Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ағзадағы элементтер

<<Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі>> мемлекеттік мекемесінің <<Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен>> коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: Жаратылыстану көшбасшысы
Мақсаты:
А) Білімділік
Адам ағзасы химиялық элементтер жиынтығы екеніне оқушылардың сенімін арттыру;
Ә) Дамытушылық
Өлі табиғат пен тірі табиғат арасындағы тығыз байланыс туралы білімдерін дамыту;
Б) Тәрбиелік
Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Типі: Сабақтан тыс жарыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Биология, физика, экология, тарих, медицина.
Көрнекілігі: слайдтар, Д.И.Менделшеевтің периодтық жүйесі, тірек-сызбалар.
І жүргізуші: Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия,
Жаңадан бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге
-дей келе қымбатты, оқушылар мен ұстаздар!
Химия кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін біз 9-11 сыныптар арасында химия биолигия география пәндері бойынша <<Жаратылыстану көшбасшысы>> атты тақырыпта өткізілгелі отырған кешімізге хош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын <<Жаратылыстану көшбасшысы>> сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
І жүргізуші: Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім күшті.
Әділ қазы, ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімін саралайтын әділ - қазы мүшелерімен таныстырып өтсек.
ІІ жүргізуші:
1. Мектебіміздің
2. Мектебіміздің
І жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар
Жүрегі от боп жалындар.
Жүйріктің бәрін халайық
Қол соғып қарсы алайық.
Сайысқа қатысушылар ортаға келеді.
ІІ жүргізуші: <<Сәлем сөздің анасы>>
Дейтін қазақ данасы.
Сәлемдесіп, танысып,
Кеш бастайық жарысып.
Келесі сөзді сайысқа қатысушыларға берейік.
І жүргізуші: Адамнан ғылым айла асырмаған,
Құпиясын құлыптап жасырмаған.
Кел, достар ғылымның тілін зерттеп,
Бір жұмбағын ашайық, ашылмаған.
Сонымен, оқушылар, бәріңізге сәттілік! Жұлдыздарың жансын.
Сайыс барысына тоқталсақ.
Сайыс 3 бөлімнен тұрады.
І бөлім. <<Бәйге>>,
ІІ бөлім <<Полиглот>>,
ІІІ бөлім <<Дода>>.
І жүргізуші: Ең қиыны жарыстың <<Бәйге>> келді,
Мықтылары ортаға шықсын енді,
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма.
Осы ойннан көрейік ерен ерді.
ІІ жүргізуші: Бұл кезеңнің шарты:
1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ жаратылыстану пәндері бойнша 30 сұрақ беріледі. 5 секунд ішінді қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген оқушы айтады. <<Бәйгенің>> сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді. <<Бәйге>> айналымында аз ұпай жинаған төрт оқушы ойыннан шығады.
І жүргізуші:
* Қай химиялық элементті миллионер деп атайды? Көміртек
* Аударғанда <<жаңа>> деген мағынаны білдіретін элемент. Неон
* Йод жетіспегенде болатын ауру? Зоб
* Адам организімінде қай элементтің жетіспеуі тіс кариесіне әкеліп соғады? Фтор
* Бұл заттың 0,9%-дық ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады. Натрий хлориді
* Заттардың ең ұсақ бөлшегі? Атом
* Табиғаттағы таралуы бойынша бірінші орындағы металл? Алюминий
* Сүйектің құрамында болады, ол жетіспесе қаңқа қисайып, өспей қалады? Кальций
* Қан құрамында гемоглобин молекуласының құрамына қай элемент кіреді? Темір
* Жүйке ұлпасында кездесетін ақыл ой элементі? Фосфор
* Оттек жетіспегенде болатын ауру? Демікпе
* Ұлы қолбасшы Наполеон уланған элемент. Мышьяк
* Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Бұл қандай дәрі? Активтелген көмір
* Сынықты емдеуде травматологияда қолданылатын метал. Титан
* Мұхит суына ащы дәм беретін метал. Магний
* С - витамині ол -? Аскорбин қышқылы
* Нәруыз құрамына кіретін элемент? Азот
* Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент. (Бром)
* Адам организмінің 60-65%-ын құрайтын сұйық зат. (Су)
* Қаңылтыр ретінде қолданылатын металл. Қалайы
* Латыншадан аударғанда <<Таң шапағы>> деп аударылатын металл.
Алтын
* Ауа құрамының 21% құрайтын зат. Оттек
* Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл. Тұз қышқыл
* Темекі құрамына кіретін улы зат? Никотин
* Терінің қышыма ауруына қарсы жасалатын майдың құрамының басым бөлігін құрайтын химиялық элемент. (Күкірт)
* Денесінде үш ағза бірігіп тіршілік ететін өсімдік? Қына
* Ауа құрамының 78% құрайтын зат. Азот
* Теңіз орамжапырағы - ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент. Йод
* Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент. (Мырыш)
* Медицинада ұйқы келтіретін, ауруды басатын препараттар алатын элемент. (Рубидий)
ІІ жүргізуші: Әр пәннің сырлары,
Қызықтырды көпшілікті де.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз көрерменді.
Көрермендер көрімдігі. Әділ-қазылар қорытынды шығарғанша көрермендерді де сынап көрейік. Бәлкім сайысымызды тамашалап отырған көрермен қауымның арасында да болашақ химиктер отырған шығар.
-Қазақ балалары ұлттық ойында пайдаланатын металл?(Қорғасын)
-Қазақ халқының түсінігі бойынша аспан әлемінде жұлдыз атауында кездесетін металл? (Темірқазық )
-Қазақстанның қандай қалаларында металл атаулары кездеседі? (Теміртау, Хромтау, Жезқазған т.б.)
-Есік қорғанынан табылған қазба қандай металдан жасалған? (Алтын)
-Ең ертедегі құйма? (Қола)
-Ең алғаш адамға белгілі болған металл? (Темір)
-Ең жеңіл газ? (Сутегі)
-Термометрде қолданылатын металл? (Сынап)
-Жер бетінде ең көп таралған қосылыс? (Су)

І жүргізуші:
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білім менен аспанға жол салынар. - демекші
Келесі кезең <<Полиглот>>. Бұл кезеңде оқушыларға ортақ сұрақтар қойылады. Сұрақ-жауабына байланысты элементтің таңбасының оқылуын, қазақша атын және орысша атын атауы керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Кезең соңында ең төмен ұпай жинаған 3 оқушы ойыннан шығады.
1.Өзім газбын менімен демаласың,
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. (О, оттек, кислород)

2.Ертеден белгілі жетеудің бірімін,
<<Электроника саласында>> ірімін.
Көптеген құймаларға кіремін,
Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін. (Купрум, мыс, мед)

3.Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,
Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. (Аргентум, күміс, серебро)
4.Машина мен трактордың жаны,
Қара металлургияның наны. (Феррум, темір, железо)
5.Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады. (Плюмбум, қорғасын, свинец)
6.Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды. (Эс, күкірт, Сера)
7.Бірінші бөлігі көп емес,
Екінші бөлігі тілсіз жау (Эн, азот, азот)
8.Табылсам бұрын там-тұмнан,
Қазір көп әр өлкеді.
Қымбат болды алтыннан,
Қандай металл ертеде. (Алюминий, алюминий, алюминий)

Химиялық қызықты тәжірибе <<Жанбайтын орамал>>.

ІІ жүргізуші:
Ғылымда асулар көп алатұғын,
Қанатын биіктерге қағатұғын.
Ұшқырлығын танытып қыран құстың,
Кез келді, білімдіні білетұғын. . - демекші
Келесі кезең <<Дода>>. Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады. Әр тақырып 10, 20, 30, 40 санды ұяшықтарға бөлінген. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе, ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақта күрделене түседі.
Ағзадағы элементтер.
10 - Көз бұршағындағы элемент. (Селен)
20 - Асқазан қыжылын басатын тұз. (Ас содасы)
30 - Ертедегі жарық шам. Элетр шамы, керосин, балауыз, ақ фосфор жанғыш заттар шықпай тұрған кезде Канаданың батыс жағалауында мекендеген үнділер кептірілген ұсақ балықты шырағдан орынына пайдаланған. Сұрақ: Не себепті үнділер ұсақ балықтың қаңқасын жарықтың орнына пайдаланды? (Себебі, кептірілген ұсақ балықтың қаңқасында фосфор көп болады).
40 - Кірпілер бау-бақша ішінде төгіліп жатқан алмаларды тікендеріне жапсырып алады. Сұрақ: кірпіге алма не үшін керек? (Кірпілердің тікеніне көп мөлшерде әр түрлі шөп, ағаш жапырақтар қадалады да, оларға қонған улы насекомдардың шағуынан денесі дуылдап қышиды, сондықтан кірпілер бау-бақша ішінде төгіліп жатқан алмаларды тікендеріне жабыстырып, қорғану амалын жасайды. Алманың қышқылы насекомдарды өлтіріп, жаны жай табалы, міне кірпілір соны біледі).
Элементтер тұрмыста
10 - Жер бетінде ең көп таралған қосылыс? (Н2О - Су)

20 - Әдемілік үшін адамдар алқа, жүзік, сырғалар тағады№ Сұрақ: қазақта <<Алқаның буы, сырғаның сыры>> деп айтуының сыры неде? (Ауруларды магниттей тарататын құдіретті күшіне байланысты).

30 - Сүттің қасиеті. Ең ежелгі сияның құрамында сүт бар. Қағазға егер майлы емес сүтпен жазатын болса, ол кепкен кезде білінбейді. Егер осы қағазды электропештің үстіне қойса немесе үтікпен үтіктесе, қоңыр түсті болып көрінеді. Сұрақ: Сүт қандай химиялық заттардан тұрады? (Органикалық заттардан, тотығу).

40 - Ыстық цехтарда істейтін адамдар кальцийді көп жоғалтады. Кальций азайған ағза аппақ болып азады. Сұрақ: Ыстық цехта жұмыс істейтін адамдар қандай жағдайда ағзаларындағы кальциді жоғалтады. (Термен бірге ағзадағы кальций сыртқа шығарылады).

Элементтердің ашылу тарихы
10 - Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылды? (Гелий)

20 - Флюориттың (балқытқыш шпат) құрамынан балқытқыш қышқылды алғаннан кейін көптеген ғалымдар флюориттің құрамын зерттеуге кірісті. Флюориттің құрамындағы осы элементті аларда көптегген ғалымдар қайғылы жағдайға ұшырады. Сондықтан оны <<бүлдіргіш, күнәһар>> элемент деп санады. Сұрақ: бұл қай элемент? (Фтор)

30 - Бұл элементтің ашылуы жөнінде шындыққа ұқсас әзіл-әңгіме бар. Бірде Бернан Куртуаның иығындағы мысығы қарғып түсіп, күкірт қышқылы бар шөлмекті қағып кетіпті де, ондағы қышқыл балдыр күлінің үстіне төгіліпті де одан күлгін бу бөлініпті дейді. Б.Куртура осы элементті кездейсоқ ашыпты - мыс. Сұрақ: бұл қай элемент? (Йод).

40 - Бұл элементтің ашылуы біреуге абырой әкелсе, екінші біреуге өкініш әкелген. 1825 жылы неміс химигі Ю.Либих германия фирмасы жіберген қара-қызыл сұйықтықты уақыт кетіріп зерттеудің қажеттігі жоқ деп есептеді де оны <<хлор мен йодтың қоспасы>> деп жазып қойды.
Кейіннен осы элемент ашылғаннан кейін өз ісіне өкініп, үлкен ғылыми табыстан айырылғанына өмір бойы өзін кінәлаумен болған. Нақтылы <<Тәжірибеге сүйеніп шешпей, тек үстірт идеяның құлы болған химик бақытсыздыққа ұшырайды>> деп артына сөз қалдырған. Сұрақ: бұл қай элемент? (Бром)

Элементтер медицинада
10 - Медицинада <<жастықша>> ретінде қолданылатын элемент? (О2)

20 - Александр Македонскийдің Үндістанға сапары кезінде оның әскерлері іш ауруымен ауырған, ал офицерлер ауырмаған. Сусыны, тамағы бәрінің де бірдей, бірақ ыдыстары әртүрлі. Офицерлердің ыдыстары қандай металдан жасалған еді? (Офицерлердің ыдыстары күмістен жасалған болатын, ал күмістің бактериоциттік қасиеті бар).

30 - Денедегі сүйелді кетіру үшін ляпис қарындашы қолданылады. Оның құрамы? (AgNO3).

40 - Адам ағзасында 250-300 грамм ас тұзы болады. Тамақпен 10-15 грамм күнделікті қайта толықтырылып отырады. Тұзды артық қолдану ағзаға зиянды. Ас тұзының мөлшері? (5 г/кг).

Химиялық ойын << Суды елеуішпен тасымалдау>>.

Марапаттау.

Ұқсас жұмыстар
«микроэлементтер – тіршіліктің тірегі, биологиялық маңызы». бағдарлама жасау аясында дайындалған
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы.Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық ролі
Металдар мен бейметалдардың табиғаттағы жәре тірі ағзалардағы маңызы
Ойындағы қозғалыс белсенділігі
Қалқанша безінің құрылысы мен қызметі
Тіршілік химиясы
Адам ағзасындағы металдар
Балалар үйі
Сабақ мақсаттары. Тамақтану гигиенасы
Қолданбалы курс. адам экологиясы. 11-сынып
Пәндер