Көңілді мәре: мектептегі денсаулыққа бағытталған ойындық-спорттық сайыс

Қостанай облысы

Аркалык қаласы

№4 орта мектебі

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Ауезбеков Ералхан Темирханович

Тақырыбы: «Көңілді мәре спорттық сайыс» ойыны.

Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекі құралдар: қапшық, теннис шары, доп.

Өтілетін орны: Спорт зал

Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, сқырғыш, қапшық, шар т. б құрал жабдықтар.

Өту барысы:

Мұғалім: Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! «Денсаулық құпияларының бірі - спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Көңілді мәре» спорттық сайысына қош келдіңіздер!

Командалар ортаға шығады.

Мұғалім: Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерінің топтарын таныстыруға келді. Кезектесіп шығып өздеріңіздің топ аттарын айтыңыздар.

(Ойыншылар шығып өздерін таныстырады)

Мұғалім: Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

  1. Оқу ісінің меңгерушісі:
  1. Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады.

  1. «Мұртты кенгуру» сайысы.
  1. «Пингвин» сайысы.
  1. «Қаңбақ шар» сайысы.
  1. «Доп лақтыру» сайысы.
  1. «Теннис шарымен жүру» сайысы.
  1. «Қаппен секіру» сайысы
  1. «Әтештер» сайысы

Мұғалім: 1 конкурс: «Мұртты кенгуру» сайысы.

Балалар қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп келеді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Мұғалім: 2 конкурс: «Пингвин» сайысы.

Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, қайтар жолда жүгіріп кетеді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Мұғалім: 3 конкурс: «Қаңбақ шар» сайысы.

Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кету керек.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Мұғалім: 4 конкурс: «Доп лақтыру» сайысы.

Баскетбол добын жерге соғып барып сеткаға лақтыру, қайтарда тағы соғып келу.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

5 конкурс: «Теннис шарымен жүру».

Оқушы тенис шарымен жүгіріп, жалаудан айналып, кері қайтадан жүгіреді. Келесі оқушы ойын жалғастырады.

  1. конкурс «Қаппен секіру» сайысы

Оқушылар қапты киіп, секіріп барып, алда тұрған шарды жарып ішіндегі тапсырманы орындап, дұрыс жауабын тауып кері секіріп қайту. Келесі оқушылар ойынды жалғастырады.

7 конкурс « Әтештер » сайысы

Әр топтан 1 ұл баладан шығып шеңбер ішінде бір аяқтарын ұстап бір - бірін итеріп шеңберден шығарады.

Енді сайысымыздың жеңімпазарын таныстыру үшін сөзді әділ-қазылар алқасына береміз.

Мұғалім:

Ұрпақ керек ертеңгі алда,

Болашақты болжайтын.

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін қорғайтын!

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі - салауаттылық. «Көңілді мәре» спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау болсын, ағайын!


Ұқсас жұмыстар
Толағай көңілді мәре сайысын өткізу жоспары
Көңілді мәре: 5-6 сыныптарға арналған командалық эстафета мен спорттық ойындар жоспары
Көңілді эстафета: ата-аналар мен мамандар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорттық сайыс
3-сыныпқа арналған математикалық ойлау мен логиканы дамытуға бағытталған ойындық сайыс сабақ жоспары
Денсаулыққа бағытталған дене шынықтыру: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Байыппен тамақтан, спортпен өмір сүр: сыныпаралық Көңілді сөре сайысының оқу-спорттық жоспары
Отбасылық спорттық сайыс: Спорт - денсаулық кепілі
Қызықты математика: Көңілді тапқышбектер сайыс сабақ жоспары
Мектептегі тәрбие сағаттары мен спорттық-мәдени шаралар: ынтымақ, еңбек, денсаулық және отбасылық сайыстар
№79 жалпы орта мектебінің Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық сайысы (2011)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz