Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ана жайлы

<<Алтын жүрек анамыз>> мәнерлеп оқу сайысының сценарийі
Мақсаты:

- Қазақстанның бірінші ханымы, <<Бөбек>> балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолымен, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шараларымен танысу, мемлекетіміздің болашағы - жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
- білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
- жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: мультимедиялық проектор, бейнероликтер, презентация, музыкалық аппаратура.

Барысы:

Жүргізуші: - Құрметті оқытушылар және білім алушылар! Бүгінгі біздің <<АЛТЫН ЖҮРЕК АНАМЫЗ>> атты мәнерлеп оқу байқауымызға қош келдіңіздер.
- Бүгінгі байқауымыздың басты мақсаты - ұл-қыздарымызды жеке және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. - Қазақстанның бірінші ханымы, <<Бөбек>> балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгі қасиеттерге тәрбиелеу. Жер бетіндегі <<Жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды>>, - деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай бүгінгі сайысымызда ақиық ақындарымыздың <<АНА>> туралы жырларына тоқталсақ.
Жүргізуші:

Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын таныстырып өтейік:
1. <<Тілдік пәндер>> кафедрасының меңгерушісі: - Жүніс бақыт
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы - Асахаева анар
3. Колледж кітапханашысы -
Оқылымды бағалау
Байқау қатысушыларының оқылымын бағалаудың негізгі критерийлері:
Таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі;
Оқу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік бояуы);
Актерлік шеберлік;
Орындаушының сыртқы түрі;
Шығарма тақырыбы мен музыкалық сүйемелдеудің, костюм мен декорацияның үндесуі.
Қатысушылардың өнері 10-балдық жүйемен бағаланады.

Жүргізуші: Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеу үшін Асахаева Анар апайымызға сөз кезегі беріледі.

Жүргізуші: Сайысқа алғашқы қатысушымызды шақырамыз.

1. Мұқағали Мақатаевтың <<Ана, сен бақыттысың>> атты өлеңімен сахнаға шт-9-21 тобының студенті Ерғали Сымбат шақырылады.
2. Ерлан Жүністің <<Ана жайлы ең жақсы сөз>> атты өлеңімен ортаға асанхан аружан шақырылады.
3. Тұманбай Молдағалиевтің <<Ана>> атты өлеңімен ортаға бимағамбетова анелья шақырылады.
4. Алмас Темірбайдың <<Рахмет саған, ана>> атты өлең жолдарымен ортаға Тазабаева Малика шақырылады.
5. Мұрат Шаймаранның <<Апама>> атты өлеңімен Қыстаубаева Жанайым шақырылады.
6. Қадыр Мырза Әлидің <<Ана>> атты өлең жолдарымен Ермекова Аружан шақырылады.
7. Төлеген Айбергеновтің <<Ана>> атты өлеңімен Ақжүніс шақырылады.
8. <<Соқыр ана>> монологімен Матжан Айгерім шақырылады.

Марапаттау

<<АЛТЫН ЖҮРЕК АНАМЫЗ>> байқауының жеңімпазы болып жоғары баллдары бойынша үш қатысушы таңдап алынады. Жеңімпаздар МАДАҚТАМАЛАРМЕН марапатталады.

Қадыр Мырза Әлі - <<Ана>>

Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашан да үміт күтеді.
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.

<<Ана, сен бақыттысың>> - М.Мақатаев

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
<<Ана>> деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді...

<<Ана жайлы ең жақсы сөз>> - Ерлан Жүніс
<<Əке, əке, сен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Айтшы енді, ана жайлы ең жақсы сөз не?>> деді.

Ана жайлы...
Ана жайлы пайғамбарлар сəлемі,
Ана жайлы ақындардың өлеңі.

Ана жайлы - қара жердің төзгені,
Ана жайлы - уақыттың безбені,
Ана жайлы айтылмаған бір сөз болса əлемде,
Ол да ананың айта алмаған сөздері.

Ана жайлы жақсы сөзді есту үшін тыңда, ұлым,
Тыныштықты, Тауды, Көлді, Ай сəулесін, Күн нұрын,
Ана жайлы сенің тəтті қиялдарың, арманың,
Ана жайлы менің барлық шындығым.

Мен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Мен де анамды жақсы көрем, себебі!
Білесің бе, бұл əлемге адамдар,
Ана жайлы айту үшін келеді!

Адамзаттың ең бір асқақ бар əні,
Жыр еткемен, пір еткенмен ананы,
Бұл өмірді қалай сүріп өткені -
Ана жайлы айтқан сөзі болады.

Ана жайлы - кең дүние - бесігің,
Ана жайлы аманат пен кешірім,
Анаң үшін ең жақсы сөз дүниеде -
Ұлым, сенің есімің!..

<<Ана>> - Т.Айбергенов
Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?
Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.

Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әркез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.

Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,

Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.

Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен?!

Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.

Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!

<<Ана>> - Т.Молдағалиев
Құлайын деп бара жатам құлдырап,
Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,
Сол кезде бір ән естимін жақыннан,
Аққан бұлақ секілденген сылдырап.

Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,
Тіршіліктің әуенімен тыныстап,
Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,
Кел дегендей болады бір күміс бақ..

Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,
Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,
Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,
Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.

Ойнап шығам содан кейін құрақтай,
Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,
Мүмкін,мүмкін ана махаббаты шығар бұл,
Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.

Ұқсас жұмыстар
Ана. Баубек Бұлқышев
Төлеген Айбергенов Ана өлеңі
Ана тілі сөзін топтастыру
Хаттама үлгісі
Анамыздың жүрегі
Сен гүлсің
Аналардың жүрегі
"жігіттер аруларды құттықтайды" атты тәрбие сағаты, 6 сынып
Ана. Баубек Бұлқышев жайлы
Мағжан Жұмабаев сүйемін өлеңі жайлы ақпарат
Пәндер