Кітаптар мұңы

Мектеп: Ә. Сағынтаев атындағы орта мектеп Күні: 04. 03. 2022 ж Сабақтың тақырыбы: Кітаппен бірге өсеміз Сабақтың мақсаты: білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу Күтілетін нәтиже: кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсінеді, кітапқа деген қызығушылығы артады
Сабақтың барысы:
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Ұйымдастыру
Сабаққа психологиялық дайындық
Жұмбақ
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
(Кітап)
Ой қозғау:
- Мектепке балалар не үшін келеді?
- Оқу, білімді алу үшін оқушыға не керек? (Кітап)
- Кітаптың пайдасы туралы қысқаша әңгімелеп беріңдер.
Мұғалім:
Кітап - араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”, ”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Адам кітап басатын құралды ойлап тапқанша көп уақыт өтті. Кітаптар мазмұны жағынан әртүрлі болады. Олардың қағазы да, тысы да мұқабасы да, безендірулеріне де қарай әртүрлі болады. (түрлі кітап көрсету)
Кітапта алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін, -деп Музафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар - сендерге білім көзі, рухани қазына.
Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білім мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.
Балалардың кітап туралы тақпақтарын тыңдау
Мұғалім: -Кітап жасау оңай ма? -Ұзақ не қысқа болса ол неге байланысты? - Ал сен өз кітаптарыңды қалай сақтайсың?
Олай болса «Кітаптар мұңы» көрінісіне назар аударайық
Викториналық сұрақтар
1. Кітаптар тұрағы қалай аталады? (Кітапхана)
2. Кітаптармен жұмыс істейтін маман қалай аталады? (Кітапханашы)
3. Кітапханаға үнемі барып кітап оқитын адам қалай аталады? (Оқырман)
4. Балаларға арналған қандай газет - журналдарды білесіңдер? («Ұлан», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ» т. б. )
5. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? (Баспахана)
6. Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығады? («Атамұра», «Алматыкітап»)
7. Кітапты жазған адамды қалай атайды? (Автор)
Сергіту сәті
Қонақ күту - салтымыз,
Оқып - біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз.
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
Оқушылар сұраққа жауап береді
Алихан
Тұрады басын құрап әріп неден, Басталған білім басы Әліппеден Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит Оқысақ кітап сырын ашып терең
Аружан
Кітаптар бейне жапырақ, Жырлайтын сырын өмірдің Оқисың кейде жаттап, Көтеріп күйін көңілдің.
Нұртілеу
Айдын шалқар кейде бір, Кітапты тұнған көл дерсің, Ауадай қажет бейне бір, Таппасаң нәрін шөлдерсің.
«Кітаптар мұңы»
Автор -Даяна
Әліппе -Ақерке
Ана тілі -Айару
Дүниетану -Райян
Хор: «Жүр досым кітапханаға»
Стикер-лер
Видео-ролик
Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау-
бәріміздің міндетіміз.
Кері байланыс: «Білім қоржыны»
Барлығын Маған көмек Ешнәрсе
түсіндім керек түсінбедім
«Кітап мұңы» көрініс
Автор:
Беттерін шаң басқан бір топ кітаптарбөлменің бұрышында жатыр. Көзін сығырайта ашып, бір кітап жан-жағына қарады. Аздап керіліп, жанындағы кітапқа:
Әліппе:
-Ей, тұрсаңшы! Біз қайда келдік? Тірімісің өзің?
Дүниетану:
-Ойй, мазамды алмашы, өйткен тірлігің құрсын! Бұданда парақтарымның жыртылып, желге ұшып кеткені жақсы еді ғой.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz