Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Темпераменттің типтері
Күні:
Топ: ББМ-02
Пән: Психология
Сабақтың тақырыбы: Темперамент және мінез
Сабақтың мақсаты:
Темперамент және мінез тақырыбын толық жан-жақты ашып түсіндіре отырып,теориялық жағын практикамен байланыстыра отырып оқушыларға меңгерте білу.
Білімділік мақсаты:
Әрбір оқушыны өздігінен білім алуға үйрету, және оқыту. Білім алудағы негізгі талаптарды іске асыру,білімді терең толық жүйелі саналы түрде игерту.
Дамытушылық мақсаты:
А) Оқушының сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамыту,сөздік қорын арттыру,ойлау қабілетін арттыру,өз ойын нақты ,дәл жеткізе білуге үйрету.
Ә)Оқушының дүниетанымын және ғылымға деген қызығушылығын тудырып ,дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
Халықтық салт сана мен халықтық тәлім тәрбие беру.Өз Отанын ,ұлтын, туған жерін сүйе білуге,ерлікке ,адамгершілікке ,тіл өнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:баяндау, әңгіме, түсіндіру, жаттығу, кітапты пайдалану, салыстыру,жүйелеу, ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыс.
Көрнекі құралдар:тақта,бор, кітап, кеспе карточкалар,техникалық құрал жабдықтар.
Пән аралық байланыс:анатомия, физиология,педагогика.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо, 2010.
2.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
3.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
4.Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
5.Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. - 300 бет
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
А)Оқушылармен амандасу.
Ә)сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ оқушыларды белгілеу.
Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
А) топ бойынша үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
Ә)үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.
Б)Оқушылар назарын сабаққа аудару.
3.Білімді жан-жақты тексеру.
Бұрынғы өтілген материалды қайталау.
4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі.
А)жаңа сабаққа назарын аударту.
Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.
5.Жаңа сабақ. Тақырыпты сұрақ - жауап түрінде түсіндіріп өту.
Тақырыбы: Темперамент және мінез
Жоспар:
1.Темперамент туралы түсінік.
2.Мінез туралы түсінік
3.Темперамент типтері
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген И.П.Павловтың ілімі темпераментті ғылыми сара жолға түсірді. Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың лабораториясында жүйке жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Бұл зерттеулерде И.П.Павловтың жүйке жүйесінің төрт түрлі типі туралы ұғымы адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңызды ғылыми теория екені дәлелденді.
Темперамент жайлы ғалымдардың пікіріне тоқталсақ: темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әртүрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесіндегі төрт түрлі сұйық затқа байланысты деген. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - сөл, құрғататын - баурдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше <<красис>>, латынша бұл терминді темпераментум деп атап кеткен. Сөйтіп, Гиппократ адамдағы темпераменттердің әртүрлілігі ағзадағы осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз- көптілігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, қанның пропорциясы көп болса - сангвинник (латынша <<сангиус>>), ал сөл көп болса - флегматик (грекше <<флегма>>), ал ағзада қара өт көп болса - меланхолик (грекше <<мелай-нехоле>>), сары өт көп болса - холерик (грекше <<холеот>>) темпераменті деп аталған.
Мінез - жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай - ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Осылар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады.
Мінез ерекшеліктері адам қызығушылығымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді әрі тұрақты болуы шарт. Адам мінезі сан алуан. Бұл іс - әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы - шапшаң, екіншісі - асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты, үшіншісі - іске ойланбастан асым салады, кейін барып ойланады да, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер - мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс әрекет - қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінез бен темперамент ұқсастығы адамың физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесінде болған тәуелділіктен. Мінездегі ұстамдылық - ұстамсыздық - ұстамдылық, қозғалғыштық - салғырттық т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке түгелдей тәуелді емес.
Мінезі тұрақталған адамды темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қылып, мінез бітістеріне сай әрекет - қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейді. Ал кейбір қасиеттер: еріктік, сезімдік, ақыл - сапалық адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде таңдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара заңдылықта байланысқан: батыр адам - да табанды: ашық адам - жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады.
Адамның өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшеліктер көптеп кездесіп отырады. Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға болады. Олар мына төмендегідей: Адамның өзіне - өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың негізгі бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін - өзі сынай алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама - қарсы өр көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық т.б. жатады. Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзіне - өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері құрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы бағыты мен дүниетанымына, жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтан да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет мүлкін тонаушы ұрының жылпос <<пысықтығын>> мінездің еріктік сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді.
Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі - мінез типтернін ажыратуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.
Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген: тіршілік үшін болған әрекет - қимылы тіке, бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып- толғануды білмейді, өз мүдделерін шектей алмайды. Олар үшін кедергі біреу - ақ - сыртқы; ішкі сапалық, жандүниелік қиыншылықтарды өлшестіруге ақылы жетпейді, бар көздегені - мол, оңай олжа, бір мезеттік игілік. Бұл адамдардың барша ынта - ықыласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерін мейлінше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен ішкі дүниесін тысқы жағдайларға бағындыру - мұндайлардың негізгі мінездік болмысы.
Темпераменттің типтері. И.П.Павлов жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әртүрлі темперамент өкілдерін былайша сипаттады:
Сангвинник - эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Оның көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Ол - әсершіл адам, ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп, әуестенуі де оңай. Ақкөңіл, көпшіл, сөзшең, қайырымды.
Холерик - эмоцияға берілуі шапшаң, сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Ол әп-сәтте күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ-сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады. Іске шапшаң кіріседі, бастаған ісін аяқтап шығады. Қимыл әрекетті сүйеді, тез қозғалады. Сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріліп, ызақор, ашуланшақ болады.
Флегматик - эмоциялық қозуы әлсіз, көңіл-күйі байсалды, желікпейді, ашуланбайды, орнықты қалпында ұзақ сақталады. Оның жадырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын. Аз қозғалады, сылбыр не баяу қимылдайды. Іс-әрекеті тиянақты, бастаған ісін аяқтайды. Байсалды, орнықты келеді. Өте сақ, сенімі тұрақты, бір қалыпты, салқынқанды, жай темппен сөйлейді.
Меланхолик - эмоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұрақты болады. Сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады. Көңіл-күйі баяу, жабырқау, сыртқы жағдайдан сескеніп, үрейленіп тұрады. Кедергі кездессе уайымдайды. Өкпелегіш, сөзге сараң, жайбасар келеді. Адамдармен қарым-қатынасы жоқ, ұялшақ, тұйық.
уақыт жетпейді. Сол жағдайға байланысты мұндай балалар пассивті, әрі оқуда артта қалушылар қатарына қосылып жатады.
Зерттеуші Б.М.Теплов былай дейді: <<Темперамент ерекшеліктеріне тәуелді адамдар іс - әрекеттің соңғы қорытындысымен ажыратылмайды, олардың қорытындыға жету қабілетімен ажыратылады>>. Осы ойды дамыту барысында психологтар зерттеу жүргізді және іс - әрекетті орындау амалымен, темперамент ерекшелігінің арасындағы байланысты анықтайды. Әрбір адамда қандай да бір қызметті орындауда қызметтің жеке даралық стилі өндіріледі. Қызметтің жеке даралық стилі адамда өздігінен пайда болмайды, ол оқу, тәрбие процесінде қалыптасады.
6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.Жаттығулар мен жағдаяттарды орындату.Жаттығулар жүргізу
1-тапсырма
6 жасар Ермек күндізгі ұйқы кезінде басқа балаларға маза бермейді. Өзі де ұйықтамайды. Тәрбиеші бірнеше рет оған ескерту жасады, бірақ ол тыңдамады . Барлық бала орнынан тұрып, киініп жатқан кезде тәрбиеші Ермектің тұруына рұқсат бермеді. "Сенің басқа балалармен бірдей демалғың келмеді, тәртіп бұздың, енді балаларн ойнайды, сен басқалардай демалған жоқсың ғой , сондықтан жалғыз өзің ұйықтауыңа тура келеді". Ермек орнынан жылап тұрып киінуге рұқсат сұрады. Тәрбиеші рұқсат бермеді. Ол бір сағаттай тыныш жатты. Осыдан кейін ол демалыс сәтінде тәртіп бұзбайтын болды.
Сұрақ:Ермектің мінез-құлқында болған өзгерістерді талдаңғыз. Тәрбиешінің оны тәртіпке көндіруі неліктен сәтті болды?
2-тапсырма
1. Бір оқушының мінез өзгешеліктеріне психологиялық тұрғыдан талдау жасаңдар. Егер оның мінезінде жағымсыз көріністер кездесетін болса , мұны қандай жолмен түзетуге болатындығы жайлы пікірлеріңізді жазып беріңіздер.
2.Өз мінезіңді қалай тәрбиелеп жүргендеріңіз жөінде("Мен өзімді қалай тәрбиелеп жүрмін" деген тақырып бойынша) жазып беріңіздер.
Тест
1.Адамның негізгі беталысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалық өзгешелік қалай аталады?
А.Мінез.
В.Ерік.
С.Қабілет.
2.Типтік мінез бітірістерінің неше түрін білесің?
А.3.
В.4.
С.5.
3.Адамның үй-іші , әке-шеше, тума-туысқандарына қатысты перзенттік борыштарынан туындайтын қасиет?
А.Мақсаткерлік.
В.Отансүйгіштік .
С.Борыш пен жауапкершілік.
4. Мақскаткерлік мінез бітісі қалай аталады?
А.Адамның бойындағы күш-қуатын, білімін халық мүддесіне оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.
В.Адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы.
С.Адамның үй-іші , тума-туыстарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет.
5.Бала мінезін тәрбиелеудегі басты әдістің бірі?
А. Еңбек.
В. Талап.
С. Күн тәртібі.
6."Адамның мінез-құлқының бейнесі жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге ағзаның жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға байланысты"-деген кім?
А. Сеченов.
В. Павлов.
С. Гиппократ.
7. Адалдық пен шыншылдық дегеніміз не?
А. Бір-біріне тығыз байланысқан қасиеттер.
В. Өз ара тең ұғынысу мен сыйласуға негізделетін адамдық қасиет.
С. Адамның іске бастамашы болу қабілеті.
8.4-5 жастағы балалардың мазмұнды , рольді ойындарынан мінез бітістерін көрсететін қандай сапаларды байқауға болады?
А.ұйымшылдық, қайраттылық.
В.ұжымдық, жолдастық.
С.қамқорлық, кешірімділік.
9.Тәжірибелік зерттеулерде 6-7 жасар балалардың өз мінез-құлқын өзі тежеп бақылай ала ма?
А. Бақылай алады.
В. Бақылай алмайды.
С. Дұрыс жауап жоқ.
10."Еңбекке баулымайтын тәрбиені дұрыс тәрбие деп түсіну мүмкін емес. Сондықтан тәрбие жұмысында еңбек ең негізгі элементі болуға тиісті" деген кім?
А. И.П.Павлов.
В. Гиппократ.
С. А.С. Макаренко.
7. Бекіту сұрақтары.
1. Мінез дегеніміз не?
2. Мінез бітістері дегеніміз не?
3. Мінездің құрылымын ашыңыз.
4. Мінездің қалыптасу механизмін анықтаңыз
5. Темперамент дегеніміз не?
6. Темперамент типтерін атаңыз.
7. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беріңіз.
8.Үй тапсырмасын беру. Темперамент және мінез тақырыбын оқып келу.Терминдермен жұмыс.
9.Оқушыларды бағалау: біліміне, сабақта берген жауабына қарай бағалау

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz