Топтың құрамы

3-сынып. Ақпан айына арналған тәрбие сағатының жоспары
Сынып жетекшілері : Жақсылық Маржанай; Хуанқызы Шұғыла.
Пән мұғалімдері : Мауленова Динара; Әбитаева Сағыныш;
Дингалиева Маншук
Сабақтың тақырыбы : «Кім шешен, кім жылдам?»
Сабақтың мақсаты: Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жақсартуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Оқушының ойын нақты әрі дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету;
2. Ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорын молайту;
3. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Осы"Кім шешен, кім жылдам? " сайысы арқылы, оқушыларға халық ауыз әдебиетінің түрлерін еске түсіріп, бір қайталап өту. Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі мақал-мәтелдер мен жұмбақ, жаңылтпаштардың түрлерімен таныстырып, олардың шығу тарихы жайында мағлұмат беру. Мақал - мәтелдерді дұрыс әрі ұтымды пайдалануға үйрету. Әр сөздерді ұтымды, әсерлі етіп жеткізуге, мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштардың, шешендік сөздердің қандай маңызы бар екендігін түсіндіріп өту
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, плакаттар, шарлар, стикерлер
Сабақтың барысы:
I. Психологиялық ахуал.
Мұғалім: Бүгін ерекше сабақ. Сендерді өте көп қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Сендерден ұйымшылдықпен, көтеріңкі көңіл-күймен сабаққа қатысуды сұраймын. Бәріміз тұрайық. Күннен жылу сұрайық!
Оқушылар:
Алтын күн, жарқын күн
Шуағыңды төге бер
Арайыңнан нәр алған
Біз бақытты балдырған
II. Топқа бөлу: Оқушылардың санына байланысты оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ өз аттарын дайындайды.
III. Тақырып туралы ойтұжырым.
Әр топ шығармашылықтарына, өз ойларына байланысты ассоциограмма құрастырады.
- 1. Бүгінгі сайысымыз не туралы болмақ?
- 2. Мақал-мәтелдер, шешендік сөздер дегеніміз не?
- 3. Мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, жаңылтпаштар біздің ауыз әдебиетімізге қалай енді?
- 4. Ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, жаңылтпаштардың қандай маңызы бар?
- Сондықтан да бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Кім шешен, кім жылдам?» деп аталады.
-Мақал-мәтелдер туралы білесіңдер деп ойлаймын. Бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтпек.
Мына жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.
Жоспар:
- «Топқа бөліну, таныстыру»
- «Тақырып туралы ойтұжырым»
- «Топтық тапсырмалар»
- «Қорытынды»
Мұғалім:
Оқушылар 2 топқа бөлінді. Әр топ өздерін таныстырады.
1-топ бастайды, 2 -топ қостайды.
1-топ: Біздің топтың аты: « Арман »
Біздің ұранымыз : Армандарға жетуге талпынамыз біз бірге!
Топтың құрамы: Мөлдір, Аружан, Баян-Сұлу, Майра, Динара, Аруна, Жұлдыз
2-топ: Біздің топтың аты: « Болашақ »
Біздің ұран:
Болашақ тобы алға
Биіктерге самға
Достығымыз барда
Жүреміз тек алда!
Топтың құрамы: Аймерек, Аружан, Айдана, Әйгерім, Дана, Қазына, Асылзат
IV. «Топтық тапсырмалар»
1. Бөлім: «Жалғасын тап».
2. Бөлім: «Кім тапқыр?»
3. Бөлім: Тақырыпты мақалдар
4. Бөлім: «Ойлы болсаң, тауып көр»
Мұғалім: Сайысымызды бастамас бұрын, әр топқа жанкүйер, бақылаушы бір сөзбен айтқанда әділқазы сайлап алайық: 1-топқа Мауленова Динара, 2-топқа Дингалиева Маншук
Бірінші сайысымыз «Жалғасын тап » деп аталады, яғни мақал-мәтелдің жартысы оқылып, жалғасын табу керек.
Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)
Өз елім . . . (өлең төсегім)
Балапан ұядан не көрсе . . . (ұшқанда соны іледі)
Сөзің тәтті болсын . . . (ашуың қатты болсын)
Жақсы байқап сөйлер . . . (жаман кісі шайқап сөйлер)
Ананың көңілі балада . . . (баланың көңілі далада)
Батыр туса ел ырысы . . . (жаңбыр жауса жер ырысы)
Балалы үйдің . . . (ұрлығы жатпас)
Оқу- білім бұлағы . . . (білім-өмір шырағы)
Тіл тас жарады . . . (Тас жармаса, бас жарады)
Ашу-дұшпан, ақыл дос . . . (Ақылына ақыл қос)
Тіліңмен жүгірме, . . (Біліммен жүгір)
Ұста пышаққа жарымас. . (етікші етікке жарымас)
Сөзде қаңқу жаман . . . (ауруда шаншу жаман)
Білімі жоқ ұл . . . (жұпары жоқ гүл)
Мұғалім : Келесі сайысымыз «Кім тапқыр!» деп аталады. Мұнда балалардың әртістік қабілетін байқаймыз, ол үшін 2 топ берілген тірек сөздерді пайдаланып мақал-мәтел құрастырады.
- Дос -теңге
Жауабы: Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
2. Ақыл -кен
Жауабы: Ақыл-тозбайтын тон,
Білім-таусылмайтын кен.
3. Оқу - ине
Жауабы: Оқу - инемен құдық қазғандай.
4. Еңбек - береке
Жауабы: Еңбек түбі-береке,
Көптің түбі-мереке.
Мұғалім : Келесі сайысымыз «Тақырыпты мақалдар» деп аталады. Мұнда өлең жолдары оқылып, баламасы мақал-мәтелмен айтылады.
Отан тақырыбы бойынша:
Отаным, кең далам орманды
Болаттан соғылған қорғанды.
Бақыттың, шаттықтың мекені
Қолдаймын, қорғаймын Отанды
Мақал: Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
Отан - отбасынан басталады.
2. Ана тақырыбы бойынша:
Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің
«Құлыншағым, күнім» дейтін.
Мақал: Ақ шашты ана «Жастығым - балам» дейді.
Ақылды бала «Ай, күнім - анам» дейді.
3. Әке тақырыбы бойынша:
Адалдық әркез көксеген
Үйрендім, әке, тек сенен
Ардақтап өтем мәңгілік
Ғұмырда жалғыз жетсе дем…
Мақал: Әкеден-ақыл, анадан-мейір.
4. Бала тақырыбы бойынша:
Бала кезім - балғын шағым
Қызыққа бір тоймаған
Көбелекпен жарысып,
Қуыршақпен ойнаған.
Мақал: Бала - күлкіге тоймас
Жалқау - ұйқыға тоймас.
5. «Достық» тақырыбы бойынша :
Достық бағы біздің бұл-
Көлеңке емес күнде өскен.
Бөлек-бөлек қызыл гүл,
Бас қосқанда - гүлдесте.
Мақал: Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
6. «Қыс» тақырыбы бойынша:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Мақал: Жаз сайға қонба, қыс қарға қонба.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz