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. Сондықтан, география пәні мұғалімі болу деген сөз - кең көлемді, терең білімді, есте сақтау қабілеті күшті, мазмұн - табиғаты терең ұстаз мұғалімдерді талап етуі, әрі осыны қажет етеді. Сабақтың мазмұны, түрі және әдіс - тәсілі оқыту жүйесінде біртұтас бірімен - бірі тығыз байланысты. География пәнінің басқа пәндерден ерекшелігі - мұнда оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әр түрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады. Олардың пәнге қызығуын арттырудың бір жолы - сабақта жаңа білімді меңгертуде оқушалырдың өздерін белсенді қатыстыру[4].
Жоғарыда айтылғандай, зерттеу жұмысының барысында оның зерттеу нысаны география пәнінің сабақтары болып анықталды.
Зерттеу заты - тиімді әдіс-тәсілдер
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Ғылыми - педагогикалық әдебиеттерден жаңа әдістер мен технологиялар туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу.
- Жаңа әдістер мен технологияларды ұйымдастыру үшін
материалдық техникалық базаны жетілдіру, іс шаралар кешенін әзірлеу.
- сыни-тұрғыдан ойлау технологиясын оқыту үрдісіне енгізу негізінде:
география пәнінде оқушылардың зерттеушілік қасиеттерін қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіштерін анықтау.
Ғылыми болжам:
- Егер жаңа әдіс-тәсілдерді география сабағында
тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық
белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады және функционалдық
сауаттылықтары қалыптасады.
Зертеу нысаны: Өскемен қаласының № 27 орта мектебі 8 <<к>> - 9 <<к>> сынып
оқушыларының оқыту үрдісі (география пәні бойынша).
Зерттеу жұмысы 3 жыл бұрын бастама алды. Кірме сауалнаманың нәтижесі бойынша:
1. Зерттеуге алынған 50 оқушының 48% ғана <<4>> пен <<5>> үлгереді.
2. Пән бойынша үздік оқушылар мүлде жоқ.
3. 8-9 сынып оқушыларының 40 % ғана танымдық және шығармашылық қасиеттері қалыптасқан.
4. Белсенді өмір құндылықтары тек 32 % оқушыларда ғана қалыптасқан.
Осы мәселелерден келесі міндеттер туындайды.
1. <<4>> пен <<5>> үлгеретін оқушылардың санын 68 % жеткізу.
2. Субъект - субъектілік қарым-қатынас нәтижесінде танымдық және шығармашылық құндылықтарды қалыптастыру үлгісін жүзеге асыру.
3. Сабақ құрылымын өзгерту.
А) жағдаятты таңдауды ұйымдастыру;
Ә) оқушы мен мұғалімнің серіктестік өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;
Б) зерттеу, ғылыми жобалар әдістерін пайдалану.
4. Әрбір оқушыны бағдарламаны 100% меңгеруіне талпындыру.
5. Дарынды балалармен жұмысты белсендіру.
Оқушының өзін тануы үшін ғылыми және өмірлік проблемаларды шешудің бірден бір тәсілі - өзін-өзі рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін оқытудың мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы зор:
oo өз тәжірибесін пайдалана отырып жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымдық қалыптастыру;
oo өзіне қарама-қарсы ілімдерді жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже түйіндеу;
oo өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.
Баланың өз білімі мен тәжірибесін, қоршаған ортаны <<зерттеу>> әрекеттері арқылы қалыптастыруды: мысалы, тақырып бойынша түрлі сызбалар, үлгілер құрастыру, сарамандық тәжірибе жасап, одан түйін шығару, даулы мәселелерге жауап іздеу, т.б. бұлардың барлығы да танымның индуктивтік әдісіне, жекеден жалпыға өтуде жатады және педагогикалық концепция ретінде <<инструменталдық педагогика>> деп аталады.
Жеке тұлғаның шығармашылық ерекшелігінің дамуы, баланың ішкі дүниесінің шамасын ашу және жүзеге асыру білім беру жүйесінің басты міндеті.
Жалпы білім беретін мектептегі география - бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан оқушы орта буында план және карта, масштаб, жердің ішкі және сыртқы құрылысы жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға
<<Сын тұрғысынан ойлау технологиясы>> стратегиялары география пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
СТО әдістерінің тиімділігі - сенімділікке тәрбиелейді[4].
- Оқушының сабаққа белсенділігі артады
- Топтық тапсырмалар орындауға үйренеді
- Өзара сыйластыққа тәрбиелейді
- Өз пікірін ашық айтады
- Бірін - бірі тыңдауға үйренеді
- Негізгі жауапты айтуға үйренеді.
Бұл технологияны сабақта үнемі қолдану барысында бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе, үлгерімі орташа деңгейдегі балалардың сабаққа қатысы өзгереді. Әрі қарай осы технологиямен өткізілген сабақтың үлгісі ұсынылады.
Қазіргі оқытудың талабына сай компьютерлік технологияны пайдаланып, топтық жұмыс формасында <<Шығыс Қазақстанның шаруашылығының географиясы>> тақырыбына өткізген ашық сабағымды ұсынамын. Әдеттегі сабақтардан айырмашылығы сабақ сыныпты топқа бөлуден басталады.
Оқушы - Мұғалім, Оқушы-Оқушы байланысы құрылады.
Әр оқушы өз білетіндерін еркін айтады
Өз топбасшысын анықтайды
Әр оқушы жеке - жеке белгілеп, топбасшыға ұсынады
Өздерін - өздері бағалайды. Оқушылардың топқа дұрыс бөлінуін қадағалайды. Бағалау парағын таратады.
Үй тапсырмасын тексеруге << Дұрыс немесе бұрыс>> әдісімен құралған сұрақтар жеке орындауға тапсырылады. Шектеулі уақыттан кейін жұптық әдіспен оқушылар жұмыстарымен алмасып ұсынылған бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі өзара тексереді, бағалау парақтарына бағасын қояды.
Келесі кезеңде тірек сұрақтар арқылы оқушылар өздері сабақтың тақырыбын анықтады, <<ББҮ>> кестесін толтыру арқылы білімдерін өзектендірді, білгілері келетіні туралы туындаған сұрақтардан сабақтың мақсаты айқындалды.
І. Қызығушылықты ояту.
<<Ассоциация құрастыру>> әдісі бойынша Шығыс Қазақстанның шаруашылығына бастапқы сипаттама береді:
өнеркәсіп
түсті металлургия
полиметалдар
ауыл шаруашылығы
күнбағыс
май шайқау т.б.
ІІ. Мағынаны ашу. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпараттармен, пікірлермен таныса бастайды. Бұл қадамда әр топ өздеріне берілген мәтінді оқиды. Тақырыпқа байланысты кино көру, лекция тыңдау, тәжірибе немесе эксперимент жасауға болады[4].. Оқушы өз бетімен осы тақырып бойынша жұмыс жасау керек.
Мәтінмен жұмыс. <<Постер>> немесе <<Кластер>> құру.
Ітоп Шығыс Қазақстанның өнеркәсібі. + (Картамен жұмыс)
ІІтоп Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы +(Картамен жұмыс)
ІІІтоп Шығыс Қазақстанның экологиялық проблемалары . + (Картамен жұмыс)
ІV топ Сен білесің бе? . + (Картамен жұмыс)
(топ мүшелерінің жұмысы бағалау парағында бағаланады)
<<Елші>> тәсілі. Спикерлер мұғалімнің командасымен сағат тілімен келесі топқа өздерінің дайындаған постерлерін әңгімелейді. Қорғауға 1,5 минут беріледі.
Тыңдаушы топ спикер-елшілерге стикер толтырып, постерге жабыстырып береді. (Өз тобына келгенде бағалау парағына баға қойылады.)
Оқушы Мұғалім
Мәтінді оқиды.
Топта жеке, бәрі бірігіп шартты белгілер қойып, талдау жасайды.
Әр топтан біреуі жауап береді.
Негізгі жауапты таңдауға үйренеді.
Бір - бірін тыңдауға үйренеді. Мәтінді оқуға 10 минут уақыт береді. Ойлануға, пікір айтуға уақыт береді.
Әр топтың тапсырмасын мұқият орындауын қадағалайды.
Жолдастарының жауаптарын тыңдауын, толықтыруын, дұрыс жауап беруін қадағалайды.
ІІІ. Ой толғаныс. Соңғы маңызды бөлім. Алған білімдерін қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады. Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды. Алған білімдерінің ұнағанын ортаға салады. Пікір таластырады.
Кескін картамен жұмыс. Стикерлерде жазылып әр топқа 2 тапсырма беріледі. Топта оқушылар бұл тапсырмаларды кескін карталарға белгілейді, 1 оқушы шығып үлкен картадан географиялық нысанды тауып жабыстырады. Мысалы:
І топ - 1. Қылшық жүнді қой шаруашылығы қайда дамыған? (Ертістің сол жағалауында, Зайсан қазаншұңқырында)
2. Ауа бассейні ең ластанған қала ? (Риддер), т.с.с.
Бұл кезеңде оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.
Оқушы Мұғалім
Өзі белгіні қояды.
Еркін сөйлейді.
Қорытындылайды - <<Не үйрендім>> деген ББҮ кестесінің бағанын толтырады.
Үйге тапсырма: қиындығы әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар оқушылардың таңдауына ұсынылады. Бағалау парақтарындағы бағалар талдауға салынып, қорытынды бағаланады.
Мұғалімнің қол жеткен жетістіктері:
- Оқушы қызығушылығы артты
- Бей - жай отырған оқушы жоқ, бәрі топтық, ұжымдық іс - әрекетте
- Тіл байлығы артып, ойлау қабілеті дамиды.
- Дүниетанымдық көзқарасы қалыптасады.
- Бір - бірін сыйлауға, құрметтеуге үйренеді.
- Топ алдына шығып, еркін өз ойын айтуға дағдыланады.
Бұл сабақтың нәтижесінде оқушылардың білімі 90% сапа көрсетті.
Қорытынды: Жүйелі түрде СТО технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалану аталған 8-9 сынып оқушыларының білім сапасын 78% дейін көтеруге көмектесті. бұндай нәтиже жоғарыда болжамдаған 68% деген көрсеткіштен 10% жоғары болды. Инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс жасау арқылы оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, алған білімдерін практикалық іс-әрекетке қолдана білуге үйренеді және функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырады. Қорытындылай келе, бұл көрсетілген педагогикалық жобалау іс-әрекеттің жиынтығы орындалған жоба жұмыстарының нәтижелерінің бағалануы негізінде әрбір оқушының жеке дара даму деңгейін анықтап беретін, ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттілігінің көрсеткіші ғана емес олардың жан-жақты дамуы мен болашақтағы мамандығына дұрыс таңдау жасай алу жолдарында ерекше орын алады деп есептеймін. Бұл оқушылардың уақыт талабына сай адам болып тәрбиеленуі мен білім алуына негіз болады деп ойлаймын.
ӘДЕБИЕТ
1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.-Астана,2010.
2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
3. Саньязова Б.Қ <<Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолдану тиімділігі>>.// ШҚО педагогика жаршысы.- №2(16)- 2006, 36-бет.
4. Ысқақова.С. <<Сыни ойлауға жетелеу>>// Қазақстан мектебі-№3-2010, 40-бет
5. Құдайбергенева К.С. Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өздік дамуында. Алматы // 2006. -86б.
6. Н.Назарбаев <<Жаңа әлемдегі - Жаңа Қазақстан>> (Қазақстан халқына Жолдауы, 2007 жыл 28-ақпан)

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz